ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 1814

Скачиваний: 24

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


A.Төменгі жақтың жеделдеу остеомиелиті

B.Төменгі жақтың жедел деструктивті остеомиелиті

C.Төменгі жақтың созылмалы гиперостозды остеомиелиті+

D.Төменгі жақтың біріншілік созылмалы остеомиелиті

E.Төменгі жақтың созылмалы деструктивті остеомиелиті

26.Науқас көзасты және ұрт аймағындағы ауру сезіміне шағымданады; ауырлық сезімі, бітелу. Иіс сезудің бұзылуы. Қарау кезінде ұрт және көзасты аймағының ісінуі бар. Ауыз қуысы кіреберісінде шырышты қабық ісінген, қызарған. Алдыңғы риноскопияда – ортаңғы мұрын жолының шырыштысы ісінген, іріңді бөлінді бар. Диагноз қойыңыз?

A.Ұрт аймағының абсцессі

B.Көзасты аймағының абсцессі

C.Жедел катаральды гайморит

D.Жедел іріңді гайморит+

E.Жедел токсикалық гайморит

27.Стоматологиялық бөлімшеге науқас ауыр жағдайда түсті, жоғарғы жақ аймағының ауырсынуына, самай мен көзге таралуына шағымданады. Жұтынған кезде ауырсыну бар. Самай аймағының төменгі жағында аздап ісіну. Ауыз ашылуы шектеулі. Қарау-ауыз қуысының артқы-жоғарғы бөлімдерінде шырышты қабаттың ісінуі мен гиперемиясы байқалады. Жоғарғы жақтың төмпешігі аймғында өтпелі қатпарда ауыратын инфильтрат анықталды. Диагноз қойыңыз?

A.Самайасты шұңқырының абсцессі+

B.Қанаттаңдай шұңқырының абсцессі

C.Самай аймағының абсцессі

D.Орбита абсцессі

E.Орбита флегмонасы

28.Науқасты жоғарғы ақыл тіс мазалаған. Үш күннен кейін самай аймағының төменгі бөлігінде жәнеи құлақмаңы шайнау аймағының жоғарғы бөлігінде құм сағат түріндегі ісіну пайда болды; көзасты және ұрт аймақтарының коллатеральды ісінуі. 3-ші дәрежелі контрактура. Ауыз қуысында 2.6-2.8 тістердің өтпелі қатпарынан жоғары ауырсыну анықталды. Берілген көріністер қандай флегмонаға тән?

A.Самай аймағы

B.Құлақ маңы-шайнау аймағы


C.Самайасты -және қанат-таңдай шұңқырлары+

D.Көзасты аймағы

E.Самай асты шұңқыры

29.Жақ-бет бөліміне науқас ауыр жағдайда түсті. Ауызы жартылай ашық; жақасты және иекасты аймақтарының тіндері инфильтрацияланған, тері өзгеріссіз. Пальпациялауда крепитация анықталады. Тіласты валиктері инфильтрацияланған, ісінген. Тіл таңдайға көтерілген. Қосымша аурулары – 1 типті қант диабеті. Диагноз қойыңыз?

A.Төменгі жақасты аймағы флегмонасы

B.Иекасты аймағы флегмонасы

C.Тіласты аймағы флегмонасы

D.Ауыз қуысы түбі флегмонасы

E.Ауыз -қуысы түбінің іріңді-некроздық флегмонасы +

30.Науқасты сыртқы қарауда төменгі жақ денесі қалыңдаған. Тері өзгеріссіз. Пальпациялауда төменгі жақтың ауырсынусыз қалыңдағаны анықталады. Ауыз қуысының шырышты қабаты өзгеріссіз; 4.6-4.7 және 4.8 тістер аймағындағы өтпелі қатпар тегістелген, пальпациялауда периостальды реакция анықталады. 4.6 тіс ұяшығының жазылуы екіншілік. Анамнезінен: науқас бір ай бұрын келесі диагнозбен стационарлы емдеуде болған - төменгі жақтың жедел одонтогенді остеомиелиті 4.6 тістен. Берілген көріністер остеомиелиттің қандай формасына тән?

A.Төменгі жақтың жеделдеу остеомиелиті

B.Төменгі жақтың жедел деструктивті остеомиелиті

C.Төменгі жақтың созылмалы гиперостозды остеомиелиті+

D.Төменгі жақтың біріншілік созылмалы остеомиелиті

E.Төменгі жақтың созылмалы деструктивті остеомиелиті

31.Стоматологқа жас бала кеңеске келді. Анамнезді жинауда бұл тіс бұрын жұлынбай қалған. Қарау кезінде альвеолярлы доғада жоғарғы сүйір тістің болмауы. Альвеолярлы өсіндіде пальпаторлы шекарасы жоқ, сүйектің ауырсынусыз шығып тұруын сезуге болады. Шырышты қабат қабыну белгілерінсіз. Дәрігер тактикасын анықтаңыз?

A.Физиоем

B.Секвестрэктомия

C.Склероздау

D.Динамикада бақылау+

E.Тісті жұлу
33.Науқаста ауыз қуысында 2.6 тісін жұлғанаң кейін ұяшықтың гаймор қуысының түбіне қарай өтуі аңықталағн. Шұғыл түрде гайморотомия және перфорацияны жергілікті тіндер пластикасымен жабу жалпы жансыздадыру арқылы фторотан мен жүргізілген. Науқаста операциядан кейін дірілдеуі байқалған. Осының себебі

A.Операция кезінде қан тамырынң кенейуі және дененің салқындауы+

B.Қан тамырларының тез қысылуы

C.Фторотаның жағымсыз қасиеті

D.Операция кезінде дененің салқындауы

E.Операция кезінде қан тамырының қысылуы және дененің салқындауы

34.Науқас олигофрениямен ауырады. Қарау кезінде жақасты аймағында ауырсынбалы инфильтрат анықталады. Үстіндегі тері қызарған, ортасында флюктуация анықталады. Ауыз ашылуы шектелген. Бірінші төменгі үлкен азу тіс 1/3 бұзылған. Науқастың қосалқы

ауруын есепке ала отырып, жансыздандыру әдісін және дәрілік препаратты таңдаңыз

A.Мандибулярлы жансыздандыру + лидокаин 2%

B.Торусальды жансыздандыру + лидокаин 2%

C.Берше бойынша жансыздандыру + лидокаин 2%

D.Инфильтрациялық жансыздандыру + лидокаин 2%

E.Көктамырішілік наркоз+кетамин+

35.Науқаста қарау кезінде мұрын-ерін үшбұрышы аймағында ауырсынбалы инфильтрат анықталады. Үстіндегі тері қызарған, ортасында іріңді қабыршақ бар. Вна бойымен тәж анықталады. Қосалқы ауруы –ЖРВИ. Науқастың қосалқы ауруын есепке ала отырып, жағымсыз жансыздандыру әдісін таңдаңыз

A.Инфильтрациялық жансыздандыру

B.Вишневский бойынша инфильтрациялық жансыздандыру

C.Аппликациялық

D.Қатыру

E.Эндотрахеальды наркоз+

36.Стоматологиялық кабинетке 19 жастағы науқас анасымен ауыз қуысы санациясымен келді. Анамнезінен - қыз бала невропатологте Даун ауруы диагнозымен есепте тұр. Қарау кезіне жоғарғы және төменгі жақта көптеген бұзылған тістер(түбірлер) анықталды. Шырышты қабат ашық-қызыл түсті. Жергілікті лимфа түйіндері өзгеріссіз. Жансыздандыру әдісін таңдаңыз

A.Жалпы+

B.Ифильтрациялықм

C.Нейролептаналгезия

D.Аппликациялық

E.Атралгезия

37.Стоматологиялық стационарға әскери қызметкер ұрт аймағында ауырсыну мен іріңдіктің болуына шағымданып түсті. Анамнезінен - 3 күн бұрын ұртында безеу пайда болған, ол іріңдіген. Ауруды суықтаумен байланыстырады. Пальпаторлы ұрт аймағында шекарасы нақты ауырсынбалы инфильтрат анықталады, оның ортасында іріңді қабыршақпен жабылған, іріңді-некротикалық өзек бар. Үстіндегі тері қызарға,н, ісінген. Жергілікті лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынбалы. Жансыздандыру әдісін таңдаңыз

A.Нейролептаналгезия

B.Атаралгезия

C.Инфильтрациялық+

D.Аппликациялық

E.Интралигаментарлы

38.Стоматологке жас бала тиген кезде күшейетін алдыңғы юөлімдегі тістегі ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінен - жарыста жарақат алған. Объектвиті - беті симметриялы. Бет терісінде сызаттар. Ауыз қуысында - орталық күрек тіс таңдай жаққа ығысқан. Шырышты қабат жыртылған. Дентальды рентгенограммада - тіс түбірі қысқарған, тіс түбірінің бүйір және ұшты бөлімдерінде периодонтальды саңылаудың кеңеюі. Жансыздандыру әдісін таңдаңыз

A.Инфраорбитальды+күрек тістік+

B.Нейролептоаналгезия

C.Туберальды+күрек тістік


D.Аппликациялық

E.Атаралгезия

39.Жақ-бет бөліміне науқас сөйлеу және тағам қабылдау кезінде күшейетін төменгі жақ аймағындағы ауырсынуға шағымданып түсті. Анамнезінен – танымайтын адамдар соғып кеткен.Есін жоғалтпаған, құсу болмаған. Объективті – беті асимметриялы. Бет терісінде жырықтар мен қанағулар. Тістем бұзылған. Төменгі орталық күрек тістер арасында шырышты қабат жыртылған. Күштеме симптомы оң. Бет қаңқасы сүйектері фас рентгенограммасында – орталық сызық бойынша сүйек тіні бүтіндігінің бұзылысы. Жансыздандыру әдісін таңдаңыз

A.Торусальды

B.Иектік+

C.Аппликациялық

D.Инфильтрациялық+күрек тістік

E.Инфильтрациялық

40.Хирург-стоматологке науқас жоғарғы жақтың алдыңғы бөлімінде жыланкөз жолының болуы шағымдарымен бағытталды. Анамнезінен – жоғары бүйір күрек тіс бұрын емделмеген. Қарау кезінде – беті симметриялы. Бет терісі қалыпты түсте. Бүйір күрек тістің апроксимальды бетінде тіс қуысымен байланысатын терең тісжегілі қуыс. Перкуссиясы ауырсынусыз. Шырышты қабат өзгеріссіз. Жансыздандыру әдісін таңдаңыз

A.Инфраорбитальды+күрек тістік+

B.Туберальды

C.Торусальды+ұрттық

D.Жалпы наркоз

E.Мандибулярлы+инфильтрациялық

41.Хирургке науқас төменгі бірінші кіші азу тісті жұлғаннан кейін 4 күннен соң төменгі жақ аймағында жедел, пульсирлеуші ауырсыну, әлсіздік пен бас ауруы шағымымен келді. Дене температурасы 36,8̊ С. Төменгі бірінші кіші азу тіс ұяшығында қанды ұйынды жоқ, қабырғасы мен түбі лайлы-сұр қақпен жабылған. Ұяшық айналасындағы шырышты қабат қызарған, ісінген. Кезекті көмек көрсетіңіз

A.Торусальды жансыздандыру + ұяшық кюретажы+

B.Торусальды жансыздандыру +іріңдікті ашу

C.Торусальды жансыздандыру +остеоперфорация

D.Мандибулярлы жансыздандыру + периостотомия

E.Инфильтрациялық жансыздандыру + ұяшық кюретажы
42.Өткізгіштік жансыздандыру жасағаннан кейін науқаста кеуде артынан жауырын аралық кеңістікке иррадиацияланатын ауырсыну пайда болды, АҚ 140/70 мм.с.б. Алдымен қандай препарат тағайындауымыз қажет ?

A.Нитроглицерин+

B.Флогэнзим

C.Аспирин

D.Витамин

E.Цефтриаксон
43.Стоматологиялық кабинетке төменгі оң жақ тісінің ауырсынуына шағымданып келді. Диагноз - 4.6 тістің созылмалы периодонтиті,тісті жұлу жоспарланып отыр. Мандибулярлы жансыздандырудан кейін науқас бас айналуына, әлсіздікке, кеуде артындағы ауырсынуға, тыныс алудың қиындауына шағым айта бастады, АҚ 90/50 мм.сб. Алдымен қандай препарат тағайындауымыз қажет ?


A. 0,18% Эпинефриннің 1 мл ерітіндісін+

B.500 мл Полиглюкин

C.Преднизолон 90-120 мг

D.40%Глюкоза - 10 мл

E.Димедрола 1% 1 мл

44.Стоматологке науқас төменгі "ақыл" тісін жұлу үшін келді. Жергілікті өткізгіш жансыздандыруды жүргізген кезде естен тану болды, АД 90/60 мм.сын.бағ. Науқасқа кезекпен көмек көрсетіңіз

A.Науқасқа горизонтальды қалып беру+қысып тұрған киімдерінен босату+нашатыр спирті буымен демалту+

B.Науқасқа горизонтальды қалып беру+вена катетеризациясы

C.Науқасқа горизонтальды қалып беру+кофеинді бұлшықетке енгізу

D.Жүректің сыртқы массажы+преднизолонды көктамырға енгізу

E.Өкпенің жасанды вентиляциясы+преднизолонды көктамырға енгізу

45.Ауыз қуысы түбі көлемді флегмонасы бар науқаста бесінші күні операциядан кейінгі жара қанайды және инъекция орнында - қанағулар. Коагулограммада гиперкоагуляция. Асқыну кезіндегі дәрілік препаратты таңдаңыз

A.Гепарин

B.Фраксипарин

C.Жаңа қатырылған плазма

D.Аминокапрон қышқылы

E.Ацетилсалицил қышқылы+
46.Стоматологқа келген науқас 3.8 тісін жұлдырғанаң кейін үшінші тәулікте төменгі жағының ауруына, ауырсынудың құлағына, самайына берілуіне шағымданады. Төменгі жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. 3.8 тіс ұяшығында қан ұйығы жоқ. Пальпация ауырсынбалы. Емдеу тәсілін таңдаңыз

A.Ұяшықты қыру+

B.Жартылай спиртті компресс

C.В тобындағы витаминдер

D.Альвеолэктомия

E.2% новокаин ертіндісімен электрофорез

48.Науқас спортты жарақат алған. Қарау кезінде –жоғарғы орталық күрек тіс 90 градуста осі бойынша айналған, кесу қыры шығыңқы. Перкуссия өткір ауырсынбалы.Жоғарғы орталық күрек тіс аймағындағы шырышты қабат гиперемирленген.Емдеу тәсілін аспабымен таңдаңыз?

A.себепші тісті жұлу +тура қысқаш+

B.себепші тісті жұлу +әмбебап қысқаш

C.себепші тісті жұлу + S-тәрізді ұрттары бар қысқаш

D.себепші тісті жұлу +S-тәрізді ұрттары тегіс қысқаш

E.себепші тісті бақылау + стоматологиялық айна

50.Науқас төменгі жақ тісінің ауырсынуына, ауызының ашылуының шектелуіне шағымданады. Бет әлпеті ұрт аймағындағы жұмсақ тіндердің ісінуінен ассиметриялы. Тері жабындысының түсі қалыпты. Ауыздан жағымсыз иіс шығады. Ауыз қуысының ашылуы шектелген және ауырсынбалы. 3.6 тіс интактті, перкуссия өткір ауырсынбалы. 3.6 тіс аймағындағы шырышты қабық гиперемирленген.Емдеу тәсілін аспабымен таңдаңыз?

A.3.6 тісті жұлу +тік элеватор

B.3.6 тісті жұлу + құстұмсықты бүртігі бар қысқаш

C.3.6 тісті жұлу + құстұмсықты біріккен қысқаш