Файл: Интернет (бас рiппен жазылса)кез келген компьютердi жер шарында орналасан баса жмыс станциясымен, яни телефон арнасына осылан баса компьютермен жылдам байланыстыратын Дние жзiлiк Желi.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 66
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
КІРІСПЕ
Интернет (бас әрiппен жазылса)−кез келген компьютердi жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүние жүзiлiк Желi. Оны дүниедегi ең үлкен ауқымды (глобальный) желi деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бiр−бiрiмен ТСР/IР хаттама (протокол) ережелерiмен мәлiмет алмасады, оларды бiр нұсқада, яғни бiр тiлде «сөйлейдi деп айтса да болады. Дүние жүзiлiк Халықаралық телефон желiсi сияқты оны ешкiм басқармайды, ол ешкiмнiң жеке меншiгi емес. Мiне, осы Интернет желiсi көмегiмен электрондық почта арқылы хабар алып (берiп), басқа компьютерлердегi ақпаратты көрiп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргiзуге мүмкiндiк бар. World Wide Web құрылымы−WWW дүнежүзiлiк тармақталған желiсi−бұл Интернет−тiң ең кең таралған, күннен күнге тоқтаусыз өсiп жатқан қызмет түрi. World Wide Web−Интернет−тегi барлық құжаттар және мультимедиалық ресурстарды сипаттайтын термин. Бұл мәлiметтердi пайдалану жолында оларды оқып көру үшiн Micrasoft Интернет Explorer, Netscape Navigator cияқты програмалық жабдықтар қолданылады. Олар Интернет−тен керектi құжаттарды iздеп табуға, қарауға, жазып алуға мүмкiндiк бередi. «Гипермәтiнң (байланысқан мәтiндер) мүмкiндiгi Web мәлiметтернiң бiрiнен бiрiне көшудi жеңiлдетедi. Файлардың «HTML−ің (hipertext markup language) форматын iске қосатын гипермәтiн мүмкiндiгi Web парақтарының бiр бетiнен екiншi бетiне «сiлтеуң бойынша көшудi жеңiл жүзеге асырады. Бұл беттерде суреттер, бейне жазбалар, дыбыстар, үшөлшемдi (кеңiстiктегi) нақты бейнелер т.с.с. орналасады. Осындай сiлтемелер арқылы байланысқан парақтар World Wide Web−тiң негiзгi құралымын құрайды. Web жүйесiне қосылғаннан кейiн әрбiр адам WWW желiсiндегi кез келген мәлiметтi басқалармен бiрдей пайдалану құқығына ие болады, бұдан соң басқа компьютермен байланасу үшiн немесе қосымша артықшылық, шектеулер үшiн ақы төлеудiң қажетi жоқ.
WWW – ол гипер мәтіндерден тұратын құжаттар жиынтығы, соның арқасында интернет әлемнің кез келген нүктесінде пайдаланылады. Web – сайттарды құру интернет ресурстарын өңдеудің маңызды технологияларының бірі.
Жақсы сайт пайдаланушыға пайдалы мәлімет бере алады, коммерциялық ұйымның және оқу орнының визиттік картасы бола алады. Сайт тәуліктің кез келген уақытында жұмыс жасайды. Қазіргі кезде ғаламдық интернетте мыңдаған Web – сайттар орналасқан және олардың саны күннен күнге артуда. Кез келген пайдаланушы өзіне қажетті мәліметті қарап ғана қоймай, өзі де сайттарды құруға белсене араласа алады. Web – сайттарды құрудың көптеген әдістері бар, тек олардың ішінде кейбіреулері ғана өңдеушілерге құруға арнал -ған тапсырмаларды орындауға қажетті құралдарды бере алады.
Бұл бөлімдерде мен HTML, PHP, Javascript, MySQL тілдерін қарастырып өттім. Бұл тілдер қазіргі кезде кезде ең көп тараған тілдерге жатады.
JavaScript — объектіге бағытталған скрипттік (немесе сценарийлер) бағдарламалау тілі. ECMAScript тілінің диалекті болып табылады. ECMA-262 спецификациясының Conformance бөліміне сәйкес ECMAScript спецификациясының жүзеге асқан өнімі.
PHP (ағылш. PHP: Hypertext Preprocessor — «PHP: еренмәтінді алдын-ала үдірістегіш») бұл кең тараған, ашық кодты бағдарламалау тілі. PHP Web-бағдарламауға арнайы құрастырылған, және тікелей HTML кодқа енгізіліп жазыла алады.
MySQL – (Құрылымдасқан Тапсырыс Тілі Structured Query Language) дү- ние жүзінде ең көп қолданылатын, қайнары тегін және ашық, реляцияланған мәліметтер қоры жүйесі (RDBMS). Серверлік бағдарламаретінде, бірнеше қолданушыларға бірнеше мәліметтер қорын қолдануды қамтамасыз етеді.
Дипломдық жобаның өзектілігі:
-
Қазіргі таңда кең таралған интернет технологияларды пайдалана отырып Компьютер дүкенінің сайтын құру;
Менің дипломдық жобамның тақырыбы: «Компьютер дүкенінің сайтын жасау. Осы тақырыптың мақсаты мен мазмұнын ашу үшін төмендегі бөлімдерден тұратын мәліметтер қарастырылды.
1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.1Web технологияларды қолдану
Қазақстанда электронды коммерцияны дамытуға басымдық беріледі. Электронды коммерцияны дамыту ел экономикасын реформалаудың оны әлемдік экономикаға ықпалдастырудың және бәсекеге қабілеттілігін арттырудың қуатты және тиімді құралдарының бірі болуы мүмкін. Бұл ретте онлайн төлем жасауға мүмкіндік беретін сервистер мен қызметтердің саны артады. Арнайы порталдар арқылы азаматтар кейбір қызметтерге тапсырыс беріп, салықтарын төлейді. Елімізде кез келген интернет-дүкеннің бағаларымен таныса алатын және бұрын пайдаланған қызметтерге дауыс бере алатын интернет-ресурс құрылады.
«Интернет-дүкендер» туралы айтатын болсақ, бұл бағытта Казнеттегі электронды коммерция дамымаған. Әдетте қазақстандық сайттардан сіз тауарды таңдай аласыз, ал ақшалай төлеу мүмкіндігі тауарды алғаннан кейін ғана пайда болады. Себебі төлемдік сервис бар болғанымен бірыңғай интегратор жоқ.
Интернет-дүкен – бұл ғаламторда орналасқан дүкен. Яғни ғаламтор арқылы сатылатын тауарлар мен қызмет түрлерінің жүйеленген тізбесі. Арнайы бағдарлама негізінде тауарларды қосу немесе өшіру, жаңа тауар категорияларын құру және тауарлардың сипаттамалары мен суреттерін еңгізу, бағаларын белгілеу ыңғайлы іске асырылады. Сайтқа кірушілер тауарларға электрондық тапсырыс формасы– «тапсырыстар себеті» арқылы тапсырыс бере алады. Мұндай сайттарда тек тапсырыс беріп ғана қоймай, сонымен қатар ғаламтор арқылы тауарға тікелей төлеуге де болады. Есептесудің әртүрлі жүйелері пайдаланылады: тауарларды курьер арқылы немесе автоматты түрде есеп-шот ұсыну немесе пластикалық карта арқылы төлем қабылдау.
Интернет-дүкен – бизнесті табысты жүргізу үшін жоғары нәтижелі және аз шығынды инструмент. Жай дүкеннен айырмашылығы интернет–дүкен сөткесіне 24 сағат ашық, аптасына 7 күн жұмыс істейтін, Жер шарының қандай нүктесінде болса да қолданушының қолы жететін және ғимаратқа жалдамалық қаржы шығынын келтірмейтін, персоналды аз мөлшерде қолданатын дүкен.
Интернет-дүкен аз бағаны және жоғары нәтижені бірлестіреді: интернет-дүкенді құру копанияға тауарлар мен қызмет көрсету нарығында өзінің позициясын жеңіп алуға және ұстауға көмектеседі, клиенттік базаны көбейтеді, брендтің мәлімділігін жоғарлатады.Басқа сөзбен айтқанда, интернет-дүкенді құру иеленушілерге анық пайда әкеледі.
Сондықтан қазіргі кезде көп компаниялар интернет-дүкендер ұйымдастыру туралы шешімдерге келуде. Интернет-дүкенді құру бойынша жұмысты бастар алдында, мамандар сайт иеленушілердің алдында тұрған мақсаттар мен тапсырмаларды анықтайды, жұмыс істеуде және жайлылыққа бәсекелес сайттардың алдында тұрған жұмыс істеуге және қолайлылыққа көңіл
аударады. Осыдан кейін олар интернет-дүкен құру бойынша жұмыстарға тікелей кіріседі.
Интернет-дүкенқұру кезінде мамандар оның функционалдығына үлкен көңіл аударады: техникалық мүмкіндіктеріне, ресурстарды қолдану қолайлығына, навигацияға. Интернет-дүкенніңнавигациясы тауарды тез, жылдам тауып алуды, оның көрсетілуін және тапсырысын қамтамасыз етеді. Интернет-дүкендідайындағанда клиенттердің бизнестерінің ерекшелігі есепке алынады, олардың барлық өтініштерін және ескертулері қабылданады.
Интернет-дүкендердіқұру бірнеше кезеңдерден тұрады:
- интернет-дүкен құруға арналған техникалық тапсырмаларды орындау;
- жобаның барлық беттері үшін эксклюзивті графикалық дизайнды жасау;
- сайттың беттерін мәтіндік және графикалық контентпен толтыру;
- барлық беттерді тестілеу және қателердің болу мүмкіндігін жою.
Қазіргі заманның ұйымының өз сайты болуы– қазіргі заманның жоғары стандартына сай болу. Желіні пайдаланушы – компанияның потенциалды клиенттері. Оларға сіздердің жұмыстарыңызбен танысуға мүмкіндік беру керек, Сіздердің тұрған жерлеріңізді және Сіздердің байланыстарыңызды білулері керек.
Сайттың Web-дизайны– бірінші, жалпы сайт туралы келушінің пікіріне әсер етеді. Оның сайтта қалуы немесе кетуі осы пікірге байланысты. Қолданушының көңілін аудару үшін және қызығушылығын туғызу үшін компания сайтының web-дизайнын ойда қалатындай ыңғайлы, әскерлі қылып жасау керек.
Web-дизайнның басты міндеті– сайттың беттерінің дұрыс рәсімделуі, олардың орналасуы және өзара әрекеттесуі. Құрудың негізгі кезеңдерін қарастырайық.
Алдын-ала жасалған қорытындының нәтижелеріне сәйкес Web– дизайнның концепциясын анықтаймыз: сайттың бизнестік бөлімдерін белгілейміз, навигацияны және тақырыптама контентін анықтаймыз.
Сайттың үлгісінің дизайны - болашақ web-дизайнның түп тұлғасы жасалады. Дизайнның үлгісі тапсырыс берушімен бекітіледі. Тапсырыс берушінің сайттың концепциясын талқылауда белсенділігі жоғары болса, сайттың web-дизайны оның күткен барлық ойынан шығады.
Жасалған дизайн-үлгісіне сәйкес дизайнның графикалық элементтері, схемалары, менюдің кнопкалары және беттерді дайындаудың басқа элементтері жасалады. Барлық html беттерімен сайттың дизайны аяқталады.
Web–дизайнды жасай отырып, біз барлық нюанстарды ескереміз, әр түрлі браузерлердегі және әр түрлі шешімдердегі сайттың дизайнының тестілеуін өткіземіз, әсіресе графиктердің оптимизациясына ерекше көңіл аударамыз, өйткені Сіздің клиенттің қосылу жылдамдығы төмен болуы мүмкін.
Web-дизайнды жасау - өте күрделі процесс, сондықтан мамандар оған үлкен маңыз береді. Барлық бөлімдердің жұмысқа қабілеттілігі, функциялары мұқият тексеріледі.
Web –дизайндағы экрандық өлшем, бет өлшемдерін таңдау сайттың ең негізгі элементтерінің бірі беттер болып саналады. Web беттер бір сайттың шектеуінде өзгеруі мүмкін. Беттердің көптігіне зерттеулер жасайтын болсақ беттерді бірнеше негізгі түрлерге бөліп қарастаруға болады. Мысалға, үй беттері, іздеу беттері, құрамды бет тағы сол сияқтыларды атап өтуге болады.
Беттердің үлкен кішісіне оның өлшемдеріне көптеген Web –дизайн жасаушылары пікір таластырып келген. Web –дизайндағы беттің жалпы көлемі белгілі ерекшеліктерге сәйкес жасалса ол адамның жұмыс жасау мүмкіндігін арттырады. Бетті жасау кезінде дизайнер оның негізгі түрлерін және оны жасау үлгісіне мән беру керек, және жасалып жатқан бетте ең маңызды ақпараттардың түгелдей сиып тұруы қажет. Ең негізгі шығармашылық белгілері беттің қарапайым көрінуімен қатар өзіндік ерекшеліктерін сақтап тұрады. Дизайнның мақсаты көрнекілік ғана емес қолданушыға жұмыс жасап отырған кезде қиындықтар туғызбау.
Жалпы бет деген не?Бет дегеніміз Web–сайттың негізі, басқаша айтқанда бет браузерлік терезеге шығатын сол бет. Бір бет URL–дың бір бетіне сәйкес келеді. Бүгінгі күнде барлығы оңай емес.
URL браузер терезесіне бір неше бетті қатар жүктей алады, және де Web беттер бір неше ұсақ терезелерге бөлінген болуы мүмкін немесе фреймдерге. WebWeb сайттарда жасалған әр бір бөлшек өз мәнін өзіне сақтап тұруы қажет, ол бөлшектердің әр қайсысын біріктіру кезінде өте көңіл бөлерліктей бір бірліктегі бет пайда болады. Web –сайтты құру кезінде көңіл бөлетін маңызды мәселе әр беттерге жіберген сілтемелер қажетті ақпараттар сақтап тұрған болуы қажет, және қолданушы сол беттің құрылымын барымен қабылдап алу керек. Дизайнер үшін әр түрлі бөлшек жасау қажеттігі туады. Ол бөлшектер өзара тең емес, кей біреулері үлкен бөлшектерден тұратын болса ал кей біреулері ұсақ бөлшектерден тұратын болады.
Web-беттер теориялық жағынан шексіз ұзын және кең болады. Басқаша айтқанда шексіз үлкен өлшем. Бұндай жағдайда қолданушыға қолайсыздық тудыруы мүмкін және баспаға шығару үшін тиімсіз. Сондықтан осы себептерге байланысты беттің өлшемі болуы тиісті. Web –сайттың бетін таңдағанда сол бетке орналастырылған ақпаратқа байланысты жасалады. Егер қолданатын ақпарат көп болса бет үлкен болады, ал егерде ақпарат аз болса онда бет кішкентай болады. Егерде беттердің өлшемін шектейтін болсақ кей қажетті ақпараттарды жеке–жеке бөлшектерге бөлу керек болады. Бұл жасаушы үшін ең қолайсыз жағдай.
-
Web – сайттар классификациясы
Сайтты жарнамалау. Сайтты жарнамалаудың бірнеше әдістері бар: ол жөніндегі ақпаратты іздеу Web – сайттарына орналастыру, басқа сайттармен өзара байланысқан сілтемелерді ұйымдастыру және т.б.
Қазіргі кезде дүниежүзілік ғаламторда бірнеше миллион Web – сайттар бар және олардың саны күннен күнге артуда.
-
автор жайлы және оның қызығушылықтары туралы ақпараттардан тұратын жеке бетшелер. Оларды өздеріне достар іздеп табу үшін және өзінің көз аясын кеңейту үшін құрады. -
Ақпараттық сайттар. Оларға оқу орындарының сайттары, қызығушылықтар бойынша қауымдастықтар, фирмалар т.б. сайттары кіреді. -
Қашықтан оқыту және кеңес беру сайттары. Бұл сайттарда онлайн режимінде студенттер мен оқушылар пайдалана алатын оқыту бағдарламалары мен мәтіндері болады. -
Электрондық коммерция. Web – тарда виртуальды дүкендер болады, олар компьютер мониторында отырып сауда жасауға мүмкіндік береді. -
Ақпараттық – көңіл көтеру сайттары.[2]
Сайттарды өңдеу кезеңдері
-
Web – сайттарды өңдеу мынадай кезеңдерден тұрады: жоспарлау, жүзеге асыру, жариялау, ілгері жылжыту, демеу. Жоспарлау кезеңінде төмендегідей тапсырмалары анықталады: -
Web – сайттарды құру мақсаттары (неге? Ол қандай тапсырмалар орындайды және қандай аудиторияға есептелген?) -
құрамының сипаттамасы; -
құрылымы (Юзабилити – пайдалану ыңғайлылығы); -
рәсімдеу ерекшеліктері (әрбір бетшенің құрылымы анықталады және графикасы өңделеді). -
Кез келген бетшені үш параметр бойынша бағалауға болады: контент, сыртқы келбеті және навигация. Егер сайт ұзақ ойланып оқуға арналған болса, онда ол анық оқыту мүмкіндігіне ие болуы керек, мәтіні мен бетшенің өзі қою түспен рәсімделген болмауы керек. Егер сіз пайдаланушыға мультимедиялық ақпарат алуға болатын сайт құрған болсаңыз, керісінше мәтіндік блогтарды минимумға дейін қысқарту керек.