Файл: Интернет (бас рiппен жазылса)кез келген компьютердi жер шарында орналасан баса жмыс станциясымен, яни телефон арнасына осылан баса компьютермен жылдам байланыстыратын Дние жзiлiк Желi.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 69
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жүзеге асыру. Бұл сайтты құрудағы негізгі жұмыс. Бұл кезеңде мәтіндік және графиктік ақпаратты дайындау (басу, сканерлеу т.б.) жүзеге асырылады. Материал құрылымына сәйкес файлдарға бөлінеді. Әрбір бетшеде тек мазмұнымен және адрестік сілтемелерді ауыстыру керек, мұндай жұмыстарды ұйымдастыру уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Тестілеу. Web – сайтта жұмысты аяқтағаннан кейін тестілеу жүргізген жөн. Ол екі кезеңнен тұрады: жұмысқа қабілеттілігі бойынша тестілеу және интерфейсты қолдану ыңғайлылығына тестілеу. Жұмысқа қабілеттілігін тестілеу кезінде пайдаланушы қолданатын жағдайлармен Web – сайт қалай қызмет жасайтындығы тексеріледі. Web – сайтпен әртүрлі браузерлерде жұмыс жасап тексеріледі. Бетшенің ашылу уақыты бағаланады.
Жариялау(публикация). Дайын Web – сайт Web – серверге жариялануы керек, ол интернет арқылы қаралуы керек. Егер сіздің сайтыңыз FrontPage редакторы арқылы құрылған болса онда серверде FrontPage кеңейтілген болуы керек. Егер сіздің жеке серверіңіз болмаса онда желіден көптеген free web pages сілтемелерін табуға болады, оларда кейбір провайдерлер өздерінің клиенттеріне ақысыз бетшелерден орын көрсетеді. Мысалы, http://narod.ru.
Дегенмен өзіңіздің сайтыңызды жариялауға нақты серверды таңдап алу үшін мыналарға көңіл бөлген жөн:
-
контент бойынша дискриминацияның болмауы. Кейбір серверлер сіздің сайтыңыздың құрылымы жөнінде шарттар қою мүмкін. -
Web – сервердің сенімділігі. Сервердың құрылымын тексеріп алу керек, кейіннен сайтты жариялау кезінде қиындықтар тумау үшін -
Техникалық көмек. Сіздің сервер администраторымен байланысқа шығу мүмкіндігі бар ма, немесе FTP (FileTransfer Protocol) хаттамасын қарау мүмкіндігі. -
Сізге бөлініп отырған кеңістік көлемі. Көбінесе бұл 5 – 10 мегабайт; -
Қосымша мүмкіндіктер. Егер сервер сізге ақысыз почта, қосылу счетчигін, қонатар кітапшасын, чаттар, әртүрлі CGI – скриптілер және т.б. ұсынса артық етпес етеді. -
Серверде қандай программалар бар. Мысалы, UNIX – серверлері файлдар атауларындағы әріптер регистрлеріне сезімтал болып келеді. Дегенмен мұндай серверлерді бұзу өте қиын. -
Серверде бетше мазмұнын автоматты түрде қайтадан кодтау мүмкіндігі барма. Болмаған жағдайда орыс тіліндегі кодтарды бейнелеуде қиындықтар туындайды.
Сайтты жарнамалау
. Сайтты жарнамалаудың бірнеше әдістері бар: ол жөніндегі ақпаратты іздеу Web – сайттарына орналастыру, басқа сайттармен өзара байланысқан сілтемелерді ұйымдастыру және т.б.
Web – сайтты әдемі рәсімдеу бұл атқарылатын жұмыстың аз ғана бөлігі. Бірінші кезекте бетшелер мазмұнды болып келуі керек. Web – сайт мазмұнына қойылатын негізгі талап бұл толық болуы және нақты болуы. Ақпарат мынадай түрде болуы керек, Web – сайтты бір рет пайдаланған пайдаланушы кейіннен бірнеше рет пайдалатындай түрде болуы керек. Web – сайттың мазмұны бірнеше рет өзгеріске ұшырауы мүмкін. Ең маңыздысы жарияланған ақпарат барлық уақытта да өзектілігін жоймауы керек, сондықтанда жиі жиі мүмкіндігінше сайттағы ақпараттарды жаңартып, толықтырып отыру керек, дизайнды жақсарқан да артық етпейді. Басқа жағдайда тек потенциалды пайдаланушыларды ғана емес, тұрақты пайдаланушыларды да жоғалтып алуыңыз мүмкін. Өзіңіздің компьютеріңізде Web – сайттың көшірмесін жасап қойғаныңыз дұрыс, оған өзгерістер енгізе отырып және жаңа нұсқаны серверге аяқталған күйінде шығарып отыра аласыз.[3]
1.3 Веб−сайттың түрлері
Визиткалы сайт−қарапайым сайт болып таблады.Ол html құралдарысыз қолданушылармен интерактивті байланысты береді.Сайт фиманың дизайнына бүкілдей сәйкеседі.
Фирма сайтты тек потенциалды клиентерге жарнамалық ақпараттарды беру үшін қолданады. Сайттың негізгі беттері: Негізгі бет−Сіздің фирма туралы қысқа да нұсқа ақпараттардан тұрады. Компания туралы− фирманың жетістіктерімен, клиентермен жұмысы және мұның сізге берер пайдасын көрсетеді. Өнім− Фотолармен берілген товарлар туралы қысқаша ақпараттардан тұрады. Контакты− Әдетте негізгі контакты ақпарат әрбір бетте қайталанады ол сіздің компания туралы толық ақпараттан тұрады.
Жарнамалық сайттар−бұл түрдегі сайт товарлармен қызмет өтеуді көрсету .үшін қолданлады. Ол жайнаған дизайнға толы болады. Бұл түрдегі сайт төмендегідей қосымша беттерден құрам табады: Товарлар каталогі− ол визиткалы сайт товарларға қатысты жан−жақты ақпараттар берумен ерекшеленеді және әрі көрсетілген қасиеті бойынша іздеу функциясы бар.
Қайдан, қалай сатып аласыз− сату нүктелері, қойма, офис меңгерушілер туралы ақпараттар бар. Бағалар− жалпы товарладың бағалар тізімін береді.
Қолдау−компаниямен байланыс орнатудың мұмкіндіктері көрсетіледі.
Ақпараттық сайттар−Ақпараттық сайттар− қажетті ақпараттарды жинаумен ерекшеленеді.
Жаңалықтар− назар аударуға тұрарлық жаңалықтармен мәліметтер береді.
Тақырыптар каталогы− сайттағы мақалалармен материялдардың негізгі тақырыбымен беріледі, қолданушы кілттік сөздермен іздеуді орындайды.
Сілтеме және форум− таныс қолданушыларға арналған ақпараттардан құрам табады.
Интернет−магазин (дүкен)−Бүл түрдегі сайт товар сатумен қызмет көрсетудің тиімді түрі болып табылады. Сатып алушылар үшін мұның ең негізгі ерекшелігі товарға үйінде отырып−ақ тез әрі арзан қолжеткізетіндігінде.[4]
.
1.4Web–заңдылықтары және ережелері
Web –сайт құру кезінде олардың графикалық интерфейсі белгілі бір ереже тәртіптерге, еркін тақырыпта болса да ережеге бағынады. Ережеге бағынған, өз еркімен жасаған сайттарға қауіпті болуы мүмкін. Көптеген қолданушылар ең көп уақытын басқа сайттарда өткізетіндігін ескеру қажет. Бірақта кей жағдайда ғана сіздің сайтыңызға назар аударып отырып қалуыда мүмкін. Сондықтан сайт құру кезінде қолданушы қажеттігін ескеру керек.
Ереже:Интерфейс құрудың жалпы ережесінен тайып кетпеу жағын ескеру, айтылған қолдану ережесінде меңгерген болу керек. Өкінішке орай дәл айтылып жазылған Web –сайт ережесі қазіргі таңда жоқ. Көптеген құрушылар келесі кестедегі ережеге бағынады.
Кесте 1. Кесте құру ережелері
Ереже тәртібі | Сипаттама |
Сол жақ бұрышта орналасқан логатип негізгі басқы бетке көшу сілтемесі. | Қолданушы ережесі бойынша сол жақ басқы бұрышқа орналасқан компания эмблемасы басқа бетке көшуге арналған. Немесе сол бұрышқа белгілі бір Home түймешесін орналастыру қажет. |
Мәтіндік сілтеме бет бөлігінің аяқ жағында орналасқан. | Көптеген сайттарда жүйе мәтіндері беттің төменгі бөлігінде, дәлірек айтсақ беттің жоғарғы бөлігінде графиктік бейнеде болады. |
Ұзын беттерде сілтемелер қолдану және оларды басқа бөлікке көшіруді қолдану. | Сайттарда келесі бетке көшуге мәтіндік бағыттамаларды қолданады, сонда да беттің аяқ жағында кері қайтуға арналған сілтеме немесе стрема орналасқан. |
Беттерді арнайы баспаға шығаруға арналған форма көптеп қолданылады. | Көптеген сайттардың арнайы беттері баспаға шығару үшін не ашық HTML немесе Acrobat форматындағы принтер түрлерін қолданады. Мұндайды үлкен көлемді сайттарда көптеп қолданады. |
Корзина (Себет) оң жақ басқы бұрышында орналасқан. | Қарапайым жағдайда пиктограмма немесе, сілтеме экранның оң жақ басқы бұрышында борналасқан. |
Таңдаудың мүмкіндігіне және тышқан түймешесіне шерту, көк түспен астынан сызылған мәтінмен сілтеме белгіленеді. | Өз қалағаныңызды жасаңыз, бірақ көп жағдайда мәтіндік сілтемелер көкпен және асты сызылған болады. Негізгі қолданушы сілтеме ренгісі көк болсада немесе басқа болсада оны түсінетін болады. Сайт жасау кезінде көк ренгімен жасауды ұмытпаңыз, қолданушы сілтеме деп басқа қарапайым мәтінге шатыстырып шертуі мүмкін. |
Бағыттауыштың қосымша элементтері (сайт картасы, іздеу) бағыттауштан және бөлімдер бойынша көрсетіледі. | Көптеген сайттар сайт картасына онша көңіл бөле бермейді. Алфавиттік сайт көрсеткіштеріне, анықтамалық жүйеге және ішкі іздеу механизміне, бірақта олардың барлығы көмекші элеметтер. Егер мұндай көмекші элементтер өссе сайттың жалпы мәні оданда не ғұрлым өсе түседі. |
Web -дизайн қолданудың бір ережесі, ол өзіне жаңа ережелік өзгерістер
Web-дизайнның дамуына байланысты өседі және өзгерістердің барлығын басқа Web -сайттардан алуға болады.
1.5 Сайтқа қойылатын талаптар
Web-сайт бұл дүниенің кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайтты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер. Не себептен мектеп курсында Интеренет технологияны оқыту керек болды? Web-мастер мамандығы қазіргі кезде өзінің кұпиялығын жоғалтып жатыр, ал сайт жасау технологиясы зертхана сыртына шығып көпшілікке белгілі болып жатыр. Бұның негізгі белгісі Интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, коммерциялық мүмкіндіктері. Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:
-
Web-технологиялар; -
Сайт жасау экономикасы; -
Web-дизайн және Web-программалау маркетингісі; -
Адам ресурстары және т.б. -
Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден тұрады: -
Жоспарлау; -
Элементтерді жасақтау; -
Бағдарламау; -
Тестілеу; -
Жариялау; -
Жарнамалау; -
Бақылау.
Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:
-
Сайттың орны. -
Сайттың аудиториясы кімдер. -
Қандай ақпарат жарияланады.
Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.
Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:
-
Навигациялық құрылымын жасау. -
Беттің дизайнын жасау. -
Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.
Бағдарламалау.Бұл кезеңде бағдарламалау тілінде процедуралар, функциялар көмегімен сайт өңделеді.
Тестілеу. Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңінде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:
-
Сілтеменің жұмысы. -
Мәтіндегі қателер. -
Навигацияның тиімділігі. -
Пошта және басқа формалардың дұрыстығы. -
Графикалық файлдардың ашылуы. -
Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.
Жариялау. Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріледі.
Жарнамалау. Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт туралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:
-
Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек; -
Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу; -
Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу; -
Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.
Бақылау. Web-сайтта жариялап жарнамалаған соң оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып тұру керек.
Интернетті қолданушылардың қажетіне сай келетін, қызықты сайт жасау үшін сайтты құрастырушы адамның белгілі бір дәрежеде білімі, компьютерлік сауаттылығы болуы қажет.
Сайтты құрудың мақсатын бір сөзбен түсіндіру мүмкін емес, әрине әр істе өзіндік талап бағыттары болады, сол негізде сайттың өз ереже талаптарыда жоқ емес. Сайтта қойылатын талаптар сайттың жалпы құрылымдық жағына оның ішіндегі жасалған және де жазылған мәтіндерге тікелей байланысы болады. Қойылатын негізгі сұрақтары төмендегілер:
− Сайттың жалпы құрылымы кандай талаптарға сай болу керек?
− Сайттың жалпы сыртқы көрінісі қандай болу керек?
− Қандай типтегі бағдарламаны қолдану жасаушыға тиімді екендігін анықтау қажет?
− Тұтынушылар үшін қанша сервер қызмет ететін болады?
− Сайттың жалпы көлемі жайында, экран өлшемі қандай болу қажет, қандай браузерларге негізделетіндігі деген сияқты өзекті мәселелер туындайды.
Жоғардағы аталмыш талаптарға сәйкес шешім шығаратын болсақ дазайнер үшін одан ары жұмыс жасауына оңай болатын болады. Бастапқы үш сұрақ қайта-қайта туындайтын болады. Оған сәйкес сайттың жалпы жоспарында құруға болады.
Техникалық талаптар: Бұл бөлім жалпы сайт жасауға қолданатын технологияларға зерттеу және талдау жасап оларға шолу жүргізеді. Мысалға, оларды атап өтер болсақ: HTML, JavaScript, CGI, Java, Plug-in және т.б. Жалпы техникалық талаптар негізінде барлық жағдайларды қарастыруға болады. Оларды жеке–жеке талдап айтар болсақ: шығарылған жалпы сапасы және қорғаныс қауіпсіздігі, бейнелеуі, көпаппараттық сипаттамаларға сәйкес келуі және көпплатформалы және де басқадай техникалық талаптарға сәйкестендіріледі.
Сыртқы көрінісіне жалпы сипаттамасы: Бұл бөлімде сайттың жалпы сырткы көрінісі туралы және жалпы дизайндық тұрғыдан қарастырлады. Мұнда сайтқа қолданылатын бейнелер, суреттер, логотиптер, экран өлшемдері, және мультимедиялық технологиялар, графикалық бейнелердің қолданылуы деген сияқтылар бұл бөлімде қарастырылады. Мұнда тағы бірнеше визуалды элементтер негізінде де қарастырылады. Сыртқы сипаттамасын жасағанан кейін сайтты жасауға негізгі қадамдар жасалды деуге болады