Файл: Білім беру йымдарында аморшылы кеесті жмысын йымдастыру жне оны сайлау тртібіні лгілік аидаларын бекіту туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 109
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 тамызда № 15584 болып тіркелді.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі ұйымдарда қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4995 болып тіркелген, 2007 жылғы 30 қарашадағы № 184 (1387) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) № 501 бұйрығы;
2) "Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14751 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiсінде жарияланған) № 715 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Е.Ерсайынов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі | Е. Сағадиев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
______________ А.Мырзахметов
2017 ж. 23 шілде
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б.Сұлтанов
2017 ж. 7 тамыз
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
___________ А. Мұхамедиұлы
2017 ж. 28 шілде
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына 1 қосымша |
Мектепке дейінгі ұйымдарда Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мектепке дейінгі ұйымдарда Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Қамқоршылық кеңестің (бұдан әрі – Қамқоршылық кеңес) қызметін ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.
2. Қамқоршылық кеңес мектепке дейінгі ұйымның дамуына ықпал ететін және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган ретінде өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) тәуелсіздік;
2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;
3) еріктілік;
4) ашықтық;
5) жариялылық пен шынайылық.
3. Қамқоршылық кеңестің мүшелері өз қызметінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
2) өз қызметін мектепке дейінгі ұйыммен, жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға міндетті.
2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі
4. Қамқоршылық кеңесті тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган) құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия сайлайды.
Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
5. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды, кемінде 7 (жеті) адам, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің саны Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жалпы санының 2/3 (үштен екісінен) аспайды.
Комиссия құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
6. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан оның бірінші отырысында сайланады, ол туралы хаттамалық шешім шығарылады.
Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды. Тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қызметкері Комиссия хатшысы болып табылады.
7. Комиссияның жалпы құрамының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысқан жағдайда Комиссияның отырысы өткізілген және оның шешімі заңды болып есептеледі.
Комиссия шешімі Комиссия мүшелерінің жалпы санының дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның барлық шешімдері хаттама түрінде рәсімделеді, оған төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.
8. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган күнтізбелік жылдың 1 мен 10 қыркүйек аралығындағы кезеңде (Қамқоршылық кеңестің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде) Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның атауын, сапалық құрамын, сондай-ақ Қағиданың 9-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтер жіберілетін почта және электрондық мекенжайларды көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында және/немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.
9. Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
10. Қамқоршылық кеңестің құрамына:
1) мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе заңды өкілдері (осы мектепке дейінгі ұйымның әрбір жастағы топтың тәрбиеленушілерінің бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – әрбір жастағы топтардың санынан аспайды;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
3) жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам кіреді.
11. Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлердің ата-аналар жұртшылығының жалпы жиналысында іріктеуден өткен мектепке дейінгі ұйымдар ұсынады.
Ата-аналар жұртшылығынан үміткерлердің тізімі (әрбір жастағы топтан осы мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеленушілердің бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
12. Комиссия өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде үміткерлер ұсынған құжаттарды қарайды, үміткердің осы Қағидалардың 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.