ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 1919

Скачиваний: 24

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
8 7 0 0 4 3 2 1 І 1 2 3 0 0 6 7 8

0 7 6 5 4 3 2 1 I 1 2 3 4 5 0 0 8

17, 14, 23, 26 тістер аймағындағы қызыл иегінің кенет қабынуы. ІІ-ІІІ дәрежелі патологиялық қозғалғыштық, терең патологиялық қалталар. 11, 27, 28 тістердің І дәрежелі патологиялық қозғалғыштығы. Рентгенограммада тіс аралық перденің 1\3 ұзындығы деңгейінде сүйек тіні резорбцияға ұшыраған. Ең тимді болатын нақтама://

Ауыр дәрежелі пародонтиттің жайылмалы асқынған созылмалы түрі//

Жеңіл дәрежелі пародонтиттің жергілікті созылмалы түрі//

Жеңіл дәрежелі пародонтиттің жайылмалы созылмалы түрі//

+Орта дәрежедегі жайылмалы пародонтиттің асқынған созылмалы түрі//

Орта дәрежелі пародонтиттің жергілікті асқынған созылмалы түрі

***

Науқас Ш., 65 жаста. Толық тістерінің болмауына, тамақ шайнау қиындығына шағымданып келді. Қарап тексергенде: толық тіссіз жоғарғы жақтың шырышты қабаты орташа дәрежеде семген, таңдайы жалпақ тегіс. Қантамыр – жүйке шоғырының шығу орнын сипап тексергенде ауру сезімі байқалады. Протез дайындау мақсатында тимді болатын қалып түрі://

Компрессиялық//

+Декомпрессиялық//

Дифференцияланған//

Функциональды-сорушы//

Анатомиялық

***

Науқас А., 25 жаста. Эстетикалық ақаудың болуына шағымданып келді. Анамнезінен 21 тісін бірнеше мәрте емдеген, бірақ пломба бірнеше рет түсіп қалған. Қарап тексергенде: 21 тістің кесу-дистальды бетінде терең тіс жегі қуысы бар, ол тіс сауытының 2\3 көлемін алып тұр. Қуыс түбінде пломбалық материалдың қалдықтары көрінеді. Сіздің тиімді іс-әрекетіңіз://

Металокерамикалық көпір тектес протез//

+Металлокерамикалық сауыт//

Дәнекерленген-штамптталған көпір текес протез//

Консольді протез//

Доғалы протез

***

Науқас 65 жаста, толық тіссіз жоғарғы жағын толық алмалы-салмалы пластиналы протездегенен кейін с әріпінің дыбысталуының бұзылуына шағымданады. Анамнезі: протез салғанына 2-апта уақыт өткен. Қарап тексергенде: жоғарғы жақ протезі протез жатағында дұрыс орналасқан. Сөйлеу сынамасы кезінде алдыңғы тістер арасындағы қуыс 5 мм-ден көп. Физиологилық тыныштық кезінде жоғарғы және төменгі жақ тістер арасында түзілетін 2-3 мм. Сіздің с әріпінің дыбысталуын түзетудегі іс-әрекетіңіз://

+Жоғарғы жақ протезін қайта жасау//

Протездің сүйір тістер аймағы шекарасын қысқарту//

Протездің таңдай жақ бетінің алдыңғы бөлігі қалыңдығын төмендету//

Протездің А-сызығы аймағы шекарасын қысқарту//

Протездің вестибулярлы шекарасының бүйір тісттер аймағынан қысқарту


***

Науқас Н., 65жаста. Толық алмалы салмалы пластиналы протезбен протезделгеннен соң проте жатағының шырышты қабатының күю сезіміне шағымданып келді. Анамнез:Науқас бронхиалды демікпемен және тері экземасымен диспансерлік есепте тұрады. Қарап тексергенде: Протез жатағында орналасқан шырышты қабатының қабынып тқрғанын көреміз. Сілекейі тұтқырлығы төмен, көпіршікті, жабысқақ. Қаның клиникалық анализі;лейкопения, лимфоцитоз және сегментядролы нейтрофилдер деңгейінің азайғанын көреміз. Қосымша тексеру әдісі:экспозиция сынамасы оң.//

