Файл: Білім беру йымдарында аморшылы кеесті жмысын йымдастыру жне оны сайлау тртібіні лгілік аидаларын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 112

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



      15) педагогикалық ұжымға оқушылардың отбасымен жұмыс істеуге жәрдемдеседі және қажет болған жағдайда мектептен тыс ұйымның әкімшілігімен бірлесіп жалпы ата-аналар жиналысын өткізеді.



      16) мектептен тыс ұйымының әкімшілігіне білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, алкоголизмнің, темекі шегудің, қаңғыбастықтың, қайыршылықтың, қорлаудың, ойынға құмарлықтың алдын алуда жәрдемдеседі



      17) білім алушылар арасында тәртіпті нығайтуға және мұғалімдер, білім алушылар, ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер арасында туындаған жанжалдарды шешуге көмектеседі;



      18) мектептен тыс ұйым қызметінің мәселелері бойынша мәдени, сауықтыру іс-шараларын, конференцияларды, кеңестерді, семинарларды өткізуге жәрдемдеседі.



      19) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң және нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылауға қатысады.



      Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар кезектен тыс отырыстың қарауына шығарады.



      15. Қамқоршылық кеңестің қызметі оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.



4- тарау. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі


      16. Қамқоршылық кеңестің отырысы тоқсанына кемінде 1 рет өткізіледі.



      Қамқоршылық кеңестің отырыстарын бейнеконференцбайланыс режимінде өткізуге жол беріледі.



      17. Отырысты өткізу туралы ақпаратты Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелерін хабардар ете отырып, мектептен тыс ұйымның интернет-ресурсында орналастырады.



      Интернет-ресурстағы ақпарат отырыстың өткізілетін күнін, уақытын және орнын қамтиды.



      18. Отырыстарға азаматтық қоғамның бақылаушылары қатысады.



      19. Осы ұйымның Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің арасынан Қамқоршылық кеңестің отырысында көпшілік дауспен ашық дауыс беру жолымен сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.



      20. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және оның қызметін осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын қамқоршылық кеңестің құрамына кіретін жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерін қоспағанда, Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.



      21. Мектептен тыс ұйым қызметкерлерінің немесе тәуелсіз тұлғалардың арасынан сайланатын және Қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайтын Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңес отырыстарының материалдары мен хаттамаларын дайындауды, өткізуді, ресімдеуді қамтамасыз етеді.



      22. Егер отырысқа оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысса, Қамқоршылық кеңестің отырысы заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне не адамға сенімхат бойынша беруіне жол берілмейді.



      23. Қамқоршылық кеңестің шешімі оған қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы не Қамқоршылық кеңес төрағасының функцияларын жүзеге асыратын адам дауыс берген шешім қабылданады.



      24. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін білім беру ұйымының әкімшілігі заңда белгіленген мерзімде тиісті шешімдер қабылдай отырып қарайды.




      25. Қамқоршылық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды және мектептен тыс ұйымның басшысына келісуге енгізіледі.



      26. Білім беру ұйымының басшысы Қамқоршылық кеңестің шешімімен келіспеген кезде келіспеушіліктер оларды еңсеру үшін қамқоршылық кеңестен және мектепке дейінгі ұйымнан қатысушылардың тең саны қатысатын комиссия (бұдан әрі – Келісу комиссиясы) құрылатын келісу рәсімдері арқылы шешіледі.



      Келісу комиссиясының мүшелері өз құрамынан Келісу комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен төрағаны сайлайды. Келісу комиссиясы келіспеушіліктер туындаған шешімдерді қарайды.



      Келісу комиссиясы шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Келісу комиссиясының шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. "Қолдаймын" немесе "қарсымын" дауыстар саны тең болған кезде келісу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.



      27. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін кеңестің хатшысы мектептен тыс ұйымның интернет-ресурсында орналастырады.



      28. Мектептен тыс ұйымға қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша ғана жұмсалады.



      29. Мектептен тыс ұйымға қабылданған қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер:



      1) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған мектептен тыс ұйымдар үшін - Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшеде ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шотына;



      2) өзге ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған мектептен тыс ұйымы үшін - екінші деңгейлі банкте ашылған шотына аударылады.



      30. Қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер мынадай мақсаттарға:



      1) мектептен тыс ұйымның білім алушыларына әлеуметтік қолдау;



      2) мектептен тыс ұйымның материалдық-техникалық базасын жетілдіру;



      3) дарынды балаларды қолдау;



      4) пәндік-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруға жұмсалады.



      31. Білім беру ұйымы жыл сайын қаржы жылының қорытындысы бойынша осы білім беру ұйымының интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы ата-аналар қоғамдастығын өз қызметінің нәтижелері туралы хабардар етеді.




      32. Қамқоршылық кеңестің мүшесі осы кеңестің қызметі шеңберінде жеке деректерді қорғау, мемлекеттік және қызметтік құпия, коммерциялық құпия туралы қолданыстағы заңнамамен қорғалатын мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге болмайды.


5 - тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату


      33. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:



      1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша;



      2) мектептен тыс ұйымы таратылған және қайта ұйымдастырылған кезде;



      3) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі өткеннен кейін;



      4) Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда жүзеге асырылады.



      34. Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің құрамынан:



      1) жеке бастамасы бойынша (Кеңес төрағасының атына еркін түрдегі жазбаша өтініш негізінде);



      2) кеңес отырыстарында дәлелсіз себептермен жыл ішінде үш реттен артық болмау себебінен шығарылады.


 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 355 бұйрығына
5-қосымша

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі


      Ескерту. Бұйрық 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


1-тарау. Жалпы ережелер


      1. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі (бұдан әрі-Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Қамқоршылық кеңестің (бұдан әрі – Қамқоршылық кеңес) қызметін ұйымдастыру және оның сайлау тәртібін айқындайды.




      2. Қамқоршылық кеңес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымын (бұдан әрі-білім беру ұйымы) оның дамуына жәрдемдесетін және білім беру ұйымының қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган ретінде өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:



      1) тәуелсіздік;



      2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;



      3) еріктілік;



      4) ашықтық;



      5) жариялылық пен шынайылық.



      3. Қамқоршылық кеңестің мүшелері өз қызметінде:



      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;



      2) өз қызметін білім беру ұйымымен, жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асыруға міндетті.


2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі


      4. Қамқоршылық кеңесті білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия) сайлайды.



      Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.



      5. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды, кемінде 7 (жеті) адам, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің саны Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жалпы санының 2/3 (үштен екісінен) аспайды.



      Комиссия құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.



      6. Комиссия төрағасы комиссия мүшелерінің арасынан оның бірінші отырысында сайланады, ол туралы хаттамалық шешім шығарылады.



      Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қызметкері Комиссияның хатшысы болып табылады.



      7. Комиссияның жалпы құрамының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысқан жағдайда Комиссияның отырысы өткізілген және оның шешімі заңды болып есептеледі.