Файл: за мерзімді жоспарды тарауы лемдегі атыыстар жне бейбітшілік. Синтаксис Пні аза тілі Мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік. Синтаксис

Пәні: қазақ тілі Мектеп: О.Жандосов атындағы орта мектебі

Күні: 27.06.2019 жыл Мұғалімнің аты-жөні: Дуанбек Әйгерім Талғатқызы

Сынып: 9 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бейбітшілік және келісім сарайы

Осы сабақ арқылы қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру;

9.3.1.1 жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру;

Сабақтың мақсаты

  • Мәтіндегі көтерілген мәселе бойынша сұрақтар құрастырады, ауызша мәтіндер үшін жоспар құрады.

  • Мәтіндегі көтерілген мәселе бойынша оқырман қарым-қатынасын анықтауға арналған сұрақтар құрастырады, жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құрады.

  • мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырады, ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құрады.

Бағалау критерийі

  • көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырады;

  • жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құрады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: талқылау сұрақтарын құрастыруда жаңа сөздерді қолданады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: экстерьер, витраж.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Неліктен Бейбітшілік және келісім сарайының экстерьеріне пирамида таңдалған?

Не себепті..........деп ойлайсыз?

Не себепті ғимаратқа «Бейбітшілік және келісім сарайы» деген атау берілді деп ойлайсыз?

ишара:




Құндылықтарға баулу

Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілігі қалыптасады.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

«Арман-ПВ» баспасы, 6-сынып, қазақ тілі, «Астана – мәдениет пен өнер ордасы»

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

КҮНДЕЛІКТІ ШАРАЛАР:

Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын бақылау.

Оқушыларды топқа бөлу(талаптары әртүрлі оқушылар):

1топ – сары пирамида;

2топ – көк пирамида;

3топ – қызыл пирамида.

Саралаудың жіктеу түрін қолданамын.

қима қағаздар,

3 минут

ШИРАТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ:

«Тосын сұрақтар» әдісі арқылы өткен тақырыпты пысықтау.

Сұрақтар:

1. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен қатар қандай тарихи оқиға орын алды?

2. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің әлемдік саясатта атқаратын рөлі қандай?

3. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қандай мүшесі?

4. Бұл Кеңеске мүше болу Қазақстан үшін қаншалықты маңызды?

Дескриптор:

- Сұрақтарға толық әрі нақты жауап береді;

Өзара бағалау: дескриптор негізінде оқушылар бір-біріне ауызша кері байланыс береді.

Мұғалімнің қорытынды сұрағы: Бүгін қандай тақырыпта жұмыс жасаймыз деп ойлайсыңдар?(жаңа тақырыпқа бағытталған)

Сұрақтар жазылған қима қағаздар


3минут


КІРІСПЕ:

«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы оқушыларға бірнеше суреттер көрсетіледі. Суреттер бойынша балалар бүгінгі тақырыпты болжайды.



Сабақтың тақырыбын таныстыру: «Бейбітшілік және келісім сарайы»

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен талдап, таныстыру.

Оқу мақсаты:

9.2.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру;

9.3.1.1 жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру.

Бағалау критерийі:

  • мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырады;

  • жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құрады.

Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

2минут


10минут

1минут

ДАМУ:

1-тапсырма. «СПИН сұрақтар» әдісі. Саралаудың диалог және қолдау тәсілі (тапсырманы орындау барысында қолдауды көп қажет ететін оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі)

Жеке жұмыс. Оқылым алды.

Тапсырма қадамдары:

Сұрақтар:

  1. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайын білесіңдер ме?

  2. Ол жерде болғандарың бар ма?

  3. Ғимараттың атқаратын қызметі туралы болжамдарың қандай?

Жаңа сөздермен жұмыс:

1. Витраж(фр. vitreлат. vitrum - шыны) - металл (көбінесе қорғасын) өзек арқылы бекітілген түрлі-түсті әйнектерден жасалатын ою-өрнекті немесе сюжетті декоративті композиция.

2. Экстерьер (латын тілінен аударғанда— сыртқы, антоним интерьер) — ғимараттың архитектуралық сыртқы көрінісі.

Топтық жұмыс. Оқылым тапсырмасы

Тапсырма қадамдары:

1.Мәтінді оқып, көтерілген мәселені анықтайды.

2. Оқырман қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырады.

3. Сұрақтарды кестеге түсіреді.

С

ситуация-лық

П проблема-лық

И

ұғындыру-шы

Н

бағыттау-шы













Оқылымнан кейінгі тапсырма.

  1. Неліктен Бейбітшілік және келісім сарайының экстерьеріне пирамида таңдалған?

  2. Не себепті ғимаратқа «Бейбітшілік және келісім сарайы» деген атау берілді деп ойлайсыз?

Дескриптор:

- сұрақтарға жауап береді;

- көтерілген мәселені анықтай алады;

- талқылау сұрақтарын құрастырады;

- кестемен жұмыс жасайды.

Өзара бағалау: топтар жұмыстарымен алмасып, бір-бірлерінің жұмыстарын дескриптор негізінде өзара бағалайды.

Флипчарт, маркерлер

10минут



2-тапсырма. «Жоспар құру» әдісі.

Саралаудың тапсырма тәсілі. (оқушылардың білім деңгейіне қарай нәтижелері де әртүрлі болады)

(оқушылар қабілеттеріне қарай ауызша мәтін үшін немесе жазбаша мәтін үшін жоспар құрады)

Жұптық жұмыс.

Тапсырма қадамдары:

1. «Бейбітшілік пен келісім сарайы – ұлттық бірліктің ұйытқысы» тақырыбын ашу мақсатында мәтінді оқиды.

2. Маңызды тірек сөздерді жинақтайды.

3. Жинақталған материалдар негізінде ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құрады.

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім







ІІІ Қорытынды

Дескриптор:

  • маңызды тірек сөздерді жинақтайды;

  • жинақталған материалдар негізінде ауызша және жазбаша мәтін үшін күрделі жоспар құрады.

Мұғалімнің қорытынды сұрағы:

Күрделі жоспардың негізгі бөлімін құрылымдауда қиындықтар болды ма?

Өзін-өзі бағалау: тапсырма дескрипторы негізінде оқушы өзін-өзі бағалайды.

«Арман-ПВ» баспасы, 2019 жыл, Астана, 181-183 бет. http://armanpv.kz/?book=162

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының 2-құндылығы.

Сабақтың соңы

5минут

1минут

БҮКІЛ СЫНЫП ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫС:

Саралаудың қорытынды тәсілі. Жеке жұмыс

Көзделген мақсатқа сәйкес тақырыпты 5 сөйлеммен қорытындылайды.

Тапсырма қадамдары:

Тақырыптық сөйлем

1.

Қолдаушы сөйлем

1.

2.

3.

Қорытынды сөйлем

1.

Дескриптор:

  • тақырыптық 1 сөйлем жазады;

  • қолдаушы 3 сөйлем жазады;

  • қорытынды 1 сөйлем жазады.

Өзара бағалау: дескриптор негізінде оқушылар бір-бірлерін жазбаша бағалайды.

Мұғалімнің қорытынды сұрағы:

  1. Бүгінгі тақырып бойынша ең маңыздысы не болды?

  2. Сіздер үшін не қиындық тудырды немесе түсініксіз?




2 минут

КҮНДЕЛІКТІ ШАРАЛАР:

Оқу мақсаты мен бағалау критерийіне талдау жасау.

Үй тапсырмасын беру: сабақтан түйген ойларыңды толықтырып, еліміздің бейбітшілік бесігі екендігін дәлелдейтін аргументативті эссе жазып келіңдер. Сөз саны - 200

Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі



Түрлі-түсті «бес саусақ» қималары

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс; денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс, құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

1.«СПИН сұрақтар» әдісі. Саралаудың диалог және қолдау тәсілі

Аз қолдау: талқылау сұрақтарын дұрыс құрылымдауына бағыт беремін.

Орташа қолдау: сұрақтарды дұрыс құрылымдап, кестені толтыруын ұсынамын.

Барынша қолдауды қажет ететін оқушы: талқылау сұрақтарына арналған тірек сөздер ұсынамын. Қабілеті жоғары оқушы қолдауды қажет ететін оқушыға ЖАДА орнатады.

2. «Жоспар құру» әдісі. Саралаудың тапсырма тәсілі. оқушылардың әр қайсысына түсті таяқшалар үйлестіремін, таяқшаның түстеріне қарай тапсырма беремін.

Жасыл түс(аз қолдау) – ауызша және жазбаша мәтін үшін күрделі жоспар құрады.

Сары түс (орташа қолдау) – жазбаша мәтін үшін күрделі жоспар құрады.

Қызыл түс (барынша қолдау) – ауызша мәтін үшін жоспар құрады.

Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай көмек беремін.

3. Саралаудың қорытынды тәсілі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау беремін. Барлығы бір тапсырманы орындап, әртүрлі нәтиже көрсетеді.

1. «Тосын сұрақтар» әдісі

Өзара бағалау: дескриптор негізінде оқушылар бір-біріне кері байланыс береді.

Мұғалімнің қорытынды сұрағы: Бүгін қандай тақырыпта жұмыс жасаймыз деп ойлайсыңдар?(жаңа тақырыпқа бағытталған)

2. «СПИН сұрақтар» әдісі.

Өзара бағалау: топтар жұмыстарымен алмасып, бір-бірлерінің жұмыстарына дескриптор негізінде кері байланыс береді.

  1. «Жоспар құру» әдісі.

Өзін-өзі бағалау: тапсырма дескрипторы негізінде оқушы өзін-өзі бағалайды.

Мұғалімнің қорытынды сұрағы:

Күрделі жоспар құрудың қандай қиындықтары бар?

4. Өзара бағалау: дескриптор негізінде оқушылар бір-бірлерін жазбаша бағалайды.

Мұғалімнің қорытынды сұрағы:

  • Бүгінгі тақырып бойынша ең маңыздысы не болды?

  • Сіздер үшін не қиындық тудырды немесе түсініксіз?




Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау, http://armanpv.kz/?book=162

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының

2-құндылығы.


Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қол жетімді ме?
Оқушылар бүгін не үйренді?
Сабақтағы ахуал қандай болды?
Жоспарланған саралау іске асты ма?
Уақыт есебінен ауытқу болды ма?
Жоспарға қандай өзгерістер енгізілді?

Өткізілген сабақ туралы ойлану үшін төмендегі орынды пайдаланыңыз. Сол жақтағы сіздің сабағыңызға қатысты сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:

2: