Файл: зіндік жмысты масаты мен мазмнын анытау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 07.11.2023

Просмотров: 178

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

.

Қазіргі кезде егемен елімізде білімді берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып мектеп практикасына енгізілуде. Әрбір мұғалімнің алдында оқушылардың үлгерімін жоғарлату мақсаты қойылады. Бірақ мұғалімнің сабақта таңдаған жұмыстың орташа ырғағы оқушылардың бірілеріне ыңғайлы, екіншілері үшін жылдам, қалғандарына тіпті баяу болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім сабақта жаңа технологияларды қолданып,оқыту  сапасын  арттыруы  қажет.  Әрбір  оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды. Оқыту әдісінің міндеті - кіші мектеп жасындағы оқушылардың дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады. Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз-оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру ғана емес,оларды өмірде практикада пайдалана білу, үйрену. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін,оқушының зейін қойып тыңдауы,ал оған білімін кеңейтіп, толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылауы, тәжірибе жасауы, жазып, сызу сияқты жұмыстар орындау қажет.

 А.Байтұсыновтың пікірі бойынша; «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Балалар қиналмай, керек білімін кешікпей, кезінде алып отыруы үшін, балаға жұмысты әліне шағындап беріп, бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыруы керек». -деген.

Өзіндік жұмыс  - арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің көмегінсіз орындалатын жұмыс. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеруіміз керек:

-         Өзіндік жұмыстың мақсаты мен мазмұнын анықтау.

-         Өзіндік жұмысты ұйымдастыру жоспарын жасау.

-         Оқушының жұмыстарына бағыт беру.

Оқушының өзіндік жұмысы білік пен дағды қалыптастырудың тиімді жолы. Оқушылар өзіндік жұмысқа төселе келе, қазіргі өмір талабына сай өз қабілеттерін ашып, мүмкіншіліктерін кеңейте алады.

Негізінде баланың өзіндік жұмысы ең тиімді болып есептеледі. Ізденушілік бала табиғатына тән құбылыс. Жаңа мәлімет жинауға, білуге құштарлық жасайтын балалар баршылық. Өз бетімен жұмыс істеу барлық оқушының түрлі саладағы қызметіне қажет. Кез келген оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады.

Мысалы: Оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру. Жоғарыда айтқандай ізденіс жұмысына, өзіндік жұмысқа бастауыш сыныптан бастап баулу керек. Сол кезеңнен
бастап баланы жетектеп, бағыт-бағдар беріп, оның дүниетанымына көңіл аударған қажет. Поляк ұстазы Янош Корчактың: «Педогог тот, который не комкает, а формирует, не диктует, а учит... переживает вместе с ребенком много вдохновляющих минут...».Сондықтан біздің жан-жақты қарым-қатынасымыз балаға өте үлкен әсер етеді. Жақсы, әдемі сөзіміз жүрегінде мәңгі қалады. Оның сабақ үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сол себепті өзіндік жұмысты берерде түрлі тәсілдерді пайдалануға болады. Бір тапсырманың өзін бірнеше жолмен орындату.

Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырғанда бір жұмысты келесі бір жұмыспен ұштастыра білу керек. Жұмыс мазмұны күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу. Өзіндік жұмыстарды үйде орындаған қолайлы, сонда мұғалімнің жұмысы белсенді емес, тек кеңесшілік. Оқушының ізденіп өзі орындап келген жұмысы өзінше бір жаңалық болады. Ең бастысы өз білім қорын молайтады, белсенділігін арттырады, ізденіс қабілеттерін жетілдіруге ықпалын тигізеді.

Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын қазақ тілі және әдебиеттік оқу сабағында түрлендіре іске асыруға болады.

  Бастауышта «Зат есім» сөз табын өткен кезде мынадай өз бетімен жұмыс түрлерін ұсынуға болады.

а) әр топ берілген сұрақтарға бірнеше мысалдар жазып отыру керек.

1-топ Кім? -әнші,ақын,оқушы.

2-топ. Кімдер? -балалар,күйшілер, малшылар...

3-топ. Не?-ауыл,кітап,қоян...

4-топ. Нелер? -дәптерлер,құстар.жануарлар...

ә) «Суретті билет» ойыны арқылы мынадай тапсырмалар беруге болады. Әр топтың оқушыларына сурет беріледі,оған сұрақ қойып атын атайды.Топтағы оқушылар ақылдаса отырып,суретке шағын әңгіме жазады.

  Сонымен қатар, профессор Жауынбай Қараевтың «Деңгейлік саралап технологиясы» арқылы оқушылармен өз бетіндік жұмыс жүргізуге болады.
Деңгейлеп оқытудың мақсаты-әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.Бұл оқушыға ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін дамытып,білім сапасының артуына көмектеседі. Өзім  осы технологиның кейбір элементтерін қолданамын.

 Өз бетіндік жұмыс-бұл шығармашылық жұмыстың да бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың өз бетінше жұмысынсыз дамыту мүмкін емес. Бастауыш мектепте өз бетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай-бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады.Сол себепті де бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра білген мұғалімге оның берер маңызы зор.  



 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілін дамытудың декті бір саласы – оқу. Бастауыш сыныптарда оқу техникасын жетілдіруге көп көңіл бөлінеді. Ана тілі сабақтарында өз бетінше мәтінді мәнерлеп оқуға жаттығады. Кіші мектеп жасындағы өз бетінше оқуға үйретудің сапалы болуы оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамытады.
Оқушы әдеби тіл нормасына сай өз сезімін ойын дұрыс жеткізу. Әдебиеттік оқу  пәнін оқытқанда оқушылардың мынадай жұмыстарды орындауға береміз:

. Оқу; түсіндірмелі, мәнерлеп, рөлдерге бөліп жаттау, баяндау, сұрақ-жауап. Бұлар ауызша жүргізіледі.

.Жоспар; мазмұндама, шығарма жазу, талдау,. Бұл жазбаша жүргізіледі.
І. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәнінен оқушының өз бетінше жұмыс жүргізуде,

 Сөз  тудыру  жұмысы.
Баланың сөздік қорын молайту
Әсем қандай қыз?
Ә–әдемі, әдепті.
С–сұлу, сүйкімді.
Е–еңбекқор, елгезек, епті.
М–мейірімді, мәдениетті.

Осы жұмысты оқушы тақтадағы сұраққа қарап отырып жалғастырады.
“Әсем”
Әсем әдемі , әрі әдепті қыз. Әсемнің жаны да ...

ІІ. Салыстыру жұмысы арқылы сөйлем құрату. Тақтаға сиырдың суретін беру.
Өзі–ала доптай.
Сүті–балдай тәтті
Мүйізі–қарағайдай иілген
Көзі–көмірдей қап-қара
Даусы–пойыздың дауысындай мөңіреген.

Мұндай жұмыс түрлері арқылы оқушылар біріншіден–сын есімді менгереді,
екіншіден– салыстыру арқылы сөйлем құрап, салыстыру ұғымы, түсінігі қалыптасады.

ІІІ. Сөйлемдер құрату.

Мысалы: Лепті сөйлемдер құра деп өздеріне тапсырма беру.

Көктем тақырыбына: Алақай, көктем келді! Әттең, қар еріп барады!
Көктем ауасы неткен керемет еді! т.б.

 Енді осы лепті сөйлемді өз бетінше хабарлы сөйлемге айналдыру.
Хабарлы сөйлем: Көктем келді. Қар ери бастады. Көктем ауасы таза.

Математика сабағында « Кестелік қосу, азайту » тақырыбын өткенде , өзіндік жұмысқа дайындалған карточкаларда қате құрылған өрнектер араластырылып берілді. Оқушы 7 - 8=1 өрнегін осылай шығарды. Оқушылардың бірі дұрыс деп басын изеді, бірі қате шығарды деп келіспеді , бірі үндеген жоқ. Ең соңында ; бұл -қате шығарылған. Дәлел: 7 8, сондықтан 7-ден 8-ді азайтуға болмайды. Бұл да баланың өз білімін қолдана ала алатындығын дәлелдейді.

Барлық оқыту пәндерінде оқушыларға өз бетімен жұмыс жасау түрлері беріледі. Өз бетімен жұмыстың маңыздысы-оқушының өз беттерімен орындай алуларына
,сабаққа белсенділігінің артуына,шығармашылығын қалыптастыруға ықпалы мол.

Өз бетімен жұмыстарды сабақтарда қолдану барысында оқушы тынымсыз ізденеді.Баланың жан-жақты ойлауына үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.

 


 Оқушыларды өздігінен жұмыс істей алуы - ғылыми жұмыстармен айналасуына негіз болады.

   Ғылым – іс-ірекеттің ең бір қиын да, күрделі, көп ақпараттық білімді, білік дағдыны талап ететін сала болып есептеледі.    Ғылыми жұмыстың тиімділігі оқушы өрісінің кеңдігіне, білімдігіне, ақпараттық мәдениетіне байланысты.

  Оқушылар арасынан таңдалып алынған ғылыми жұмыспен айналысатын жас зерттеуші сауатты, көп салалы білімді болу керек.

Өз еңбегімен ізденіп алған білім, оқушының жадында көп уақыт сақталады. Егер әрбір оқушы сабақта белсенді ой әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау жасауға, әр түрлі сұрақтарға жауаптарды өздігімен табуға ұмтылса, танымдық белсенділігін қалыптастыру мүмкін болады.

Қорыта келгенде :

Оқушы білімді өз бетімен жұмыс жасай білгенде ғана тиянақты игереді. Ал білім алу барысында ешқандай өз бетімен жұмыс жасау қабілетін танытпаса, алған білімі тез ұмытылып, қажет жерінде оны қолдана алмайды.

Оқушылар үшін өзіндік жұмыстың маңыздылығы осында.


 

Қолданылған әдебиеттер:

1.Құрманова Н.Ж. Сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту технологиясы.Автореферат.-Алматы,2004.

2.Давыдов В.В.Проблемы развивающего обучения.М.Педагогика,1986.

3.Г.Қопабаева.Қазақ тілі пәндерінде өз бетімен жұмыстарды ұйымдастыру жолдары. «Бастауыш мектеп» №2,2006, 27-б.

 

 

Ж.А.ҚAРАЕВТЫҢ ДЕНГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА, ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНДЕРІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

 

Кожамбердина Б.Х., Сабанбаев Н.И.

Қарағанды қаласы

 

Қазіргі таңда педагог мамандар да қазіргі заманғы озық педагогикалық технологяларды меңгеріп, оны оқыту-тәрбиелеу барысында тиімді қолданып, алдындағы шәкіртті жарасымды әрі жан-дақты тұлға етіп дамыту үшін қандай педагогикалық технологияны пайдалануы керек екенін анықтап алуы тиіс. Бұл орайда бастауыш сыныптарда оқыту процесін барынша тиімді әрі қонымды етіп ұйымдастыру көзделеді. Яғни балаларға білімді жеңіл әдіс-тәсілдермен меңгерте білу керек. Сондай технологиялардың бірі - деңгейлеп оқыту технологиясы.


Деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады.

Өзіндік жұмыс-оқушылар білімін жетілдірудің қайнар көзі, олардың рухани бай жеке тұлға болып қалыптасуының негізгі бір шарты.

1998-1999 оқу жылынан бастап Профессор Ж.А.Қараевтың денгейлеп оқыту технологиясын , мектептің барлық сатысына, барлық пәндеріне еніп, оқу барысын жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.

Деңгейлеп оқыту технологиясын жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Осы технология бойынша бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне оның назарын аударады.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты:

-әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне

-оқытуды әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.

Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі-қушылардың сабақ барысында бірнеше жұмыс жасай алатындығында, сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер меноларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Себебі, бүгінгі тандаңғы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды, жаңа оқу әдістерін жаңа мазмұнды қажет етеді.

Оқытудың жаңа технологияларының бірі мектептерде қазақ тілі мен математика пәндерінде деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады.

Деңгейлеп оқыту технологиясы негізінде құрылған сабақта оқушы өз бетімен ойлана жұмыс істейді, ал мұғалім ізденіс-таным процесін ұйымдастырушы рөлін атқарады.

Оқушыларды денгейге бөліп оқытуға болама, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай, жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сұрақтарға тоқталсақ, деңгейге бөліп  оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сұранымын ескеру талап етіледі.Оқушылардың шығармашылығын арттыруда деңгейлік тапсырмалардың маңызы бар.

Деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамына мәтіндер, сөзжұмбақ, қызықты грамматика, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесі қамтылады. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы, әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануғаберіледі.