Файл: Оундірістік практика 1кн.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 23

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Оқу-өндірістік практика

1-күн

Мен,Кадырбек Аяулым, оқу-өндірістік практиканың

алғашқы күні тәжірибе өтетін орныма барып, кітапханашы Раушан Абдикаримовна апаймен, ондағы кітапхананың тұрақты оқырмандарымен таныстым.

Раушан Абдикаримовна алғашқы күннен бастап мені жылы қарсы алып, жұмыс барысымен таныстырып,оқырмандармен жүргізілетін жұмыстың қыры мен сырын әңгімелеп берді. “Үздік  оқырман” байқауына материал дайындап,  Бауыржан  Момышұлының еңбектеріне талдау жасадым.


2-күн

Мектептің коворкинг орталығында оқушылардан сауалнама алып,алдағы байқауларда оқылуға тиіс кітаптарды анықтадым. Оқыған кітаптары негізінде жедел сұрақтар ойынына ақпарат дайындадым. Сауалнама тапсырып болған оқушыларға кітапханаға саяхат жасаттым.




3-күн

7-8- сынып оқушылары арасында “ Үздік  оқырман” байқауын өткіздім. 




Байқау аясында екі топ Бауыржан  Момышұлының “ Ұшқан  ұя” повесіне  талдау жасады. Екі сыныптың оқушылары шығармаға буклет жасап, шығарманы балалармен бірге талдап, түсіндірді, екі сыныптың балалары бір-біріне “Домино” ойыны арқылы шығармадан сұрақтар қойды, және шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме беріп,жедел  сұрақ  арқылы байқау қорытындыланды!

--