Токсиклық стоматит//

Механикалық жарақат//

Гальвоноз//

+Аллергиялық стоматит//

Жаралы стоматит

***

Науқас С., 30 жаста, дәрігер-ортопедке пломбаның жиі түсуіне шағымданып келді. Анамнезі: 1 жыл бұрын тісі пломбаланған, 1 апта бұрын пломбасы түсіп қалды да тіс сауытының шетінің сынуы болды. Қарап тексергенде: 37 тісінің сауыттық ақауы бар, дистальды беткейінде тіс сынуы байқалады. Қуыс 2/3 тістің окклюзионды беткейін алады, тістің клиникалық сауыт бөлігі қысқа. Рентгенограммада тіс түбірі ұшында қабыну үрдісі жоқ, түбір ұшына дейін пломбаланған. Ең тиімді болатын ем://

Көпір тәрізді протез//

Пластмассалы сауыт//

Консольды сауыт//

Металлокерамикалық сауыт//

+Штампталған сауыт

***

Науқас 43 жаста, косметикалық ақауға шағымданды. Тістің вестибулярлы бетіндегі табақ тәрізді ойықтың сопақша пішінде болуы. Ойық түбінің кіреукесі жұқарған және сол жерден дентин сары түсті болып көрініп тұр. Ойық қабырғаларының түбі мен қарлары тегіс. Ақау экватор аймағы мен мойын аймағында орналасқан. Ең тиімді болып табылатын ем://

+Винирлер//

Жасанды протездер//

Жартылай сауыттар//

Комбинирленген сауыттар//

Қайта қалпына келтіретін пломбалар

***

Науқаст 60. жаста. Толық тіссіз төменгі жағына толық алмалы салмалы пластиналы протез дайындаудың 2-клиникалық кезеңде жеке дара қасықты кигізіп шақтап тексеру кезінде, науқас тілін мұрынның ұшына қарап алға созған кезінде жеке дара қасық орнынан көтеріліп кетеді, сіздің іс әрекетіңіз?//

жақ, тіл асты шетін түгел қысқартып шығу керек//

+төменгі жақ тіл үзенгі бөлігін қысқарту керек//

ішкі жағын қысқарту керек//

дөңес аймағын екінші азу тіске дейін қысқарту керек//

сүйір тістен екінші кіші азу тіс арасына дейін қысқарту керек

***

Науқаст 60. жаста. Толық тіссіз төменгі жағына толық алмалы салмалы пластиналы протез дайындаудың 2-клиникалық кезеңде жеке дара қасықты кигізіп шақтап тексеру кезінде, науқас тілімен кезек ұртқа тигізу кезінде жеке дара қасық орнынан көтеріліп кетеді, сіздің іс әрекетіңіз?//



жақ, тіл асты шетін түгел қысқартып шығу керек//

сыртқы шетін қысқарту керек//

ішкі жағын қысқарту керек//

дөңес аймағын екінші азу тіске дейін қысқарту керек//

+сүйір тістен екінші кіші азу тіс арасына дейін қысқарту керек

***

Науқас 44 жаста, ортопедиялық стоматология клиникасына 17 тістің сауытының бұзылуына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 17 тісті клиникалық сауытының биіктігі төмен, тіс жегімен бұзылған. Тіс ұлпасыздандырылған. Соғып тексергенде ауырмайды. Рентгенограммада тіс түбірінің өзегі ұшының 1/3 бөлігіне дейін пломбаланған. Ең тиімді болып табылатын ем://

Пломбамен қалпына келтіру, штампталған сауытпен қаптау//

+Штифтермен бекітіп, штампталған сауытпен қаптау//

Штифтермен бекітіп, пластмасса сауытпен тіс сауытын қалпына келтіру//

Пломбамен қалпына келтіру, металлокерамикалық сауытпен қаптау//

Пломбамен қалпына келтіру құймалы сауытпен қаптау

***

Ортодонтиялық конструкциядағы тірек-ұстаушы элемент... болып табылады.//

серппе//

бұранда//

+қапсырма//

кіреберістік доға//

қиялай жазықтық

***

Энгель жіктеуі бойынша шынайы прогения тістесуі... сәйкес келеді.//

І класс//

ІІ класс//

+ІІІ класс//

ІІ класс, 1 класішілік//

ІІ класс, 2 класішілік

***

Науқас 8 жаста. Шағымы; жоғарғы жақта алдыңғы тістерінің арасында бос орынның болуына. Объективті; беті симметриялы, мұрынымен дем алады. Жоғарғы ерін жүгеншесі төмен жабысқан. 11, 21 тістердің арасы 4 мм, 11тіс латеральды жылжыған. 12 тіске орын жеткіліксіздеу, рентген зерттеуде барлық тұрақты тістердің ұрықтары бар. Ең дұрыс болуы ықтимал диагноз.//

12 тістің адентиясы//

11 тістің дистопиясы//

+диастема//

жоғарғы жақ сүйегінің тарылуы//

ретенция

***

Науқас 9 жаста. Шағымы; баланың сөйлеуінің бұзылғанына, аузының ашықтығына, тамақты тістеп қырқуының қиындығына. Объективті; беті симметриялы, беттің төменгі бөлігінің биіктігі үлкейген, аузы жартылай ашық көбінесе аузымен тыныс алады. Еріндерін түйістіргенде оймақ белгісі пайда болады. Төменгі жақтың сүйегінің күрек тістері жоғарғы жақтың күрек тістеріне тимейді. Вертикальды саңылау 2-3мм. Ең дұрыс болуы ықтимал диагноз.//

Вертикальды күрек тістік окклюзия.//

+Вертикальды күрек тістік дизокклюзия//

Сагитальды күрек тістік окклюзия//

Трансверсальды күрек тістік окклюзия//

Ретенция

***

Науқас 13 жаста. Шағымы; төменгі тістердің сезімталдығына, сыздауына және қызыл иектің қанауына. Объективті; беті симметриялы, иегінің үстінде терең сала бар. Ауыз қуысында түйісу болғанда жоғарғы жақ сүйегінің алдыңғы тістері төменгілерінің сауыттарынын 2\3 бөлігінен көбін жауып тұрады. 11, 21 тістердің ретрузиясы бар, соның салдарынан төменгі тістердің тіс аралық қызыл иектік бүртіктері кіреберіс жағында зақымдалады. 42, 41, 31, 32 тістердің тістеу қырлары қажалған. Ең дұрыс болуы ықтимал диагноз.//


Диастема.//

Түзу тістем//

Прогения//

Ортогнатия//

+Терең тістем

***

Науқас 8 жаста. Профилактикалық тексеру кезінде; ауыз қуысында 12, 11, 21, 22 тістері өсі бойынша бұрылған. 11, 21 тістердің сауыттары медиальды, кіреберіске қарай жылжыған. 11, 21 тістердің арасында таңдай жақта атипті форма тіс бар. Рентгенограммада 12, 21 тістердің түбірлері латеральды орналасқан. Ең дұрыс болуы ықтимал диагноз.//

11, 22 тістердің адентиясы.//

Түзу тістем//

Прогения//

+Орталық күрек тістер арасындағы артық шыққан тістер//

Ортогнатия

***

Науқас 14 жаста. Шағымы; бет келбетінің ажарсыздығына, тіс қатарының дұрыс еместігіне. Объективті; ауыз қуысында жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің тіс қатары тарылған. 13 тіс кіреберіске қарай жылжыған, 14 тіс мезиальды жылжыған. Тіс қатарында 53 тіс бар. Ең дұрыс болуы ықтимал диагноз.//

Түзу тістер.//

12, 22 тістердің адентиясы//

+13 тістің дистопиясы//

12, 14 тістер аралығындағы артық шыққан тіс//

Мезиальды тістем

***

Науқас 12 жаста. Шағымы; тіс қатарының косметикалық ақауына, жоғарғы жақта тісінің жоқтығына. Объективті; ауыз қуысында 14 тіс мезиальды жылжыған, 12 тіс латеральды еңіскен, 13 тіс таңдайға қарай жылжыған, 15, 14 тістер арасында орналасқан. Ең дұрыс болуы ықтимал диагноз.//

Мезиальды тістем.//

Түзу тістем//

12, 22 тістердің адентиясы//

+13, 14 тістердің транспозициясы//

13 тістің супрооклюзия

***

Науқас 13 жаста. Шағымы; бет келбетінің ажарсыздығына, тіс қатарының дұрыс еместігіне. Объективті; беті симметриялы, мұрнымен тыныс алу қиындаған. Тілінің жүгеншесі қысқарған. Тіс формуласы жасына сәйкес. Бүйірдегі тістердің қатынасы Энгльдің 2 класы бойынша 12, 11, 21, 22 тістері өсі бойынша бұрылған. Тістесуде төменгі жақтың алдыңғы тістер сауытының 3\2 бөлігін жабады. Төменгі жақта тістері тығыз орналасқан.

Ең дұрыс болуы ықтимал диагноз.//

12, 22 тістер адентиясы.//

33, 32 тістердің транспозициясы//

Түзу тістем//

Мезиальды тістем//

+Терең тістем, жоғарғы және төменгі жақ тістерінің тарылуы

***

Науқас 16 жаста. Тіс қатарының дұрыс еместігіне шағымданады. Объективті; ауыз қуысында жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінде тістер тығыз орналасқан. 12, 22 тісте латеральды еңіскен, тіс қатарында 13, 23 тістер жоқ. 13, 23 тістерге тіс қатарында сауытының 3\1 еніндей орын жетіспейді, рентгенограммада 13, 23 тістердің ұрықтары бар және 12, 22 тістер түбірлерінің ұшығының аймағында орналасқан. Ең дұрыс болуы ықтимал диагноз.//


11, 21 тістер аралығындағы артық шыққан тістер.//

+13, 23 тістердің шықпай қалуы//

12, 22 тістердің адентиясы//

Түзу тістер//

Прогения

***

Бала 13 жаста. Шағымы: косметикалық ақауға, тістердің дұрыс орналаспауына. Объективті: 13, 23 тістер дұрыс орналаспаған. Олар тіс доғасының сыртында, кіреберіс жақта орналасқан. Жоғарғы жақта 13, 23 тістерге орын жеткіліксіз. Ең дұрыс болатын ықтимал диагноз://

түзу тістем//

прогнатия//

прогения//

+13, 23 тістердің кіреберіс орналасуы, жоғарғы жақ сүйегінің тарылуы//

терең тістем

***

Пациент 13 жаста. Объективті: 22 тіс жоқ, 13 тіс сауытының 1/2 биіктігіне жарып шыққан, 23 тіс медиальды жылжыған, 22 тіске орын жетпейді. Жоғарғы жақ сүйегі бүйірдегі тістерінің таңдай бұдырлары тістерді түйістіргенде төменгі бүйірдегі тістердің тілдік бұлдырларымен түйіседі.

Рентгенограммада 22 тістің ұрығы жоқ.

Ортодонтиялық аппараттың қай түрін қолданған дұрыс шешім болып табылады.//

Брюкль аппараты//

Френкельдің функционалды аппараты//

Дасса активаторы//

+Кеңейткіш бұрандасы бар табақша, кейін протездеу.//

Эйнсфорт аппараты.

***

Бала 7 жаста. Тексеріп қарағанда бет белгілері өзгермеген. Ауыз қуысында 11, 21 тістердің арасында бостық бар. Жақ сүйектерінің қатынасы дұрыс.

Ортодонтиялық аппараттың қай түрін қолданған дұрыс шешім

болып табылады.//

І типті Бальтерс аппараты//

Телебаева аппараты//

Эйнсфорт аппараты//

+ілгелі бар, қолтәріздес қансырмасы бар табақша//

Кеңейткіш бұрандасы бар табақша

***

Пациент 13 жаста. Бетінің ажарсыздығына шағымданады. Объективті: беті симметриялы, тыныс алуы аралас, жоғарғы ерін мен тілдің жүгеншелерінің жабысуы нормада деп айтуға болады. Тіс формуласы жасына сәйкес. Тістердің орналасу ауытқуы бар, 13 тіс доғаның сыртында кіреберіске қарай жылжыған. Тіс қатарында орынның жетпеуі сауыттың 1/3 шамасындай.

Ортодонтиялық аппараттың қай түрін қолданған дұрыс шешім болып табылады.//

Қиялай жатығы бар Катц табақшасы//

Функция реттеуші френкель аппараты//

Брюкль аппараты//

+Доғада М-тәріздес элементі бар, кеңейткіш бұранқасы бар табақша.//

Ретенциялық аппарат.

***

Пациент 8 жаста. Профилактикалық қаралу мақсатымен келген. Объективті: беті симметриялы, мұрнымен тыныс алады, сөйлеуі анық. Ауыз қуысының ішінде жақ сүйектерін түйістіргенде 11 тісі төменгі күрек тістерімен сауытының