ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 1799
Скачиваний: 24
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ауыз қуысы кілегей қабық аурулары
$$$001
Сілтінің әсерінен күйік алғанда қандай препарат қолданылады?
A) күйдірілген магнезия
B) сабынды ерітінді
C) сірке қышқылы
D) 1% әкті су
E) 0,1% мүсәтір спирті ерітіндісі
{Дұрыс жауап}=С
{Қиындығы}=3
$$$002
Декубитальды ойық-жараны жергілікті емдеу үшін қандай препарат қолданылады?
A) бонафтон майы
B) теброфен майы
C) леворин майы
D) метилурацил майы
E) преднизолон майы
{Дұрыс жауап}=D
{Қиындығы}=3
$$$003
Жедел механикалық жарақатты емдеуде қандай препараттар қолданылады?
A) Вирусқа қарсы
B) Саңырауқұлаққа қарсв
C) антигистаминді
D) гормональды
E) эпителизацияны жеделдететін препараттар
{Дұрыс жауап}=Е
{Қиындығы}=3
$$$004
37 жастағы науқас емханаға ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келді. Өзін саумын деп есептейді,шылым шегеді. Обьективті тексеріс кезінде оң жақ ұрт кілегей қабығы мен ауыз бұрышында, тістердің түйісу сызығында, үшбұрышты пішінді, кілегей қабық бетінен көтерілмейтін ақ-сұр түсті ошақ анықталды. Шпательмен қырғанда зақымдану ошағының сұр-түсті беті алынбайды. Аталған патологияда қандай препаратты қолдану патогенетикалық дәлелденген?
A) аевит
B) супрастин
C) нистатин
D) левамизол
E) метотрексат
{Дұрыс жауап}=А
{Қиындығы}=3
$$$005
Ер адам, 30 жаста, дәрігерге тілдегі күйдіру сезіміне, дәм сезудің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінен: бұрын фосфор зауытында жұмыс істеген. Қарағанда: ұрттың тістер қабысатын кілегейлі қабығында, тілдің бүйір бетінде шекарасы анық, оны қоршаған кілегей қабық деңгейінен көтерілмейтін, кілегей қабықтың күйгенін еске түсіретін әр түрлі пішінді және көлемді гиперкератоз ошағы анықталды. Жалпы емдеу жоспарына қандай препарат енгізілген дұрыс?
A) Ретинол ацетаты
B) Тиамин бромиді
C) Аскорбин қышқылы
D) Эргокальциферол
E) Токоферол ацетаты
{Дұрыс жауап}=A
{Қиындығы}=3
$$$006
Науқас 52 жаста. Ауыз бұрыштары айналасындағы кілегей қабығында тартылу мен кедір- бұдырлық сезімінің болуына шағымданады. Пациенттің айтуына қарағанда – шылым шегуге қатты әуес. Тексеріп қарағанда: ауыз бұрыштары айналасынан, қырғанда алынбайтын, үшбұрышты пішінді, сұр- ақ түсті ошақтар табылды. Аталған клиникалық көрініске лейкоплакияның қай түрі сәйкес келеді?
А) жұмсақ лейкоплакия
В) веррукозды лейкоплакия
С) эрозивті лейкоплакия
D) Таппейнер лейкоплакиясы
Е) эрозиялы- ойық жаралы лейкоплакия
{Дұрыс жауап} =Д
{Қиындығы}=3
$$$007
Науқас 57 жаста, жоғарғы ерінде ұзақ уақыт жазылмайтын жараға шағымданып келді. Қараған кезде: еріннің қызыл жиегінде – жара пальпацияда ауырсынбайды, негізінде шеміршік тінді инфильтрат бар. Төменгі жақ асты лимфа түйіндері шеміршекті тығыз, диаметрі 2-3 см дейін, тығыз консистенциялы, пальпацияда ауырсынбайды. Диагнозды нақтылау үшін қандай реакция қажет?
A) Гемагглютинация реакциясы
B) Манту реакциясы
C) Вассерман реакциясы
D) лейкоциттер агломерация реакциясы
E) лейкоцитолиз реакциясы
{Дұрыс жауап}=C
{Қиындығы}=3
$$$008
Науқас 36 жаста, ауыз қуысында қышыну сезіміне, тамақ ішкенде ауырсынуға, қақтың болуына шағымданып келді.Обьективті: Қан кернеген тілдің,ұрттың, еріндердің шырышты қабығында ақшыл қақ, іріген сүтке және ірімшікке ұқсас. Қақ шырышты қабықтың деңгейінен биіктеген, тампонмен жеңіл алынады. Берілген аурудың жергілікті емінде тағайындалады
A) флуконазол
B) Ацикловир
C) ново-пассит
D) оксалин
E) гидрокортизон
{Дұрыс жауабы} = A
{Қиындығы} =3
$$$009
48 жастағы әйел ауыз бұрыштарында тіліктердің пайда болуына шағымданады. Анамнезі: қант диабетінің компенсирленген түрімен ауырады. Объективті: ауыз бұрышында аз ылғалды эрозиялар бар, шеттері жіңішке сұр қабыршақтармен жабылған. Пальпациялағанда негізінде тығыздану жоқ, аздап ауырады.Төмендегілердің қайсысы диагностикалаудың келесі қадамы болып табылады?
A) люминесцентті диагностика
B) жалпы қан анализі
C) ауыз бұрышындағы жұғындыны микроскопиялық зерттеу
D) биопсия
E) стоматоскопия
{Дұрыс жауап}=C
{Қиындығы}=3
$$$010
Жедел ұшықты стоматитті жалпы емдеу үшін қандай препараттар қолданылады?
A) анальгетиктер, ганглиоблокаторлар, В1
B) ұшыққа қарсы поливакцина, гамма-глобулин
C) бонафтон, натрий салицилаты, супрастин
D) леворин,бонафтон,аскорбин қышқылы
E) поливалентті спецификалық гипериммунды сары су
{Дұрыс жауап}=С
{Қиындығы}=3
$$$011
Созылмалы қайталамалы ұшықты жалпы емдеу үшін қандай препараттар қолданылады?
A) преднизолон, триамцинолон
B) анальгетиктер, антигистаминді препараттар
C) нистатин, леворин
D) бонафтон, интерферон
E) ретаболил, метотрексат
{Дұрыс жауап}=Д
{Қиындығы}=3
$$$012
Стоматологиялық емханаға Б.деген қыз бала ауыз қуысындағы ауырсыну шағымдарымен келді: ұртында, қызыл иектерінде, тілінде «жаралар» бар, дене температурасы 39
0С дейін, бас ауруына, әлсіздікке шағымданды. Қарағанда: АҚШҚ да афталар, полигональды пішінді, некротикалық қақтармен жабылған, тигізгенде ауырсынбалы. Қандай ем қолайлы болып табылады?
A) жансыздандыру, антисептиктер, ферменттер, вирусқа қарсы препараттар
B) ретинол ацетат, антисептиктер, саңырауқұлаққа қарсы препараттар, ферменттер
C) тымауға қарсы гаммаглобулин 0,2 мл/кг в/м, антибиотиктер
D) жансыздандыру, кең спектрлі әсері бар антибиотиктер, дәрумендер
E) антисептиктер, жансыздандыру, ферменттер, гидрокортизон, дәрумендер
{Дұрыс жауап}=A
{Қиындығы}=3
$$$013
Науқас М., 30 жаста, сөйлегенде, тамақ ішкенде ұрттың шырышты қабатының қатты ауырсынуына шағымданады. Объективті: ұрттың шырышты қабатының тістердің түйісу сызығы бойында, қызарған шырыштының үстінде афта анықталады, шеттері тегіс, үсті қиын алынатын ақшыл-сары фибринозды жағынмен жабылған.Осы клиникалық жағдайда мақсатқа сәйкес жалпы емдеу барысында қандай дәрілік затты қолдануға болады?
A) Нистатин
B) ацикловир
C) линкомицин
D) ретинола
E) фенкарол
{Дұрыс жауап}=Е
{Қиындығы}=3
$$$014
Науқас 45 жаста, тамақ қабылдағанда ауыз қуысы кілегей қабығының, бұлшық еттерінің, буынның, бастың ауратынына, дене қызуының 37,5 С көтерілетініне шағымданып келеді. Бөртпелер шығуға 2 күн қалғанда мұрнынан су ағып, түшкіре бастаған. Объективті: қызарған еріннің, ұрттың кілегейлі қабығында, тіл асты аймағында әр түрлі көлемдегі жекеленген папулалар, көпіршіктер мен көпірлер көрінеді. Ошақтың шетінде көпірдің жыртылғаны анықталды. Еріннің қызыл жиегінде қара – қоныр түсті қабықтар бар. Мұндай жағдайда патогенетикалық ем ретінде қандай дәрілік препараттар қолданылады?
А) ампициллин, натрий биокарбонаты
В) метронидазол, клион
С) диазолин, тиосульфат натрия
D) линкомицин гидрохлориді,ретинол ацетаты
Е) калций глюконаты, ципрофлоксацин
Дұрыс жауап = С
{Қиындығы}=3
$$$015
45 жастағы науқас, еріндерінің қышуына және күйдіру сезімінің болуына шағымданды. Науқастың айтуы бойынша, бұл сезімдер жаңа гигиеналық помада қолданғаннан кейін пайда болған. Объективті: еріннің қызыл жиегінде жекеленген эритема және оның аясында көпіршіктер, шектелген сулы аймақтар анықталған. Төмендегілердің қайсысы диагностикалаудың келесі қадамы болып табылады?
A) ауыз қуысының гигиенасына үйрету
B) себепші факторды жою
C) цитологиялық зерттеу
D) динамикалық бақылау
E) гистологиялық зерттеу
{Дұрыс жауап}=В
{Қиындығы}=3
$$$016
Науқас қатты шаршауға, ауыз қуысы кілегей қабығы түсінің өзгеруіне шағымданады. Объективті: ұрттың кілегей қабығы мен ерін көкшіл, шие түсті. Жұмсақ таңдайдың қатты цианозы мен қатты таңдайдың кілегей қабығының ақшыл түсті (Куперман симптомы) байқалады. Ең қолайлы диагноз қандай болып табылады?
A) эритремия
B) жедел лейкоз
C) агранулоцитоз
D) Верльгофф ауруы
E) созылмалы лимфолейкоз
{Дұрыс жауап}=A
{Қиындығы}=2
$$$017
Науқас М., 58 жаста тамақ ішкенде тілдің, еріннің, ауыз қуысы кілегей қабығының ауруына, күю сезіміне, ауыздың кебуіне шағымданып келді. Анамнезінен: бір жыл бұрын асқазан резекциясы операциясы жасалган. Объективті: ауыз бұрышының жарылуы, кілегейлі қабық бозғылт, әлсіз ылғалданған, тіл ісініп, көлемі ұлғайған, бүртіктері күрт атрофияға ұшыраған. Ең қолайлы диагноз қандай болып табылады?
A) эритремия
B) гипохромды анемия
C) жедел лейкоз
D) агранулоцитоз
E) Верльгофф ауруы
{Дұрыс жауап}=D
{Қиындығы}=2
$$$018
Қанды бөліндісі бар әр түрлі көлемдегі көпірлер жұмсақ таңдайдың кілегейлі қабығында, тілдің бүйір бетінде пайда болады. Көпір кенеттен пайда болады, жиі тамақ ішкен кезде, көлемі үлкейіп жарылады да эрозия пайда болады. Эрозия ақшыл қақпен жабылған, эпителизация 3-7 күннен кейін тез басталады. Ең қолайлы диагноз қандай болып табылады?
A) миокард инфарктісі
B) вирусты гепатит
C) гипоцидті гастрит
D) гиперацидті гастрит
E) гипертониялық ауру
{Дұрыс жауап}=E
{Қиындылығы}=2
$$$019
55 жастағы науқас, тілінде ашу және ауру сезімінің болуына шағымданады. Объективті тексеріс кезінде: тілдің дорсальды бетінде ашық- қызыл бөліктер анықталды.Тілдің бүртіктері семген, тіл тегістелген, жылтыр («жалтырланған тіл»). Гемоглобин мөлшері күрт төмендеген, түрлі- түсті көрсеткіш жоғары. Ең қолайлы диагноз қандай болып табылады?
A) агранулоцитоз
B) Верльгоф ауруы
C) жедел лимфолейкоз
D) темір тапшылық анемия
E) Аддисон- Бирмер анемиясы
{Дұрыс жауап}=E
{Қиындылығы}=2
$$$020
Науқас 32 жаста, қызылиектің қатты қанағаштығына ,тістердің тез дамитын қозғалғыштығына, ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуына, ауыз құрғақтығына шағымданады. Қант диабетімен ауырады.Обьективті қызыл иектің қанкернеуі, ісінуден тісаралық қызыл иек бүртікшелерінің конфигурациясының бұзылуы, тіндердің инфильтрациясы мен грануляциясы, қанағыштық, ІІІ дәрежелі тістердің қозғалғыштығы, терең сүйек қалталары, пародонтальді қалталардың тереңдігі 6 мм, іріңді сұйықтық бар .Тіс доғасында тістер қалпы өзгерген. Қандай диагностикалық әдіс маңызды рөль атқарады?
А) биопсия
В) полярография
С) реопародонтография
D) люминесцентті тексеру
Е) қанның биохимиялық талдауы
{Дұрыс жауабы} = E
{Қиындығы} =3
$$$021
60 жастағы науқас, стоматологқа ернінің қызарып, қабыршақтануына, тіліктің пайда болғанына шағымданып келді. Науқастың айтуы бойынша, бұл өзгерістер көзінің жасаурауымен қоса жүреді. Объективті: ауыз бұрыштарында тік орналасқан тіліктер бар екендігі анықталды. Еріннің қызыл жиегі қызарған. Тіл бүртіктері семген, қан кернеген. Төмендегі диагноздардың қайсысы ең қолайлы болып табылады?
A) десквамативті глоссит
B) В2 гиповитаминозы
C) лейкоплакия
D) глоссалгия
E) созылмалы гиперпластикалық кандидоз
{Дұрыс жауабы} = В
{Қиындығы} =2
$$$022
Тері мен ауыз кілегей қабығының құрғауы, мүйізгектену процесінің папиллома түзілгенге шейін үдеуі, онымен бірге, көздің зақымдануы, терінің бозаруы мен қабыршақтануы, шаштың түсінің бұлыңғыр болуы, тырнақтардың сынғыш келуі -қай гиповитаминозда байқалады ?
А) А гиповитаминозы
В) В2гиповитаминозы
С) В1гиповитаминозы
D)) Р гиповитаминозы
Е) РРгиповитаминозы
{Дұрыс жауабы} = А
{Қиындығы} =2
$$$023
Жақ сүйектерінің остеопорозы, тілдің дорсальды бетінде гиперкератозбен байқалатын глоссит, макрохейлит, тістердің түйісу сызығы бойындағы ұрт кілегейінің лейкокератозға тән ақ түске енуі- қай ауруға тән белгілер болып табылады?
А) гипотиреоз
В) тиреотоксикоз
С) акромегалия
D) Аддисон ауруы
Е) Иценко-Кушинг ауруы
{Дұрыс жауабы} = Е
{Қиындығы} =2
$$$024
Науқас, кілегей қабығының біртүрлі күйде болып тұрғанына және ауру сезімінің барына шағымданады. Тексеріп қарағанда: қызарған, ісінген кілегей қабықтың үстінде, оң жақ үлкен азу тістер аймағында, тістердің қабысу сызығының бойымен орналасқан, доға, сақина сияқты суретке тұтасқан, кілегей қабық деңгейінен аздап шығыңқы келген, ақ- сұр түсті, үсақ папулалар анықталды. Ең қолайлы диагноз қандай?
А) қызыл жалпақ теміреткі, экссудативті- гиперемиялық түрі
В) лейкоплакия, жалпақ түрі
С) қызыл жалпақ теміреткі, гиперкератотикалық түрі
D) қызыл жегі
Е) созылмалы гиперпластикалық кандидоз
{Дұрыс жауап} =А
{Қиындығы}=3
$$$025
45 жастағы науқас, даусының қарлығуына, тағам қабылдағанда ауру сезімінің болуына шағымданып келді.Объективті: жұмсақ таңдайдың, тіл мен еріннің өзгермеген кілегей қабығында көпіршіктер, көпіршіктердің бетіндегі эпителий үзінділерімен жабылған эрозиялар табылды. Никольский симптомы оң. Осы ауруды жергілікті емдеуде қандай препарат ең қолайлы болып табылады?