ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 1786
Скачиваний: 24
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Жедел периодонтит 4.5 тістің рентгенографиясы+
34. Клиникаға 35 жастағы К. Науқас ауыз қуысын алдын ала қорғау мақсатында келді. Қараған кезде беті симметриялы ауыз ашылуы еркін 3.6 тістің шайнау бетінде ақ бор түсті дақ бар. Температуралық тітіркендіргіштерге 3.6 тіс сезімталдықтың болуымен жауап қайтарады, ол тітіркендіргіштерді алып тастаумен басылды. Ақ дақ 2 процент метилен көгі ерітіндісімен боялады. Эмальдың беткейі бұдырлық бөлігімен тегіс. Алғашқы диагнозды қойыңыз
-
Эмальдің тіс жегісі+
35. Бактериялардан және олардың өнімдерінен тұратын тістің беткейіне және белгілі бір жағдайларда эмальдің деминерализациясына жеткілікті қышқыл ортаны жасауға қабілетті жұмсақ, мөлдір, жабысқақ материал болып табылады
Тіс буылтығы+
36. Клиникаға 48 жастағы К. Науқас жағымсыз сезімдер күйдіру ауыз қуысы қабығының қызаруы ауызда металдың дәмі шағымымен келді. Науқастың айтуы бойынша осы симптомдар 2 жыл бұрын металды керамикадан алынбайтын протезді дайындағаннан кейін пайда болды. Қарағанда әртүрлі материалдардан алынбайтын протездер бар, протездер айналасында ауыз қуысының кілегейлі қызарған ісінген және ақшыл қақпен жабылған. Алғашқы диагнозды қойыңыз және емдеу тактикасын анықтаңыз
+гальванизм біртекті металдан протездерді ауыстыру
37. Клиникаға 37 жастағы В науқас 3.4 тіске тістегенде аздап ауырсыну сезімдері шағымымен келді. Науқастың айтуы бойынша 7 тәулік мерзімінде ауырады. 1 жыл бұрын 3.4 тісі жедел пульпит бойынша емделген. Қарағанда беті симметриялы ауыз ашылуы еркін 3.4 тістің контаккты беткейінде жегіленген қуыс бар, пломбасы жоқ. Зондтағанда жегіленген қуыс тіс қуысымен байланысады, ауырсынулар жоқ, 3.4 тістің перкуссиясы және пальпациясы ауырсынбайды 3.4 тістің түбірі проекциясында өтпелі қатпар бойымен іріңді экссудаты бар жыланкөз бар. ЭОД көрсеткіштері 108мкА. Алғашқы диагнозды қойыңыз және диагностика әдісін анықтаңыз:
+созылмалы периодонтит, 3.4 тістің рентг
38. 18 жастағы пациент тістердегі ақ және ал қоңыр түстес дақтардың болуына шағымданып келген. Анамнезінен – тістер түсінің өзгеруі бала кезінен анықталады, тістердің түсінің сондай өзгеруі туыстарында да кездеседі. Қарап тексергенде – жоғарғы және төменгі жақ тістер кіреукесінде көптеген бор тәрізді, кейбір аймақтарда ал қоңыр түстес дақтар анықталады, олар тістердің бүкіл беттерінде орналасқан. Дақтар аймағындағы кіреуке тегіс, жылтыр, зонд зақымдалған аймақ бетінен сырғиды, 2% метилен көгінің ерітіндісімен боялмайды. Осы аурудың себебі не болуы мүмкін:
+ ас суында фтор құрамының шамадан артық болуы
39. 24 жастағы пациент стоматологиялық клиникаға жоғарғы жақ тістеріндегі косметикалық ақауға шағымданып келген. Анамнез - тістердің түсінің өзгеруін бала кезінен байқаған. Бала кезінде рахитпен ауырған. Қарап тексергенде: жоғарғы жақтың ортаңғы мен бүйір күрек тістердің вестибулярлы беткейінде және бірінші азу тістердің төмпешіктерінде көлемдері бірдей, симметриялы орналасқан бор тәріздес дақтар анықталады. Дақтардың беті тегіс, жылтыр, шекаралары айқын. Ауру диагнозын дәлелдеу үшін қосымша қолданатын тексеру әдіс:
