Файл: 2_variant_Kaz_EmdKhir_BalalarKhirurgiasy.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.09.2021

Просмотров: 150

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Балалар хирургиясы»

пәні бойынша 2013-14 жылы оқыған «Жалпы медицина» хирург - интерндерге арналған тесттік тапсырмалар


2 нұсқа


?

Некрозды флегмонада терiнiң қай элементi бiрiншi кезекте зақымданады

- май бездерi

- тер бездерi

- эпидермис

- дерма

+ терi асты клетчаткасы

?

Нәрестелердегi некрозды флегмонадағы жергiлiктi клиникалық белгi

- терiнiң тығыздануы (гиперемиясыз)

- ортасында iсiну және флюктуация анықталатын терiнiң қызаруы

+ зақымданған аймақтың ортасы батқан және қарайған, тез жайылатын қызару

- анық шекарсы бар терiнiң қызаруы

- iрiңдi-некрозды өзегi бар конус тәрiздес инфильтраттар

?

Нәрестелерде стафилококк төмендегі аурулардың қоздырғышы болуы мүмкін

+ некрозды флегмона, мастит, жедел метафизарлық остеомиелит

- жай флегмона, жедел метафизарный остеомиелит, жедел метадиафизарлық остеомиелит

- тілмелі қабыну, жедел метадиафизарлық остеомиелит

- жедел артрит, жай флегмона, тілмелі қабыну

- жедел метадиафизарлық остеомиелит, некроздық флегмона

?

Жедел гематогендiк остеомиелит кезiнде қабыну процесi сүйектердiң қандай құрылымында басталады

- сүйек пластинкаларында

+ сүйек майында

- дәнекер тiнiнде

- өсу аймағында

- шемiршек тiнiнде

?

Санның т/3 бөлімінің жедел остеомиелитімен ауырғанына 10 ай өткен. Түскенде жағдайы ауыр, екі жақтылы пневмония. Операциядан кейін ұзақ уақыт ірің ағу анықталды, рентгенологиялық - сүйек деструкциясы. Қазіргі кезде жағдайы қанағаттанарлық, функциональдық бұзылыстар анықталмайды, жара жазылды. Рентгенограммада – остеопороз, секвестр, периостальды реакция. Қай ағымға жатады.

- үзіліңкі

- созылыңқы

+ созылмалы

- найзағайлы

- септикопиемиялық

?

10 жастағы балада санның т/3 бөлігінің жедел остеомиелиті анықталды, ауырғанына 6-7 күн. Жұмсақ тіннің пункциясында ірің алынды. Сіздің шараңыз

- жұмсақ тінді тілу

+ тілу, остеоперфорация, резиналы шығару

- тері арқылы остеоперфорация

-сүйек ішіне антибиотик енгізу

- пункция және іріңді шығару, антибиотиктер

?

Тілме қабынуын емдеу әдісі:

- шахмат тәрізді тілу

- тек қана лазермен емдеу

+ антибактериалды ем,тілме ошағына УКС қолдану

- қолтық асты аймағының гидрадениті

- тілме қабынуын УКС емдеу

?

Iшек инвагинациясының үшiншi кезеңi қалай аталады

- декомпенсаторлық

+ асқыну

- терминалдық

- септикалық

- адинамикалық

?

Төмендегi клиникалық белгiлердiң қайсысы инвагинацияның бiрiншi кезеңiне сай

- нәжiспен құсу, баланың мазасыздануы, iшек перистальтикасы баяулаған,жел және нәжiс шықпайды

+ iшкен аспен құсу, баланың мазасыздануы, құрсақтың ұстамалы ауырсынуы, iшек перистальтикасының үдеуi

- запранмен құсу, салғырттану, адинамия, iш өту,құрсақтың тартылуы, iшек перистальтикасының баяулауы

- iшкен аспен құсу, жел пен нәжiстiң шықпауы, құрсақтың жалпы қампаюы, iшек перистальтикасының баяулауы не жоғалуы

- нәжiспен құсу, құрсақтың асимметриялық қампаюы, нәжiстiң қанмен шығуы


?

Меккел дорбашасы ащы iшектiң қосарлануынан қандай белгiлермен ерекшеленедi

- қабырғасының құрылымымен

+ iшектiң шажырқай немесе шажырқай жағына қарсы жағында орналасуына байланысты

- асқынуларының түрiмен

- шырышты қабатының ерекшелiктерiмен

- қан айналысымен

?

Меккел дивертикулы ішектің қай бөлімінде орналасады

- ащы ішекте

- мықын ішектің проксимальды бөлігі

+ мықын ішектің дистальды бөлімі

- көлденең тоқ ішек

- сигма тәріздес ішек

?

Төмендегi аурулардың қайсысы балаларда тоқ iшек және тiк iшек қансырауын байқатады

- iшек қатерлi iсiгi

- iшек туберкулезi

+ спецификалық емес энтероколит

- тоқ iшек қан тамырларының iштен туа бiткен ақауы

- дивертикулдер

?

Төмендегi тексеру әдiстерiнiң қайсысы өңеш пен асқазан қансырауы диагнозын қоюда толық мағлұмат бередi

- құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы, ирригография, УДТ

- кеуде клеткасының шолу рентгенографиясы, эзофагоскопия, лапароскопия

+ эзофагоскопия, фиброгастродуаденоскопия, өңеш пен асқазанды контрасты рентгенографиялау

- ащы iшектi барий сұйықтығымен рентгенологиялық тексеру, эзофагоскопия, колоносокпия

- құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы, тiк iшектi саусақпен қарау, УДТ

?

Асқазаннан қан кетуінің жиі себептері қайсысы

- асқазанның қатерлі ісігі

- асқазан ангиоматозы

- асқазан дивертикулы

+ Меллори-Вейс синдромы

- асқазанның түйілуі

?

Балаларда ащы ішектен қан кету жиі себептері қайсысы

- ащы ішек қатерлі ісігі

- ащы ішек туберкулезі

- ішек қабырғасындағы тамырлардың дисплазиясы

+ ішектің дивертикулы

- жедел энтерит

?

Бауыр жарақаты қандай ерекшелiктермен сипатталады

- құрсақтың бұлшық ет қабатының қатаюы

+ жарақат алған сәттен басталған орталық гемодинамика бұзылысының үдеуi

- лейкоцитоздың жарақаттан кейiнгi көбеюi

- зәр құрамында амилазаның көбеюi

- iш ауырсынуының сол жақ иық үстi аймағына берiлуi

?

Бауыр және көкбауыр паренхимасының,олардың капсуласының анық жыртылуында (жарақатында) қандай емдеу шаралары қолданылады

+ операция алдындағы дайындықпен жедел операция

- қансырау орнын толтыру үшiн 3-4 сағат операция алдындағы дайындық

- қансырау өздiгiнен тоқтауы мүмкiн деген үмiтпен байқап қарау

- қан құю

- гиперосмостық сұйықтықтар құю

?

Толық ішек өтімсіздіктің басты екі симптомы болып табылады

- лоқсу, іш кбуі

- іштің тартылуы, іштің асимметриялығы

+ нәжістің болмауы, ішек бөлінісімен құсу

- нәжістегі қан,іштің кебуі

- өтпен құсу, лоқсу

?

Туа біткен жоғары обтурацияның ішек өтімсіздігінің айқын симптомы

+ өтпен құсу, іш тартылуы, ауырсынусыз іш, тік ішектегі шырышты пробка

- нәжісті құсу, іш ауырсынусыз, іші кепкен

- іші кепкен, ауырсынусыз, тік ішекті шырышты пробка

- өтпен құсу, тік ішекте қанды шырыштың болуы

- нәжісті құсу, іш тартылуы, ауырсынусыз

?

Өңеш атрезиясына тән белгiлердi атаңыз

- туғаннан құсу


+ аузы-мұрнынан туғаннан бастап көпiршiк ағу

- өңештен қан ағу

- құрсақтың тартылып қабысуы

- iрiген сүтпен лоқсу

?

Өңеш атрезиясына тән белгiлердi атаңыз

- туғаннан құсу

- өңештен қан ағу

- құрсақтың қабысып тартылуы

+ емшек емгенде нәрестенiң тұншығып қалуы

- iрiген сүтпен лоқсу

?

Кеңірдеккке ашылған жыланкөзбен өңеш атрезиясының белгісі

+ ауыздан көпіршікті бөлініс

- ұйыған сүтпен құсу

- нәжістің болмауы

- медиастинумның ығысуы

- ешқайсысы

?

Өңеш атрезиясы диагнозын негіздеу үшін қандай тексеру қажет:

+ өңешті катетеризациялау, эзофагоскопия

- құсық массасын тексеру

- бронхоскопия

- кеуде клеткасының жалпы шолу рентгенограммасы

- лапароскопия

?

Төмендегi белгiлердiң қайсысы құрсақтың алдыңғы қабырғасының ортаңғы ”сызығының ” (белая линия) жарығын мiнездейдi

+ ”ортаңғы ақ сызықтың ” жетiспеушiлiгi (дефект), осы аймақта құрсақ қуысына енбейтiн бұлтиған құрылым анықталады, эпигастрийде кiндiктен жоғары ауырсыну және ауырсыну құрсақтың алдыңғы бұлшық ет қабаты қатайғанда үдей түседi

- құсу, эпигастрийде ауырсыну және ол бұлшық еттер қатайғанда үдей түседi

- құрсақ қуысына енбейтiн құрылым құрсақтың ортасында анықталады

- құсу, құрсақтың қампаюы

- үлкен дәреттiң бұзылуы, құрсақтың қампаюы, құсу

?

Толық емес кіндік жыланкөзін диагностикалайтын әдіс

- лапаросокпия

+ фистулография

- спленопортография

- құрсақ қуысының рентгенографиясы

- УДТ

?

Өңеш атрезиясы бар баланың төменгі кеңірдек-өңештік жыланкөзді жоққа шығаратын симптомды көрсетіңіз

- цианоз

- ентігу

+ ойыс іш

- ауыздан көпіршікті бөлінділер

- өкпе аускультациядағы сырылдар

?

Контрастталған жоғарғы сегменттің және өңеш атрезиясының жыланкөзді түрі бар науқастың рентгенограммасынан алуға келмейтін мәліметті көрсетіңіз

- атрезия деңгейін

- атрезия түрін

- өкпедегі қабыну өзгерістер дәрежесін

+ кеңірдек-өңештік жыланкөздің енін

- ішектің қосымша атрезиясын анықтау

?

Төмендегi қосымша тексеру әдiстерiнiң қайсысы диафрагма жарығын анықтауда толық мағлұмат бередi

- асқазан мен тоқ iшектi эндоскопиялық тексеру

- қанның жалпы анализi

- сыртқы тыныс алу функциясын тексеру

+ кеуде клеткасының шолу рентгенографиясы

- кеуде клеткасын УДТ

?

Төмендегi қосымша тексеру әдiстерiнiң қайсысы диафрагма жарығын анықтауда толық мағлұмат бередi

- асқазан мен тоқ iшектi эндоскопиялық тексеру

- жалпы қан анализi

- сыртқы тыныс алу функциясын тексеру

+ ас қорыту жолдарын контрасты тексеру

- кеуде клеткасының томографиясы

?

1 айлық ұл баланың ауырғанына 2 апта болған. Алғашқыда лоқсу, соңынан тәулігіне 4-5 рет фонтан тәрізді құсу болған. Зәр шығаруы сирек. Туғандағы салмағы 3400, қараған кезде -3500 гр. Баланың дауысы әлсіз, эпигастральды аймақта көзге перистальтика анықталады. Болжама диагноз

- өңештің атрезиясы

- туа болған төменгі ішек өтімсіздігі


- Гиршпрунг ауруы

+ пилоростеноз

- пилороспазм

?

Қандай морфологиялық привратниктің өзгерістері туа біткен пилоростеноздың дамуына әкеледі.

- ганглиозды клетканың жетілуі немесе болмауы

+ привратниктің бұлшықетінің фиброзды гипертрофиялы өзгерісі

- пилорустың шырышты қабатының дегенератиивті өзгеруі

- асқазан ішек жолдарының даму ақаулары

- ешқайсысы емес

?

Крипторхизмде аталық безді ұмаға түсіру операциясы қай жаста жасалады

- 1 жасқа дейін

+ 2-4 жаста

- 6-7 жаста

- 7-14 жаста

- 15-18 жаста

?

Крипторхизмде қай уақытта хориондық гонадотропинмен емдеуге көрсеткіш бар

- бір жақты крипторхизмде

+ екі жақты крипторхизмде

- жалан крипторхизмде

- 7-10 жаста

- 2-4 жаста

?

Экскреторлы урография зәр шығару жүйесiнiң қай бөлiмiн тексередi

+ жоғарғы зәр шығыру жолдарын

- төменгi зәр жолдарын

- қуықты

- зәраққышты

- уретраны

?

Төмендегi белгiлердiң қайсысы гидронефроз туралы ойлауға негiз бередi

- тұрақты гематурия

+ .зәр шығару жүйесiнiң тұрақты инфекциясы

- дизурия

- никтурия

- зәр шығарудың тоқталуы

?

Пилоростеноз қай жастағы балаларға тән

- өмірдің алғашқы апталарындағы

+ 3-4 апталық

- 1-2 айлық

- 4-6 айлық

- 1 жастан кейінгі

?

Пилоростенозға тән клиникалық белгілер

- жасыл түсті өтпен құсу, тәулігіне 5-6 рет құсу, жиі іш өтуі

+ өтсіз ұйыған сүтпен құсу, тәулігіне 5-6 рет құсу, әлсіздік, адинамия

- өтсіз ұйыған сүтпен құсу, тәулігіне 15-20 рет құсу, біркелкі іш кебуі

- баланың үнемі мазасыздануы, эпигастрийдың бұлтиюы, жиі іш өтуі, жоғары лейкоцитоз

- гематокрит көрсеткішінің жоғарлауы, спазмолитиктерді тағайындағаннан кейінгі эффектісі

?

Шап жарығында жарық құрылымы қай жерде орналасқан

- пупартов дәнекерiнен жоғары

- пупартов дәнекерiнен төмен

+ сыртқы шап шеңберi аймағында

- қасаға үстiнде

- ұманың түбiрiнде

?

Шап жарығында жарық құрылымы қай жерде орналасқан

- пупартов дәнекерiнен жоғары

- пупартов дәнекерiнен төмен

+ ұмада

- қасаға үстiнде

- ұманың түбiрiнде

?

Жүре пайда болған шап жарығының туа болған шап жарығынан айырмашылығы

- жарық қапшығының сипаты

- ұрық бауы элементтерінің жарық қапшығына қатынасы

- жарық қапшығының шап өзегінің терең және беткей шап сақинасынан шығуы

- шап аймағының бұлшық ет-апоневроз құрылымдарының жағдайы

+іш астарының қынапты өсіндісінің бітпеуі

?

Бала 2 жаста. Стационарға шап жарығымен түсті. Ертеңге операцияға дайындалып жатыр. Қандай дайындық шарасы дәл операция алдында жасалады

- ваннаға шомылу

- тазалау клизмасы

+ премедикация

- тамақ және су бермеу

- мұрын-жұтқыншақ санациясы

?

Қуықтың iш қуысына ашылған жарақатына қандай рентгенологиялық белгi тән

- контрастық заттың куық жанындағы май қабатына таралып кетуi

+ қуықтың контурының анық анықталмауы, контрастық заттың iшек арасында анықталуы

- контрастық заттың зәраққыштарға кетуi

- қуық контурының деформациясы


- қуық толу кемiстiгi (дефект наполнения)

?

Қуықтың құрсақ қуысындағы жарақатындағы операцияның көлемi

- қуыққа тұрақты катетер қалдыру

+ цистостома салу

- лапаротомия жасап қуық жарасын тiгу

- зәраққышты сигма тәрiздес iшекке қосу

- екi жақтылы пиелостома

?

Ацетабулярлы индекс анықталады:

- Келлер мен Шентон сызығының арасы

+ Келлер сызығының арасы мен ұршық ойығы аралығы

- Келлер мен Кальве сызығының арасы

- Кальве мен Шентон сызығы аралығы

- Кальве мен Омбредан сызығы аралығы

?

Біреуінен басқа қайсысы жұлын-ми жарығының анатомиялық түріне жатады:

- менингоцеле

- миеломенингоцеле

- миелоцистоцеле

+ энцефалоцеле

- менингоградикулоцеле

?

Туа біткен бұлшықетті қисық мойында оператциялы ем қай жаста қолданылады:

- 1-3 ай

- 3-6 ай

- 6-9 ай

- 9-12 ай

+ 12-18 ай

?

Балалардағы бүйректің су шеменінің ең жиі себептері:

- несепағардың жоғары ығысуы

- несепағардың сыртынан қысылуы

- несепағар клапандары

+ түбекше-несепағар сегментінің стенозы

- несепағардың фиксациаланған иілуі

?

Шенляйн Генохтiң капилляротоксикозындағы абджоминалды синдромның механизмiн түсiндiр:

- перитонит

- аппендицит

- гениталий патологиясы

- холецистит

+ iшек пен аппендикске шажырқай астылық қан ағулар арқасында

?

Аппендэктомия жасауға болатын кесу орнын ата:

- параректалды тiлiм

- трансректалды

- Федоров тiлiмi

- Филатов тiлiмi

+ Мак-Бурней-Волкович-Дъяконов тiлiмi

?

2.5 жасар баланың шешесi хирургтiң жас екенiне қарап аппендицитке байланысты операцияға келiсiм бермедi. Хирург тактикасы.

- операция жасамау

- консервативтi ем тағайындау

+ бөлiмше меңгерушiсiне немесе бас дәрiгерге айту

- қолхат алып операция жасамау

- ата-анасының ұрықсатысыз операция жасау

?

Кiшi жастағы балаларда аппендэктомиядан кейiн жiптерiн қайшан алып тастайды.

- 4 тәулiкте

+ 7 тәулiк

- 9 тәу.

- 12 тәу

- жараның жазылуына байланысты.

?

Экстрофияда қуық пен уретра жасауға мүмкіндік болмағанда қандай операция жасалады

- тері пластикасы әдісімен жасанды қуық жасау

- екі жақты пиелостома салу

+ несепағарды сигма тәріздес ішекке жалғау

- несепағарлардың пластикасы

- несепағарды ащы ішекке жалғау

?

Балаларда зәр шығару бұзылыстарының түрлерін атаңыз

+ парадоксальды ишурия

- анурия

- олигоурия

- полиурия

- ешқайсысы емес

?

7 жастағы ұл бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Ішінің төменгі жағында қатты ауырсынуға, өздігінен зәр шығара алмауға шағымданады. Қараған кезде қуығы ұлғайған, ауырсынады. Зәр шығару 10 сағат бойы болмаған. Болжама диагноз – уретра тасы. Емдеуді неден бастау керек

+ қуықты пункциялау

- уретролитотомия

- антибиотиктер тағайындау

- зәр айдағыш дәрілер

- уросептиктер

?

Балаларда қуықтың даму ақауын қандай әдіспен анықтауға болады

- пневмоперитонеум