Файл: А мен несептегі белокты адаалап, амбулаториялы баылау .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 424

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1 26 жастағы жүйті әйел жүктіліктің 28-аптасында әйелдер консультациясының дәрігеріне әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде созылмалы аурулар, жарақаттар мен операциялар жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. Аяқтары шамалы ісінген. Дене қызуы 36,5°С, пульс минутына 80 соққы, АҚ 140/90 мм с.б. Іштегі нәрестенің жүрек соғуы минутына 145-148, анық, ырғақты. Жатыры қозымсыз. Жыныстық жолдарында патологиялық бөлінді жоқ. Қанның жалпы талдамасында гемоглобин 123 г/л. Несептің бір реттік порциясында белок іздері. Қандай тәсіл қолданған дұрыс:

АҚ мен несептегі белокты қадағалап, амбулаториялық бақылау +

терапия бөлімшесіне жатқызу

2-деңгейлі перзентханаға жатқызу

3-деңгейлі перзентханаға жатқызу

акушерия және гинекология ҒЗИ жатқызу

2 Жүкті А., 29 жаста, УДЗ мәліметі бойынша - монохориальдық моноамниондық егіз, жүктілік бойынша консультация-диагностикалық бөлімшеге қаралады. 2013 жылғы 19 қыркүйектегі №18 "Көп ұрықты жүктілік" диагностика және емдеу клиникалық хаттамасына сәйкес оған жүктіліктің қай мерзімінде жоспарлы кесарь тілігін жасау көрсетілген?

жүктіліктің 31-32 аптасында

жүктіліктің 33-34 аптасында +

жүктіліктің 35-36 аптасында

жүктіліктің 37-38 аптасында

жүктіліктің 39-40 аптасында

3 24 жасар жүкті әйел жүктіліктің 30 апталық мерзімінде әйелдер консультациясының қабылдауына келгенде алғаш рет АҚ 150/90 мм с.б. Көтерілді. Шағымы жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. Ісінбеген. Қандай тәсілді қолданған дұрыс:

допегит таблеткасын ішуге беру

нифедепин таблеткасын ішуге беру

күкірт қышқылды магнезияның бастапқы мөлшерін салу

артериялық қысымды қайта өлшеу +

перзентханаға жатқызу

4 Жүктіліктің 32-аптасындағы әйел әйелдер консультациясының дәрігеріне эпигастри аймағының ауыратынына шағымданып келді. Жайылған ісінулер байқалады. АҚ – 160/90 мм с.б., 165/90 мм с.б., несептің бірреттік порциясындағы белок 3,6 г/л. Барынша негізделген тәсіл:

допегит таблеткасын беру

нифедепин таблеткасын беру

магнии сульфатының бастапқы мөлшерін салу +

нормодепин ішкізу

диуретиктер салу

5 Қайтадан жүкті, босанатын мерзімі жеткен 30 жасар әйел әйелдер консультациясы дәрігерінің қабылдауында отырғанда кенеттен ішінің ауырғанына шағымданды және жыныстық жолдарынан 250,0 мл көлемінде қан кетті, қан кету әлі де жалғасуда. Сонымен қатар жалпы әлсіздік, ентігу пайда болды. Жағдайы орташа ауырлықта, АҚ 90/60 мм с. б., тамыр соғысы минутына - 96 рет. Жатыры гипертонуста, оңжақ түтік бұрышын ауырсынады. Іштегі нәрестенің жүрек соғысы естілмейді. Бұл жағдайда берілген нұсқалардың қайсысын бірінші кезекте орындау керек?

ұрықтың КТГ

кіші жамбас УДЗ

айнамен тексеріп қарау

іншек арқылы тексеру

жедел жәрдем бригадасын шақыру +

6 Жүкті А., 23 жаста, консультация-диагностика қызметіне жүктілікті медикаментпен үзу мақсатында келді. Гинекологиялық және соматикалық тұрғыдан дені сау. Етеккірі 42 күн кешіккен. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №36 "Медициналық аборт" диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес медикаментпен аборт жасағанға дейін қандай негізгі диагностикалық шара тағайындау керек?

RW-ға қан тапсыру

АИТВ-ға қан тапсыру

хламидия, тазалық дәрежесін анықтауға сүртінді тапсыру

кеуде ағзаларын флюрографиядан өткізу

қанның клиникалық талдамасы +

7 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №36 "Медициналық аборт" диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес етеккір кешіккен соң қанша уақытқа дейін амбулатория-емханалық деңгейдегі медициналық ұйымдарда жүктілікті медикаментпен жасанды түрде үзуге болады?

етеккір кешіккен соң 21 күнге дейін

етеккір кешіккен соң 42 күнге дейін

етеккір кешіккен соң 50 күнге дейін

етеккір кешіккен соң 63 күнге дейін +

етеккір кешіккен соң 70 күнге дейін

8 Перзентханаға жүктілік мерзімі 37 апталық әйел қағанақ суының босанғанға дейін кетуіне байланысты түсті. Жағдайы қанағаттанарлық. АҚ В 120/80 мм.с.б. Пульс минутына 78 соққы. Дене қызуы 36,5С. Жатыры қозбаған. Іштегі нәрестенің жүрек қағысы анық, ырғақты, минутына 136. Жыныстық жолдарынан шамалы мөлшерде, иіссіз ашық түсті қағанақ суы тамшылауда. Қолданылатын акушерлік тәсілді атаңыз:

босану токолизін өткізу

24 сағат қадағалау +

жылдам антибиотикотерапияны бастау

босану индукциясын бастау

дексаметазонмен іштегі нәресте ТБС (тыныстық бұзылу синдромы) профилактика жүргізу

9 Екінші рет аяғы ауыр М. 26 жаста, жүктілік мерзімі 38 апта және 4 күн. Іштегі нәресте басымен жатыр, болжалды салмағы 4000,0 гр. 2016 жылғы 9 маусымдағы №4 "Іштегі нәресте ірі болғанда босандыру (макросомия)" диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес қандай жағдайда оған босану кезінде шұғыл кесарь тілігін жасау ұсынылады?

нәресте жамбасымен келгенде

жалпы біркелкі тарылған жамбаста

жатырдың даму ақауында

босану прогресі қанағаттанарлықсыз болғанда +

экстрагенитали патологиясы болғанда (компенсацияланған)

10 Гинекология бөлімшесіне 26 жастағы әйел түсті, ішінің төменгі жағының қатты ауыратынына, дене қызуы 38,5С-қа дейін көтерілгеніне, жүрегі алып, құсатынына, жыныстық жолдарынан іріңді бөлінді шығатынына шағымданады. Анамнезінен: ілкі бедеулік, 10 күн бұрын гистероскопия жасалған. Тері жамылғысы бозғылт. АҚ 90/60 мм.с.б. Пульс минутына 90. Іші ісінген, төменгі жағы ауырады. Ішперденің тітіркену симптомы оң. Айнамен қарағанда: жатыр мойнағының сілемейі қызарған, сірнелі-ірің тәрізді шығынды. PV: жатыры кішкентай, ауыратындықтан қосалқыларын палльпациялау мүмкін емес, жатырдың оңжағында және солжағында жиегі анық емес, қозғалмайтын түзілім сезіледі, қамыр тәрізді консистенциялы. Күмбезі терең, ауырсындырады. Қан талдамасы: гемоглобин – 102 г/л, эритроциттер – 3,3×1012/л, лейкоциттер – 20,6×109/л. СОЭ 40 мм/с. УДЗ – жатыр артындағы кеңістікте сұйықтық бар, жатыр түтікшелерінде сұйықтық бар, жатыр түтікшелерінің қабырғасы қалыңдаған. Ықтимал диагноз:

жатырдан тыс жүктілік

жіті аппенидицит

анабез ұшының бұратылуы

жіті сальпингоофорит +

жіті эндометрит

11 Пациент 27 жаста, оңжақ үлкен сарпайдың жапсары аймағының ауыратынына және дене қызуының 39,0 С-қа көтерілгеніне, жүргенде ауырсынады. Объективті: үлкен сарпайдың оңжақ жапсары ісінген, ауырсынады, қызарған, пальпациялағанда жұмсарған аймақтар бар. Ықтимал диагноз:

бартолини безінің жылауығы (киста)

сарпай аймағының гематомасы

бартолини безінің абсцесі +

сарпайдың үлкен жапсарының фурункулезі

парауретралық жылауық

12 Пациент А., 27 жаста. 2 күннен бері ішінің оңжақ бөлігінің ауыратынына, әлсіздікке, басы айналатынына шағымданады. Ауырсыну тікішекке беріледі. 23 жасынан бастап жыныстық қатынасқа түскен, бір рет жүкті болған, бірақ түсік түсіп қалған. Соңғы етеккірі 1,5 ай бұрын келген. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, терісі бозғылт, температура 37,2 °С, пульс минутына 84 соққы, АҚ 110/70, 105/70 мм с. б. Іші жұмсақ, пальпация кезінде төменгі бөліктері, әсіресе оңжағы ауырады. Іншекті бимануальды (қолмен) тексергенде: жатыры шамалы үлкейген, ығысуы бірден ауыртады. Жатырдың солжақ қосалқысы анықталмады. Жатырдың оңжағында контуры айқын емес, қамыр консистенциялы, ісік тәрізді түзілім пальпацияланады. Шығындылар аз, қара қоңыр түсті. УДЗ-да жатыр қуысында ұрық жұмыртқасы көрінбейді, жатырдың оңжағында тығыз, эхогенді, сақина тәрізді формалы түзілім анықталды. 2013 жылғы 19 қыркүйектегі №18 "Жатырдан тыс (эктопиялық) жүктілік" диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес ультрадыбыспен зерттеу негізінде жатыр қуысында ұрық жұмыртқасы жоқ болғанда, қан сарысуындағы адамның хориондық гонадотропинінің қандай мөлшері жатырдан тыс жүктілікті нақтылайды?

500 МЕ/мл

700 МЕ/мл

800 МЕ/мл

900 МЕ/мл

1000 МЕ/мл жоғары болса +

13 29 жастағы пациент етеккірінің тұрақсыздығына, 9 айға дейін кешігетініне, 7 жылдан бері салдарлық бедеулікке шағымданады. Анамнезінде 1 рет босанған. Объективті: II дәрежелі семіздік, босанғаннан кейін басталған, нормостениялық тип, салдарлық жыныстық белгілері дұрыс дамыған. Миыны КТ жасалды: гипофиздің микроаденомасы. Диагнозды нақтылау үшін бірінші кезекте қандай тексеруді жүргізген дұрыс:

гонадотропиндер деңгейін анықтау

рилизинг-гормондармен сынама

пролактин деңгейін анықтау +

ТТГ деңгейін анықтау

АКТГ деңгейін анықтау

14 16 жастағы қыз етеккірінің келмеуіне байланысты келді. 15 жасынан бастап ай сайын ішінің төменгі жағы ауырады, бір апта бұрын ішінде ісікті анықтаған. Тексеріп қарағанда: бойы 160 см, салмағы 50 кг, салдарлық жыныстық белгілері жақсы дамыған. Ішін пальпациялағанда ісік тәрізді түзілім анықталады, жоғарғы шеті қасағадан 4 см жоғары. Сыртқы жыныстық ағзалары әйел типі бойынша дамыған, іншекке кіреберісте көгіс тартқан томпаю бар. Ректоабдоминальдық тексергенде кіші жамбас қуысында өлшемі жүктіліктің 16-17 аптасына сәйкес келетін түзілім анықталды, қосалқылары анықталмады. Қандай тәсілді қолданған дұрыс:

жатыр қуысын қырнау

сарпайдың жапсарын кесу

қыздық пердені кесу +

диагностикалық лапароскопия

диагностикалық гистероскопия

15 29 жастағы пациент етеккірінің тұрақты түрде келмейтініне, әлсіздікке, терісінің құрғақтығына және шашының түсетініне шағымданады. Қозғалысы мен сөйлеуі баяу. Беті, әсіресе көзінің айналасы ісінген. Терісі сарғыш реңкті бозғылт, шынтақтары қабыршақтанған. Шашының түсі көмескі, құрғақ және сынғыш, қатты түседі. Диагнозды нақтылау үшін бірінші кезекте қандай тексеру әдісін жүргізген дұрыс:

гонадотропиндердің деңгейін анықтау

рилизинг-гормондармен сынама

пролактин деңгейін анықтау

ТТГ деңгейін анықтау +

АКТГ деңгейін анықтау

16 34 жастағы әйел оңжақ емшегінде бұршақ дәні мөлшеріндей ісік тәрізді түзілімнің пайда болғанына шағымданады. Тексеріп қарағанда: солжақ емшегінде өзгеріс жоқ, оңжақ емшегінде жоғарғы сыртқы квадрантта дөңгелек формалы, тегіс, серпімді консистенциялы, жылжымалы, теріге жабыспаған, диаметрі 2 см-ге дейін, пальпациялағанда ауырсындырмайтын түзілім анықталды. Барынша негізделген емдеу тәсілі:

қабынуға қарсы терапия

гормондық жақпамайларды сыртқа қолдану

гормондық препараттарды қолдану

емшекті алып тастау

емшекті бөліктік резекциялау +

17 Қайта аяғы ауыр 36 жастағы әйел, жүктілігіне 38 апта, ішінің төменгі жағының сұққылап ауыратынына, шаншитынына шағымданады. Анамнезінде 2 рет кесарь тілігі операциясы жасалған. Жағдайы қанағаттанарлық. Пульс минутына 76 соққы. АҚ 110/70 мм с.б. Жатыры қозымсыз. Іштегі нәрестенің жүрек қағысы анық, минутына 136 соққы. Пальпация кезінде жатырдағы болжалды тыртық аймағында ауырсыну күшейеді. Жатыр моойнағы Бишоп межесі бойынша 9 балл. Нәресте басымен келген. Мүйіс қолжетімсіз. Шығынды сілемейлі. Қандай диагноз болуы мүмкін:

жалған толғақ

босанудың I кезеңі

плацентаның мерзімінен бұрын ажыратылуы

жатырдың тыртық бойынша жыртылу қаупі +

жатырдың тыртық бойынша жыртылуы

18 Босанудың I кезеңі. Басы кіші жамбасқа кірер жерде. Жатыр мойнағы 4 см ашылған. Ұрық көпіршігі бүтін. Солжақта ішкі аңқаның кеңістігінің үшінші бөлігін плаценталық тін алып жатыр. Аздап қан кетуде. Барынша ықтимал диагноз:

плацентаның толық алда жатуы

плацентаның жартылай алда жатуы +

төмен орналасқан плацентаның ажырауы

қалыпты орналасқан плацентаның ажырауы

төмен плацентация

19 23 жастағы жүкті әйел жүктілік мерзімі 28 апта, дәрігерге кіші дәретке жиі шығатынына, дене қызуы 37,5°С-қа дейін көтерілетініне,оңжақ бел аймағында ауырсыну пайда болып, шап аймағына берілетініне шағымданып келді. Соматикалық дені сау. АҚ 110/65 мм с. б., пульс минутына 90 соққы. Шаншу симптомы оңжақта оң. Қанның жалпы талдамасы: аз мөлшерде лейкоцитоз, СОЭ жылдамдатылған. Несептің жалпы талдамасы – лейкоцитурия, бактерии++. Болжалды диагноз:

гестациялық пиелонефрит. +

несептас ауруы

уросепсис

жіті пиелонефрит

жіті цистит

20 Қайта аяғы ауыр 29 жастағы әйел жүктіліктің 37 аптасында патология бөлімшесіне ішінің төменгі жағының тартып ауыратынына шағымданып түсті. Анамнезінен соматикалық патология жоқ. Алдыңғы жүктілігінде салмағы 4500 г нәресте босанған. АҚ 110/70 мм с. б., пульс минутына 82 соққы. ДМИ - 35 кг/м2. Жатыры қозымсыз. Іштегі нәрестенің жүрек қағысы анық, ырғақты, минутына 140 соққы. Іштегі нәрестенің болжалды салмағы 4200 г. Жыныстық жолдарынан патологиялық шығынды бөлінбейді. Жатыр мойнағы Бишоп межесі бойынша 7-8 балл. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша тексеру жүргізген дұрыс:

кіші жамбас ағзаларын УДЗ

ішперде қуысы ағзаларын УДЗ

қандағы жалпы белокты анықтау

қан құрамындағы гемоглобинді анықтау

ашқарынға глюкозаны анықтау +

21 6 жастағы қыз сыртқы жыныстық ағзалары аймағы қышитынына, кіші дәретке шыққан соң ашитынына шағымданады. Тексеріп қарағанда сарпайдың кіші жапсары кейбір тұстарында сұр немесе ақ жұқа пленкамен жабысқан. Ем жүргізілмесе бұл аурудан қандай асқыну туындауы мүмкін. Қандай тәсіл қолданған дұрыс:

антибактериялық терапия

вирусқа қарсы терапия

иммунитетті модуляциялайтын терапия

гормондық терапия

жыныстық ағзалар гигиенасы +

22 Босанушы 20 жаста, жүктіліктің 37-аптасында шала туылу белгілерімен ұл баланы дүниеге әкелді. Апгар межесі бойынша баға 7-8 балл. Тексерген кезде солжақ өкпенің бір бөлігінің гипоплазиясы анықталды. Тамақтандырудың қандай тәсілі барынша оңтайлы (дұрыс):

тек қана емізу +

көбінесе емізу керек

балаларға арналған құрғақ қоспалар

емшек сүтін сауып қасықпен беру

емшек сүтін сауып зонд арқылы беру

23 30 жастағы әйел, жүктілік 22 апта. Артериялық гипертензиядан зардап шегеді. Жүктілердегі АГ емдеу кезінде артериялық қысым деңгейінің қай көрсеткіштері оңтайлы диапазон болып табылады?

систолалық АҚ көрсеткіштері 130-140 мм сын.б.б. және диастолалық АҚ көрсеткіштері 80-90 мм сын.б.б. +

систолалық АҚ көрсеткіштері 120-125 мм сын.б.б. және диастолалық АҚ көрсеткіштері 80-90 мм сын.б.б.

систолалық АҚ көрсеткіштері 110-120 мм сын.б.б. және диастолалық АҚ көрсеткіштері 70-85 мм сын.б.б.

систолалық АҚ көрсеткіштері 110-125 мм сын.б.б. және диастолалық АҚ көрсеткіштері 60-90 мм сын.б.б.

систолалық АҚ көрсеткіштері 100-110 мм сын.б.б. және диастолалық АҚ көрсеткіштері 65-85 мм сын.б.б.

24 39 жасар әйел 5 ай бойы мазалайтын ауырсынатын ауыр етеккірлерге шағымданып дәрігерге жүгінді. Бұрын етекккір қалыпты болған және 28 күндік аралықпен жүріп, 3 күн жалғасқан. Қазір 7-8 күн жалғасады, көп мөлшерде, ұйындылармен. Кіші жамбас қуысы ағзаларын зерттеуде - жатыр енжар, біртекті үлкейген,жүктіліктің 8 аптасына сәйкес. Жүктілікке зәр тесті теріс. Науқас жағдайының себебі не болуы мүмкін?

жатыр полипі

эндометрий карциномасы

эндометрий тінінің аномальды қалыңдауы

жатыр қабырғасында эндометриальды тін +

миометрийдің қатерсіз ісігі

25 Босанғаннан үш апта өткен соң, 28 жастағы әйел дәрігерге қаралу үшін барған. Анамнезде - босанғаннан 2 күн өткен соң оған «босанғаннан кейінгі эндометрит» диагнозы қойылды, оған ем ретінде 2 күн антибиотиктер т/і тағайындалған. Емшекпен емізу кезінде оның ауырсынуы мен ісінуі басталды, жиі емізу және жылы компрессті қолдану салдарынан симптомдар төмендеді. Медициналық тексеруде ешқандай ауытқулар жоқ. Науқас контрацепцияның сенімді әдісіне қызығушылық танытады. Науқасқа контрацепцияны қабылдау үшін не ұсыну керек?

Жатырішілік спираль

спермицид

эстрогенді бұласыр

базальды дене температурасы әдісі

тек прогестин бар ұрықтануға қарсы таблеткалар +

26 26 жастағы жүкті әйел қынаптан қан кету және іштің төменгі жағының ауырсыуы салдарынан келді. Соңғы 4 аптада науқаста жүрек айну мен шаршау болды. Соңғы етеккір 9 апта бұрын болған. Өмірлік көрсеткіштер қалыпты. Жатыр жүктіліктің 9 аптасына сәйкес келеді. Жүктілік сынағы оң. ᵦ-АХГ деңгейі - 108 00 ХБ/л. Трансвагинальды ультрадыбыс ұрықтың анық емес, аморфты бөліктерін және көптеген кисталық кеңістігі бар үлкен плацента көрсетеді. Бұл жағдайдың ықтимал себебі неде?

Ұрықжолдастың ажырауы

Өздігінен түсік

Жартылай молярлы жүктілік (ішінара көпіршікті ену) +

Хориокарцинома

Толық молярлық жүктілік (толық көпіршікті ену)

27 23 жасар әйелде босанудан соң 2 күннен кейін шүйдеде үдемелі пульсациялайтын ауырсыну пайда болды. Аурысыну мойын және иықтар аймағына тарайды. Жүрек айну және бір рет құсу эпизоды болды. Әйел қараңғы және тыныш бөлмеде болғанды қалайды. Жуынатын бөлмеге бару үшін тұрғанда симптомдар күшейеді, ал жатқанда шамалы жақсарады. Сәйкес жансыздандырумен эпидуральды анельгезияны өткерді. Неврологиялық зерттеу - патология анықталған жоқ. Ауруды басқаруда анағұрлым орынды келесі қадамды анықтаңыз:

Аспиринді тағайындау

КТ-ангиография

Қатаң төсектік режим

Жұлын-ми сұйықтығын талдау

Эпидуральды инъекция орнын «жамау» (қанның эпидуральды инъекциясы) +

28 Қабылдауға 15 жасар қыз анасымен келді. Қызды 2 күн ішінде іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, диарея, тәбеттің жоғалуы туралы алаңдатады. Соңғы етеккір 3 апта бұрын болған. Дене қызуы - 37,6°C. Қарап тексергенде, төменгі оң квадрантта пальпация кезінде іштің ауырсынуы және кернеуі. Қанда - лейкоциттер - 12 600/мм3. Науқастың ықтимал себебі неде?

Шажырқайдың бактериялық лимфадениті

Дивертикулит


Жедел аппендицит +

Жатыр түтігіндегі жүктілік

Жедел ішек өтімсіздігі

29 35 жастағы әйел дәрігерге соңғы 2 айда мазалай бастаған жыныстық қатынастан кейін қынаптан қан кетуіне байланысты келді. 13 жастан бастап менархе, тұрақты етеккір, 28 күндік цикл. Гинекологиялық тексеру - жатыр мойнының тұрақты емес зақымдануы. Жатыр мойны биопсиясының гистологиялық бағасы - жатыр мойны қатерлі ісігін растайды. Бұл қатерлі ісік ауруын қандай жасушалар тудыруы мүмкін?

Жай түтікшелі безді эпителий

Жыпылықтайтын жай бағаналы эпителий

Жай куб тәрізді эпителий

Мүйізденген көп қабатты жалпақ эпителий

Мүйізденбеген көп қабатты жалпақ эпителий +

30 48 жастағы әйел жоспарлы қабылдауға келді. Анамнезінде 2 типті диабет, жүректің ишемиялық ауруы. Ол метформин, аспирин, аторвастатин, лосартан қабылдайды. ДСИ - 30 кг / м2. HbA1c - 8%. Ол артық салмақ алуға қорқатындықтан, инсулин енгізуге келіспейді. 2 типті натрий глюкоза тасымалдаушысының ингибиторы (SGLT2) диабет үшін тағайындалды. Бұл препараттың жанама әсерінің ең үлкен қаупі қандай?

Липодистрофия

Қынаптық кандидоз +

Гипогликемия

Агранулоцитоз

Сүйек сынуы

31 36 жасар әйел, жүктіліктің 31 аптасында бір күн бойы жалғасқан ауырсынатын, ашық-қызыл түсті қан кету бойынша жүгінді. Науқас ешқандай жиырылуларды сезбеген. Анамнезінде - 2 жүктілік, ұрықжолдастың ауытқумен орналасуына байланысты кесарь тілігі арқылы босандыру. Ұрықтың жүрек соғуы баяулаусыз. УДЗ-да келесі нәтижелердің қайсысы анағұрлым болуы мүмкін?

Жатырдың мойын бөлімінен жоғары ұрықжолдас +

Ұрықжолдастың ажырауы

Кеңейген жатыр мойнында гестациялық қапшық

Ретроплацентарлы гематома

Мембраналық кіндікті тамырлар

32 Жүктілік мерзімі 35 апта 3 күн. Өзінің айтуынша 30 минут бұрын шарана айналасы суы аздап кеткен. Жағдайы қанағаттанарлық. АҚ 110/70, пульс-78. Ұрықтың жүрек қағысы ырғақты, минутына 140 соғуға дейін. Жатыр тонусы қалыпты. Айнамен тексергенде артқы күмбезінде ашық түсті шарана айналасындағы су көрінеді. Мүмкін болатын диагноз қандай?

Ұрық қабының босануға дейін жыртылуы.

Шарана айналасы суының мерзімінен бұрын кетуі.

Шарана айналасы суының мерзімінен бұрын кетуі. +

Босанудың 1-ші кезеңі. Шарана айналасы суының мерзімінен бұрын кетуі.

Жалған толғақтар. Шарана айналасы суының ерте кетуі.



33 Қайта босанушы 32 жаста, 20 апталық мерзімде есепке тұрған. Анамнезінен- екінші-жүктілік, 1-ші жүктілік өздігімен босану, асқынусыз. Созылмалы аурулары жоқ. Объективті: ДМИ- 32кг/м2. Тексеру барысында гликемия 6.2 ммоль/л. Айтуы бойынша қандағы қантты 1 жыл алдын тексерген. Бұл жағдайда бала үшін ең ықтимал болжам қандай?

құрсақішілік өсудің кідіру ықтималдығы

туа біткен жүрек ауруының жоғары қаупі

туылған кезде салмағы 2500 г-дан аз болу ықтималдығы

үлкен ұрықтың жоғары қаупі +

ерте босану қаупі жоғары

34 25 жастағы алғашқы жүкті әйел әлсіздік, бас ауруы, оң жақ бел аймағында ауырсыну, дене қызуының жоғарылауына шағымданды. Жүктілік мерзімі 12 апта.Объективті: жағдайы орташа ауырлықтағы, Т 38°С, пульс 92 рет / мин, АҚҚ 120/80 мм рт ст. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Оң жақта бел аймағында ұрғылау симптомынан ауырсыну анықталды. Зәр шығару ауру сезімсіз. ЖЗА: лейкоциттер көру алаңында 20-30, бактериялар +++. Қандай антибиотикті тағайындау тиімді болады?

Аминогликозидтер

Макролидтер

Нитрофурандар

Жартылай синтетикалық пенициллиндер +

Фторхилондар

35 Қайтадан босанушы 30 жаста, 34 апта жүктілікте кезекті дәрігер қабылдауына келді. Шағымы жоқ. Анамнезінен есепке жүктіліктің 10 апталығында тұрды. Қосымша аурулары: созылмалы пиелонефрит. Қазіргі уақытқа дейін жүктілік асқынусыз өтті. Әйелдер кеңесінде бірінші рет екі реттік өлшеуде АҚҚ 150/95 мм.рт.ст болды. Артериялық гипертензияның ең ықтимал себебі қандай?

Гипертониялық ауру

Преэклампсия +

"Ақ халат" синдромы

Созылмалы пиелонефрит

Нейроциркуляторлы дистония

36 Қайтадан босанушы 32 жаста, 30 апталық жүктілікте жалпы әлсіздік, бас айналуы, тез шаршағыштыққа шағымданады. Обьективті: тері жамылғылары бозғылт, арықтау және тырнағының сынғыштығы байқалады. Пульс 86 рет минутына, АҚҚ 100/60 мм.рт.ст. Жатыр өлшемдері жүктіліктің уақытына сәйкес келеді. Жүрек соғысы анық, ырғақты 140 рет минутына. Мүмкін болатын болжама диагноз қандай?

Апластикалық анемия

Темир тапшылықты гипохромды анемия +

Преэклампсия

Артериальды гипотония

В 12 витамин жеткіліксіз анемия

37 Қайта босанушы 26 жаста, шағымдары тыныс жеткіліксіздігі, әлсіздік, тері құрғақтығы, тұрақты бас түрде айналуы. Жүктілік уақыты 28 апта. Бұл жүктілік 2-ші, босанулар-1. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Пульс 82 рет мин. Жатыр жүктілік уақытына сәйкес келеді, қозбаған. Ұрықтың жүрек соғуы 140 рет минутына, анық, ырғақты. Жыныс жолдарынан патологиялық бөлінділер жоқ . ЖҚА: Эритроциттер – 2,8х1012/л; Гемоглобин - 90 г/л; Түстік көрсеткіш-0,6. Дәрігердің тактикасы қандай?


Темір сульфаты 40-50 мг / тәул ауыз арқылы қабылдау 2 апта

Темір сульфаты 60-90 мг / тәул 2-3 ай ауыз арқылы қабылдау

Темір сульфаты 100-120 мг / тәул 1,5 – 3 ай ауыз арқылы қабылдау +

Темір III гидроксидті сахароза кешені 100 мг әр күн сайын көктамыр ішіне № 7

Гематология бөліміне госпитализация

38 Науқас 32 жаста, шағымдары ішіндегі ауру сезімі, дене қызуының жоғарылауы 38,0 С, жалпы әлсіздік. Жыныс аймағынан бөліндінің болуы. Анамнезінен 5 күн алдын жатыр қуысын қыру арқылы түсік жасатқан. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, пульс 100 рет минутына, АҚҚ 110/70 мм.рт.ст. Гинекологиялық тексеріс кезінде: жатыр өлшемдері қалыпты, консистенциясы жұмсақ, жатыр қосалқылары екі жағынан да анықталмайды, қынап күмбездері терең. Қанда: лейкоцит- 15,2х109/л, ЭТЖ - 45 мм/сағ. Болжама диагноз қандай?

параметрит

сальпингоофорит

пельвиоперитонит

эндометрит +

эндоцервицит

39 29 жастағы науқас отбасын жоспарлау бөліміне келді. Анамнезден: жүктілік - 2, жедел босану -2, соңғы босану 3 ай бұрын.Бала тек қана емшек сүтімен қоректенеді. Бала туылғаннан кейін етеккірі болған жоқ. Кеңес бергеннен кейін медроксипрогестеронды инъекциялық контрацептив таңдады. Бірінші иньекцияны бірінші рет қашан жасау керек?

кез келген уақытта, егер жүктілік жоққа шығарылса +

босанғаннан кейін 6 айдан соң

босанғаннан кейін 12 айдан соң

етеккір қалпына келген соң 5 күн

емізуді аяқтағаннан кейін

40 15 жасар қыз бала, гинекологқа беліндегі спастикалық және іштің төменгі жағындағы ауру сезімге шағымданып келді. Анамнезінде етеккірі әлі ешқашан болмаған. Объективті: Жыныс дамуы Ма3Ах3Р3Ме0. Сыртқы жыныс органдары дұрыс дамыған, түктену әйелге тиесілі, қыздық перде көкшіл дөңес ісінген жыныс жолында көрінеді. Ректоабдоминальды зерттеу кезінде:тығыз, серпімді консистенциясы 7,0 * 8,0 см көлемді, орташа ауырсынатын көлемді пальпацияланады. Қандай болжама диагноз?

Гимен атрезиясы +

аналық без кистасы

қынап атрезиясы

жатыр аплазиясы

қынап кистасы

41 Балалар дәрігеріне 2 апталық қызын алып анасы төмендегідей шағымдармен келді: сүт бездері үлкейген және жыныс жолынан әлсін-әлсін мардымсыз қанды бөлінулер ағады. Анамнезі: туылған кездегі салмағы 2850 г, ата-анасының дені сау, тұқымқуалаушылық негізделмеген. Сіздің диагноз?

аналық бездің гормон өндіретін ісігі

жаңа туған нәрестедегі гормондық криз +

мезгілінен бұрын жыныстық жетілудің толық түрі

жаңа туған нәрестенің босану травмасы

бүйрекүсті безі қыртысының туа бітті дисфункциясы


42 Науқас 29 жаста, отбасына жоспарлау кабинетінде, сенімді контрацепция әдісін қолданғысы келеді. Жүктілікті 3 жылдан бері жоспарлап жүр. Анамнезінен: етеккір функциясы бұзылған жоқ. Жүктілік -1, босану -1. Қосымша аурулар: аурамен мигрень. Зиянды әдеттер жоққа шығарады.Қандай контрацепция әдісі науқас үшін қолайлы?

барьерлік

күнтізбелік

Қос голландық

комбинирленген оральды контрацептивтер

жатырішілік контрацепция +

43 Науқас 68 жаста, дәрігерге сол жақ сүт безіндегі өзі анықтаған құрылымға шағымданып келді. Анамнезінен: менопауза 18 жыл бұрын. Объективті: сүт бездері симметриялы, ісіну, қызару жоқ, емізікшелері патологиясыз . Сол жақ сүт безін пальпациялағанда жоғарғы сыртқы квадрантта сол жақ сүт безін пальпациялау кезінде ауыртпалықсыз диаметрдегі 1 см шамасымен бір тығыз түйін анықталды. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Дәрігердің ықтимал тактикасы қандай?

маммография

2 аптадан соң қайтадан тексерілу

сәулелік терапия

хирургиялық ем

биопсия +

44 Науқас 38 жаста шағымдары етеккірдің тұрақты келмеуі. Анамнезінен: Етеккірі 14 жастан, 5күннен, 28 күн аралығында, бірақ соңғы 1 жылда ретсіз, үзіліс 8 айға дейін болды. Жүктілік-2, босану-2. Объективті: нормостеникалық дене бітімі, ДМИ 30 кг/м2. Екіншілік жыныстық белгілері дұрыс дамыған. Гинекологиялық қарау: жатыр және жатыр қосалқылары патологиясыз. Гормондарды зерттеу: ФСГ, ЛГ,ТТГ қалыпты мөлшерде. Пролактин 100 нг/мл (қалыпты 6.0-27,0 нг/мл). Бұл жағдайда қандай қосымша зерттеу әдісі ең орынды?

бас миы КТ

түрік ершігінің рентгенографиясы

гипофиздың күшейтілген контрастпен МРТ +

кіші жамбас қуысы УДЗ

қалқанша безі УДЗ

45 42 жастағы науқас түнгі уақытта күшейе түсетін сыртқы жыныс мүшелерінің қатты қышуына шағымданады. Гинекологиялық тексеру кезінде вульваның және қынаптың шырышты қабатының ісінуі мен гиперемиясы, бөлінді ақ түсті. Қандай қоздырғыш болуы мүмкін?

Streptococcus aureus

Candida albicans +

Chlamydia trachomatis

Trichomonas vaginalis

Neisseria gonorrhoeae

46 32 жастағы әйел шаршау, кеуде қуысының ауыруы, зәр шығару жиілігінің жоғарылауы және 2 апта ішінде мерзімді жүрек айнуының салдарынан дәрігерге барған. Соңғы етеккір циклі 7 апта бұрын болды. Анамнезінде Карбамазепинмен емделген эпилепсия бар. Қарау кезінде ешқандай патология анықталмады. Жүктілік сынағы оң. Туылмаған баланың асқыну қаупі қандай?

бүйрек дисплазиясы

жүйке түтігінің ақауы (менингоцеле) +

тіс түсінің өзгеруі

нейросенсорлық құлақ мүкістігі