ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 1951
Скачиваний: 24
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
12 жасар бала емханаға оң жақ жоғарғы жақсүйектегі радикулярлы киста бойынша госпитализацияланды. Анамнезінен алдыңғы тістерін жарақаттағаны анықталды. Қарап тексергенде: 1.1, 1.2 тістері сау, сауыт бөлігі сұр түсті, тұрақты, перкуссияда аздап ауырады. Рентгенограммада: 1.1, 1.2 тістерінің түбір ұшы аймағында шекарасы анық, дөңгелек пішінді сүйек тінінің ыдырау ошақтары бар. Науқасқа байланысты тактиканың қайсысы неғұрлым дұрыс://
Цистотомия//
Периостотомия//
1.1, 2.1 тістерін жұлу//
Калий йодидімен электрофорез тағайындау//
+1.1, 2.1тістерін эндодонттық емдеу, цистэктомия
***
Емханаға бет деформациясы және төменгі жақ аймағындағы ауыру сезіміне 10 жасар баланы әкелді. Клиникалық және рентгенологиялық тексеруден кейін төменгі жақ остеобластокластомасы деген нақтам қойды. и.
Осы ауруда төменде аталған емдік шаралар жоспарының қайсысы неғұрлым тиімді://
+Сау тіндерге дейін экскохлеациялау, диспансерлік бақылау//
Ісікті кесіп алып тастау, кейін сәулелі ем жүргізу //
Химиотерапия, кейін ісікті кесіп алып тастау//
Сәулелі ем, ортодонттық ем//
Төменгі жақ резекциясы, остеосинтез
***
Көмек алуға 3 ай бұрын пайда болған төменгі еріндегі жаңа түзіліс бойынша 7 жасар қыз келді. Баяу өсі келеді. Объективті: оң жақ төменгі еріннің шырышты қабатында диаметрі 1,0х1,0 см, дөңгелек пішінді түзіліс анықталды, шырышты қабаттан көтерілген, беті тегіс, ішіндегі мөлдір-көкшілдеу сұйықтығы көрінеді. Нақтама: төменгі еріннің ретенционды кистасы.
Қандай ем тактикасы неғұрлым тиімді://
Жаңа түзіліс пункциясы, кейін оны склероздау//
Түзілісті склероздау//
Ісікті кесіп алу//
+Цистэктомия//
Цистотомия
***
4 жастағы баланың мойнының жоғарғы 1/3 бөлігінде, төс-бұғана-емізікті бұлшықеттің алдында, мягкоэластикалық консистенциялы түзіліс анықталды, диаметрі 3,0х2,5 см, қозғалысы шектелген. Пальпацияда ауырмайды. Флюктуация симптомы оң.
Болжам нақтама: мойынның бүйір кистасы. Қантай тактика неғұрлым тиімді://
Жаңа түзіліс пункциясы, кейін оны склероздау//
Түзілісті склероздау//
Ісікті тігу//
+Цистэктомия//
Цистотомия
***
10 жастағы бала жоғарғы сол жақта тісінің болмауын көрсетеді. Анамнезінен 7 жасында уақытша тісін жұлдыртқаны анықталды. Қарап тексергенде 2.1 тісінің болмауына байланысты тіс қатарының ақауы, шырышты қабатында патологиялық өзгерістер жоқ, сол жақ жоғарғы жақсүйегінің альвеола өсіндісінде, жоқ 2.1 тісінің аймағында деформация байқалады. Қандай қосымша тексеру әдісі неғұрлым дұрыс://
УЗИ, компьютерлік томография//
Компьютерлік томография, термография//
+Ауыз ішілік жанаспалы рентгенография//
Ортопантомография, рентгенография//
Бассүйек рентгенографиясы, ауыз ішілік рентгенография
***
«Crown down» әдісімен түбір өзектерін өңдеу дегеніміз://
+Түбір өзегін өзек сағасынан түбір өзегі ұшына қарай кеңейту//
Түбір өзегін түбір өзегі ұшынан өзек сағасына қарай кеңейту//
Сағат тілі бағытымен предентинді алу//
Сағат тілі бағытына қарсы предентинді алу//
Түбір өзегін түбір ұшынан жоғары қарай кеңейту
***
Түбір өзегі сағасын кеңейтуге арналған аспаптар://
Плаггер//
+Гейтс-глидден//
Спредер//
Ример//
Верификатор
***
Eр адам 46 жаста, ауыз қуысындағы және терінің кейбір аймақтарындағы қатты ауыру сезіміне, жалпы әлсіздік, тәбеттің жоғалуына шағымданады. Қараған кезде: ұрттың өзгермеген шырышты қабық негізінде күңгірт-қызыл түсті, қатты ауыратын, шеттерінде көпіршіктің қалдықтары сақталған эрозиялар. Шынтақ пен бел аймағындада аталған эрозиялар анықталады. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді://
Созылмалы қайталамалы стоматит//
Көптүрлі экссудативті эритема//
+Вульгарлы күлдіреуік//
Қызыл жалпақ теміреткі//
Жүйелі қызыл жегі
***
45 жастағы ер адам еріндегі әсіресе оны жапқан кездегі ауыру мен күйдіру сезімдеріне, тағам қабылдау мен сөйлеудің қиындауына шағымданып келді. Ауыз қуысын қарағанда: еріннің қызыл жиегі сұр-сары түсті қабыршықпен жабылған,бұл кезде тек еріннің Клейна сызығынан ортасына дейінгі бөлігі ғана зақымданады. Кейбір жерлерде қабыршық алжапқыш тәрізді еріннен түсіп тұрады. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді://
Аконтолитикалық күлдіреуік//
+Эксфолиативті хейлит, жалқықты түрі//
Қызыл жегі//
Гландулярлы хейлит//
Қызыл жалпақ теміреткі
***
25 жастағы ер адам тістен нашар иістің шығуына шағымданады. Анамнезі бойынша: тіс бұрын қатты ауырған, ыстық тағам ішкенде ұзаққа созылатын ауру сезімі мазалайды. Қарап тексергенде 2.6 тістің сауытының түсі өзгерген, тіс жегі қуысы тіс қуысымен байланысқан. Беткей шұқып тексергенде ауырмайды, ал терең шұқығанда ауырады. ЭОД-80 мкА. Келтірілген клиникалық белгілері бойынша қай ауруға тән деп ойлайсыз://
+Созылмалы гангренозды пульпит//
Созылмалы фиброзды периодонтит//
Созылмалы фиброзды пульпит//
Созылмалы гранулденген периодонтит//
Созылмалы гранулематозды периодонтит
***
29 жастағы науқас тамақ ішу кезіндегі 3.6 тістегі ауырсынуға шағымданып келген. Тістегі терең кариозды қуыс тіс қуысымен жалғасқан, ұлпа мүйізі ашылған. Оны зондтап шұқығанда күрт ауырсынады, ұлпа қанайды. ЭОМ 40 мкА. Келтірілген клиникалық белгілері қай ауруға тән деп ойлайсыз://
Созылмалы гангренозды пульпит//
Созылмалы фиброзды пульпиттің өршуі//
Жедел ошақты пульпит//
+Созылмалы фиброзды пульпит//
Созылмалы гипертрофиялық пульпит
***
47 жастағы ер адам дәрігерге профилактикалық қаралу мақсатында келген. Анамнезінде: науқас ыстық және ащы тағамды қабылдағанды өте жақсы көреді. Қарағанда: ұрттың шырышты қабығындағы тістердің қабысу сызығында жәңе астыңғы еріннің қызыл жиегінде әртүрлі пішінді және көлемді гиперкератоз ошағы бар, ол қоршаған бөліктердің шырышты қабығы деңгейінен көтерілмейді, бірақ шекарасы анық, ақ қақпен жабылған сияқты, қатты қырғанның өзінде алынбайды. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді://
+Лейкоплакияның жалпақ түрі//
Қызыл жегінің типтік түрі//
Лейкоплакияның веррукозды түрі//
Папулезді мерез//
Гиперпластикалық кандидоз
***
Диаметрі 1-3 мм төмпешіктер, ошақ ортасына топталған, бұзылып тегіс емес жаралар түзеді, беткейі сәл қансырайды. «Алмалы дірілдеуік (желе)» симптомы және зондпен сынама оң. Келтірілген клиникалық белгілер қай ауруға тән деп ойлайсыз://
Қызыл жалпақ теміреткі//
Екіншілік рецидивті мерез//
Үшіншілік мерез //
Лейкоплакия//
+Туберкулезді жегі
***
50 жастағы ер адам үстіңгі жақтың сол жағындағы тісінің ыңғайсыз сезімнің болуына шағымданып келді. Қарағанда: 2.7 тістің түсі өзгерген, медиальды-шайнау бетінде тіс қуысымен жалғасатын терең кариес қуысы көрінеді. Перкуссияда тіс ауырмайды, түбір ұшы проекциясы аймағындағы сілемейлі қабық көгілдір түсті, жыланкөзден қалған тыртық анықталады. Рентгенограммада таңдай түбір ұшы аймағында көлемі 4 мм-ге дейінгі пішіні тегіс емес сүйек тінінің ыдырау ошағы анықталады. Сіздің болжам диагнозыңыз://
Созылмалы фиброзды периодонтит//
Созылмалы гранулематозды периодонтит//
+Созылмалы гранулденген периодонтит//
Созылмалы гангренозды пульпит//
Созылмалы фиброзды пульпит
***
35 жастағы әйел адам еріннің үлкейіп ыңғайсыздық туғызатынына, жалпы бетінің ісінуіне шағымданады. Жарты сағат бұрын науқастың тіс тасын алып, пародонт қалталарды медикаментозы өңдеп, қызыл иегіне метрагил-дента гелімен аппликация жасалды. Қарап тексергенде: жоғарғы және төменгі еріннің және ұрттың шектелген ісінуі. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді://
+Квинкенің ангионевротикалық ісінуі//
Аллергиялық жанаспалы хейлит//
Десквамативті хейлит//
Эксфолиативті хейлит//
Гландулярлы хейлит
***
Тісті щеткамен тазалағанда және тамақ ішкенде қызыл иектің қанағыштығына, қызыл иек бүртіктерінің өсуіне шағымданады. Объективті: тіс сауытының 1/3 бөлігіне дейін тіс бүртіктерінің ұлғаюы анықталады, тигенде оңай қанайды. Қызыл иек бүртіктері көгілдір түсті. Рентгенограммада сүйек тінінде өзгеріс жоқ. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді://
-
Жаралы гингивит// -
Созылмалы катаральды гингивиттің өршуі// -
+Гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі// -
Гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі// -
Жайылмалы катаральды гингивит
***
Тіс дәрігері 22 жастағы науқасқа тексеру барысында, 2.5 тістің созылмалы ұлпа қабыну диагнозын қойды. Емдеу үшін жартылай жансыздандыру жасады, тіс қуысын егеп тазалады, ұлпа мүйізіне күшәлә сықпасын қалдырып, уақытша пломба қойды. Бір күннен кейін уақытша пломбаны алып, тістің сауытты және түбір ұлпасын алды. Аспаптармен және дәрі-дәрмектермен өңдеп, өзекті пломбалады. Содан соң аралық және тұрақты пломба қойды.
Дәрігер ұлпа қабынуын қай әдіспен емдеді://
+Девитальды экстирпация//
Витальды ампутация//
Консервативті//
Девитальды ампутация//
Витальды экстирпация
***
49 жастағы науқас емханаға ауыз қуысын сауықтыру мақсатында келді. Тексеру барысында 1.5 тістің дистальді бетінде тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеу ауру сезімін тудырмайды. Суыққа жауап жоқ. Рентген суретте 1.5 тістің периодонтальді саңылауы түбір ұшында кеңейген. Осы ауру кезіндегі ЭОМ көрсеткіші://
20-30 мкА//
+100 мкА жоғары//
30-40 мкА//
40-60 мкА//
60-80 мкА
***
20 жастағы науқас тістердегі пигменттелген дақтың болуына шағымданады. Анамнезінен-бала кезінен тіс түсінің өзгеруі анықталады, тістердің түсінің сондай өзгеруі туыстарында да кездеседі. Тіс эмальін тексергенде көптеген бор тәрізді, кейбір аймақтарда пигменттелген дақтар анықталды, олар тістің бүкіл бетінде орналасқан. Дақ аймағындағы эмаль тегіс, жалтыр, зонд зақымдалған аймақ бетінен сырғиды, дақ метилен көк ерітіндісімен боялмайды. Осы ауру кезіндегі емдік шаралар ретінде қолданылады://
-
Профилактикалық тексеру//
Гигиенаға үйрету//
Форқұрамды препарттарды қабылдау//
В витаминіне бай тағам қабылдау//
+Су көзін ауыстыру
***
Науқас 20 жаста, сау, аллергиялық статусы қалыпты, 3.5 тіске жедел ошақты пульпит диагнозы қойылған. Кариозды қуыс мойын аймағында орналасқан. Төмендегі емдердің қайсы жақсы нәтиже береді://
Консервативті әдіс//
+Витальді экстирпация//
Витальді ампутация//
Девитальді ампутация//
Девитальді экстирпация
***
Науқас А, 55 жаста, жоғарғы жақ алдыңғы бөлігіндегі тістердің арасының ашылуына шағымданады. Эстетикалық ақау. Өзін сау деп санайды. Объективті: жоғарғы және төменгі жақ қызыл иек кілегейі ақшыл- қызыл түсті, тығыз, атрофияланған. Пародонтальды қалталары жоқ. Тістері берік, 1.1, 2.1 тістер аймағында 5 мм-лі диастема, 1.1, 1.2, 2.1, 2.2 тістердің арасы желдеткіш тәрізді иіліп ашылған. Тістесуі терең. Төмендегілердің қайсысы диагностикалаудың келесі қадамы болады://
Формалинді сынама жүргізу//
Гигиеналық индекстерді анықтау//
Шиллер-Писарев сынамасын жүргізу//
+Рентгенография//
Пародонтальды индексті анықтау
***
Науқас 20 жаста, сау, аллергиялық статусы қалыпты, 4.5 тіске жедел ошақты пульпит диагнозы қойылған. Кариозды қуыс шайнау бетінде орналасқан. Төмендегі емдердің қайсы жақсы нәтиже береді://
+Консервативті әдіс//
Витальді экстирпация//
Витальді ампутация//
Девитальді ампутация//
Девитальді экстирпация
***
Науқас 57 жаста, жоғарғы ерінде ұзақ уақыт жазылмайтын жараға шағымданып келді. Қараған кезде: еріннің қызыл жиегінде-жара, пальпацияда ауырсынбайды, негізінде шеміршік тінді инфильтрат бар. Төменгі жақ асты лимфа түйіндері шеміршекті тығыз, диаметрі 2-3 см дейін, тығыз консистенциялы пальпацияда ауырсынбайды. Диагнозды нақтылау үшін қандай реакция қажет://
Гемагглютинация реакциясы//
Манту реакциясы//
+Вассерман реакциясы//
Лейкоциттер агломерация реакциясы//
Лейкоцитолиз реакциясы
***
Тіс дәрігері 4.7 тісті ұлпа қабыну диагнозымен емдеу үшін, егеп тазалады, тіс қуысын ашып сауыт және түбір ұлпасын алды (өтетін өзектері дистальды, медиальды-ұрттық,) өтпейтін өзекке мумификация жасалды (медиальды-тілдік өзекке), медикаментозды, инструментальды өңделіп, өзектерді пломбылап, аралық төсем, тұрақты пломбы қойылды. Ұлпа қабынуын қай әдіспен емдеді://