ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 1900

Скачиваний: 24

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

***

Науқас Д., 67 жаста, төменгі еріннің қызыл жиегінде механикалық және химиялық тітіркендіру кезінде ауырсынатын бір эрозия пайда болуына шағымданады. Анамнезінен: төменгі ерінде эрозия кезеңді пайда болады, тез эпителизацияланады және төменгі еріннің дәл сол бөлікте қайтадан пайда болады. Қарау кезінде: төменгі ерін қызыл жиегінің орталық бөлігінде беті тегіс, сопақ пішінді эрозия. Пальпация эрозия ауырсынусыз. Айналасындағы шырышты қабат қабынбаған. Гистология: эпителий жасушасының дегенеративті өзгеріс. Сіздің диагнозыңыз?//

  1. Кейер эритроплазиясы//

  2. Боуэн ауруы//

  3. Қызыл жиегінің сүйелді обыралды//

  4. Шектелген обыралды гиперкератоз//

  5. +Абразивті канцералды Манганотти хейлиті

***

Науқас Р., 20 жаста, бір апта бұрын тәтті тағамнан пайда болған ауырсынуға шағымданады. Зерттеу кезінде 3.6 тістің мойын маңының артқы жанасу беткейінде кең көлемде эмаль және дентиннің сыртқы қабаты деңгейінде тіс жегі қуысы байқалды. Зондтағанда тісжегі қуысын қабырғасы ауырсынбалы. Тісжегі қуысын егеп-тазалаудың ерекшеліктерін атаңыз?//

  1. +Тістегі тісжегі қуысын егеу кезінде жету жері қиындаған, сондықтан ашуды шайнау беткейі арқылы жүргізеді//

  2. Тістегі тісжегі қуысын егеу кезінде жету жері қиындаған, сондықтан ашуды мойын маңы аймағы арқылы жүргізеді//

  3. Тістегі тісжегі қуысын егеу кезінде жету жері қиындаған, сондықтан ашуды 3.7 тіс арқылы жүргізеді//

  4. Тістегі тісжегі қуысын егеу кезінде жету жері қиындаған, сондықтан ашуды көрші қуыс 3.5 тіс арқылы жүргізеді//

  5. Тістегі тісжегі қуысын егеу кезінде жету жері қиындаған, сондықтан апроксимальды беткейін трепанациялау

***

Тек қана еріннің қызыл жиегінде қабыршақтануымен жүретін созылмалы ауруы. Зақымдалуы элементі қабыршақ түрінде, ортасы маңайындағы тіндермен тығыз байланысты. Құрғақ және жалғақты түрін ажыратады. Бұл қандай ауру//

  1. Экзематозды хейлит//

  2. +Эксфолиативті хейлит//

  3. Атопиялық хейлит//

  4. Гландулярлы хейлит//

  5. Метеорологиялық хейлит

***

Науқас Ф., 40 жаста ерін өлшемінің ұлғаюына, сөйлеу кезінде ерінде сілекейдің пайда болуына шағымданады. Объективті: ерін қалыңдаған, кеңейген сілекей безі өзегінің тесігі көрінеді, одан сілекей тамшысы бөлінеді («шық» симптом). Пальпация кезінде ерін қалыңдығында ұсақ «бұршақ» - безді тіндердің гипертрофиясы анықталады. Өзгеріс өтпелі аймақта орналасады, яғни еріннің қызылжиегі және ауыз қуысының шырышты қабаты арасындағы аймақта. Сіздің болжамды диагнозыңыз?//


  1. Актиникалық хейлит//

  2. Эксфолиативті хейлит//

  3. +Гландулярный хейлит//

  4. Экзематозды хейлит//

  5. Метеорологиялық хейлит

***

Науқас А., 34 жаста, ерін құрғауына, тартуы сезіміне, қабыршақтануына шағымданады. Нақты аурудың дамуы: аллергологиялық анамнезі теріс, науқастың мамандығы ұзақ уақыт суық ауада болуына байланысты. Объективті: төменгі еріннің қызыл жиегі гиперемияланған және инфильтрленген, ұсақ қабыршақтармен жабылған. Ерін маңының шырышты қабаты және терісі патологиялық өзгеріссіз. Көптеген тісжегі қуысы, борпылдақ тіс шөгінділері анықталады. Берілген клиникалық жағдайда қандай болжамды диагноз?//

  1. Эксфолиативті хейлит, құрғақ түрі//

  2. +Метеорологиялық хейлит//

  3. Гландулярлы хейлит//

  4. Контактты аллергиялық хейлит//

  5. Актиникалық хейлит

***

Науқас 43 жаста, тағам қабылдау кезіндегі ауырсынуға, күйдіру сезіміне шағымданады. Қарау кезінде: екі жақ ұрттың өзгермеген шырышты қабатында папоротник суреті ретінде көптеген папулалар анықталады, түсі ақшыл-сұр, қырғанда алынбайды. Сіздің болжамды диагнозыңыз?//

  1. Қызыл жалпақ теміреткі, эрозивті-жаралы түрі//

  2. +Қызыл жалпақ теміреткі, типті түрі//

  3. Қызыл жалпақ теміреткі, гиперкератотикалық түрі//

  4. Қызыл жалпақ теміреткі, экссудативті-гиперемиялық түрі//

  5. Қызыл жалпақ теміреткі, буллезді түрі

***

Ер адам Б., 59 жаста, ауыз қуысында күйю сезіміне, кейде тағам қабылдау уақытында термиялық тітіркендіргіштерден күшейетін ауырсынуға шағымданады. Қарау кезінде тістердің түйісу сызығы бойында шырышты қабат үстінде түзіліс түрде қосылған түйіншектер (бляшк анықталады. Зақымдалу ошағы тығыз, қатпарға жиналмайды. Зақымдалған аймақ түсі – сүт – ақ жылтырмен. Кератоз аймағы айналасының шырышы өзгермеген. 4.4, 4.6 тістер алтыннан жасалған сауыттармен қапталған, 4.5, 4.7 тістер болаттан жасалған сауыттарымен қапталған. Гистологиялық анализ дәнді және мүйізді қабаттың өсу арқасында қалыңдауын көрсетеді. Сіздің болжамды диагнозыңыз?//

  1. Эрозивті-жаралы лейкоплакия//

  2. Жұмсақ лейкоплакия//

  3. Таппейнер лейкоплакиясы//

  4. Жалпақ лейкоплакия//

  5. +Веррукозды лейкоплакия

***

Ер адам 32 жаста тісінің қозғалғыштығына, қызыл иегінің қанауына, аузынан жағымсыз иістің шығуына шағымданады. Объективті: қызыл иек қызарған, ісінген, болбыр, пародонтальды қалталардың терендігі 6 - 8 мм, ішінен іріңді жалқық бөлінеді. Қызыл иек асты және үсті тіс тастары бар, тісінің қозғалғыштығы ІІ-ІІІ дәрежелі. Рентгенде: альвеола арасындағы сүйегінің 1/2-2/3 түбір ұзындығына дейін горизонтальді және вертикальді резорбция. Қандай кюретаж жасау керек?//



  1. +Ашық кюретаж жасау керек, себебі операция жүргізуде пародонтальды қалталар грануляциялармен тіс тастарынан тазаланады.//

  2. Жабық кюретаж жасау керек, себебі операция жүргізуде пародонтальды қалталарындағы грануляциялармен тіс тастарын күйдіреді.//

  3. Жабық кюретаж жасау керек, себебі тіс мойынының және одан төмен орналасқан тіс тастары, қақтары тазаланады//

  4. Ашық кюретаж жасау керек , себебі сүйек тіндерін шетін кесіп егеп тастау керек//

  5. Жабық кюретаж жасау керек себебі операция жүргізуде, визуальді контроль қажет

***

Науқас Н., 47 жаста қызыл иегінің қанауына, ауызынан жағымсыз иістің шығуына шағымданды. Анамнезінен бұндай белгілер бұрыннан болған, бірақ емделмеген. Объективті: ауыз қуысы санациядан өтпеген, ауыз қуысының гигиенасы төмен. 4.5, 4.6, 4.7, 3.5, 3.6, 3.7 тіс аймағында пародонтальді қалта бар, терендігі 3-4 мм. Сіздің нақты диагнозыңыз?//

  1. Жедел катаральды гингивит//

  2. Жайылмалы пародонтит, II дәреже//

  3. +Жайылмалы пародонтит, I дәреже//

  4. Жайылмалы пародонтит, III дәреже//

  5. Пародонтоз, III дәреже

***

Ер адам 23 жаста тісін тазалағанда, қатты тағам жегенде қызыл иектің қанайтынына шағымданды. Объективті: төменгі жақтың алдыңғы тістер аймағындағы қызыл иегі қызарған, ісінген, пальпация кезінде қанайды. Ауыз қуысының шырышты қабығының басқа аймақтар өзгеріссіз. Тістесу терең. 4.1 және 4.2 тістер І дәрежелі қозғалғыш, басқа тістер қалыпты. Рентгенограммада: 4.1, 4.2 тістер маңындағы альвеола аралық сүйегінің 1/3 түбір ұзындығына дейін резорбциясы. Сізідң диагнозыңыз?//

  1. Жайылмалы пародонтит, бастапқы дәреже//

  2. Жайылмалы пародонтит, І дәреже//

  3. Катаральды гингивит//

  4. +Ошақты пародонтит, І дәреже//

  5. Пародонтоз, І дәреже

***

Науқас В., 43 жаста, тілдің ерекше түріне, тітіркендіргіш тағамды қабылдау кезіндегі ауырсынуына, күйдіру сезіміне шағымданады. Анамнезінде: тілдегі суреттің кезеңді ауысуын науқас байқайды. Қарау кезінде: тіл арқасының оң жақ аймағында және бүйір беткеінде ақ-сұр және қызыл түстес ошақтар байқалады. Ошақтар сопақ пішіндес болады, бір суретке қосылғанда географиялық картаны еске түсіреді. Осы клиникалық жағдайда қандай болжамды диагноз?//

  1. +Десквамативті глоссит//

  2. Ромбтәрізді глоссит//

  3. Қатпарлы тіл//

  4. Шашты тіл//

  5. Глоссалгия


***

Науқас 50 жаста қызыл иегінде қышу сезіміне, тістердің тактильді және химиялық тітіркендіргіштерге аса тым сезімталдылығына шағымданады. Қарау кезіңде қызыл иек тығыз, ақшыл – қызыл түсті. Тістерде сына тәрізді ақаулар бар. Тіс түбірлері 2/3 ұзындығында жалаңаштанған, тістер қозғалмалы емес. Рентгенографиялық горизонтальді тіс аралық перделердің деструкциясы (атрофия) 2/3 ұзындығында. Болжамды диагноз қойыңыз?//

  1. ІІ дәрежелі пародонтоз//

  2. ІІ дәрежелі пародонтит//

  3. атрофиялық гингивит//

  4. ІІІ дәрежелі пародонтит//

  5. +ІІІ дәрежелі пародонтоз

***
Нуқас 20 жаста, жоғарғы жақтың оң жағында тісжегі қуысының болуына шағыданады. Объективті: 1.6 тісте терең тісжегі қуысы бар, тіс қуысымен байланысқан, зондтау ашылған нүктеде ауырсынусыз. 1.6 тісте перкуссия әлсіз ауырсынбалы. Қызыл иекте 1.6 тіс түбір проекциясының маңында жыланкөз бар. Диагноз қойыңыз//

  1. +Созылмалы гранулирлеуші периодонтит//

  2. Созылмалы фиброзды периодонтит//

  3. Созылмалы гранулематозды периодонтит//

  4. Жедел серозды периодонтит//

  5. Жедел экссудативті периодотит

***

Науқас 34 жаста. Шағымдары жоқ, санация ретімен келді. Объективті қарағанда 1.6 тісте шайнау бетінде терең тіс жегі.Зондағанда: түбінде ауырсыныды,түбі тығыз. Перкуссия ауырсынбайды. Дәрігер тісжегі қуысты егеп–тазалаған кезде 1.6 тістің тіс қуысын бір нүктеде байқамай ашап алады. Осы пульпитті биологиялық әдіспен емдеп одонтотропты сықпаларды қолданып емдеуге болады. Қандай диагноз қойылды?//

  1. Созылмалы гипертрофиялық пульпит//

  2. +Жедел жарақаттық пульпит//

  3. Жедел ірінді пульпит//

  4. Созылмалы фиброзды пульпиттің асқынуы//

  5. Жедел диффузды пульпит

***

Науқас М., 60 жаста, 2.5 тісінен пломбаның түсе беруіне және химиялық тітіркендіргішке ауырсынатынына шағымданады. Анамнезінен пломбасы екі күн бұрын түсіп қалғанын білді. Науқасты тексеру кезінде 2.5 тісінің алдыңғы және артқы контактты бетінің мойын аймағында кариозды қуыс бар. Зондтау аздап ауырсынбалы, температуралық тітіркендіргіштерге ауырсынбайды. Осы клиникалық жағдайда ем жүргізу әдісінің ерекшелігі Қандай?//

