Файл: Жалпы медицина даярлау баыты Жалпы тжірибелік дрігер дрежесі бойынша білім беру бадарламасы негізінде дайындалан.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 25
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ф-ОБ-012/060
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ШЫМКЕНТ КАМПУСЫ
ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМІНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ
«ЖАЛПЫ ДӘРІГЕРЛІК ПРАКТИКА 1» КАФЕДРАСЫ
«ЖАЛПЫ ДӘРІГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ 2» ПӘНІНЕН
ОБЪЕКТИВТІ ҚҰРЫЛЫМДЫ КЛИНИКАЛЫҚ ЕМТИХАННЫҢ
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(5В130100 – «Жалпы медицина», Жалпы тәжірибелі дәрігер
мамандығы бойынша)
Шымкент -2021 ж
ZhDТ 6101 – «Жалпы дәрігерлік тәжірибе 2» пәні бойынша ОҚКЕ оқу бағдарламасы университеттің УЕ-ХҚТУ-063-2019 Жоғарғы білімнен кейінгі, білім беру бағдармалары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру туралы ережесі, УЕ-ХҚТУ-036-2019 Білім беру бағдарламасының (мамандықтың) және пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы, мазмұны, дайындау ережесі, 5В130100-Жалпы медицина даярлау бағыты «Жалпы тәжірибелік дәрігер» дәрежесі бойынша білім беру бағдарламасы негізінде дайындалған.
«Жалпы дәрігерлік практика №2» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.
“______” __________ 20___ ж. № ____ хаттамасы
Кафедра меңгерушісі м.ғ.д. доцент _______________ Кулаев К.Т.
Факультеттің академиялық комитет кеңесінің отырысында мақұлданды.
“______” __________ 20___ ж. № ____ хаттамасы
Төрайымы __________________ Туганбаева А.Т.
Пәннің сипаттамасы
Бүкіл одақтық денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетуді (МСАК) барлық адамдар денсаулығын қамтамасыз ететін стратегияның алдыңғы қатардағы құралы санайды, себебі ол – денсаулық сақтау жүйесінің басты қызметін атқарады және қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму процесінің маңызды бөлігі. Денсаулық сақтау жүйесінің барлық іс-шараларының сапасы мен тиімділігі, елдің жұмыс істеу қауқарының сақталуы, жанұя және тұрғындар арасындағы әлеуметтік қорғалмаған топтар, соның ішінде мүгедектер, қарт және егде жастағылар арасында туындайтын көптеген медициналық-әлеуметтік мәселелерді шешу – МСАК жағдайына байланысты. Сол себептен талап етілетін білім деңгейін, біліктілік пен тәжірибелік дағдыларын игерген МСАК дәрігерлерін дайындау интернатура өту барысындағы негізгі міндеттердің біріне жатады.
Білім беру бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзыреттердің дамуына бағытталған
Білім алу деңгейі | Рөлдермен берілген құзіреттіліктер | Салыстырмалы үлестірілімі |
И 1.1 (1) | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: мамандандырылған тәжірибеде биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды қолданады | 0,1 |
И1.3. (1) | ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕ: ғылыми зерттеуді жоспарлау мен жүргізу қағидаларын тҥсінеді, алынған нәтижелерді сыни тҧрғыдан қарастырып, статистикалық ӛңдеуден ӛткізе алады, медициналық публикациялардың ережелерін біледі. | 0,1 |
И 2.2.(2) | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ НАУҚАСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ: өз мамандығына сәйкес науқастарға диагноз қою мен мәселелерді шешу қабілетін маман тұрғысынан көрсете алады. | 0,3 |
И2.3. (2) | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР: интернатура мамандығына сәйкес медициналық процедуралардың кең ауқымды түрлерін меңгергендігін көрсетеді. | 0,2 |
И3.2. (2) | КӘСІБИ ТҰЛҒА ЭТИКА ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР: мәдениет аралық ерекшеліктерді, өз жауапкершілігін мойындай алады, этикалық қағидаларға өз қызметінің сапасын және біліктілігін арттыруға, өз қызметінің рефлексиясына деген ынтасын көрсетеді. | 0,1 |
И4.2. | МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰЖАТНАМА: денсаулық сақтау саласының заңдылықтарына сәйкес өз мамандығына сәйкес медициналық құжаттарды рәсімдеуді біледі. | 0,2 |
Пән мақсаты: Алдын алу медициналық шараларын іске асыра алатын және жынысына, сонымен қатар ауруының сипатына қарамастан оның жанұялық, өмір сүріп жатқан қоғамдағы ерекшеліктерін, мәдениетін ескере отырып, үздіксіз медициналық көмекпен қамтамасыз ету жауапкершілігіне қабілетті, МСАК жүйесінде жұмыс атқара алатын жалпы тәжірибелік дәрігерді (жанұялық дәрігерді) дайындау.
Пән міндеттері: МСАК жүйесінде дәлелді медицина ұстанымдарына негізделген негізгі медициналық емдеу – диагноздық, алдын алу және реабилитациялық іс – шараларды жүргізу дағдыларын нығайту және мониторинг жасауды үйрету;
-
Интерннің биоэтика принциптерін және емделушінің құқығын сақтай отырып, емделушімен, олардың туған – туысқандарымен, әріптестерімен жұмыс барысында коммуникативті дағдыларды жетілдіру; -
Кәсіби қызметтің барлық уақытында өзіндік білімдер мен дағдыларын жетілдіру және үздіксіз кәсіби білім алуға қажеттілікті баулау, ғылыми – зерттеу жұмысына дағдыларды дамытуын жалғастыру.
Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі
Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелерінің жалпы көлемі:
Білім алу деңгейі | Рөлдермен берілген компетенциялар | Оқытудың соңғы нәтижелері |
И 1.1.(2) | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ БІЛІМІН ҚОЛДАНУ | Білім (когнитивті) домені: Анализ: клиникалық тәжірибесінде биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік, тәртіби білімдерін санаттарға салыстырады |
И 2.1.(2) | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР | Білім (когнитивті) домені: Анализ: науқастармен жұмыс жасаған кезде әртүрлі жағдайда коммуникативті дағдыларды меңгергендігін бағалайды. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлдік: коммуникативті дағдыларды дәлме-дәл орындайды Аффективный домен (отношение/ Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: коммуникативті дағдыларды көрсете алады |
И 2.2.(2) | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ НАУҚАСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ | Білім (когнитивті) домені: Анализ: шынайы және стандартталған науқастарда диагноз қою мен ем стандарттарын анализ жасайды. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлдік: шынайы және стандартталған науқастарда диагноз қою мен ем дағдыларын (тәсілдерін) орындайды; Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: интернатура бағдарламасында көрсетілген тізіміндегі дағдыларды орындайды. |
И 2.3.(2) | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР | Білім (когнитивті) домені: Анализ: амбулаториялық жағдайда науқасқа медициналық процедуралар жасауды анализдейді. Дағдылар (психомоторлы) домені Дәлдік: тәжірибе барысында сабақ талабына сай жасалатын машықтарды дәлдікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: өз іс-әрекетінің құндылыктарын үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастыра алады. |
И 3.2 (2) | КӘСІБИ ТҰЛҒА ЭТИКА ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР: | Білім (когнитивті) домені: Анализ: өмір бойы үздіксіз кәсіби дамуға деген қабілетін көрсетеді Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлдік: өз уақытын, жұмыс жағдайларын, сондай-ақ оны қызметтік жағымсыз факторлардан қорғауды тиімді ұйымдастыра алады Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді:: медициналық дағдыны орындау барысында этикалық принциптер мен ұлтаралық ерекшеліктерді түсіндіреді, . |
И4.2. | МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА | Білім (когнитивті) домені: Манипуляция (іс-әрекет): денсаулық сақтау саласының заңдылықтарына сәйкес жалпы дәрігерлік практика мамандығы бойынша медициналық құжаттарды сауат-ты рәсімдей алады. Натурализация: медициналық құжаттарды рәсімдеуге қатысты нормативті-құқықтық базаны ескере отырып, оларды қатал сақ-тайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:Құндылықтарды үйлестіру: медициналық құжаттарды дұрыс рәсімдеудің маңыздылығын түсінеді. |
Объективті құрылымды клиникалық емтихан 4 бекеттен тұрады:
Бекет №1 – Жүрек-өкпе реанимациясы
Бекет №2 - Жедел коронарлы синдромда көрсететін жедел көмек
Бекет №3 - ЭКГ талдау
Бекет №4 - Өкпенің рентгенография нәтижелерін талдау
Бекет №1
Шокты ырғақта кеңейтілген ЖӨР жасау алгоритмі
№ | Қадамдар - Әр қадамды бағалау критерилері | Балл бойынша бағалау | ||
1 | Өмірлік маңызды параметрлерді бағалау. Науқасты дайындау Санасын бағалау (сөйлеу және иығынан түрту) Тегіс бетке жатқызу, кеудені киімнен босату, аяқтың ұшын 30-40 градусқа көтеру, жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету. Тыныс алуын бағалау (көремін, естимін, сезінемін). Қанайналым жүйесін бағалау (екі жақтан ұйқы артериясының пульсациясы). | | | |
2 | Дефибриллятордың көмегімен жүрек соғу жиілігін тексеру. Дефибрилляция жүргізу. Дефибрилляторды қосу Электродтарды орнату: электродтарды қою, мониторды қосу, қан айналымының тоқтату түрін анықтау. Реанимацияға қатысушылардың ешқайсысы зардап шегушіні ұстап тұрмағанына көз жеткізу және барлығына пациенттен алыстауға команда беру! "Разряд" батырмасын 1 рет басу (бифазада 120-200 Дж немесе монофазада 200 Дж) | | | |
3 | Кеуде қуысының компрессиясын жасау Бірінші қолдың алақанын (тенар және гипотенар) кеуденің төменгі үштен бір бөлігіне, екінші қолдың негізін бірінші қолдың үстіне орнату. Қолдар (білек пен иық) кеуде қуысына перпендикуляр болуы керек. Тереңдігі 5 см-ден кем емес және 6 см-ден аспайтын 30 компрессияны орындау, компрессия жиілігі минутына 100-120 рет. Компрессия арасындағы интервалдар минималды болуы керек. Әрбір компрессиядан кейін кеуде толығымен түзетілуі керек; (техника бұзылған жағдайда бұл қадам орындалмаған болып саналады) | | | |
4 | Өкпені жасанды желдетуді жүргізу Ауыз қуысын тексеру, қажет болған жағдайда тазалау. Амбу қабымен 2 жасанды дем беру | | | |
5 | ЖӨР бір кезеңін орындау (5 цикл 30 рет компрессия; 2 рет ӨЖЖ) | | | |
6 | Веноздық кіруді қамтамасыз ету Шеткері тамырдың венепункциясы | | | |
7 | Жай-күй мониторингі Жүрек ырғағын бақылау | | | |
8 | Эпинефрин енгізу Көктамырға әрбір 3-5 минут сайын 10 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіне 0,1% -0,1-1 мл эпинефрин | | | |
9 | Амидорон енгізу 20 мл 5% глюкозаға 300 мг амидорон араластырып көктамырға немесе лидокаин 1,5 мг/кг, көктамырға реактивті. | | | |
10 | Іс-шаралардың тиімділігін бағалау Жай-күй мониторингі Жүрек ырғағын бақылау, АҚ өлшеу, оттегінің сатурациясы және капнография | | | |
| Барлығы: | | | |
Максималды балл -25
Бекет №2
«Жедел коронарлы синдромда көрсететін жедел көмек»
№ | Қадамдар – Әр қадамдарды бағалау критерийлері | Балл бойынша бағалау | ||
1 | Науқаспен байланыс орнату. Бейвербалды тәсілдерді тисінше пайдалану: Танысу. Науқасқа өзі жайлы мәлімет беру. Бейвербалды тәсілдерді тисінше пайдалану. Өзара түсіністікте болу. Науқас көңілін аулау. Бейвербалды демеу жасау. | | | |
2 | Науқастың шағымдарын айқындау және нақтылау. Ауыратын жерін анықтау. Таралуы, ауырсыну сипаттары, пайда болу кезеңі, оның ұзақтығы, ауруды бәсеңдету және өзге де денсаулығына жасалған шағымдар жайлы сұрау. Науқастың денсаулығына жасалған шағымдарын сұрау. Қай жері? Таралуы? Қалай ауырады? Ол ауырсынулар немен байланысты? Ауырсынудың ұзақтығы мен бұндай жағдайлар ертеректе болды ма? Ауру қандай жағдайда бәсеңдейді, тоқтайды? Ауырсынулар кезінде қандай өзгерістер бар және қандай ауырсынулардың белгілері туындайды? | | | |
3 | Сырқаттың анамнезін жинау. Ауырсынудың бастапқы пайда болуы және оның ағымы, қандай ем-шара қолданды, стационарда емделуде болды ма, т.б? | | | |
4 | Тіршілік анамезін жинау. Ауырған аурулары, аллергиялық реакциялары, тұқым қуалауы, зиянды әдеттері, жұмыс сипаты, өзге созылмалы аурулары және т.б. | | | |
5 | АҚ өлшеу | | | |
6 | Артериалды пульсті өлшеу | | | |
7 | Жүрек аускультациясын жасау | | | |
8 | Қажетті зертханалық, аспаптық зерттеулердің аз көлемін тағайындау. ЭКГ-тексеру, миокард зақымдануының маркерін анықтау сияқты қажетті зертханалық, аспаптық зерттеулердің аз көлемін тағайындау. | | | |
9 | Жіті коронарлық синдромын бәсеңдету, тоқтату мақсатында емдік дәрі тағайындау: 90% төмен оттегі сатурациясында немесе айқын ентікпеде - оксигенотерапия; Кеуде тұсының ауырсынуында - морфин к/т бөліп (1 мл 1% ерітінді) (В-блокаторлар-қарсы көрсеткіштері болмаса); -нитроглицерин к/т немесе сублингвалды 3-5 мин. кейін қайталау қарсы көрсеткіштері болмаса; -Антиагрегантты терапия- Тикагрелор 180 мг.+аспирин 150-300 мг. -немесе Клопидогрель 300 мг немесе 600 мг.+аспирин 150-300 мг. Антикоагулянтты терапия- фондапаринукс (2,5 мг/тәул. т/а егу) немесе (эноксапарин к/т болюс) Науқасқа барлық тағайындау бойынша түсіндірме жасалуы міндетті. | | | |
10 | Науқастың ары қарайғы бағытын белгілеу. Төсекте жату режимінің сақталуын қамтамасыз ету. Далада немесе үйде болған жағдайда жедел көмек көрсету бригадасын телефонмен шақыру немесе шақырту. | | | |
| Барлығы: | | | |
Максималды бал - 25
Бекет №3
«ЭКГ талдау»
№ | Қадамдар – Әр қадамдарды бағалау критерийлері | Қадамдарды бағалау критерийлері | ||
1. | Ырғақ көзін анықтады | | | |
2. | ЖЖЖ және ырғақтылығын анықтады. Ырғақсыз жағдайларда аритмия түрін нақтады. | | | |
3. | ЖЭО визуальді анықтады, кардиомегалияға негіз болатын өс ауытқуларын білді. | | | |
4. | ЭКГ компоненттеріне ретімен анализ жасады; барысында тісшелердің вольтаждары мен тереңдіктерін және ендерін (ұзақтықтарын) бағалады; интервалдардың изосызыққа және жүрек жиырылу санына қатынасын, т.б. саралады. | | | |
5. | ЭКГ тұжырымын жасады (олар 4: гипертрофиялар, аритмиялар, блоктар, миокардтың ишемиялық және басқа генезді зақымданулары). | | | |
| Барлығы: | | | |
Максималды бал -25
Бекет №4
«Өкпенің рентгенография нәтижелерін талдау»
№ | Қадамдар –Әр қадамдарды бағалау критерийлері | Балл бойынша бағалау | ||
1. | Рентгенограмманың сапасы мен өткірлігін бағалау. Өкпелік синустарға сипаттама беру. Плевра қуысына ауа, сұйықтық жиналу синдромдарын таниды. | | | |
2. | Өкпенің оң және сол алаңдарына сипаттама беру (паренхимасын бағалау): инфильтрат, қуыс, дөңгелек құрылым, түйінді диссеминация т.б. синдромдарды сипаттай алды. | | | |
3. | Өкпе суретіне (интерстицийін бағалау) сипаттама беру: күшеюі, әлсіреуі, деформациямы, торлы диссеминация т.б. | | | |
4. | Кеудеаралығына (медиастинум) сипаттама беру: кеудеаралығының немесе өкпе түбірлерінің тығыздалуы, кеңеюі т.б.; жүрек көлеңкесінің патологиялық өзгерістері: мықынының жойылуы (митральді конфигурация), камераларының ұлғаюы сияқты синдромдар мен аортаны1ң өзгерістерін анықтады. | | | |
5. | Тұжырым жасады: рентгендік синдромдар аясында. | | | |
| Барлығы: | | | |