Файл: азастан республикасы ауыл шаруашылыы министрлігі с. Сейфуллин атындаЫ аза агротехникалы университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 74
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасы
Техникалық факультет
1-ШІ ӨНДІРІСТІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША
ЕСЕП
Такырыбы :Күнбағыс майын өндіру технологиясы.
В068 – «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі» мамандығы
6В07201 – «Тамақ өнімдерініңтехнологиясы» білім беру бағдарламасы Орындаған студент: Зағипар Қуаныш Ерланұлы___________
(қолы)
2 курс(3 триместр) тобы 06-068-21-27
Тәжірибе орны және кәсіпорын атауы: Нұр-Сұлтан қ.;
С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ техникалық факультетінің тәжірибелік-өндірістік цехтары.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасы
Техникалық факультет
1-ШІ ӨНДІРІСТІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША
ЕСЕП
Такырыбы :Күнбағыс майын өндіру технологиясы.
В068 – «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі» мамандығы
6В07201 – «Тамақ өнімдерініңтехнологиясы» білім беру бағдарламасы Орындаған студент: Зағипар Қуаныш Ерланұлы___________
(қолы)
2 курс(3 триместр) тобы 06-068-21-27
Тәжірибе орны және кәсіпорын атауы: Нұр-Сұлтан қ.;
С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ техникалық факультетінің тәжірибелік-өндірістік цехтары.
Университеттен тағайындалған жетекші: «Өсімдік майының тәжірибелік-өндірістік» цехының технологы,тәжірибелік жетекшісі | (қолы) | Камбаров Т.Ә. |
«Ет өнімдерін қайта өңдейтін тәжірибелі-өндірістік» цехының технологы, тәжірибе жетешісі | (қолы) | Кожамсугиров К.М. |
«Сүтті қайта өңдеу экспериметтік-өндірістік» цехының технологы, тәжірибе жетекшісі | (қолы) | Калемшарив Б. |
«Нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіру бойынша тәжірибелік-өндірістік» цехының технологы, тәжірибе жетекшісі | (қолы) | Акшораева Г.Д. |
«Өсімдік майының тәжірибелік-өндірістік» цехының технологы, тәжірибе жетекшісі | (қолы) | Камбаров Т.Ә. |
Тәжірибе бойынша есепті қорғауды бағалау | (қолы) | күні _________ |
Нұр-Сұлтан, 2023
Мазмұны
I.Кіріспе...................................................................................................................3
1.“Тамақ және қайта өңдеу өндірісінің технологиясы” кафедрасының тарихы......................................................................................................................4
1.1Өндірістегі техникалық қауіпсіздік ережелері. ............................................5 1.2Ет өнімдерін өңдейтін тәжірибелі-өндірістік цехы........................................7 1.3Қоғамдық тамақтандыру тәжірибелік-өндірістік цехы..................................8 1.4Майлы дақылдарды қайта өңдеуге арналған тәжірибелік-өндірістік цехы..9 1.5Сүт өнімдерін өңдейтін тәжірибелі-өндірістік цехы....................................10
Жеке тапсырма
2.1Күнбағыс майын өндіру технологиясы.........................................................13
III.Қорытынды.......................................................................................................24 IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................26
Кіріспе
Өсімдік майы– түрлі өсімдік дәні мен шырынынан алынатын табиғи өнім.Өсімдік майы негізінен глицериннің, қаныққан және қанықпаған бір негізді май қышқылдарының күрделі эфирлерінен (95 – 98%) түзіледі. Одан басқа өсімдік майы құрамында илік заттар, фосфатидтер, фитостериндер, пигменттер және Е витамині, т.б. кездеседі. Өсімдік майының құрамы майдың түсі мен дәміне әсер етеді. Өсімдік майына қыша, күнжіт, жүгері, күнбағыс, какао, мақта, жүзім, қауын, қарбыз, т.б. майлары жатады. Өсімдіктердің дәні мен шырынында өсімдік майының мөлшері 2 – 3-тен – 70%-ға дейін болады. Өсімдік майының қасиеттері ондағы триглицеридтер түзетін май қышқылдарының құрамына байланысты: сұйық, май тәрізді, кейде қатты, бояулы, кейбірі улы заттар болып келеді. Өсімдік майында холестерин болмайды.Өсімдік майы негізінен тамаққа, сондай-ақ олифа, сыр, жағармай, сабын өндірістерінде, т.б. кеңінен қолданылады. Өсімдік майы — организмге қуат беретін астың жұғымы. Май ақуыздарды, минерал тұздарды, сондай-ақ майды ерітетін витаминдерді организмнің қалыпты сіңіруіне қажет. Тамақтық рационында майдың болуы әртүрлі тағамдардың дәмділігін жақсартып, тәбетті арттырады. Тамақтағы майдың біраз бөлігі адамның денесіндегі май қорын жасауға жұмсалады. Бірақ адам майлы тамақ ішкеннен ғана семірмейді, ол көмірсуларды артық қабылдаудан да болады. Мұны етжеңді тез толуға оңтайлы адамдардың есте сақтаулары қажет. Организмнің майды қажетсінуін қанағаттандыру майдың түрі мен сапасына байланысты. Мал майы мен өсімдік майының бір-бірін толықтыра түсетіні белгілі. Биологиялық жағынан алғанда тәулігіне аспен бірге қабылданатын майдың 70%-ы мал майы, 30%-ы өсімдік майы болғаны қолайлы. Тамақ рационындағы майдың нормасы кісінің /жасына, кәсібіне, ұлттық тамақтану ерекшелігіне, ауа райының жағдайына қарай белгіленеді. Тәуліктік тамақ рационындағы майдың мөлшері әр 1000 ккал-ға 35 г болуы керек.
Күнбағыс майы
Күнбағыс майы жеп ас сайын дерлік үйге. Бұл ет, көкөніс, бәліштер, салаттар дайындау үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда, ешкім тіпті күнбағыс майы, қоректік заттардың бай болып табылатын құрамы, экстерьер кемшіліктерді кейбір жою, пісіру, сонымен қатар әр түрлі аурулардың емдеу ғана емес пайдаланылуы мүмкін екенін. фактісі туралы ойлаймын
I “Тамақ және қайта өңдеу өндірісінің технологиясы” кафедрасының тарихы
«Тамақ және қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» кафедрасы 2015 жылдың мамыр айында «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу технологиясы» кафедрасынан «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығын және «Ауыл шаруашылығы және астық өңдеу машиналары» кафедрасынан «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығын бір кафедраға жинақтау негізінде жаңа кафедра болып құрылды. Кафедраның құрылу мақсаты «2015-2019 жж. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кадрлар даярлау болды.
Кафедраның негізгі қызмет атқару бағыты ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін қайта өңдеу саласының бәсекеге қабілетті кадрларын келесі білім беру бағдарламасы бойынша дайындау болып табылады.
Тамақ өнімдерінің технологиясы
Кафедраның айналысатын ғылыми басым бағыттары – жануар және өсімдіктекті өнімдерді қайта өңдеу технологияларын жетілдіру болып табылады.
Кафедрада қарамағында 10-ға жуық проекторлар және компьютерлермен жабдықталған аудиториялары және заманауи жабдықтармен жарақталған зертханалары бар.
ҚР 2015-2019 жж. индустриалды-инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасы аясында «Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының оқытушылар құрамы Дэвистегі Калифорния университетінің (UC Davis, АҚШ) Neal Van Alfen, Yubang Lee және Charles Field Shoemaker ғалымдарымен бірлесіп екі мамандықтың кадрларды даярлауы бойынша білім беру бағдарламаларын құрастырылды. Сондай-ақ, аталған шетелдік ғалымдардың ұсыныстары негізінде UC Davis-тегі зертханалар тәріздес 4 зертхана құрылды:
-
Ет өнімдерін қайта өңдеуге арналған тәжірибелік -өндірістік цехы; -
Сүт өнімдерін қайта өңдеуге аралған тәжірибелік -өндірістік цехы; -
Майлы дақылдарды қайта өңдеуге арналған тәжірибелік-өндірістік цехы; -
Қоғамдық тамақтандыру тәжірибелік-өндірістік цехы (шағын наубайхана).
Барлық тәжірибелік-өндірістік цехтар заманауи жабдықпен жабдықталған.
Бұл цехтарда негізгі және бейіндік пәндер бойынша сабақтар өткізіледі. Сондай-ақ осы цехтарда білім алушылардың өндірістік технологиялық үрдістерді ұйымдастырулары мен басқаруларының тәжірибелік дағдылары қалыптасады, және алған білімдері мен дағдыларын магистрлік және дипломдық жұмыстарында қолданады.
-
Сүт өнімдерін өңдейтін тәжірибелі-өндірістік цехы
Сүт өнімдерін өндейтін тәжірибелік-өндірістік цехы- 26.12.2016 жылы ашылған. Бұл цех университетіміздің аумағында орналасқан, жартылай автоматтандырылған. Аусымда 250-500 мл көлемінде сүт өндіре алады. Цехта сондай-ақ, сүзбе, ірімшік, құрт, балмұздақ, қаймақ өнімдері өндіріледі. Сүт өнімдерін жасамастан бұрын шикі затты қабылдап анализ жасалады.Арнайы қондырғыда сүттің органолептикалық көрсеткіштері тексеріледі. Сонымен қатар, COMD мөлшері есептелінеді. Сары май жасау үшін – май араластырғыш, салқындатылған ірімшік жасау үшін – чан, көлемі әртүрлі резервуарлар бар. Цехта адыгей ірімшігін жасау үшін арнайы қалыптар қойма, термостат камерасы, фризер, мұздатқыштар т.б кездестіруге болады.
Ғылыми жұмыстардың негізгі бағыттары:
Сүт сары суын пайдалану технологияларын жасау;
Бие сүті негізінде инновациялық өнім жасау.
Мақсаты мен тапсырмалары
Негізгі мақсат білім беру сапасын арттыру және университет ғалымдарының ғылыми жетістіктерін коммерциялауға және өндіріске енгізуге жағдай жасау болып табылады.
Негізгі тапсырмалар:
-
сүт өндірісінің заманауи технологияларын пайдаланудың тәжірибелік біліктілігін жетілдіру мақсатында «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» студенттерінің, магистранттарының және докторанттарының зертханалық-тәжірибелік сабақтарын өткізу; -
бакалаврлар мен магистранттардың кәсіби білімдері мен біліктіліктерін арттыру, дипломдық жұмыстарды дайындау, сала дамуының әлемдік тенденциясына сәйкес диссертациялық жұмыстарды дайындау үшін тәжірибенің барлық түрлерін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Жобалар (бюджеттен тыс):
-
сүт сарысуын қолдану арқылы шырынды фито-сусындар технологиясын жасау;
-
бие сүті негізінде балмұздақ жасау.
Зауыт бөлмелері:өндірістік аумақ,шешінетін бөлме, санитарлық торап, экспедиция, сүт өнімдеріне арналған тоңазыту камерасы, кіру тамбуры (санитарлық өткізу), компрессорлық, ірімшік тұздау және жетілдіру камерасы, ашыту бөлімі, зертхана, жылу торабы.
1-сурет. Сүт өнімдерін өңдейтін тәжірибелі-өндірістік цехының сызбасы:
Ішкі көрінісі: Өндірістік учаске, шешінетін орын, санузел, экспедиция, сүт өнімдеріне арналған тоңазытқыш камерасы, кіретін тамбур (санөткізгіш) компрессорлық, ірімшіктерді тұздау және жетілдіру камерасы, ашыту бөлмесі, зертхана, жылу торабы.
Цех 40-қа жуық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Соның ішіндегілері:
Сүт сорғылары;есептегіш шығын өлшегіш; уақытша сақтауға арналған,плитаны салқындату қондырғысы,теңестіру ыдысы,сүт пастерлеу және салқындату қондырғысы,сүт сепараторы,гомогенизатор,сорғы.
-
Ет өнімдерін өңдейтін тәжірибелі-өндірістік цехы
Ет цехына тоқтала келсем, ет цехы университетімізде 2015 жылы құрылған. 2016жылы ашылып, 2017 жылы іске қосылды. Бір ауқымда қуаты 100 кг дейін етті өңдей алады. Жалпы алатын ауданы 90м2. Ет цехында еттің көптеген түрлері өндіріледі, оның ішінде ең басты орын алатыны шұжық өндірісі технологиясы. Шұжық өндіру үшін барлық қажетті құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілген, санитарлық тазалық өте жоғары дәрежеде
Мақсаты: «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының теориялық және қолданбалы білімі мен құзыреттілігіне ие бакалаврлар, магистрлер мен PhD докторларының тәжірибелік дайындығы бойынша білім беру, өндірістік жұмыстардың сапалы деңгейін ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ жаңа ғылыми бағыттар бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізу және кәсіпорындардың сұранысы бойынша ғылымның, білім мен өндірістің өзара байланысын нығайту.
2-сурет. Ет өнімдерін өңдейтін тәжірибелі-өндірістік цехының сызбасы
Ет цехы келесі жабдықтармен жабдықталған: Мясорубка; Куттер; Шприц вакуумный; Мұз генераторы;Тоңазытқыш; 150кг дейінгі жер таразысы;Шұжық өнімдері мен батондарды қалыптауға арналған үстел; Жұмыс үстелі; Екі секциялы жуу ваннасы;Қолданбалы инъектор. Ет цехтары өз өндірісі үшін шикізатты өндейтін орташа қуатты кәсіпорында ұйымдастырылады. Етті өңдеудің технологиялық процесі келесі операциялардан тұрады: мұздатылған етті жібіту; ветеринариялық таңбалардың бетін тазалау және кесу; жуу; обсушивание; кесуге бөлу; обвалка және ірі кесекті п/ф бөлу;
1.3 Қоғамдық тамақтандыру тәжірибелік-өндірістік цехы
Нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіретін тәжірибелік- өндірістік цех. Ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:
-
Емдік-диетикалық нан-тоқаш өнімдерінің жаңа рецептураларын құрастыру;
-
Бауырсақ дайындаудың инновациялық технологияларын құрастыру.
Негізгі міндеттері:
-
«С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» АҚ студенттері, наубайханалық өндірістегі заманауи технологияларды қолдану бойынша тәжірибелік дағдыны жетілдіру мақсатымен зертханалық-тәжірибелік сабақтарды өткізу;
Жабдықтармен қамтамасыз етілуі:тоңазытқыш шкаф, мұздату ыдысы, өндірістік стеллаж, тауарлық таразы (еденге қойылатын), жууға арналған ванна. өндірістік үстел, қамырараластырғыш машина, қамыр илейтін машина, багет қалыптастырғыш машина, нанның көтерілуіне арналған электрлік шкаф (шыны есіктері бар), пісіру шкафы (буылғалдандырғышпен бірге), электрлік плита, қуыру беті, электрлік таба, электрлік фритюрница, жеке қолданысқа арналған шкаф.
4-сурет. Қоғамдық тамақтандыру тәжірибелік-өндірістік цехы