ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 1830
Скачиваний: 24
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
$$$007-Тіс жақ сүйек диагностика әдістері
Бала 8 жаста. Анасы эстетикалық шағыммен алып келді. Қарау кезінде: бет
пішіні шығыңқы, ауызы жартылай ашық, дем алуы ауызбен. Төмендегі диагностиканың қайсы ауыз айналасындағы бұлшықеттің биопотенциялын анықтауда ЕҢ ТИІМДІ МАҒЛҰМАТ береді?:
А)Миотонометрия
В)Электромиография
С)Мастикациография
D)Периотестометрия
Е)Реография
{Дұрыс жауабы }= В
{Күрделілігі}= 3
$$$008-Тіс жақ сүйек диагностика әдістері
15 жастағы жеткіншек эстетикалық шағыммен келді. Сыртқы қарау кезінде: беті жіңішке, бассүйек пішіні долихоцефалитикалық. Ауыз қуысында: күрек тістері тығыз орналасқан, ось бойынша бұрылған, жоғарғы күрек тістердің ені – 36 мм; төменгі күрек тістері -24мм тең.Төменгі және жоғарғы күрек тістердің пропорциональді өлшемін алуда төмендегілердің қайсысы ЕҢ ТИІМДІ болып табылады:
А)Линдер-Харт
В)Коркхауз
С)Герлах
D)Тон
Е)Пон
{Дұрыс жауабы }= D
{Күрделілігі}= 3
$$$009- Тіс жақ сүйек диагностика әдістері
Бала 13 жаста, тістерінің қисықтығына шағымданады. Сыртқы қарау: беті симметриялы, аномалия белгілері жоқ. АҚ: 1.1,2.1 тістері ось сызығы бойынша бұрылған, 1.2, 2.2 тістері оральді бетінде орналасқан, 1.3,2.3 - вестибулярлы жағдайда.Тіс қатарының формасын анықтауға төмендегілердің ЕҢ ТИІМДІ болып табылады?:
А)Антропометриялық
В)Цефалометриялық
С)Фотометриялық
D)Биометриялық
Е)Графикалық
{Дұрыс жауабы }= Е
{Күрделілігі}= 3
$$$010-Тіс жақ сүйек диагностика әдістері
Бала 9 жаста. Тіс қатарының түйісу окклюзиясы әдеттегі, жоғарғы бірінші азу тістің мезиальді-ұрттық төмпегі антагонист тістің алдыңғы көлденең жүлгесінде орналасқан (Энгль б-ша ІІІ класс).
Тістем аномалиясының түрін анықтауда дифференциальді диагностика жүргізуге төмендегі клиникалық функциональді сынамалардың қайсысы ЕҢ ТИІМДІ екенін көрсет:
A)Жақты алдыға жылжыту
B)Ауызды барынша кең ашу
C)төменгі жақты артқа тарту
D)Төменгі жақты оңға жылжыту
E)Төменгі жақты солға жылжыту
{Дұрыс жауабы }= Е
{Күрделілігі}= 3
$$$0011-Тіс жақ сүйек диагностика әдістері
7жастағы баланы анасы эстетикалық шағыммен алып келді. Сыртқы қарау: Мұрын-ерін қатпары тегістелген. иегі еңістеу, төменгі ерін бұралған, ал оны жоғарғы күрек тістер басып тұр. Тістесу кезінде төменгі алдыңғы тістер таңдайдың шырышты қабатымен жанасады, ал шайнау тістері аттас тістермен жанасқан.Берілген аномалия Энгельдің жіктеуіндегі қай класына сәйкес келеді?:
A)ІІ класс, І подкласс
B)ІІ класс, ІІ подкласс
C)ІІІкласс
D)ІҮ класс
E) І класс
{Дұрыс жауабы }= А
{Күрделілігі}= 3
$$$0012- Тіс жақ сүйек диагностика әдістері
Бала 9 жаста. Дәрігер – ортодонт сұрау және объективті негіздерден кейін диагноз қойды. Дифференциальды диагностика мақсатында жоғарғы және төменгі жақтың орналасуы мен мөлшерінің бұзылысы: балаға нейтральды тістемге дейін төменгі жақты жылжытуды ұсынды және бет әлпеті бағалады. Сыртқы белгілері осыдан кейін жақсарған. Қандай диагноз туралы айтылған, мынадай сынамаларды қашан қолданады және не үшін?
А)Эшлер - Битнер сынамасы, төменгі жақтың дамымауымен жүретін дистальды тістем
В)Хорошилкина сынамасы, төменгі жақтың дамымауымен жүретін мезиальды тістем
С)Ильин-Маркосян сынамасы, жоғарғы жақтың дамымауымен жүретін дистальды тістем.
D) Эшлер - Битнер сынамасы, жоғарғы жақтың дамымауымен жүретін дистальды тістем
Е)Гельман сынамасы,жақтар шектен тыс дамуымен жүретін тістем
{Дұрыс жауабы }= А
{Күрделілігі}= 3
$$$001- Механикалық ортодонтиялық аппараттар
Бала 11 жаста. Алдыңғы тістерінің түйіспеуіне, тамақты үзуде қиналатынына шағымданды. Қарау кезінде алдыңғы бөлікте вертикальді саңылау, тілді сору, еріндер түйіспеуі, инфантилді жұтынуы шырышты қабаттың құрғақтығы байқалады. Науқасқа қандай ортодонтиялық аппарат тағайындалуы қажет:
A)"риверсионды" доғалы төменгі және жоғарғы жаққа брекет жүйесін
B)резиналы "татртқышпен" төменгі және жоғарғы жаққа брекет жүйесін
C)ІІІ типті Френкельдің қызметті реттеушісін
D)мезиальной окклюзииға арналған Персин аппаратын
E)ылди жазықтығы бар Катц пластинкасын
{Дұрыс жауабы }= А
{Күрделілігі}= 2
$$$002- Механикалық ортодонтиялық аппараттар
Науқас 14 жаста, косметтикалық ақауға, ауыз қуысының құрғақтығына, тамақты шайнау, үзу кезінде қиныдыққа, сөйлеу кезіндегі дыбыстың анық еместігіне шағымданды. Қарау кезінде: Беттің төменгі биіктігінің ұзаруы, ауыздың жартылай ашықтығы, иек асты және мұрын-ерін қатпарының тегістігі, жақ бұтақтарының қысқарғаны, төменгі жақ бұрышы үлкейіп кеткені анықталды. Ауыз қуысында: жоғарғы тістердің қысыңқы орналасуы, төменгі тістердің тегістігі, таңдай күмбезі биік, тіл көлемі қалыпты. Орталық күрек тістер арасындағы саңылау 5 мм. Осы аномалияны емдеуге аппарат таңдаңыз?:
A)Энгель доғасы
B)Харбст-Кожакар аппараты
C)Брюкль аппараты
D)Кавелис пластинкасы
E)Катцтың пластинкасы
{Дұрыс жауабы }= В
{Күрделілігі}= 2
$$$003- Механикалық ортодонтиялық аппараттар
Бала 6 жаста алдыңғы тістердің дұрыс орналаспауына шағымданады. Объективті қарау кезінде жоғарғы жақтың фронтальды тістердің тығыздалуы көрінеді. Анамнез: 1ай бұрын созылмалы тісжегіден 5.5 және 6.5 тістер жұлынған. Тістің шығу уақыты қалыпты. Ауыз қусында: барлық 1.6, 2.6, 3.6, 4.6 тістер шыққан. 1.6, 2.6 тістердің медаиальды ығысуы байқалады. Берілген потологияға ортодонтиялық аппараттық ем тағайындаңыз және түсіндіріңіз:
A)Шешілетін пластиналық аппарат пружинамен және винтпен, 1.6, 2.6 тістерді дистальды ығыстыру үшін
B)Төменгі жаққа тістем пластинкасы, 1.6,2.6 тістерді дистальды ығыстыру үшін
C)Брюкль аппараты 1.6,2.6 тістерді дистальды ығыстыру үшін
D) Жоғарғы жаққа пластинка, 1.6,2.6 тістер тістерді дистальды ығыстыру үшін
E)Бынинның платмассалық каппасы, 1.6, 2.6 тістерді дистальды ығыстыру үшін
{Дұрыс жауабы }= А
{Күрделілігі}= 3
$$$004- Механикалық ортодонтиялық аппараттар
Пациент 12 жаста. Ауыз қусының профилактикасы мақсатымен клиникаға келді. Объективті: беті симметриялы, лимфа тұйіндері ұлғаймаған, тыныс алуы аралас. Жоғарғы ерінмен тіл үзбесінің бекітілуі қалыпты. 1.3 таңдайға ығысқан, және тіс 1. 4 пен 1.5 тістердің ортасында орналасқан. 1.4 тіс мезиалды ығысқан. Қандай ортодонтиялық аппарат қодану ЕҢ ЫҚТИМАЛ?
A) Брюкль аппараты
B)Бынин каппасы
C) Брекет жүйесі
D) Андрезен гойпля моноблогы
E) Катцтың сауыты
{Дұрыс жауабы }= С
{Күрделілігі}= 3
$$$005- Функционалды ортодонтиялық аппараттар
5 жасар бала клиникаға шағымдармен келді: сөйлеудің бұзылуы, косметикалық және эстетикалық дефектқа. Тіс қатарын қарау кезінде жоғарғы фронтальды тістер төменгі алдыңғы тістерді жауып тұр. Ауызбен демалады. Бала төменгі ерінін тістейді. Берілен ауытқуды емдеу үшін ортодонтиялық аппарат тандаңыз:
A) Бынин каппасы
B)Эйнсворт аппараты
C) Френкльдің қызметті реттегіш аппараты
D) Катц пластинкасы
E)Брюкль аппараты
{Дұрыс жауабы }= D
{Күрделілігі}= 2
$$$006- Функционалды ортодонтиялық аппараттар
Бала 4.5 жаста, профилактикалық қарау кезінде, тіс доғасының тарылуы байқалды. Алдыңғы тістердің физиологиялық треморы байқалмайды. Жасына байланысты ортодонтиялық аппарат тандаңыз және түсіндіріңіз:
A)Жақаралық тартқышты Энгльдің шешілмейтін аппараты, тіс қатарын сқарту үшін
B) Окклюзиялық бастырмасы бар шешілмейтінБынин пластинасы, жақты кеңейту үшін
C) Тістейтін алаңшығы және кеңейтетін винтті алмалы салмалы каппа, жақты кеңейту үшін
D) вестибулярлы доғалы алмалы салмалы пластина, төменгі және жоғарғы тіс қатарын қысқарту үшін
E)Жақ аралық тартқышты доғалы Энгльдің шешілмейтін аппараты, тіс қатарын ұзарту үшін
{Дұрыс жауабы }= В
{Күрделілігі}= 3
$$$007- Функционалды ортодонтиялық аппараттар
Пациент 10 жаста. Фронтальды бөлімде5 мм сагиттальды бағытта саңлау байқалды, вертикаль бойынша 1\3 жабылуы бүйір бөліктегі тістер аттас төмпешікті қатынаста. Андрезен Гойпль акиваторыемі үшін қолданды. Ортодонтиялық аппарат дұрыс қолданылды ма, түсіндіріңіз:
A) дұрыс, себебі функцианалды -бағыттағыш аппарат, емдік
B)дұрыс емес, себебі функционалды әсер ететін аппарат, емдік
C) дұрыс, себебі механикалық әсер ететін аппарат, емдік
D) дұрыс, себебі күрделі әсер ететін аппарат, ретенционды
E)дұрыс емес, себебі механикалық әсер ететін аппарат, профилактикалық
{Дұрыс жауабы }= А
{Күрделілігі}= 3
$$$008- Функционалды ортодонтиялық аппараттар
Бала 6 жаста, анасы жоғарғы алдыңғы жағы шығыңқы екенін байқады. Объективті қарау кезінде сагитальды саңлау бар. 1 моляр қатынасы Энгльдің 1 классы. Бұл патологияда қандай емдеу әдісін таңдаған дұрыс және түсіндіріңіз:
A) жоғарғы алдыңғы жақтың тістерін жылжыту үшін қолтәріздес пружиналы пастинка
В)тілге арналған қорғаныш пластинка, тілдің алдыңғы бөлігінетілдің қысымынтөмендету үшін
С)сагиталды кесінділі және винтті пластинка, жоғарғы жақтың алдыңғы бөлігін кеңейту үшін
D) төменгі жаққа вестибулярлы доғалы пластинка, төменгі жақтың өсуін тоқтату үшін
Е) үстіңгі ерінді басатын таңғыш, жақтың үстіңгі фронтальды бөлігінің өсуін тоқтату үшін
{Дұрыс жауабы }= Е
{Күрделілігі}= 3
$$$009-Комбинирленген аппараттар
Мамасы 8 жастағы баласымен ортодонтқа сөйлеудің бұзылуына және ерінінің кебуінешағым айтып келді Обьективті қарауда: беті симметриялы, еріндері қиындықпен түйіседі, құрғақ. Ауызбен дем алады. Жоғарғы фронтальды тістері төменгі тістерді вестибулярлы бағытта ығысып жауып тұр және сагитальды саңлаудың көлемі-6 мм. Жоғарғы алдыңғы тістеріде диастема және тремалар бар. Емдеу үшін ЕҢ ТИІМДІ ортодонтиялық аппарат таңдаңыз:
А)Френкельдің 1ші типті қызметті реттегіші
В)Френкельдің 2 типті қызметті реттегіші
С)Френкельдің 3 типті қызметті реттегіші
D) Быниннің каппасы.
Е)Эйнсворттың аппараты.
{Дұрыс жауабы }= А
{Күрделілігі}= 2
$$$0010- Комбинирленген аппараттар
Науқас 10 жаста. Обьективті қарау кезінде: беті симметриялы, иегі қиылған. Ауыз қуысында жоғарғы жақтың фронтальды тістері төменгі тістердің кесу қырларымен түйіседі. Жоғарғы жақтың бүйір бөлімінде медиальды ұрттық төмпешігі төменгі жақтың бірінші азу тістің төмпешік аралық жүлгесінің алдында орналасады. Емі үшін ЕҢ ТИІМДІ ортодонтикалық аппаратты таңдаңыз:
А)жоғарғы жаққа кеңейтін пластинка
В)шайнайтын валигімен төменгі жаққа кеңейтетін пластинка
С)шайнайтын валигімен жоғарғы жаққа кеңейтетін пластинка
D) төменгі жаққа кеңейтетін пластинка
Е)жоғарғы жаққа кеңейтетін пластинка
{Дұрыс жауабы }= В
{Күрделілігі}=3
$$$0011- Комбинирленген аппараттар
Бала 6 жаста. Обьетивті : еріндері түйіспейді, иегі қиылған сияқты, аузы жартылай ашық. Төменгі ерні жоғарғы күрек тістердің артында орналасады. Емдеу үшін ЕҢ ТИІМДІ ортодонтиялық аппарат таңдаңыз:
А)Френкелдің 2 типтік қызметін реттеуші, жоғарғы жақтың тістерін оральдыбетіне ауыстыру.
В)Энгельдің стационарлы аппараты төменгі жақты ұстау үшін.
С)Энгельдің пружиналы аппараты, жоғарғы тістерді таңдайлық беткейін ауыстыру үшін.
D) Френкельдің 1 типтікқызметті реттегіші, бүйір тістерге жақаралық ризиналы тартқыш
Е)Френкельдің 3 типтік қызметті реттегіші, жоғарғы тістерді вестибулярлы бетке ығыстыру үшін
{Дұрыс жауабы}= D
{Күрделілігі}=3
$$$0012- Комбинирленген аппараттар
Бала 9 жаста. Қарау кезінде иектің алға шығуы, төменгі жақтың биіктігінің қысқаруы байқалады. 1.6, 2.6 тістердің алдыңғы ұрттық бұдырлары 3.6,4.6 тістердің латералды ығысып дистальды ұрттық төмпешігімен қатынаста. Науқас алдыңғы тістерді кесу қырларымен шеттік түйістіре алады. Алдыңғы бөлікте кері теріс қатынас. ЕҢ ТИІМДІ ортодонтиялық аппаратты тағайындаңыз:
А)Ылди жазықтықпен Кацтың пластинкасы
В)Френкельдің қызметті реттегіші 3 түрі
С)Френкельдің қызметті реттегіші 2түрі
D)Френкельдің қызметті реттегіші 1 түрі
Е)Бальтерстың аппаратының 1 түрі
{Дұрыс жауабы }= В
{Күрделілігі}=3
$$$001- Тіс қатарының вертикалды және трансверзалды ауытқуларының этиологиясы патогенезі, клиникасы, диагностикасы.Дистальды окклюзия