+ дақтарды 2% метилен көгінің ерітіндісімен бояу
40. 27 жастағы пациент ауыз қуысын сауықтыру мақсатында стоматологқа келген. Қарап тексергенде: 3.6 тістің шайнау бетінде іші жұмсарған дентинге толы, орташа көлемді тісжегі қуыс анықталған. Зондпен шұқып тексергенде кіреуке-дентин байланысы аймағында ауру сезімі байқалады, түбі бойы - ауырмайды. Қағып тексергенде тіс ауырмайды. Электроодонтодиагностикасының мүмкін болатын көрсеткіштері
+2-6 мкА
41. 27 жастағы пациент жоғарғы сол жақ тісте дақтың пайда болуына шағымданып келген. Анамнезі бойынша - дақ шамамен 1 ай бұрын пайда болған. Объективті: 2.2 тістің мойын бөлігінде жекелеген бортәрізді дақ анықталады. Дақ беті тегіс, күңгірт, жылтырлығы жойылған. Дақ 2% метилен көгінің ерітіндісімен боялады. Қандай ем жүргізу қажет?
+Реминералдаушы терапия курсы
42. 29 жастағы пациент стоматологиялық клиникаға жоғарғы оң жақ тістің өз бетімен сыздап ұзақ мерзімімен ауратынына (ауырсынусыз аралықтары сирек байқалады), тістен жағымсыз шіріген иістің шығуына шағымданып келген. Анамнезі бойынша: тіс бұрында қатты ауырған. Тіс дәрігеріне бармаған. Объективті: 1.7 тісте тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Зондпен тереңірек шұқып тексергенде ауру сезімі пайда болады, перкуссияда тіс аздап ғана ауырады. ЭОД – 85 мкА. Көрсетілген клиникалық көрінісі қандай ауру диагнозына сәйкес:
+Созылмалы гангренозды ұлпа қабынуының өршуі
43. 30 жастағы пациент жоғарғы сол жақ тістің тамақ ішкен кезде қысқа уақытпен ауырып басылатын ауратынына шағымданып келген. Қарап тексергенде: 2.7 тістің дистальды бетінде үлкен емес, бірақ терең тісжегі қуысы бар, мөлшері көп, ақ түсті, жұмсарған дентинмен толы. Шұқып тексергенде қуыстың табанында ауру сезімі бар, қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Суық температураға ауру сезісі қысқа, тітіркендіргішті алып тастағаннан кейін тез басылады. Диагноз қойыңыз:
+тез дамыған терең тісжегі
44. 37 жастағы пациент ауыз қуысын сауықтыру мақсатында стоматологқа келген. Қарап тексергенде: 3.7 тістің шайнау бетінде іші жұмсарған дентинге толы, орташа көлемді тісжегі қуыс анықталған. Зондпен шұқып тексергенде кіреуке-дентин байланысы аймағында ауру сезімі байқалады, түбі бойы - ауырмайды. Қағып тексергенде тіс ауырмайды. Қандай диагноз қоюға болады:
+орта тісжегі
45. 39 жастағы пациент қышқыл, қантты тағамдарды жеген кезде жоғарғы оң жақ тістің қысқа уақытпен ауырып басылатын ауратынына шағымданып келген. Қарап тексергенде: 1.5 тістің мойын бөлігінде кіреуке деңгейінде орналасқан тісжегі қуыс анықталады. Шұқып тексергенде қуыстың табанында ауру сезімі жоқ. Суыққа әлсіз, қысқа мерзімді ауру сезімі бар. Салыстырмалы диагностикасы қандай аурумен жүргізіледі?
+тістің қатты тіндерінің эрозиясы
46. 46 жастағы пациент төменгі оң жақ тістің суық және ыстық тамақ ішкен кезде қысқа уақытпен ауырып басылатын ауратынына шағымданып келген. Қарап тексергенде: 4.6 тістің медиальды бетінде үлкен емес, бірақ терең тісжегі қуысы бар, мөлшері көп, ақшыл түсті, жұмсарған дентинмен толы. Шұқып тексергенде қуыстың табанында ауру сезімі бар, қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Суық температураға ауру сезісі қысқа, тітіркендіргішті алып тастағаннан кейін тез басылады. Салыстырмалы диагностикасы қандай аурумен жүргізіледі?
+Жедел ошақты ұлпа қабынуы
47. 55 жастағы науқас жоғарғы сол жақ тісінің ұстамалы, өзімен-өзі ауратынына шағымданады. Тіс 2 күн бойы мазалайды. Объективті: 2.4 тістің сауыты бүтін, бұзылмаған, аздап қозғалмалы (1 дәрежелі). Тіс аймағындағы қызыл иегі қызарған, ісінген, тістің дисталды жағынан пародонт қалтасы бар, ішінен ірің бөлінеді. Суық суды пародонт қалтасына жіберген кезде, тіс қатты аурады. ЭОД- 50 мкА. Бұл қандай ауру:
+Ретроградтық ұлпа қабынуы
48. Пациент 46 жаста. 4.5 тістің мойын бөлігіндегі терең тісжегіні емдеген кезде, тіс сауытының кездейсоқ ашылуы байқалды. Пациент қант диабетімен дәрігерлік тіркеуде тұрады және анамнезінде жергілікті анестетиктерге аллергиясы бар. Тістің емдеу әдісін таңдаңыз:
+девиталды экстирпация
49. 24 жастағы пациент К. 2 күн бойы төменгі оң жақ тісінің өз бетімен басталып ұстама тәрізді, ұзақ ауратынына (ауырсынусыз аралығы қысқа мерзімді) шағымданады. Ауру сезімі шүйдеге қарай тарайды және кешкі уакытта күшейе түседі. Тіс барлық тітіркендіргіштер әсерінен ұстама тәрізді ауырады. Осыған дейін тістегі ауру сезімі тітіркендіргіштер әсерінен қысқа мерзімді ауратын. Қосалқы аурулары және аллергиясы жоқ. Объективті: 4.6 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуыс. Зондпен шұқып тексергенде ауру сезімі түбі бойы байқалады. Температуралық тітіркендіргіштер әсерінен ұзақ мерзімді, тез басылмайтын ауру сезімі пайда болады. Қағып тексергенде сәл ауырсынады. Тиімді емдеу әдісін таңдаңыз:
+витальді экстирпация
50. 34 жастағы науқас жоғарғы сол жақ тістің ұстамалы өздігінен ауыратынына шағымданады. Ауру сезімі самайға қарай тарайды. Тіс барлық тітіркендіргіштерден ұзақ ұстамалы ауырсынады. Тіс бұрын ауырған. Объективті: 2.6 тістің шайнау-медиалды беткейінде тіс қуысымен байланысқан терең жегіленген қуыс, ашылған ұлпа мүйізін зондтау қатты ауру сезімін тудырады. ЭОМ – 45 мкА. Алғашқы диагнозды қойыныз:
+Созылмалы фиброзды ұлпа қабынуының өршуі
51. 17 жастағы бозбала ауыз қуысындағы ауырсынуға шағымданды. Науқастың айтуы бойынша тіс дәрігеріне белгісіз ерітіндіні кездейсоқ жұтып қойғанына байланысты емделген. Қарау кезінде ісінген ауыз қуысының гиперемирленген шырышты қабығының аясында ақ түсті-тығыз қабық түріндегі коагуляциялық некроз байқалады. Аталған болжама диагноздардың қайсысы ең ықтимал
+қышқылдық жарақат
52. 45 жастағы ер адам протездеу мақсатында тіс дәрігерлік клиникаға жүгінді. 30 жыл бойы темекі шеккен адам күніне 20-дан астам темекі шегеді. Ұрттың шырышты қабатында тістердің сызығында және ауыздың езулерінде ақ-сұр түсті дақтар байқалады. Ауырсыну сезімінісіз алынбайды және қыру кезінде эрозияланбайды. Аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
+ТАппейнер лейкоплакиясы
53. Әйел 31 жаста. Тіс дәрігеріне тамақ ішкенде, сөйлегенде аузын жұмған кезде пайда болған еріннің ауырсынуына шағымданды. Анамнезінен тиреотоксикоз бойынша эндокринологта диспансерлік есепте тұрады. Тексеру кезінде аузы жартылай ашық, еріннің қызыл жиегі қабыршақпен сұр-қоңыр түсті қабықпен жабылған. Қабыршақты және қабықты алу кезінде эрозиясыз ашық қызарған бет жалаңаштанады. Ауыз бұрыштары зақымдалмаған. Аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
+эксфолиативті хейлит
1. Стоматологиялық емханада науқас төменгі жағының екінші моляр артында қатты тұрақты шайнағанда үдейтін ауырсынуға шағымданып келді. Ауыз қуысы ашылуы шектеулі. Ауырсыну құлақ самайға беріледі. 3.8 тістің медиальді бұдыры көрінген. Рентгенограммада 3.8 тіс вертикальді бағытта. 3.7 тіс пен төменгі жақ сүйектің бұтағының алдыңғы қыры араұашықтығы 0,7 см. Ем тактикасын таңдаңыз:
-
Новокаин-антибиотикті тежеу -
Капюшонды кесу+ -
Периостотомия -
38 тісті жұлу ? -
Аппликация метрогилмен
2. Науқас төменгі жақтың дене аймағындағы жыланкөздің болуына шағымданып келді. Жыланкөзде грануляциялы іріңді бөлініс бар. Төменгі жақ қалыңдаған. Бір ай бұрын стационарда төменгі жақтың жедел одонтогенді остеомиелиті диагнозымен жатқан. Рентгенограммада жаңа түзіліс сүйек тінінің ортасында, яғни шекарасы анық сүйек тінінің резорбция ошағы төменгі жақ негізінде орналасқан. Емдеу тәсілін таңдаңыз?
-
Кюретаж -
Секвестрэктомия+ -
Антибиотикотерапия -
Иммуномодуляторлар -
Биогенді стимулятор
3. Науқаста стационарлы ернінде болуында жоғарғы еріннің сол жақ аймағында тығыз, ауырсынатын инфильтрат бар, ортасында іріңді өзек байқалады. Инфильтрат үстіндегі тері қызарған. Пальпациялауда бет көктамыры бойында тартпа анықталады. Диагноз қойыңыз:
-
Жоғарғы еріннің іріңді шиқаны -
Жоғарғы еріннің іріңді шиқаны, бет көктамырының флебиті+ -
Іріңді көршиқаны -
Инфильтрация сатысындағы көршиқаны -
Одонтогенді теріасты гранулемасы
4. Науқас стоматологиялық емханаға алынып тасталынған 2 оң жақ жоғарғы азу тіс қуысының аймағында үдемелі ауырсынуына шағымданып келді. Тісі келгеннен 3 күн бұрын жұлып тасталынған. Жергілікті қарау кезінде оң жақ жоғарғы 2 азу тіс қуысы қан ұйындысына толы, қабыну белгілері жоқ, дәрігер пальпациялағанда альвеоланың вестибулярлы беткейінде үшкір жиек анықтады. Қандай болжамды диагноз қоюға болады: