ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 1824
Скачиваний: 24
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
{Дұрыс жауабы}= A
{күрделілігі}= 3
$$$011
Науқас 35 жаста, дәрігер – ортопедке 1.1 тістің жоқтығына, эстетикалық ақауға, дыбыс шығарудың бұзылуына шағымданып келді. 2 апта бұрын тісжегінің асқыну себебінен тіс жұлынған. Объективті: 1.1 тістері жұлынған. Шырышты қабаты патологиялық өзгеріссіз. Тістемі ортогнатиялық. 2.1,1.2 тістері төзімді, перкуссияда ауырсынбайды. Қандай диагноз қоясыз?
A. Кеннеди бойынша І класс
B. Кеннеди бойынша ІV класс
C. Гаврилов бойынша І класс
D. Гаврилов бойынша ІV класс
E. Кеннеди бойынша ІІІ класс
{Дұрыс жауабы}=В
{күрделілігі}= 2
$$$012
Науқас 30 жаста, ортопедиялық стоматология клиникасына пломбаның түсе беруіне шағымданып келді. Қарап –тексеруде: 2.6 тістің 1/3 бөлігі пломбаланған, антагонистерімен жанаспайды. Дәрігер 1 клиникалық кезеңде 2.6 тісті егеген, жоғарғы жақтан жартылай анатомиялық қалып алды. Металл штампталған сауыт дайындалған. Сауытты шақтап тексергенде, сауыт антагонисттермен жанаспайтыны анықталды. Қай кезеңде қателік жіберілді?
A. 1-зертханалық кезеңде-тіс дұрыс мүсінделмеген
B. 1-зертханалық кезеңде - сауыттың штампталуы дұрыс емес
C. 1-клиникалық кезеңде-қалып дұрыс алынбаған
D. 1-клиникалық кезеңде-тіс дұрыс егелмеген
E. 1-зертханалық кезеңде-модель дұрыс құйылмаған
{Дұрыс жауабы}= C
{күрделілігі}= 3
$$$013
Науқастың 2.2,2.3,2.4,2.5,2.6 тістері жоқ, 1.1, 2.1, 2.7 тістері сау, периапикальді тіндерінде патологиялық өзгерістері анықталған жоқ сол себепті, дәрігер кеңесі: 1.1,2.1 және 2.7 тірек тістерге металокерамикалық көпірлі протез қолдану. Протез конструкциясы дұрыс тағайындалды ма және неге?
A. Дұрыс-көпірлі протездер шайнау тиімділігін толық қалпына келтіреді
B. Дұрыс емес-тірек тістер ұлпасы сақталған
C. Дұрыс емес-тірек тістерге үлкен қысым түседі
D. Дұрыс-эстетикалық тиімді,протезге тез бейімделеді
E. Дұрыс емес-тірек тістер саны аз
{Дұрыс жауабы}= C
{күрделілігі}= 3
$$$014
34 жастағы науқас металлокерамикалық көпіртектес протезді шақтап-тексеру кезеңінде (үшінші клиникалық кезең). Көпіртектес протезді 1.3; 1.6 тірек тістерге шақтап тексеру кезінде жасанды тістер тістемді біраз көтеріп тұрғаны және төменгі жақты оңға жылжытқанда қозғалысын шектейтіні анықталды. Дәрігердің іс-әрекеті?
A. Қозғалысты шектейтін аймақты анықтап, егеу арқылы түзету енгізу
B. Протезді қайта жасау
C. Тістемді қайта анықтау
D. Глазурь қабатын жақпай тұрып уақытша тіске бекітіп және бейімделуге уақыт беру
E. Глазурь қабатын жағып және бейімделуге уақыт беру
{Дұрыс жауабы}= A
{күрделілігі}= 3
$$$015
Науқастың 2.2 тісі жоқ. Ақау мөлшері үлкен емес. 2.1 жіне 2.3 тістері интактілі, патологиялық өзгерістер жоқ. Протез конструкциясын таңдаңыз
A. тірек ретінде 2.1 және 2.3 тістер болатын металлокерамикалық көпірлі протез
B. 2.1 тіске тірегімен металлокерамикалық консольді көпірлі протез
C. 2.3 тіске тірегімен металлокерамикалық консольді көпірлі протез
D. 2.1 және2.3 тіске тірегімен металлокерамикалық консольді көпірлі протез
E. Ричмонд бойынша штифті тіс
{Дұрыс жауабы}= C
{күрделілігі}= 2
$$$016
Науқаста тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3 класс. Емдеу жоспары: ұстағыш кламмері бар алынбалы көпірлі протез. Ауыз қуысында қандай клиникалық көрініс болуы мүмкін?
A. Тірек тістердің қозғалғыштығы
B. Тіс қатарының шеткі ақауы
C. Ақауды шектейтін тістердің үлкен конвергенциясы
D. Тіс қатары ақауының үлкен көлемде болуы
E. Терең тістесу
{Дұрыс жауабы}= D
{күрделілігі}= 3
$$$017
Аз көлемді көпір тектес протезді жоспарлау кезінде І дәрежелі қозғалғыштықтағы тісті тірек ретінде алуға болады ма?
A. Болады, егер протез құрамына жанында тұрған қозғалмайтын тісті алса
B. Болмайды, тісті жұлу керек.
C. Болады, егер тістің ұлпасын алып тастаса
D. Болады, техникке дәнекерлеуді күшейту қажеттілігін көрсету
E. Болады, окклюзиялық бет енін азайту
{Дұрыс жауабы}= A
{күрделілігі}= 2
$$$018
Науқастың 3.2,3.3,3.4 тістері жоқ. Диагноз қойыңыз?
A. Тістер қатарының ақауы Кеннеди бойынша І класс
B. Тістер қатарының ақауы Кеннеди бойынша ІІ класс
C. Тістер қатарының ақауы Кеннеди бойынша ІІІ класс
D. Тістер қатарының ақауы Кеннеди бойынша ІV класс
E. Тістер қатарының ақауы Гаврилов бойынша IV класс
{Дұрыс жауабы}= D
{күрделілігі}= 2
$$$001
Тіс формуласы: 00000131211!2
10000000.Диагноз қойыңыз:
A. Жоғарғы жақ тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 1класс
B. Жоғарғы жақ тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 2класс
C. Жоғарғы жақ тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3класс
D. Жоғарғы жақ тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 4класс
E. Жоғарғы жақ тіс қатарының ақауы Гаврилов бойынша 4класс.
{Дұрыс жауабы}= A
{күрделілігі}= 2
$$$002
56 жастағы әйел адамның жоғарғы жақ сүйегіне алынбалы пластиналы протез жасалынды. Ауыз қуысында протез телескопиялық жүйемен 1.5, 2.5 тістерге бекіген. Қандай жүйе қолданылған?
A. Тіс-кламмер
B. Сауыт-салма
C. Сауыт-кламмер
D. Қалпақша- сауыт
E. Имплантат-кламмер
{Дұрыс жауабы}= D
{күрделілігі}= 3
$$$003
Науқас 52 жаста. Жоғарғы жаққа жартылай алынбалы пластиналы протез жоспарланған. Қарау кезінде алдыңғы бөлімде тіс қатарының ақауы бар, альвеолярлы өсіндінің атрафиясы айқын және шырышты қабаттың жұмсақ болуы анықталды. Тістерді орнатудың қандай түрін қолданған жөн?
A. Металл базисте
B. Жасанды қызыл иекте
C. Қос қабатты базисте
D. Жұмсақ төсеніште
E. Нүктелі
{Дұрыс жауабы}= E
{күрделілігі}= 3
$$$004
Тіс қатарының формуласы : 00004321 / 12340000; 3.4 және 4.4 тістерге ұстағыш кламмері бар алынбалы пластиналы протез жасалған. Алынбалы протездің кламмерлі бекітілісінің қандай түрі көрсетілген?
A. Трансверсельді
B. Көлденең
C. Нүктелі
D. Сагитальді
E. Диагональді
{Дұрыс жауабы}= A
{күрделілігі}= 3
$$$005
Науқаста т/ж тіс формуласы: 00000321 / 12300000, барлық алдыңғы тістер ІІ дәрежелі қозғалмалы. Протез конструкциясын таңдаңыз:
A. Жартылай сақиналы шендеуішпен доғалы протез
B. Сақиналы шендеуішпен доғалы протез
C. Тырнақ тәрізді өсіндісі бар доғалы протез
D. Панцирлі өсіндісі бар шендеуіш пен доғалы протез
E. Салмалы шендеуіші бар доғалы протез
{Дұрыс жауабы}= C
{күрделілігі}= 3
$$$006
Жоғарғы жақ тіс қатарының формуласы : 0700321 / 12345000; 1.7 және 2.5 тістерге ұстағыш кламмері бар алынбалы пластиналы протез жасалған. Алынбалы протездің кламмерлі бекітілісінің қандай түрі көрсетілген?©
A. Трансверсельді
B. Көлденең
C. Нүктелі
D. Сагитальді
E. Диагональді
{Дұрыс жауабы}= E
{күрделілігі}= 3
$$$007
Жоғарғы және төменгі жаққа алынбалы пластиналы протездің балауыз композициясын ауызда шақтап тексергенде, беттің төменгі 1/3 бөлігінің ұзаруы, еріндер қабысуы қиындап, мұрын-ерін қатпары тегістелген, сөйлеген кезде фронтальді тістер арасындағы саңылау көрінбейді, тістердің қабысу дыбысы анықталған. Барлық антагонист тістер бірқалыпта тығыз қабысады. Қандай қателік жіберілген және қай кезеңде?
A. Тістем биіктігі жоғарылаған,1-клиникалық кезең
B. Тістерді дұрыс қоймау, 2-лабораториялық кезең
C. Тістем биіктігі төмендеген, 2-клиникалық кезең
D. Тістем биіктігі жоғарылаған, 3-клиникалық кезең
E. Тістем биіктігі жоғарылаған, 2-клиникалық кезең
{Дұрыс жауабы}= E
{күрделілігі}= 3
$$$008
Төменгі жақтың екі жақты шеткі ақауы, тіссіз альвеолярлы айдаршық мезиальды жаққа қарай еңіс орналасқан. Қандай протез конструкциясы қолданылады?
A. Доғалы протез тіреп-ұстаушы кламмермен
B. Доғалы протез көп звенолы кламмермен
C. Доғалы протез қосақталған кламмермен
D. Доғалы протез окклюзиялық бастырмамен
E. Доғалы протез төнкерілген қарсы жүйемен
{Дұрыс жауабы}= A
{күрделілігі}= 3
$$$009
Дәрігер науқасқа төменгі жаққа доғалы протез тағайындауды ұсынды. Модельді параллелометрде зерттеп, Нея жүйесіндегі 2-тип тіреп ұстаушы кламмерді ұсынған. Тіс қатары ақауын көрсетіңіз?
A. Тістер қатарының ақауы Кеннеди бойынша 1-2 классы
B. Тістер қатарының ақауы Кеннеди бойынша 1-3 классы
C. Тістер қатарының ақауы Кеннеди бойынша 1-4 классы
D. Тістер қатарының ақауы Кеннеди бойынша 2-3 классы
E. Тістер қатарының ақауы Кеннеди бойынша 2-4 классы
{Дұрыс жауабы}= A
{күрделілігі}= 2
$$$010
Дәрігер науқасқа төменгі жаққа доғалы протезді салуға кеңес берді. Модельді параллелометрде зерттеп, Нея жүйесіндегі 3-типті тіреп ұстаушы кламмерді ұсынған. Сіз модельде не көресіз?
A. Тістер қатарының ақауы Кеннеди бойынша 1-класс, тірек тістер тіл жаққа қисайған
B. Тістер қатарының ақауы Кеннеди бойынша 2-класс, тірек тістер вестибулярлы жаққа иілген
C. Тістер қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3- класс, бөлек тұрған премолярлармен
D. Тістер қатарының ақауы Кеннеди бойынша 4- класс, ақау бөлек тұрған молярлармен
E. Тістер қатарының ақауы Кеннеди бойынша 4-класс, тірек тістер ақау жаққа қисайған
{Дұрыс жауабы}= A
{күрделілігі}= 3
$$$011
Науқаста төменгі жақта біржақты және бүйірлі шектелген тіс қатары ақауы. 4.4, 4.2, 4.6 тірек тістері сау, экваторы айқындалған. Кламмер және бекітілу түрлерін көрсетіңіз: