Файл: А мен несептегі белокты адаалап, амбулаториялы баылау .docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.11.2023
Просмотров: 665
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Литий тұздары
Антидепрессанттар +
Ноотропты препараттар
474 34 жастағы әйел. Ол ЖПД/ВОП ауаның жетіспеушілігі, пароксизмальды құрғақ жөтел, жүрек соғысы, дене қызуы туралы шағымдармен жүгінді. Сондай-ақ, түнгі ұйқының бұзылуына, ұйқы кезінде тұншығудан қорқуға шағымданады. Мұның себебі қызының қатты салқындап қабынып қалғаны. Қазір қызының денсаулығы жақсы, дегенмен анасы аландаушы. Тексеру кезінде соматикалық сау. Психикалық бұзылыстың бұл түрі қалай аталады?
Созылмалы соматоформды ауырсыну күйзеліс
тыныс алу жүйесінің соматоформды вегетативтік дисфункциясы +
Неврастениялық күйзелістер
Паникалық жағдай
Ипохондриальді ауырсынулы күйзеліс
475 "Патронажға барған дәрігер 33 жастағы әйел ажырасуын қиын қабылдағанын естіді, оның екі баласы үшін жаман ана болды деп сенетінін және әйел сияқты басқа ер адамдарға қызығушылық танытпайтынын анықтады. Суицидтік ойлар жиі келе бастады. Дәрігермен әңгімелесу кезінде ол бір жақты фразалармен сөйлеседі, немқұрайды, сөйлеуі баяу. Ұйқысы нашарлаған, қорқынышты эпизодтар көреді. Анамнезінде: тұқым қуалаушылық ауыртпалық емес. Соматикалық аурулары жоқ.
Бұл жағдайда дәрі-дәрмектердің қандай топтарын қолдануға болады?"
Седативті препараттар
Антидепрессанттар +
Транквилизаторлар
Нейролептиктер
Миорелаксанттар
476 Меланомаға дейін невустың малигнизациясы дамуына қандай фактор әсер етуі мүмкін?
күн сәулесінен күю
невус жарақаты +
Дерматиттер
адамның папиллома вирусы
Эпштейн-Барр вирусы
477 "42 жастағы ер адам құрамында қан талшықтары бар жиі құсудың пайда болуын, үлкен дәреті сұйылып, қара түсте, ет тағамдарына жағымсыздық білдіруі, қатты әлсіздікті, бас ауруын, құлағы шулауына, тәбеттің және ұйқының нашарлағаның атап өтеді. Жарты жылда 10 кг-ға салмақ тастап жүдеген, жүрек айнуы, эпигастриядағы тұрақты, тұйық ауырсыну сезінуі. Объективті тексеруде: дене салмағы төмен. Пульс минутына 112 рет, қан қысымы 100/70 мм рт.ст. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағ ауырсынады, өлшемі 6х7 см дөңгелек ісінген өспе пальпацияланады. ҚЖА: эритроциттер - 2, 7х1012/л, гемоглобин – 84 г/л, лейкоциттер - 13х109/л, ESR - 44 мм/сағ.
Осындай жағдай қандай ауруға болжам туындайды?
"
ГЭРБ
біріншілік билиарлы цирроз
асқазанның және 12-елі ішектің ойық жарасы
асқазанның қатерлі ісігі +
ұйқы бездің қатерлі ісігі
478 48 жастағы науқас эпигастриаллды аймағының ауырсынуына, тәбеттің төмендеуіне, дене салмағының төмендеуіне, мезгілді лоқсудың болуына, темекі және алкоголді зиянды әдеттері бар. Тері жабынының сарғаюы, пальпациялау кезінде іштің эпигастриалды аймағы мен оң жақ қабырға астының ауырсынуына шағымданды, Курвуазье симптомы-оң. Ультрасонография кезінде ұйқыбезінің ұлғаюы байқалды. Талдау нәтижесінде: холестериннің, қышқылдық фосфатазаның, билирубиннің саны артқан. Қандай диагноз қою тиімділігі жоғары?
Бауырдың оң жақ бөлігінің карциномасы
Асқазанның пилороантралдық аймағының карциномасы
Созылмалы токсикалық гепатит
Ұйқы безінің бас бөлігінің карциномасы +
созылмалы панкреатит және холецистит
479 Әйел кісі, 45 жаста. Мойын және қолтықасты аймақтағы көпдеген папилломаларға шағымданады. Қарау барысында: мойын және қолтықасты аймақта жұмсақ, жіпше тәрізді, терінің түсіндей, ауырмайтын өсінділер анықталған. Келтірілген медициналық мекемелердің қайсысында науқас әрі қарай динамикалық бақылауда және емделуге жіберілу қажет?
жергіліті тіркелген амбулаторлы-емхана +
онкологиялық орталықтар
облыстық онкологиялық диспансер
онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты
ұлттық ғылыми онкологиялық орталық
480 Науқас 60 жаста, қабылдауға қайта келген. Шағымдары: тыныштық кезіндегі ентікпе, әлсіздік, өзін нашар сезіну, түнгі уақыттағы тершеңдік. Қарау барысында: ЧДД- минутына 32, аускультация кезінде сол жақ өкпенің тынысы әлсіздеу. Рентгенограммада - сол жақ плевра қуысында эксудативті плеврит. Пункция кезінде 1 литр геморрагиялық сұйықтық аспирацияланған. Бақылау рентгенде сол жақ өкпенің төменгі бөлігінің ісігі анықталды, пунктаттың цитологиялық құрамы - ұсақжасушалы ісік жасушалары табылды. Аталған науқасты жүргізу тактикасы:
жедел госпитализация
Амбулаторлық емдеу
Динамикалық бақылау
жоспарлы госпитализация +
Хирургиялық емдеу
481 Әйел адам, 62 жаста, шағымдары жоқ. Қарау барысында оң жақ емшек ұшы ішке қарай тартылған, сүт безі үлкен, пальпация кезінде түйінді түзілістер жоқ. Диагнозды анықтау үшін негізгі зерттеу әдісін атаңыз:
Торакоскопия
Сканирлеу
Маммография +
Пункционды бипсия
Ультрадыбыстық зерттеу
482 Ер адам 49 жаста, профилактикалық қарау кезінде шағымдары жоқ. Флюорография кезінде сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде доңғалақ шар тәрізді көлеңке анықталды, өкпелік суреттің нығаюы. Рентгенограммада - өлшемі 2,5 см болатын, шеткі контурлары анық, шар тәрізді түзіліс анықталды. Диагностикалық тұрғыдан науқасты жүргізудегі ең маңызды тактиканы атаңыз:
Ісіктің трансторакальді пункциясы +
Фибробронхоскопия
Қақырық сараптамасы
Компьютерлі томография
Торакотомия
483 Пациент 55 жаста, колоректальді ісікті ерте анықтау мақсатында скринингтен өтті. Жүргізілген гемокульт-тест нәтижесінде Т (тест) және С (бақылау) деңгейінде екі сызық анықталды. Науқасты жүргізудегі келесі іс-әрекет аталғандардың ішінен таңдаңыз:
Ректальді датчигә бар УДЗ
Ректороманоскопия
Рентгенологиялық зерттеу
тотальді колоноскопия +
ирригография
484 Терінің пигментті түзілістерінің қай белгілері меланома жайлы күдіктенуге себеп болады:
Пигментті түзілістердің өлшемдері 1,5 см
Терінің көп мөлшерде невустармен зақымдалуы
Пигментті түзілістердің беткейінде жара пайда болуы +
"туа пайда болған қалдың" үстінен шаштың өсуі
Невустың баста орналасуы
485 Пациент 52 жаста, алғаш рет пайда болған төстің артында басып тұрғандай ауру сезіміне шағымданады. Күтпеген жерден есінен танып, тынысы сырылдап, үзілісті күйге өткен. Ұйқы артериясында пульс анықталмаған. Аталған жағдайда реанимациялық шараларды өткізудегі алғашқы қадам болып табылады:
Сафараны үш реттік қабылдау
өкпенің жасанды желдету
1 мл адреналинді жүрекішілік егу
прекардиальді соққы беру +
100 мг лидокаин тамырға егу
486 Науқаста клиникалық өлім туындағанын қандай клиникалық белгілер сипаттама береді?
күре артериясында пульсы жоқ, тыныс алмайды, акроцианоз
күре артериясында пульсы жоқ, тыныс алмайды, есі жоқ
күре артериясында пульсы жоқ, тыныс алмайды, көз қарашығы орбитадан шығып кеткен +
сәулелік артерияда пульс жоқ, есі жоқ, акроцианоз
күре артериясында пульсі жоқ, естен танған, көз қарашығы орбитадан шығып кеткен
487 "58 жастағы ер адамда эмоционалдық күйзелістің салдарынан тамақты жұтынуда төстің артында ауырсыну пайда болған, ауырсыну екі жауырын арасына таралады. Ауырсыну шаншиды, күшті емес (кеудесінің «түйсік (ком)» сезімі).
Дәрігер гастроэзофагалдық рефлюкс немесе кардия ахалазиясы деп болжамдауда. ФЭГДС-қа дейін қандай тексеру өткізу қажет?"
Кеуде ағзаларына Р-грамма
Эхокардиография
Электрокардиография +
тропонинді анықтау үшін қан талдауын
құрсақ қуысы ағзаларына УДЗ
488 Ер адам 72 жаста. Адам төзгісіз тері қышынуы себепті қаралған. Тексеру кезінде - терісінің сарғаюы топырақ түстес, дене тұрқы арық, терісі құрғақ, қасыну іздері бар. УДЗ өт қапшығы шамасының айтарлықтай үлкеюі, өт іркілген, ұйқы безі басының өлшемі үлкейген. Мүмкін болатын патологияны анықтауда қандай зертеу әдісі анағұрлым сезімтал болады?
ретроградты панкреатохолангиография +
компьютерлік томография
магниттік-резонанстық томография
құрсақ бағаны тармақтарының ангиографиясы
эндоскопиялық УДЗ
489 Әйел адам 56 жаста, ДСИ -38. Тексеру кезінде қан анализінде өзгерістер анықталды: гемоглобин 137 г/л, лейкоциттер 5,2 мың мл, тромбоциттер 327 мың мл, билирубин - 22 мкмоль/л, СФ 230 бірлік, холестерин 9 ммоль/л, АНА - 1:80 (қалыпты 1:20), АМА 1:80 (қалыпты 1 :20). IgG 25 г/л IgM - 12 г/л, IgA - 5 г/л. УДЗ - орташа гепатомегалия. Қандай зерттеу диагнозды анықтайды?
бауырдың компьютерлік томографиясы
бауыр МРТ
бауыр эластографиясы
бауыр биопсиясы +
эндоскопиялық ретроградты холангиография
490 13 жасар қыз балада 2 ай көлемінде бас ауруы, іштегі, арқа, аяқ-қолдарындағы ауырысну сезімдеріне әр түрлі шағымдары байқалады. АҚ 125/80 мм.с.б.б. Сабақ уақытында бір рет және амбулаторлық қабылдау кезінде екі рет асинхронды тонико-клоникалық қимылдар, жамбас және басымен жан-жағына қимылдаулар байқалды. Осы кезде көздері тығыз жұмылған, ошақты неврологиялық симптом болған жоқ, бет терісінің түсті қалыпты, тілін тістеу болмады, құлаған кезде зақымданулар да болмады; есінің шатасуы мен амнезия болмады. Осы баланы қандай маманға жіберу керек?
Психологқа +
Кардиологқа
Неврологқа
Офтальмологқа
Нейрохирургқа
491 Гинекология бөлімшесінде жатқан пациенттің бастығы дәрігерден қоластындағы қызметкерінің денсаулығы туралы сұрады.Дәрігердің негізді әрекеті:
пациентінің жағдайы туралы егжей-тегжейлі айтып беру
тек қана диагнозын айту
сұрағына жауап бермеу
бөлімше меңгерушісіне жіберу
пациенттің рұқсатынсыз айтпау +
492 Жүкті әйел 32 жаста. Жүктілік 35-36 апта. 26 аптадан бастап тері қышуы мазасаын алған. Биохимия: АЛТ – 120 МЕ/л, АСТ – 118 МЕ/л, Билирубин – 12,5 мкмоль/л, тура – 8,5 мкмоль/л, СФ – 640 бірлік/л (қалыпты <240 бірлік/л), ГГТП – 35 бірлік/л (қалыпты<32 бірлік/л), креатинин – 67 мкмоль/л, альфафетопротеин – 132 бірлік/мл (қалыпты 0-10); ПТИ – 86%. Босануға қатысты қандай әрекет болу керек?
кесар тілігімен мезгілінде босану
дәрі-дәрмекпен босануды күшейту
кесар тілігімен босану алдында викасол салу
УДХҚ + табиғи жолмен босану +
босану алдында адеметионин, табиғи босану
493 35 жастағы әйел жағдайы ауыр: ортопное, дистантты ысқырықты сырылдар,сатурация - 65%. Преднизолон 120 мг, эуфиллин 2,4% - 10 мл енгізілді. АҚҚ 100/60 мм рт.ст., ЖСЖ - 150. Тахикардияны басу үшін науқасқа 10 мг бисопролол берілді. Жарты сағаттан соң - обструкция басылмады. Метилпреднилозон 500 мг, бір сағаттан соң 500 мг енгізілді. Бір сағаттан кейін-сырылдар азайды, жағдайы жақсарды, сатурация (оттегісіз) - 96%. Шұғыл көмек көрсету кезінде қате қандай болды?
бастапқыда эуфиллиннің төмен дозасы
бастапқыда преднизолонның төмен дозасы
эуфиллиннің орнына сальметерол қолдану керек еді
Бисопролол қолдануы +
преднизолонның орнына бірден метилпреднизолонды қолдану керек еді
494 65жастағы еркек қаюылдау бөлімінің интенсивті палатасына жол-көлік апатынан кейін ауыр жағдайда түсті. Ессіз, тынысы анықталмайды. Тері жамылғылары боз. Ұйқы артериясында пульсация анықталмайды. Реанимациялық шаралар басталды. Мониторда шоктық емес ырғақ (асистолия, жүректің пульссіз электрлі белсенділігі) анықталды. Осы науқасты қалай емдеу керек?
амиадарон 300 мг т/і енгізу
кардиоверсияны қайталау
жүрекке тікелей емес массаж +
прекардиальды соққы
дефибрилляция жасау
495 1 типті қант диабеті бар жасөспірім есінен танып қалды. Рефлекстерінің төмендеуі байқалады, АҚ 70/40 мм.с.б.б., олигоанурия, терісі мен сірлі қабаттарының құрғақтығы (тілі «үккіштей құрғақ» (язык «сухой как терка»), еріндері құрғақ, езулерінің желінуі), Куссмауль тынысы, аяқ-қолдарының суық және көкшіл тартуы байқалады. Лабораторлық көрсеткіштерде: глюкоза 33 ммоль/л, гиперкетонемия, кетонурия +++, рН 7,19. Аталғандардың қайыссысын бірінші кезекте тағайындау керек?
Кортикостероидтар венаішілік
NaCl 0,9% ерітіндісі венаішілік +
Натрий бикарбонаты венаішілік
Кофеиннің натрий бензоаты теріастылық
40% глюкоза ерітіндісі венаішілік сорғалатып (струйно)
496 2 жасар баланың температурасы 39ºС, 10 ретке дейін сұйық нәжісі бар, тәулігіне 4 ретке дейін құсады, несебі (кіші дәреті) жоқ. Екі күн бойы ауырады. Үйде жағдайында құсу болғаны үшін дәрі қабылдай алмаған. АҚ 60/35 мм.с.б.б., пульс 126 мин. Бала әлсіз, дыбысы мен жасы шықпай жылайды, тері тургоры кенеттен төмендеген, көзі үңірейген. Лабораторлы: гемоглобин 144 г/л, лейкоциттер 13,6*109/л, тромбоциттер 728*109/л, гематокрит 53%; калий 2,7 ммоль/л, натрий 149 ммоль/л, креатинин 234 мкмоль/л, несепнәр (мочевина) 14,7 ммоль/л. Несеп катетеры арқылы 5 мл несеп алынды. Аталғандардың қайыссысын бірінші кезекте тағайындау қажет?
Диуретиктер
Гемодиализ
Антибиотиктер
АҚК (ОЦК) толықтыру +
Перитонеальды диализ
497 Өкпе абцессімен күдікті науқасқа рентгенологиялық зерттеу тағайындалды. Қай рентгенологиялық көрініс сізге диагнозды негіздеуге көмектеседі?
перифокальды инфильтрациясыз жұқа қабырғалы қуыс
айқын емес жиектерімен гомогенді емес сипаттағы өкпе тінінің инфильтрация аймағы
перифокальды инфильтрациямен, сұйықтық деңгейімен қуыс +