Файл: Ебек орауа нсау беру жмыстарына Кіріспе нсауын беру.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 87
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Кіріспе нұсқауын беру; -
Жұмыс орындағы нұсқауын беру;
-
Кіріспе нұсқауын беру; -
Жұмыс орындағы нұсқауын беру; -
Мерзімді нұсқау жүргізу; -
Қосымша нұсқаулар беру жатады.
3. Мерзімді нұсқауды шеберханада үш ай сайын бас мамандар мен өндіріс басшылары бірлесіп жүргізеді.4. Қосымша нұсқауды мекемеде, яки бөлімшеде кездейсоқ оқиға болған жағдайда шұғыл жүргізеді. Онда барлық жұмысшыларды жинайды. Курстық оқыту барлық санаттағы жұмысшы- кызметкерлермен өткізіледі.Дербес ЭЕМ - ді орналастыру кезінде келесі ережелер сақталады:
-
құрылғылар қыздырғыш приборлардан бір метрден кем емес қашықтықта орналасады, сондай-ақ дербес ЭЕМ, сервер және жұмыс станциясының пультінің алдыңғы жағынан 1 метрден кем емес және қызмет көрсетуші тұлғалардың жете алуы үшін жан - жағынан 0,8 метрден кем емес жол қалдырылады. Дербес ЭЕМ процессорының арт жағы қабырғадан 0,2 метрден кем емес қашықтықта орналасады; -
құрылғы түбімен үстел бетінің арасындағы саңылау ауаның еркін өту мүмкіндігін береді; -
құрылғы қаңқасындағы желбіршектер басқа заттармен жабылмауы керек; -
құрылғы күн сәулесінің тікелей әсеріне түспеуі тиіс.
-
техникалық құралдар; -
желдету құрылғылары; -
кернеуді түрлендіргіштер; -
баспа құрылғылары; -
басқа да құрылғылар.
Зиянды факторлардың әсерін азайту үшін келесі жаттығуларды жасап отыру керек:
-
бір көзді алақанмен жауып қойып, екінші көзбен алға қарай 2 - 3 секунд қарап тұрып, осы жаттығуды екінші көзге қайталау; -
алға қарай 15 - 20 сантиметр көз аралығына қарындаш қойып, қарындаштың дәл ұшына 3 - 5 секунд қарау. Содан соң көзқарасты алысқа аудару. Осы жаттығуды 10 - 12 рет қайталау; -
көзді 3 - 5 секунд қатты жұмып тұру. Содан кейін 3 - 5 секундке ашу. Осы жаттығуды 8 - 10 рет қайталау қажет; -
көзді оңға, солға, жоғары һәм төмен қарай бұрып, 3-5 секундке қатты жұму, бұл жаттығуды 5 - 6 рет қайталау. -
Ақиқатында, осынау жаттығулар көз айналасының бұлшық еттерінің қан айналымын жақсартады дейді көз дәрігерлері. -
Компьютерде жұмыс істеу орнын ұйымдастыру -
Абзалында, көз гигиенасын сақтау үшін жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру қажет. Айталық, ол мынадай шарттар: -
компьютер мониторының жоғарғы нүктесі көздің тұсында немесе сәл жоғары болуы керек; -
диагоналы 54 сантиметрлік монитордан 60 - 70 сантиметр, ал 72 сантиметрлік монитордан 80 сантиметр арақашықтықта отыру қажет; -
Компьютердің жарығын көзге жайлы етіп қою шарт; -
мониторға күн сәулесі тікелей түсіп, шағылыспайтын болсын; -
жұмыс істегенде қараңғы немесе жарығы жеткіліксіз бөлмеде отырмау; -
әрбір 1 - 1,5 сағатта 10 минуттік үзіліс жасап, көзге арналған жаттығулар жасау; -
көзді қорғайтын арнайы көзілдірік кию; -
көзді ылғалдандырып, шаршағанын басатын тамшылар қолдану қажет.
5. Орындығыңыздың отырғышы жұмсақ болуы, тізелеріңіз тікбұрыш жасап бүгіліп, табандарыңыз жерге толықтай тіреліп тұруы тиіс (Сурет 5.1).Сурет 5.1. Компьютер алдынды дұрыс отыру ережелеріСурет 5.2.Тінтуірді дұрыс ұстау ережесі:Жасанды жарықтандыру табиғи жарық жеткіліксіз немесе табиғи жарық жоқ болатын тәулік уақытындағы бөлмелер үшін қарастырылады. Біздің жағдайда табиғи жарықпен бірге жалпы жасанды жарық қарастырылады.Бөлмедегі ауа температурасы мен ылғалдылығы ІВМ/РС маркалы есептеу техникасын пайдалану үшін анықталған шектен аспауы тиіс.Бөлмедегі климаттық жағдайлар санитарлық гигиеналық мөлшердің барлық талаптарына сай келуі тиіс. “ЕО өндірістік бөлмелерінің жұмыс аймағындағы ауаның температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы мен қозғалыс жылдамдығы мөлшерлері” кестесіне сәйкес бөлмеде:
-
ауаның жұмыс температурасы 20 - 24 С; -
ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40 - 60; -
ауадағы шаң 0,5 мг/м3 - тан көп емес. -
aуа қозғалысының жылдамдығы – 0,2 м/c
Ауаны конденсациялау арқылы жылдың барлық маусымдарында микроклимат параметрлерін қажетті шамада автоматты ұстауды, ауаны шаңнан және зиянды заттардан тазартуды, таза бөлмеге тазартылмаған ауаның енуін артық қысым жасауды қамтамасыз етеді.Жұмысқа әсер ететін басты факторлардың бірі шу. Шу aдамның маңызды өмірлік жүйелеріне әсер етіп еңбекке қабілеттігіне әсер етеді.Рұқсат етілген дыбыстық қысым деңгейлері “Жұмыс орнындағы рұқсат етілген шу деңгейлерінің санитарлық мөлшерлері” №3223 - 85 талаптарына сәйкес келеді.Компьютерлер орнатылған бөлмелердің қабырғалары мен төбесі шу тудырушы болып табылады, сондықтан олар қойылған құрылғылардың санынан тәуелсіз түрде дыбысты бәсеңдететін материалдармен қапталған.Еңбек жағдайын гигиеналық бағалау және сауықтыру шаралары талапқа сай жүргізіледі.Оларда электрлі магниттік өрістердің түрлі жиіліктегі шекті рұқсат етілген деңгейлері орнатылады.Электрлі магниттік сәулеленудің рұқсат етілген деңгейі электрлі құраушысы бойынша 50 В/м және магниттік құраушысы бойынша 5 А/м аспауы тиіс. Электрлі магниттік және рентген сәулелерінің зиянды әсерлерін азайту үшін мониторларға қорғаушы экран қойылады.Электрлі магниттік өрістен сақтану, өзіне “уақытпен сақтануды” (4сағат жұмыс, 1 сағат үзіліс) қосатын ұйымдастырылған техникалық шаралар кешенінен тұрады.Сәулеленудің рұқсат етілген мөлшерлері радиобелсенді қауіпсіздігі мен иондаушы сәуле көздері мен жұмыстың негізгі санитарлық ережелерімен анықталады.Қызметкердің қауіпті аймақта болу уақыты ол рұқсат етілген сәулелену дозасын алу уақытынан аспауы тиіс.5.3 Өртке қарсы шараларӨрттің шығу себептері:- тыйым салынған жерде от жағып, шылым шегуден;- электр желілері мен қондырғыларының ақауларынан;- электр жүйлерінің нормадан артық күш түсіп, сымдардың, қондырғылардың қатты қызуынан;- тез жанатын сұйықтарды дұрыс сақтау мен пайдаланудың ережелерін бұзудан;- жылу жүйелерін, пештерді дұрыс пайдаланбаудан; -адамдардың жауапсыздығынан, ұмытшақтығынан, жеңіл мінезділігінен;- найзағайдан, кейде өздігінен жануы мүмкін.Жану дегеніміз -жанатын заттың оттегімен, жылу және жарық шығаратын химиялық реакциясы.Егер ауаның құрамында 0,7% - ға дейін бензиннің буы болса, ондай қоспа жанбайды. 0,7 - ден 5,03% - ға дейін бензиннің буы болса, ол қопарылыс жасайды. Ал 5,03% - дан жоғары болғанда кәдімгідей жалындап жанады.