ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 34
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
7. АБРАЗИВ МАТЕРИАЛДАР МЕН АСПАПТАР,
АБРАЗИВ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Абразив материалдар тұралы жалпы мәліметтер. Абразив материалдар (немесе абразив) деп, ажарлау және жылтырату үшін қолданылатын заттарды айтады.
Өндірудің бұл түрлерінің мәні металл бетінен өте ұсақ жаңқаларды сылып алу болады. Ажарлаудағы немесе жылтыратудағы кесу процесі қатты, өткір қырлы абразив түйірлерімен жүзеге асырылады.
Ажарлаудағы немесе абразив материалдар сырткы және ішкі ажарлау немесе аспапты қайтару үшін ғана емес, тұрпайы өңдеудегі сыдыру жұмыстары үшін де, мысалы, құйманы тазалау үшін де пайдаланылады.
Ажарлау процесінің артықшылығы мынада:
Ажарлаудағы өңдеу дәлдігі миллиметрдің мыңнан 2—3 белігіне дейін жетеді, ал жону білдектерде миллиметрдің жүзден 2—3 бірлігіне дейінгі дәлдікке ғана жетуге болады.
Абразив материалдармен металдарды, қорытпаларды, кез-келген қаттылықтағы металл емес материалдарды, мысалы, шыныққан болатты, қатты қорытпаларды, шыныны т. б. өңдеуге болады.
Абразив аспаптарды оңай ауыстыруға болады, ал мұның жұмыс процесінде маңызы зор:
Абразив аспаптардың құны қымбат емес, өйткені оларды жасау үшін материал жер қыртысында едәуір көп кездеседі немесе арзан шикізаттан жасауға болады.
Абразив материалдардың түрлері. Техникада қолданылатын абразив материалдар табиғи, яғни жер қыртысында кездесетін және сол күйінде пайдаланылатын материалдарға және жасанды материалдарға бөлінеді.
Табиғи абразивтерге корунд, наждак, алмас т. б. жатады.
Ажарлаушы дөңгелектерді (шар қайрақтарды) жасауға арналған қарапайым материал — кварц түйірлерінен құралып, әк немесе газ заттарымен біріктірілген құмтас (пеСШаник) болып табылады.
Құмтастан жасалған қайрақтар тек аспаптарды қайрау үшін ғана жарайды және қаттылығы шамалы, қайрақта басқа қоспалар болғандықтан, сапалы ажарлауға онша қолайлы болмайды.
Табиғи абразивтердің ішінде ең маңыздысы — корунд
, саз-топырақтан, яғни алюминий тотығынан құралған өте қатты минерал болып табылады.
Ажарлау үшін темір мен басқа заттар қосылған корунд түйір қолданылады. Бұлар наждак деп аталады. Наждакта 60 пайызға жуық алюминий тотығы болады, корунд түгелдей дерлік (90 пайызға дейін) алюминий тотығынан құралады. Наждактың қаттылығы онша жоғары емес, құрылымы біркелкі болмайды.
Ең қатты табиғи абразив—алмас, алайда ол қазып алынуының қиындығы мен қымбаттығынан аз қолданылады. Алмас дәлдігі жоғары шеңберлерді реттеу үшін, тозаң күйінде ерекше қатты материалдарды ажарлау үшін тағы басқа жұмыстарға пайдаланылады.
Жасанды абразивтердің ішіндегі ең бастылары — кремний карбиді, электрокорунд, борикум карбиді.
Кремний карбиді электр пештерде кварц құмы мен көмір ұнтағын қосып балқыту аркылы алынады. 2000°С-де балқытудан пайда болған кремний карбиді: қара (ҚҚ) және жасыл (КЖ) болып екі түрге бөлінеді.
Кремнийдің жасыл карбиді карасынан тазарақ, қаттырақ келеді. Оның түйірлері өткір қырлы болады, қаттылығы алмастың қаттылығына жақындайды, ал мұның өзі кремнийдің жасыл карбидінің қайрақтарымен ең қатты материалдарды өңдеуге мүмкіндік береді.
Кремнийдің таза, қатты жасыл карбидінен жасалған қайрақтар қатты қорытпадан жасалған аспаптарды қайрау үшін, қолданылады.
Кремнийдің қара карбиді жасыл карбидпен салыстырғанда қаттылығы жағынан төменірек, бірақ берік келеді. Ол алюминий қорытпаларын, жұмсақ қолаларды, жезді, шойынды, металл емес материалдарды ажарлау үшін қолданылады.
Электрокорунд электр пеште алюминий тотығын балқыту арқылы алынады. Ол қатты қорытпалар мен шыныққан болаттарды өңдеуге мүмкіндік беретін өте құнды абразивтік материал.
Оның қалыпты (Э маркалы), ақ (ЭБ) және монокорунд деген түрлері болады.
Э маркалы электрокорунд көбінесе алунд деп аталады. Ол сұрғылт — қоңыр немесе ал қызыл-қызыл түсті болады. Ақ немесе ал қызыл-ақ түсті, ЭБ маркалы электрокорунд қаттылығы жағынан Э маркалы электрокорундтан жоғары, бірақ беріктігі төмен және тұрпайы өңдеу үшін жарамдылығы шамалы болады. Ол негізінен, тез кескіш болаттан жасалған аспаптарды — бұрғыларды разверткаларды, пышақтарды т. б. қайрау үшін пайдаланылады.
Арзанырақ материалдан қызыл монокорунд алынады. Ол сапалығы жағынан қалыпты (Э) және ақ (ЭБ) электрокорундтардың аралығында болады.
Бор карбиді қаттылығы жағынан кремний карбидінен жоғары тұрады. Борикум карбиді (В4С) 75% борикум және 25% көміртектен тұрады. Ол техникалық борикум қышкылы мен аз күлді көміртекті, мысалы, мұнай коксіндегі көміртек қосып балқыту арқылы алынады. В4С шыныны және басқа да өте қатты материалдарды тегістеуде алмас тозаңы орнына колданылады.
Ең жақсы абразивтер — тегістеу өнімділігі жағынан табиғи алмастан асып түсетін жасанды алмастар.
Алмас — таза көміртегі. Көміртегін алмас кристалдарына айналдыру үшін бір кездерде жер қойнауында алмас пайда болған жағдайларды туғызу қажет.
Бұл үшін көміртекті бірнеше мың градусқа дейін қыздырып, бірнеше жүз мың атмосфера қысымымен сығу керек болады. Біздің елде жуырда ғана ғалымдар алмасты жасанды жолмен алудың жағдайын туғыза алды. Мұндай алмас қаттылығы жағынан табиғи алмаздан кем түспейді.
Абразивтердің қаттылығын қаттылықтың материалдың шкаласы деп аталатынмен нөмірлеп белгілеу қабылданған, мұнда алмастың қаттылығы 10 бірлікпен, ал ең жұмсақ минералдың — тальктің қаттылығы бірлікпен алынған (7-кесте).
Осы шкала бойынша электрокорундтың қаттылығы 9-ға жуық, кремний карбидінікі — 9,5, борикум карбидінікі — 9,75.
Абразив материалдардың түйіршіктігі. Ажарлаушы түйірлердің үлкендігі қандай материалды өңдеу қажет екендігіне және тегістейтін беттің қандайлық таза болуы керек екеніне қарай таңдап алынады.
7 – кесте.
Қаттылық шкаласы
Материал | Қаттылық |
Тальк................................ Гипс.................................. Кальцит............................ Флюорит........................... Апатит.............................. Дала шпаты...................... Кварц................................ Топаз................................ Корунд.............................. Алмас............................... | 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 |
Ұсақталған абразив өлшем сипаттамасы бойынша
ажарлаушы түйір, ажарлаушы ұнтақ және микроұнтақ түрлеріне бөлу қабылданған.
Түйірлердің үлкендігі абразив өткізілетін елек көздерінің кеңдігін миллиметрдің жүзден бір бөліктерін көрсететін нөмірлермен белгіленеді.
МСТ 3647—59-ға сәйкес, түйірліктің мұндай нөмірлері белгіленген.
Ажарлаушы түйірлер үшін:
200—160—125—100—80—63—50—40—32—25—20— 16.
Ажарлаушы ұнтақтар үшін:
12—10—8—6—5—4—3.
Микроұнтақтар нөмірлері:
М40—М28—М20—М14—М10—М7—М5.
7.1.Ажарлау аспаптары
Ажарлау жұмысын жүргізу үшін ажарлайтын дөңгелектер (шарықтар), брусоктар, қайрақтар, жанушылар, түйірлер, сегменттер қолданылады. Бұл аспаптар байластырушы затпен біртұтас етіп біріктірілген абразив материалдардың түйірлерінен құралады. Абразив түйірлері ажарлайтын қағаз жасау үшін немесе қиыстыру, жетілдіру, жылтырату сияқты операцияларда дәл өңдеуге қолданылатын ұнтақтармен пасталар түрінде де пайдаланылады.
Ажарлайтын дөңгелектер (шарықтар). Абразив материалдардан жасалатын негізгі аспаптар — ажарлайтын дөңгелектер.
Өңдеудің белгілі бір түріне ажарлайтын дөңгелектің жарамдылығын анықтау үшін аспаптың қандай абразивтен жасалғанын, оның «түйірлігін», яғни түйірлерінің ірілігін, түйірлерді байланыстыру үшін қандай материал алынғанын, дөңгелектің қаттылығы қандай екенін білу қажет. Бұл мәліметтер ажарлайтын дөңгелектерді сипаттау үшін өте маңызды.
Дөңгелектерді жасау мынадай операциялардан құралады:
абразив металдарды шар тиірменмен ұнтақтау;
түйірлерді калибрлі електен өткізу арқылы іріктеу;
түйірлерді біріктіргіш заттармен қалыптанатын масса етіп байланыстыру;
осы массаны үлкендігі мен формасы әр түрлі дөңгелектер түрінде қалыптау;
кептіру, күйдіру немесе престеу (байланыстырушы заттың материалына қарай).
Байланыстырушы материалдар. Абразив түйірлерін байланыстыру үшін алуан түрлі материалдар қолданылады.
Абразив аспаптардың беріктігі мен қаттылығы, сондай-ақ оларды пайдалану саласы, ажарлайтын дөңгелектердің жұмыс үстінде рұқсат етілген айналу саны т. б. байланыстырушы затты тандап алуға тәуелді болады.
Байланыстырушы материал дөңгелектің айналып тұрғанда бұзылмауы үшін түйірлерді сенімді бекітуге тиіс, сонымен бірге осы кезде тұрып қалған жаңқалармен бірге түйірлердің дөңгелектен түсуі қамтамасыз етілуі қажет, әйтпесе дөңгелектің беті тегістеліп қалады да дөңгелек «майланады».
Сөйтіп ажарлаушы аспаптан жұмысшы түйірлердің түсіп қалуы аспапқа маңызды қасиет — өздігінен өткірлеу қасиетін береді.
Абразив түйірлерді байланыстыруға арналған материалдар органикалық емес және органикалық болып бөлінеді. Біріншілеріне К маркалы керамикалық С маркалы силикаттық, М маркалы магнезиялық байланыстырушылар жатады.
Саздан, дала шпатынан және тальктен құралған керамикалық байланыстырушы суға, отқа берік, механикалық төзімді болады. Керамикалық байланыстырушының кемшілігі — соққыға онша төзімді болмайтындығы.
Кварц құрамынан, сұйық шыныдан және саздан кұралған силикаттық байланыстырушы суға беріктігі жеткіліксіз болғандықтан аз қолданылады.
Магний тотығы мен хлорлы магнийден құралған магнезилі байланыстырушының беріктігі жеткілікті болмайды. Көбірек қолданылатын органикалық байланыстырушыларға Б маркалы бакелиттік және В маркалы вулканит байланыстырушылар жатады.
Жасанды смолалардан дайындалған байланыстырушысы бар дөңгелектер өте берік және серпімді болады. Олар жұмыс кезінде де керамикалық байланыстырғыш дөңгелектерден азырақ қызады.
Вулканиттік байланыстырушы (резинадан, шеллактан, басқа смолалардан жасалған) отқа онша төзімді емес, бірақ бакелиттен серпімдірек және жұмсағырақ келеді. Вулканиттік байланыстырушы жұқа дөңгелектерді болат ленталарды кесуге, фасонды ажыратуға т. б. тазартушы операцияларға қолданылады.
Ажарлаудың барлық түрлері мен кескіш аспаптарды қайрау үшін керамикалық және бакелит байланыстырушы дөңгелектер қолданылады.
Ажарлайтын дөңгелектердің қаттылығы ажарлайтын түйірлер тұрып қалғандай болса, оны ұстайтын байланыстырушы материалдардың қабілетімен анықталады. Дөңгелектердің қаттылығын бір немесе екі әріппен және цифрмен белгілеу қабылданған (8-кесте).