ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.09.2021

Просмотров: 409

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

25


Ф КГМУ 4/3-03/02

ПП КГМУ 4/02

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Медициналық биофизика және информатика кафедрасы

СИЛЛАБУС

ПO OOD 012 MB 1112 «Медициналық биофизика»

Мамандығы 5B130100– “ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА”

Курс I

Семестр 1,2

Оқу сағатының көлемі 135 сағат - 3 кредит

Қарағанды 2014 ж.


Силлабус «Медициналық биофизика» пәнінің 5B130100 «Жалпы медицина» мамандығына жұмыс бағдарламасы негізі бойынша құрастырылып бекітілген «__»____________

Силлабус кафедра отырысында талқыланды.

«___» ___ 20___ж. Хаттама №

Кафедра меңгерушісі _________________________ Койчубеков Б.К.


Оқытушылар жайлы мәлімет

А.Ж.Т

Қызметі

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атауы

Оқыту, дәріс оқу

Ғылыми қызығушылығы

Жетістіктері

Мхитарян Ксения Эдуардовна

доцент м.о.

м.ғ.к., доцент м.о.

Орыс тілінде сабақ жүргізу

Физиологиялық бейімделу сұрақтары, вегетативті жүйке жүйесінің әр түрлі типті реттелудің тұлғаларда иммундық деңгейін бағалау

БЖФ ҚММУ «Функционалды диагностика», БЖФ ҚММУ «Информатика», ПБЖФ ҚММУ оқытушының негізгі дағдылары бойынша

Пашев Виктор Иванович

Аға оқытушы


Орыс тілінде сабақ жүргізу

Регуляторлы жүйелердің өзара әсерлері.

ПБЖФ ҚММУ «Медициналық білім берудегі инновациялық технологиялар». БЖФ «Биофизика»

Букеев Сатыбалды

Аға оқытушы


Қазақ тілінде сабақ жүргізу

Биофизика растений, процесс фотосинтеза

ПБЖФ ҚММУ «Медициналық білім берудегі инновациялық технологиялар». БЖФ «Биофизика»

Бражанова Анар Корабаевна

оқытушы


Қазақ тілінде сабақ жүргізу

Оқу бағдарламасынан түсетін жүктемелеріне оқушылардың бейімделу мәселелері.

ПБЖФ ҚММУ «Медициналық білім берудегі инновациялық технологиялар». БЖФ «Биофизика» ПБЖФ ҚММУ оқытушының негізгі дағдылары бойынша

Айткенова Айлаззат Айткеновна

оқытушы

Биология магистрі

Қазақ тілінде сабақ жүргізу

Студенттердің білім алу формаларына сәйкес жүрек – қан тамырлары жүйесінің қызметтік күйін, бейімделуін кейбір гемодинамикалық көрсеткіштерін бағалау.

БЖФ ҚарМУ «Қазіргі спектрофотометр және хроматографияда жұмыс істеудің негізгі принциптері және әдістері» БЖФ «Биофизика», ПБЖФ ҚММУ «Ассистент-оқытушы»

Балмагамбетова Газиза Галиевна

оқытушы


Орыс тілінде сабақ жүргізу

Дем шығару ауа конденсаты инвазивті емес әдіс ретінде өкпе сурфактанты жүйесі.

ПБЖФ ҚММУ «Ассистент-оқытушы»

Коршуков Илья Васильевич

оқытушы

Медицина магистрі

Орыс және ағылшын тілі.

Ақыл-ой жұмыскерлерінің бейімделу процестерін зерттеу.

БЖФ «Биофизика»

Сеитов Е.Т.

оқытушы

Биология магистрі

Қазақ тілінде сабақ жүргізу

Оқушылардың инновациялық технологиялар бойынша білім алуға бейімделуі


Байланыс ақпараты: Кафедра мына мекен-жайда орналасқан: Қараганды қаласы, Гоголь көшесі, 40, 4 корпус, 247,248, 249 бөлме.


Пән саясаты.

«Жалпы медицина» мамандығы студенттері үшін медициналық биофизика пәні 3 кредит көлемінде оқытылады.

I кредит мынандай тараудан тұрады:

  1. Мембраналар биофизикасы

  2. Бұлшықет биомеханикасы

  3. Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу

  4. Гемодинамиканың биофизикалық негіздері

Бөлім аралық бақылаумен аяқталады.

II кредит мынандай тараудан тұрады:

  1. Медико-биологиялық ақпараттың түрлену принциптері.

  2. ЭКГ-нің физикалық негізі

  3. ЭЭГ тіркеу және талдау принциптері.

  4. Қанайналымды зерттеу әдістері

Бөлім аралық бақылаумен аяқталады.

III кредит мынандай тараудан тұрады:

  1. Биожүйелердің жарықты жұту заңдылықтары.

  2. Интроскопияның физикалық негізі.

  3. Спектрофотометрлік зерттеу әдістері.

  4. Бионысанның электромагнитті толқындармен өзара әсері

Әр тарау көптеген сабақ түрінен тұрады: тәжірибелік, БАОЖӨЖ, БАӨЖ . Тараулар бойынша алынған барлық бағалардың орта арифметикалық бағасы қорытынды бағасы болып табылады.

Әр БАОЖӨЖ және БАӨЖ сабақтарына ПОӘК тапсырмалар құрастырылған. БАОЖӨЖ, БАӨЖ тапсырмаларын орындау әр тараудың соңына дейінгі мерізімде тапсырылуы қажет.

