ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 60
Скачиваний: 1
, тағамды дұрыс шайнамау, өмірдің медико географиялық және тұрмыстық жағдайы, ағзаның жағдайы, генетикалық бейімдеушілік жатады.
БДД ( номенклатурасына сәйкес, тісжегімен зақымдалуды бағалаудың үш негізгі көрсеткіштері бар:Аурудың таралуы, зақымдалу интенсивтілігі және интенсивтілігінің өсімталдығы.
Балалар жасындағы тісжегінің даму этаптары:
-
Бастапқы тіс жегі. -
Беткей тісжегі. -
Орта тісжегі -
Терең тісжегі -
Бастапқы тісжегі – тістің эмаль қабатында ақ дақтар,әртүрлі пішінді қуыстар пайда болады.Бұл кезде ауру сезімі ақырын дап болады. -
Беткей тісжегі – тістің жалпы эмаль қабатында кездеседі, тісжегі пайда болған қуыс ақ түстес немесе қоңырқай түсте болуы мүмкін. -
Орта тісжегі – тістің эмаль қабатымен қоса дентинді зақым дайды.Бұл кезде тәттіге,қышқылға,тұздыққа,ыстыққа,суық қа ауру сезімі жоғарылай бастайды.Қоңырқай түстес бола ды. -
Терең тісжегі – тістің эмальді дентинді қоса ұлпа қабынады. Бұл кезде тістің түсі қоңырқай немесе қара болуы мүмкін.
(компенсирленген түрі) тісжегі қуысы пигменттелген, шеті жазылған, патологиялық дентин құрғақ, зондтағанда тығыз. Пигменттелген фиссураларды ашу оңайға түспейді. Бор тәрізді дақтар болмайды. Ги-төмен, типтен тістерін үнемі тазаламайтын балаларда да. Тістері таза, жылтыр. Осы топтағы балаларды жылына 1-рет санациялайды. Бала 1-ші денсаулық тобына жатады.
Тісжегінің 2 дәрежедегі белсенділігі деп, балада аурудың клиникалық дамуы оптималды сипатта, патологияның субкомпенсирленген түрі. Тісжегі қуысы көбінесе азу тістердің шайнау бетінде орналасады. Жоғарғы және төменгі жақтағы тығыз орналасқан күрек тістердің апроксималды бетінің зақымдалуы мүмкін. Бор тәріздес тісжегі дақтары болмайды. Осы топтағы балаларды жылына 2 рет санациялайды, 6-ай сайын.
Балалардағы 3-дәрежедегі белсенділіктегі тісжегі қуысы (декомпенсирленген түрі) шеттері үшкір, жұмсақ және ашық түсті дентин өте көп, қуыс қабырғалары өңдеп болған соң да алына береді, кеппейді, ал пигменттелген фиссураларын ашса, тісжегі қуысы пайда болады. Бор тәріздес дақтары бұдырлы болады, бормен өңдегенде шашылып қалады. Бұрын қойылған пломбаларды тексергенде ақау және тісжегінің қайталануы байқалады.
Осы топтағы балаларды 3-4 ай сайын санациялайды
1. Дәрежедегі белсенділік (компенсирленген түрі)
2-6 жас - 2 тіске
7-10 жас – 4 тіске
11-14 жас – 2 тіске
15-18 жас – 3 тіске
2 Дәрежедегі белсенділік (субкомпенсирленген түрі)
2-6 жас – 3-6 тіске
7-10 жас – 4-7 тіске
11-14 жас – 2-5 тіске
15-18 жас – 3-6 тіске
3 Дәрежедегі белсенділік (декомпенсирленген түрі)
2-6 жас – 6 тістен көп
7-10 жас - 7 тістен көп
11-14 жас - 5 тістен көп
15-18 жас- 6 тістен көп
Беткейлі тіс жегісін балалар мен жасөспірімдерде оперативті емсіз жүргізіледі. Бұл жағдайда бұдырлы беткейді гилифивайтетіп, реминерализацияны күшейтетін ерітінділермен өңдейді. Ақау қабырғасы мен түбінің алдын-ала реминерализациясынан кейін апроксимальды беткейлер зақымдалып, жедел тіс жегісі болған жағдайда қуысты қалыптастырып, тіс пішінін келтіреді. Минерализация аяқталмаған балалардағы тұрақты тістердің беткейлі жүлгелі тіс жегісіне қарағылық таныту керек. Минерализация процесін жеделдету үшін ремтерапия әдісін қолданады.
Орташа тіс жегісін емдеу. Егеудің жалпы принциптері мен сатыларын қадағалап, жегіленген қуысты егейді, ажыратқыш төсеніш салып, тістерді пломбалайды. Сүт тістерде орташа тіс жегісі жедел ағымда өтсе терең тіс жегісінен ажырату қиын. Дентиннің жұқа қабаты соншалықты жұмсарғандықтан, соны алу кезінде ұлпаны ашып алу қаупі туғызады. Қазіргі кезде ажыратқыш төсеніш ретінде әйнектономерлі цементтер кеңінен қолданылады, олар дентинмен тығыз байланысып, тіс тіндерінің жағымсыз әсерінен дентинді түтікшелерге айқын шектеуді қамтамасыз етеді. Олар биосыйымды, тұрақты, рентгеноконтрасты, ауыз қуысында ерігіштігі төмен, жиектік жабысу өте жақсы, түсі тұрақты, эстетикалығы жоғары, ең бастысы – бұл цементтер фтор иондарын бөліп шығару қасиетімен екіншілік тіс жегісін болдырмау. Әйнекиономерлерден бөлінетін фтор тіс тініне сіңіп, тіс эмалінің демнерализация процесіне қарсы тұруын жоғарлатады. Жедел орташа тіс жегісін емдеудің ерекшелігі емдік төсеніш қолдану және тұрақты пломба салғаннан кейін жергілікті флюоризация қолдану.Терең тіс жегісін емдеу негізгі ұлпаға патогенетикалық әсер ету, яғни қуыс түбіне пластикостимуляциялайтын заттар, емдік төсеніштерсалу. Олардың қасиеттері: үлпаның репативті қасиетін күшейтеді, ұлпаға бактерицидті және қабынуға қарсы етеді, тіс ұлпасын тітіркендірмеу керек, жақсы жабысу қасиеті мен платикалы болуы керек және де қатқаннан кейін қысымды көтеру керек. Терең тіс жегісін емдегенде жегілену процесінің белсенділігін, ауру ағымының сипатын, ұлпа маңы дентиннің қалыңдығын тіс ұлпасының жағдайын ескеру керек. Жегі қуысы түбіндегі эмаль әртүрлі деңгейде бұзылған болуы мүмкін, сондықтан ұлпа мүйізін ашып алмасу үшін келгенде борларды қолданбаған жөн. Сондықтан жұмсарған дентинді алу үшін әртүрлі пішінді экскаваторлар пайдаланады. Терең тіс жегісі кезінде бұзылған дентинді зақымдалған беткей ретінде қарастырып, емдеу әдісін таңдағанда бірнеше факторларды ескеру керек. Ең бастысы жегіленген қуыстағы микрофлораны залалсыздандыру керек, дентинді түтікшелер жауып, қабынуды басу керек және де ұлпаны әртүрлі тітіркендіргіштер әсерінен қорғау. Жалпы емдеу. Балалық және бозбалалық шақта көптеген тіс жегісімен зақымдалған тістерге жергілікті еммен қатар жалпы ем жүргізеді. Бұндай емнің мақсаты, жас балаларда тістің қатты тіндерінің, соның ішінде эмальдың қалыптасуы мен минерализация процесі аяқталмайды, сондықтан ол тістердің жергілікті кариесогенді факторларға қарсы тұру қабілеті төмен. Жалпы ем тағайындар алдында балаларды педиатр тексеріп қарауы керек.
Бала организмінің әлсіреуі мен оның қарсы тұру қабілетінің төмендеуіне әсер ететін факторлар анықталуы керек. Организм резистенттілігінің жоғарлауына, зат алмасудың реттелуіне, организмнің қорғаныш қызметтерінің қалпына келуінде, тістерде минерализация процессінің жақсаруында рациональды құнарлы. Тамақтанудың маңызы зор, себебі ондағы негізгі тағамдағы белсенді заттар мен биологиялық белсенді заттардың – белоктар, майлар, көмірсулар, витаминдер және минеральды заттар, сандық және сапалы қарым-қатынасы оптимальды есептелінген. Адамның толық құнарлы тамақтануында күніне орташа шамамен 80-100 г белоктар, 400-500 г көмірсулар, 80-100 г майлар, 0,1 г-ға дейін витаминдер, 20 г-ға дейін тұздар (соның ішінде 10 г тіс тұзы) болуы керек. Тіс жегісін ақ, қоңыр немесе сары дақ сатысында ғана пломбалаусыз емдейді, себебі ол кезде эмальдың анатомиялық тұтастағы бұзылмайды. Жегіленген дақ аймағындағы эмальға рем. терапия жүргізу үшін 6 процедура 1-2 күн сайын.
-
Тіс жегісін жергілікті емдеудің нәтижесі көңілге қонарлық болуы үшін емдеу кезінде келесі талаптарды орындау керек: -
Тіс жегісімен зақымдалған тістің қатты тіндерін толық алу. -
Пломбаның тұрақты жабысуы үшінжағдай жасау. -
Егелген жегіленген қуысты антисептикалық өңдеу мен кептіру. -
Пломбалық материалды дұрыс таңдау, оны дайындау ережесі мен пломбалау әдісін қадағалау.