Файл: Білім беру йымдарында аморшылы кеесті жмысын йымдастыру жне оны сайлау тртібіні лгілік аидаларын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 114

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



      Барлық қажетті рәсімдерді ескере отырып, Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру күнтізбелік жылдың 30 қазаннан кешіктірілмей аяқталады.



      13. Қамқоршылық кеңестің сайланған құрамы тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган Комиссия хаттамалық шешім шығарған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бекітеді, сайланған құрамның тізімі олардың ресми интернет-ресурсында және білім беру ұйымдарында орналастырылады.


3-тарау. Қамқоршылық кеңестің функциялары


      14. Мектепке дейінгі ұйымның Қамқоршылық кеңесі:



      1) мектепке дейінгі ұйымды дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды келіседі;



      2) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған мектепке дейінгі ұйым жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;



      3) мектепке дейінгі ұйымның бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;



      4) мектепке дейінгі ұйымның жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді келіседі;



      5) мектепке дейінгі ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде келіседі және хаттамалық шешім шығарады, оның нысаналы жұмсалуы туралы, демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдалану бағыттарын, нысандарын, мөлшері мен тәртібін таңдау жөнінде шешім қабылдайды;



      6) тәрбиеленушілердің, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға, олардың құқықтарын қорғауға, тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларды физикалық, психикалық және өзге де зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктен қорғауға жәрдемдеседі;



      7) санитариялық-гигиеналық жағдайлардың сақталуына, тамақтану сапасына, ауыз су режиміне, іргелес аумақтың жай-күйіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;



      8) мектепке дейінгі ұйым басшысының мектепке дейінгі ұйымның қызметі туралы есептерін жылына кемінде 2 (екі) рет тыңдайды;



      9) қиын өмірлік жағдайға тап болған тәрбиеленушілерге қолдау көрсету және материалдық-техникалық базаны нығайту үшін мектепке дейінгі ұйымның шотына түсетін демеушілік қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;




      10) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын отбасылардан шыққан тәрбиеленушілерген көмек көрсетудi ұйымдастыруға жәрдемдеседi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ерекше бiлiм алуды қажет ететiн балаларды, дарынды балаларды қолдау шараларын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;



      11) мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүргізуге жәрдемдеседі;



      12) ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне анонимді сауалнама жүргізу арқылы мектепке дейінгі ұйымда оқу жағдайларына қанағаттану дәрежесіне жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;



      13) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесіне мониторинг жүргізеді;



      14) мектепке дейінгі ұйымда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қызығушылықтары бойынша үйірмелерде және спорт секцияларына қамтылуына жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;



      15) педагогикалық ұжымға тәрбиеленушілердің отбасыларымен жұмысты жүзеге асыруға жәрдемдеседі, мектепке дейінгі ұйымының әкімшілігімен бірлесіп, жалпы ата-аналар жиналыстарын өткізеді;



      16) педагогтер, ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер арасында туындаған жанжалдарды шешуге жәрдемдеседі;



      17) мектепке дейінгі ұйым қызметінің мәселелері бойынша мәдени, сауықтыру іс-шараларын, конференцияларды, кеңестерді, семинарларды өткізуге жәрдемдеседі;



      18) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң және нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылауға қатысады.



      Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар кезектен тыс отырыстың қарауына шығарылады.



      15. Қамқоршылық кеңестің қызметі оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.



4-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру тәртібі


      16. Қамқоршылық кеңестің отырысы тоқсанына кемінде 1 рет өткізіледі. Қамқоршылық кеңестің отырыстарын бейнеконференцбайланыс режимінде өткізуге жол беріледі.



      17. Отырысты өткізу туралы ақпаратты Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелерін хабардар ете отырып, мектепке дейінгі ұйымның интернет-ресурсында орналастырады.



      Интернет-ресурстағы ақпарат отырыстың өткізілетін күнін, уақытын және орнын қамтиды.



      18. Отырыстарға азаматтық қоғамның бақылаушылары қатысады.



      19. Осы мектепке дейінгі ұйымның Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің арасынан Қамқоршылық кеңестің отырысында көпшілік дауспен ашық дауыс беру жолымен сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.



      20. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және оның қызметін осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын қамқоршылық кеңестің құрамына кіретін жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерін қоспағанда, Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.



      21. Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің немесе тәуелсіз тұлғалардың арасынан сайланатын және қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайтын Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңес отырыстарының материалдары мен хаттамаларын дайындауды, өткізуді, ресімдеуді қамтамасыз етеді.



      22. Отырысқа оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысса, Қамқоршылық кеңестің отырысы заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне не адамға сенімхат бойынша беруіне жол берілмейді.



      23. Қамқоршылық кеңестің шешімі оған қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы немесе Қамқоршылық кеңес төрағасының функцияларын жүзеге асыратын адам дауыс берген шешім қабылданады.



      24. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін білім беру ұйымының әкімшілігі заңда белгіленген мерзімде тиісті шешімдер қабылдай отырып қарайды.




      25. Қамқоршылық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды және мектепке дейінгі ұйымның басшысына келісуге енгізіледі.



      26. Білім беру ұйымының басшысы Қамқоршылық кеңестің шешімімен келіспеген кезде келіспеушіліктер оларды еңсеру үшін қамқоршылық кеңестен және мектепке дейінгі ұйымнан қатысушылардың тең саны қатысатын комиссия (бұдан әрі – келісу комиссиясы) құрылатын келісу рәсімдері арқылы шешіледі.



      Келісу комиссиясының мүшелері өз құрамынан Келісу комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен төрағаны сайлайды. Келісу комиссиясы келіспеушіліктер туындаған шешімдерді қарайды.



      Келісу комиссиясы шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Келісу комиссиясының шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. "Қолдаймын" немесе "қарсымын" дауыстар саны тең болған кезде келісу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.



      27. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін кеңес хатшысы мектепке дейінгі ұйымның интернет-ресурсында орналастырады.



      28. Мектепке дейінгі ұйымға қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша ғана жұмсалады.



      29. Мектепке дейінгі ұйымға қабылданған қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер:



      1) мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанда құрылған мектепке дейінгі ұйым үшін – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шотына;



      2) өзге ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған мектепке дейінгі ұйым үшін – екінші деңгейдегі банкте ашылған шотына аударылады.



      30. Қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер мынадай мақсаттарға:



      1) мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдауға;



      2) мектепке дейінгі ұйымның материалдық-техникалық базасын жетілдіруге;



      3) дарынды балаларды қолдауға;



      4) пәндік-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруға жұмсалады.



      31. Мектепке дейінгі ұйым жыл сайын қаржы жылының қорытындысы бойынша ата-аналар жұртшылығын осы мектепке дейінгі ұйымның интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қызмет нәтижелері туралы хабардар етеді.




      32. Осы кеңестің қызметі шеңберінде Қамқоршылық кеңес мүшесі алған, дербес деректерді қорғау, мемлекеттік және қызметтік құпия, коммерциялық құпия туралы қолданыстағы заңнамамен қорғалатын ақпарат үшінші адамдарғаға ашылмайды.


5-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату


      33. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:



      1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша;



      2) мектепке дейінгі ұйымды тарату, қайта ұйымдастыру кезінде;



      3) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі өткеннен кейін;



      4) Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде жүзеге асырылады.



      34. Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің құрамынан:



      1) жеке бастама бойынша (Кеңес төрағасының атына еркін түрдегі жазбаша өтініш негізінде);



      2) кеңес отырыстарында дәлелсіз себептермен жыл ішінде үш реттен артық болмау себебінен шығарылады.


 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 355 бұйрығына
2-қосымша

Орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі


      Ескерту. Бұйрық 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


1-тарау. Жалпы ережелер


      1. Орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Қамқоршылық кеңесiнiң (бұдан әрi - Қамқоршылық кеңес) қызметiн ұйымдастыру және оны сайлау тәртiбiн айқындайды.