  1. +Егер тісжегі қуысына кіруге жақсы мүмкіндік болса, олардың әр қайсысын жеке, шайнау бетіне шығармай мүсіндейді//

  2. Егер тісжегі қуысына кіруге жақсы мүмкіндік болса, шайнау бетіне шығарып,онда қосымша алан жасайды//

  3. Егер тісжегі қуысына кіруге мүмкіндік болмаса, жанындағы тістің контактты бетінен трепанация жасап қосымша алан жасайды//

  4. Егер тісжегі қуысына кіруге мүмкіндік болмасатістің контакт бетінен трепанация жасап, сол арқылы мойын аймағына кіруге мүмкіндік береміз//

  5. Егер тісжегі қуысына кіруге мүмкіндік болмаса, жанындағы тістің шайнау бетінен трепанация жасап, сол арқылы мойын аймағына кіруге мүмкіндік береміз


***

Науқас 24 тісіндегі үздіксіз қақсап ауыратынына шағымданып келді. Анамнезінен себепші тіс бұрын емделмеген. Сұрау кезінде 24 тісінің контакті бетінде терең тіс жегі қуысы бар, зондтау кезінде қуыс ашылмаған. Перкуссия тез ауырсынбалы. Пальпация кезінде өтпелі қатпар қалыпты. Рентген суреттемеде 24 тісінің патологиясы анықталмаған. ЭОД- 100 мкА. Сіздің алдын ала диагнозыңыз?//

  1. +Интоксикация фаза кезіндегі жедел периодонтит//

  2. Экссудация фаза кезіндегі жедел периодонтит//

  3. Созылмалы гранулирлеуші периодонтит//

  4. Созылмалы гранулематозды периодонтит//

  5. Созылмалы периодонтиттің өршуі

***

Науқас Р., санация мақсатында келді. Обьективті 2.5 тісте тісжегілі қуыс пигменттелген тығыз дентинмен толған, зондау кезінде қуыстың түбі ауырсынады, түбі тығыз. Перкуссия ауырсынусыз. ЭОД – 6 мкА. Емдеуде кальцийдің гидрототығы негізіндегі пломбалық материалды қолдануға бола ма?//

  1. Жоқ, себебі бұл материалдардың одонтотроптық қасиеті жоқ//

  2. Жоқ, себебі кальцийдің гидрототығы - сілті, рН 10 – 12 және ұлпада некроз болуы мүмкін//

  3. +Иә, себебі бұл материалдардың одонтотроптық қасиеті бар//

  4. Жоқ, себебі бұл мақсатта басқа препараттар яғни, жаңадан шыққан препараттар қолданады//

  5. Иә, себебі кальцийдің гидрототығы негізіндегі материалдар түбір өзекте дентиклдер және перификаттардың қалыптасуына әкеледі

***

Науқас А 1.6, 1.7 тістер аймағында тамақты қабылдағанда, тісті тазалағанда қызыл иектің қанауына, әлсіздікке, дімкәстікке шағымданып келді. Объективті : гиперемия, ісіну, тістердің I-II дәрежедегі қозғалғыштық, мойынның және түбірдің жартылай жалаңаштануы, түбір ұзындығы 1/3 ден 1/2альвеолярлы өсіндінің биіктігі тегіс емес төмендеуі, абцесстердің түзілуі, пародонтальды қалталардың тереңдігі 5 мм және одан серозды іріңді экссудат бөлінеді. Сіздің болжамды диагнозыңыз?//

  1. +Созылмалы жайылмалы пародонтиттің өршуі, орташа дәрежелі//

  2. Созылмалы жайылмалы пародонтиттің өршуі, жеңіл дәрежелі//

  3. Созылмалы жайылмалы гингивиттің өршуі, орташа дәрежелі//

  4. Созылмалы жайылмалы пародонтиттің өршуі, ауыр дәрежелі//

  5. Созылмалы жайылмалы гингивиттің өршуі, ауыр дәрежелі

***

Науқас Ж., 39 жаста, 1.2 тісінен пломбасының түсіп қалғанына шағымданды. Анамнезінен пломба екі күн бұрын түсіп қалғанын білдік. Зондтау ауырсынбалы,температуралық тітіркендіргішке реакция теріс, тіс қуысы ашық. Дәрігер тұрақты пломба астына түбір өзекті қатаймайтын пастамен пломбалауды ұсынды. Бұндай ем қолдануға болама және дұрыспа.//