Дәрістерге, тәжірибелік және семинар сабақтарына қатысу міндетті БАОЖӨЖ, БАӨЖ қатысу міндетті емес. Босатылған барлық лабораториялық жұмыстар, практикалық сабақтар сәйкесінше аралық бақылауды жүргізгенге дейін өтелуі тиіс. Арнайы себепті жағдайда (ұзақ ауыру, төтенше жағдай, аралық бақылау өткізілетін күні ауыру) деканат босатылған сабақтарды және аралық бақылауды өтеудің жеке кестесін құрады.

Білім алушылар дәрісханалық сабақтардың барлық түріне – дәрістерге, тәжірибелік және семинар сабақтарына қатысу міндетті. БАОЖӨЖ, БАӨЖ тапсырмалары орындалуы қажет.

Білім алушының академиялық рейтингі (БААР) жіберілу рейтингісі (ЖР) және қорытынды бақылау рейтингісі (ҚБР) бойынша қойылады.

Оқытушы білім алушының рейтингісінің дұрыс есептелуіне жауапты..

Пән бойынша ағымдық үлгерімнің бақылауын, БАОЖӨЖ, БАӨЖ, және пән бойынша сынақтарды, сараланған сынақтарды ҚММУ академиялық күнтізбесіне, күнтізбелік-тақырыптық жоспаларына, БАӨЖ тапсырмаларын тапсыру кестесіне сәйкес, топта білім беретін оқытушы өткізіліп, нәтижесі 100-балдық шкаласымен оқытушының оқу журналына қойылады.

Білім алушыға оқытушы оқу журналына ағымдық бағаларды сабақта 100-балдық шкаламен пәннің әр тапсырма/тарауы үшін (бірнеше сабақ кіретін біріктірілген тақырыптар) қояды. Тапсырма/тарау үшін қойылатын ағымдық бағалау барлық оқу жұмыстарының түрлері (аудиториялық және аудиториядан тыс) есептеледі. Электрондық журналға АЖ «Platonus» тек тақырыптардың бағалары ғана енгізіледі, соның ішінде бағаланатын барлық тақырыптардың орташа арифметикалық мәні қойылады. Әр тақырыптар бойынша БАОЖӨЖ, БАӨЖ орындалған тапсырмалары белгіленген мерізімде тапсырылуы тиіс.


Оқытушымен қойылған білім алушының оқу жетістіктерінің ағымдық үлгерімінің бағасы, межелік бақылаудың нәтижелері, жіберілу рейтингісі, қорытынды бақылауы және пән бойынша студенттің академиялық рейтингісі студенттерге бірден айтылуы керек және сол күні оқу журналына, аптаның соңында электрондық журналға еңгізілуі қажет (АЖ «Платон»).

Семестрдің соңғы күнінде барлық кафедралар тіркеу офисіне білім алушылардың жіберілу рейтингісі ведомосттерін ұсынуға міндетті. Рейтингтік ведомостерінің көшірмесі сол мерзімде деканатқа ұсынылуы тиіс.

Барлық білім алушылар жіберілу рейтингісімен кафедрада танысып, қажет болған жағдайда апелляцияға ұсынады.

Пән бойынша бірінші сабақта білім алушының білімінің базалық деңгейі бағаланады. Базалық білімнің бағасы оқу журналында 100-балдық шкаламен қойылады. ЖР есептеу кезінде базалық деңгейінің бағасы есепке алынбайды.

Аралық бақылау 2 рет тақырыптық жоспарға сәйкес БАОЖӨЖ уақытында кафедрамен өткізіледі.

Себепсіз босатқан жағдайда сабақ өтелмейді. Егер босатылған сағаттар саны 50 % құраса және берілген тапсырма/тарауға қатысты тәжірибелік сабақтары жалпы сағаттар санынан көп болса, білім алушылар тапсырманы/тарауды тапсыруға жіберілмейді. Электронды журналға «0» қойылады.

Себепті босатылған жағдайда сабақтар өтеледі.

Босатқан сабақтарды өтеу үшін білім алушы міндетті:

  • деканнан/декан орынбасарынан сабаққа кіруге рұқсат алуға;

  • оқуды қайта бастағаннан кейін екінші сабаққа дейін кешіктірмей кафедраға кіруге рұқсатты ұсынуға;

Босатылған зертханалық жұмыстар, тәжірибелік сабақтар орындалған тапсырма/тарауды тапсырғанға дейін ғана өтеледі.

Өтеу ережесі:

  • Тақырып кафедрада кафедраның білім алушылармен жеке жұмыс және кеңес алу кестесіне сәйкес кезекші оқытушымен ауызша өтеледі;

  • ТДО-да босатылған сабақтарды өтеу ТДО-ның білім алушылармен жеке жұмысы мен кеңес беру кестесіне сәйкес жүзеге асырылады;

  • Себепті босатылған сабақтар өтелмеген жағдайда себепсізге теңестіріледі және оған «0» бағасы қойылады.

Егер студент сабақтарды семестрдің соңғы екі аптасында, сонымен қатар соңғы сабақты себепті босатқан жағдайда факультет деканы білім алушыға жеке кесте бойынша сабақтарды өтеуге және емтихандарды тапсыруға рұқсат етеді.

Семестр жұмыс күнінің 3/1 бөлігін босатқан жағдайда білім алушы академиялық демалысты ұсыну негізінде медициналық қорытынды алу туралы мәселені қарау мақсатында дәрігерлік-бақылау комиссиясын (ДБК) шақыру үшін ҚММУ емханасына баруға құқылы.

Пән бойынша қорытынды бақылау оқу жұмыс жоспарына сәйкес емтихан түрінде КТ бойынша өткізіледі. Қорытынды бақылау пән бағдарламасында қарастырылған материалдардың толық көлемін қамтиды. Тестілік тапсырмалар, қорытынды бақылау сұрақтары білім алушыға ұсынылмайды.