Файл: Білім беру йымдарында аморшылы кеесті жмысын йымдастыру жне оны сайлау тртібіні лгілік аидаларын бекіту туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 113
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Комиссия шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның барлық шешімдері хаттама түрінде рәсімделеді, оған төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.
8. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган күнтізбелік жылдың 1 мен 10 қыркүйек аралығындағы кезеңде (Қамқоршылық кеңестің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде) Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның атауын, сапалық құрамын, сондай-ақ Қағиданың 9-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтер жіберілетін почта және электрондық мекенжайларды көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында және/немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.
9. Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінім (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
10. Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
1) білім беру ұйымының әкімшілік аумағында орналасқан қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері-1 адам;
2) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері - кемінде 3 адам. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қамқоршылық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады;
3) жергілікті өкілдік органдарының өкілдері – 1 адам;
4) мемлекеттік органдардың өкілдері – 1 адам;
5) құқық қорғау органдарының өкілдері – 1 адам;
6) бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл (бар болса) – 1 адам;
7) республикалық немесе жергілікті қоғамдық кеңестің өкілі-1 адам;
8) Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы (бар болса) – 1 адам;
9) қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
10) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі (бар болса) – 1-2 адам;
11) тәрбиеленушілердің өзін – өзі басқару органдарының өкілдері – 1 адам.
11. Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлерді педагогикалық кеңесте іріктеуден өткен білім беру ұйымдары ұсынады. Үміткерлердің тізімі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге жіберіледі.
12. Комиссия өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде үміткерлер ұсынған құжаттарды қарайды, үміткердің осы Қағидалардың 9, 10, және 11-тармақтарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.
Барлық қажетті рәсімдерді ескере отырып, Қамқоршылық кеңесті сайлау күнтізбелік жылдың 30 қазаннан кешіктірілмей аяқталады.
13. Қамқоршылық кеңестің сайланған құрамы тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган Комиссия хаттамалық шешім шығарған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бекітеді, сайланған құрамның тізімі олардың ресми интернет-ресурсында және мектептен тыс ұйымында орналастырылады.
3 - тарау. Қамқоршылық кеңестің функциялары
14. Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
1) білім беру ұйымды дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды келіседі;
2) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған білім беру ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
3) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;
4) білім беру ұйымның жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді келіседі;
5) "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу қорытындылары бойынша хаттамалық шешімді келіседі және шығарады;
6) тиісті деңгейдегі уәкілетті органның аттестаттау комиссиясына біліктілік санатын беруге (растауға) кезекті аттестаттаудан өтуге оның жұмысының қорытындылары бойынша білім беру ұйымының басшысына ұсыным хат ұсынады;
7) білім беру ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде келіседі және хаттамалық шешім шығарады, оның нысаналы жұмсалуы туралы, демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдалану бағыттарын, нысандарын, мөлшері мен тәртібін таңдау жөнінде шешім қабылдайды;
8) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесіне мониторинг жүргізеді;
9) тәрбиеленушіні білім беру ұйымынан басқа білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымға ауыстыруды келіседі;
10) жазғы демалыс кезінде жазғы сауықтыру лагерьлерінде болу шарттарын, "Балдәурен" республикалық білім беру орталығына және "Бөбек" ұлттық ғылыми-білім беру орталығына жіберілетін білім алушыларға үміткерлердің тізімдерін келіседі;
11) тәрбиеленушілерді психологиялық және құқықтық қолдауға, олардың отбасылық орналасуына, асырап алушы ата-аналарды сүйемелдеуге және білім беру ұйымының түлектерін интернаттан кейінгі сүйемелдеуге жәрдемдеседі;
12) білім беру ұйымы жанынан құрылған Асырап алушы ата-аналар мектебімен өзара іс-қимыл жасайды;
13) білім беру ұйымының санитариялық-гигиеналық жағдайларының сапасына, тамақтанудың сапасына, киім-кешектің, дәрілік препараттардың, іргелес аумақтың жай-күйіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
14) білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшалай қаражаттары мен материалдық құндылықтарының сақталуын, олардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бөлігінде олардың құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
15) тәрбиеленушілерге қатысты тәлімгерлік практикасын дамытуға жәрдемдеседі;
16) тәрбиеленушілерге қолдау көрсету және материалдық-техникалық базаны нығайту үшін білім беру ұйымдарының шотына түскен демеушілік қаражаттың жұмсалуын бақылайды;
17) білім беру ұйымы әкімшілігінің тәрбиеленушілер арасында құқық бұзушылықтардың, қылмыстардың, нашақорлықтың, алкоголизм мен темекі шегудің, қаңғыбастық пен қайыр сұраудың алдын алу жөніндегі қызметіне жәрдемдеседі;
18) тәрбиеленушілер арасында тәртіпті нығайтуға жәрдемдеседі;
19) білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің заңды өкілдерімен және туыстарымен өзара іс-қимыл жасайды және білім беру ұйымында туындаған жанжалдарды шешуге жәрдемдеседі;
20) білім беру ұйымы әкімшілігінің қызметіне тәрбиеленушілерге оқыту, тәрбиелеу, емдеу, әлеуметтік бейімдеу, оңалту және қоғамға ықпалдасу үшін жағдайлар жасауда жәрдемдеседі;
21) білім беру ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметіне мониторингті жүзеге асырады;
22) тәрбиеленушілерден және олардың заңды өкілдерінен анонимді сауалнама жүргізу арқылы білім беру ұйымындағы білім алушылардың тұрмыс жағдайлары мен білім алуына қанағаттану дәрежесіне жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
23) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім беру ұйымдарының мүдделері бойынша үйірмелерде және спорт секцияларында қамтылуына жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
24) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы есептерін жылына кемінде 2 (екі) рет тыңдайды.
25) білім беру ұйымының қызметі бойынша мәдени-сауықтыру іс-шараларын, конференцияларын, кеңестерін, семинарларын өткізуге ықпал етеді;
26) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң және нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылауға қатысады.
Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар кезектен тыс отырыстың қарауына шығарады.
15. Қамқоршылық кеңестің қызметі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің үлгілік жұмыс жоспары негізінде әзірленген оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.