Файл: рдсдм Отстік азастан мемлекеттік фармацевтика академиясы шж рмк.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 13
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| ҚРДСӘДМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК Фармакогнозия және химия кафедрасы | 044 -52/17- ( ) беттің - беті |
«Ботаника» оқу-өндірістік далалық іс тәжірибесінің жұмыс бағдарламасы |
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Фармакогнозия және химия кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстар
жөніндегі проректор
_____________ м.ғ.д. М.Ұ.Анартаева
«____» ______________ 2014 ж
Ботаникадан оқу-өндірістік далалық іс тәжірибесіне
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәні: Ботаника
Мамандығы: 051103-Фармация
Сағат көлемі: 30 сағат (2 кредит)
Курс 1 семестр 2
Шымкент 2014
«Ботаника» пәні бойынша оқу-өндірістік далалық іс тәжірибенің жұмыс бағдарламасы фармакогнозия және химия кафедрасының мәжілісінде қаралған
Хаттама № 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі х.ғ.д., проф. Патсаев Ә.Қ.
Теориялық пәндердің желілік әдістемелік комиссиясында талқыланды
Хаттама № ____ «____»_________2014 ж.
Төрағасы, х.ғ.д., проф. Патсаев Ә.Қ
Әдістемелік кеңесте бекітілді
Хаттама № ____ «____»_________20 ж.
2. Бағдарлама:
2.1 Кіріспе
Курстың теориялық бөлімін біткен соң екінші семестрдің аяғында бір апта бойы өтетін жазғы оқу - өндірістік «Дала тәжірибесі» ботаника пәнін оқытуда маңызды бөлімі болып табылады.
Ботаникадан өтілетін жазғы дала тәжірибесі фармацевтер дайындауда үлкен маңызға ие. Дала тәжірибесін өту барысында студенттер тәжірибелік дағдыға үйреніп, пән бойынша білімін кеңінен тереңдетеді, шикізатты жинау, кептіру, одан гербарий дайындауды, жиналған шикізаттың қай түрге жататындығын анықтай білу білімін шыңдайды, сонымен қатар сабаққа тарату метериалын дайындайды.
Тәжірибе барысында студенттер жеке өсімдіктер мен олардың топтарын оқып зерттей отыра олардың түрлері, туыстары, тұқымдастарының бір-бірінен айырмашылықтары туралы, негізгі тіршілік ететін топтар мен экологиялық топтарын, онтогенезін, өсімдіктің морфологиялық құрылысының кезендік өзгерістері туралы, жеке өсімдіктердің биологиясын зерттеп, олардың тіршілік ортасына бейімделуін қарастырады.
2.2 Тәжірибе мақсаты: өсімдік түрін анықтау, жинау, кептіру және безендіру тәсілдері, гербарий жасау дағдыларын қалыптастыру, геоботаникалық сипаттама жасау әдісімен өсімдікті оқып зерттеу.
2.3 Тәжірибе міндеттері:
-
өсімдіктердің өсу сатысын және дамуын, түрін және морфологиясын, гүлдеу сатысын және көбеюін анықтау бойынша білімдерін бекіту; -
өсімдіктерді жүйелеуді үйрету; -
өсімдікті жинау және кептіру және гербарий жасау техникасын оқыту; -
дәрілік өсімдіктерді табиғатта және коллекциялық алаңшаларда тани білу бойынша білімдерін бекіту және кеңейту.
2.4 Тәжірибені өтудің соңғы нәтижелері
Дублин дескрипторлар | ОҚМФА-да әзірленген мамандық құзыреті | Пәнді оқытудың нәтижесі | (МЖББС) Концепция бойынша оқытудың нәтижесі | |
А | Зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу | Жаратылыстану және арнайы ғылым саласындағы құзыреті | Пәнді және ботаника міндеттерін, дәрілік шикізат көзі ретінде өсімдіктердің фармациядағы маңызын, экология, фитоценология негіздерін және өсімдіктер географиясын білетіндігін демонстрация жасайды | Р1 |
Ботаникалық терминология және өсімдіктер систематикасын меңгереді | ||||
Өсімдік ағзасының тіршілік үдерісін, дәрілік өсімдік шикізаттарын диагностикалауда пайдаланылатын өсімдіктің алуан түрлі морфологиялық және анатомиялық құрылымын, өсімдік жасушасының құрылысын, мүшелердің даму заңдылықтарын және тіршілік барысындағы өзгерістерін біледі | ||||
Фармакогнозия курсында оқылатын өсімдік топтарының дәрілік түрлерін, өсімдіктердің заманауи номенклатурасын, жіктелуін және олардың қазақ, орыс, латын тілінде атауларын білетіндігін демонстрация жасайды | ||||
«Денсаулық Адвокаты» құзыреті | ҚР Денсаулық сақтау саласындағы заңдарын, халықаралық стандарттарды, «Қызыл кітапқа» енген, сирек, құрып кетудің алдындағы және қорғауға алынған өсімдіктердің түрлерін реттейтін нормативтік-техникалық құжаттарды білетіндігін демонстрация жасайды | Р6 | ||
«Ғылыми зерттеу дағдылары» құзыреті | Ботаникалық әдебиеттермен жұмыс жасауды, оқығандарын талдауды және нәтижесін тәжірибелік есептерді шешу үшін пайдалана алатындығын, микроскоппен жұмыс жасауды, қажетті микропрепараттарды дайындауда тиісті химиялық реактивтерді пайдалануды, мүшелер мен ұлпалардың морфологиялық-анатомиялық сипаттамасын, халық медицинасында қолданылатын Қазақстанның дәрілік өсімдік түрлерін анықтауды білетіндігін демонстрация жасайды | Р9 | ||
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреті (мәдени құзыреті, сыни түрде ойлау, креативтілік, командада жұмыс жасау қабілеттілігі, шет тіл құзыреті) | Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін, басқа халықтың дәстүрін, мәдениетін мойындауды, қоғамның әлеуметтік дамуының беталысын, әртүрлі әлеуметтік жағдайларға сәйкес бағыт алуды білетіндігін демонстрация жасайды | Р5 | ||
Командада жұмыс жасауды, өз көз қарасын дәлелдеуді, жаңа шешімдерді ұсынуды, ымыраға келуді, өз пікірінің ұжым пікірімен арақатыстығын белгілеуді білетіндігін демонстрация жасайды | Р8 | |||
Компъютерлік және ақпараттық құзыреті | Кәсіби қызметінде пайдаланатын техниканы және компъютерлік ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу жүргізу технологиясын меңгергенін демонстрация жасайды | Р2 | ||
Мүшелер мен ұлпалардың морфологиялық-анатомиялық сипаттамасы, халық медицинасында қолданылатын Қазақстанның дәрілік өсімдік түрлерін анықтау туралы деректерді интернет ресурстарынан, Medlife, SCOPUS, PubMed және басқа базалардан іздеу жүргізуді және өңдеуді білетіндігін демонстрация жасайды | Р2 | |||
Кәсіпкерлік құзыреті | Кәсіпкерлік қызмет негіздерін, дәрілік өсімдіктердің номенклатурасын, систематикасын, жіктелуін біледі | Р15 | ||
В | Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу | Жаратылыстану және арнайы ғылым саласындағы құзыреті | Пәннің мақсатын және ботаника міндеттерін, дәрілік шикізат көзі ретінде өсімдіктердің фармациядағы маңызын, экология, фитоценология негіздерін және өсімдіктер географиясын анықтайды | Р1 |
Ботаникалық терминологияны және өсімдіктер систематикасын меңгереді | ||||
Дәрілік өсімдік шикізаттарының диагностикалауда пайдаланылатын өсімдіктің алуан түрлі морфологиялық және анатомиялық құрылымын, ұлпа мен мүшелер түзетін өсімдік жасушасының құрылысын анықтайды | ||||
Фитоценоздың геоботаникалық сипаттамасын, бағалы дәрілік өсімдіктерді гербариилеуді, сирек және құрып кетудың алдындағы өсімдіктерді қорғаудағы іс-шараларды жүргізеді | ||||
Өсімдіктердің морфологиясы, систематикасы, экологиясы мен фитоценологиясы туралы алған білімдерін тәжірибе жүзінде пайдаланады | ||||
Систематикалық белгілеріне қарай пайдалы дәрілік және улы өсімдіктерді диагностикалайды | ||||
Онтогенез үдерісіндегі өсімдіктердің жас ерекшеліктерін ажыратады | ||||
Өсімдіктерді топтастырады және оларды қазақ, орыс, латын тілінде атайды | ||||
«Денсаулық Адвокаты» құзыреті | ҚР Денсаулық саласындағы заңдарды, «Қызыл кітапқа» енген, сирек, құрып кетудің алдындағы және қорғауға алынған өсімдіктердің түрлерін реттейтін нормативтік-техникалық құжаттарды қолданады | Р6 | ||
«Ғылыми зерттеу дағдылары» құзыреті | Ботаникалық әдебиеттермен жұмыс жасайды, оқығандарын талдайды және нәтижесін тәжірибелік есептерді шешуде пайдаланады, микроскоппен жұмыс жасайды, тиісті химиялық реактивтерді пайдаланып қажетті микропрепараттарды дайындайды | Р9 | ||
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреті (мәдени құзыреті, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасау қабілеттілігі, шет тіл құзыреті) | Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін, басқа халықтың дәстүрін, мәдениетін мойындауды, қоғамның әлеуметтік дамуының беталысын, әртүрлі әлеуметтік жағдайларға сәйкес бағыт-бағдар алуды біледі | Р5 | ||
Командада жұмыс жасауды, өз көз қарасын дәлелдеуді, жаңа шешімдерді ұсынуды, ымыраға келуді, өз пікірінің ұжым пікірімен арақатыстығын белгілеуді біледі | Р8 | |||
Компъютерлік және ақпараттық құзыреті | Өсімдіктерді зерттеу, сирек және және құрып кетудың алдындағы, «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктерді қорғау үшін пайдаланылатын компъютерлік ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу жүргізу технологиясын және техникасын меңгергереді | Р2 | ||
Кәсіпкерлік құзыреті | Дәрілік өсімдіктердің номенклатурасы, жіктелуі, систематикасы және қолдануы бойынша алған білімдерін ботаника саласында қолданады | Р15 | ||
С | Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу | Жаратылыстану және арнайы ғылым саласындағы құзыреті | Фитоценозды геоботаникалық сипаттау жөнінде өз пікірін ұсыныс түрінде тұжырымдайды | Р1 |
Сирек және құрып кетудың алдындағы өсімдіктерді қорғаудағы іс-шараларды жүргізу, дәрілік өсімдік түрлерін тиімді пайдалану және қорғау, өсімдіктердің морфологиясы, систематикасы, экологиясы мен фитоценологиясы, систематикалық белгілеріне қарай пайдалы дәрілік және улы өсімдіктерді диагностикалау жөнінде білімдерін тұжырымдайды | ||||
«Денсаулық Адвокаты» құзыреті | ҚР Денсаулық сақтау саласындағы заңдарын, «Қызыл кітапқа» енген, сирек, құрып кетудің алдындағы және қорғауға алынған өсімдіктердің түрлерін реттейтін нормативтік-техникалық құжаттарды қолданады | Р6 | ||
«Ғылыми зерттеу дағдылары» құзыреті | Оқу тәжірибелерінің және талдаулардың нәтижесін, байқаған құбылыстар мен фактілерді және олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын бағалайды және интерпретациялайды | Р9 | ||
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреті (мәдени құзыреті, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасау қабілеттілігі, шет тіл құзыреті) | Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін, басқа халықтың дәстүрін, мәдениетін мойындауды, қоғамның әлеуметтік дамуының беталысын ұстанады, әртүрлі әлеуметтік жағдайларға сәйкес бағыт-бағдар алуды біледі | Р5 | ||
Командада жұмыс жасайды, өз көз қарасын дәлелдейді, жаңа шешімдерді ұсынады, ымыраға келеді, өз пікірінің ұжым пікірімен арақатыстығын белгілейді | Р8 | |||
Компъютерлік және ақпараттық құзыреті | «Қызыл кітапқа» енген сирек, құрып кетудің алдындағы және қорғауға алынған өсімдіктердің түрлері туралы ақпараттарды негіздейді және дәйектейді | Р2 | ||
Кәсіпкерлік құзыреті | Кәсіпкерлік қызмет негіздерін, дәрілік өсімдіктердің номенклатурасын, систематикасын, жіктелуін дәйектейді | Р15 | ||
D | Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру | Жаратылыстану және арнайы ғылым саласындағы құзыреті | Өсімдік жасушаларының құрылысын, өсімдік тіршілігінде мүшелердің дамуы мен олардың тіршілік барысында өзгеру заңдылықтарын интерпретация жасайды | Р1 |
«Денсаулық Адвокаты» құзыреті | ҚР Денсаулық сақтау саласындағы заңдарды, «Қызыл кітапқа» енген, сирек, құрып кетудің алдындағы және қорғауға алынған өсімдіктердің түрлерін реттейтін нормативтік-техникалық құжаттарды түсіндіреді | Р6 | ||
«Ғылыми зерттеу дағдылары» құзыреті | Оқу тәжірибелерінің және талдаулардың нәтижесін бағалайды және интерпретациялайды, байқаған құбылыстар мен фактілерді және олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын бағалайды және интерпретация жасайды | Р9 | ||
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреті (мәдени құзыреті, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасау қабілеттілігі, шет тіл құзыреті) | Жеке пікірлерін ұсынады, реферат, презентация, жоба түрінде безендіреді және тәжірибелік сабақтарда, студенттік үйірме мәжілістерінде, студенттік ғылыми конференцияларда және т.б. ұсынады | Р5 | ||
Компъютерлік және ақпараттық құзыреті | Халық медицинасында қолданылатын Қазақстанның дәрілік өсімдіктерінің түрлері, ұлпалар мен мүшелердің морфолого-анатомиялық сипаттамасы туралы деректерді және интернет ресурстарын өңдейді және интерпретация жасайды | Р2 | ||
Кәсіпкерлік құзыреті | Басқаларды оқытады және таңдаған салада тиімді жұмыс жасау мақсатында өзінің білімі ман шеберлігін жетілдіреді | Р15 | ||
E | Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді | Жаратылыстану және арнайы ғылым саласындағы құзыреті | Студенттерге/оқытушыларға/ емтихан қабылдаушыларға оқу тәжірибелерін жүргізуде және жоспарлауда өз білімі мен дағдыларын көрсете біледі, байқаған құбылыстар мен фактілерді және олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын түсіндіреді | Р1 |
«Денсаулық Адвокаты» құзыреті | ҚР Денсаулық сақтау саласындағы заңдарды, «Қызыл кітапқа» енген, сирек, құрып кетудің алдындағы және қорғауға алынған өсімдіктердің түрлерін реттейтін нормативтік-техникалық құжаттарды жеткізеді | Р6 | ||
«Ғылыми зерттеу дағдылары» құзыреті | Көпшілік алдында зерттеп отырған саладағы өз пікірін, ақпараттарды синтездеу және талдауларын көрсетумен баяндау дағдысын меңгереді | Р9 | ||
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреті (мәдени құзыреті, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасау қабілеттілігі, шет тіл құзыреті) | Қызметтік этика нормасын сақтайды, этика және құқықтық норма мінез-құлықтарын меңгереді | Р9 | ||
Компъютерлік және ақпараттық құзыреті | Өсімдіктер және дәрілік өсімдік шикізаттары туралы интернет ресурсына іздеу жүргізеді және деректерді өңдейді | Р2 | ||
Кәсіпкерлік құзыреті | Кәсіпкерлік қызмет үшін дәрілік өсімдіктердің номенклатурасы, жіктелуі, систематикасы және қолдануы бойынша ақпараттарды жеткізеді | Р15 | ||
| Әрі қарай өз бетінше оқуды жалғастыру қабілеттілігі | | Фармакогнозия негіздері, фармакогнозия, дәрілік ресурстану | Р3 |
2.5 Реквизитке дейінгі: экология және тұрақты даму.
2.6 Реквизиттен кейінгі: фармакогнозия, дәрілер технологиясы, органикалық химия, биохимия.
2.7 Тәжірибенің мазмұны
Тәжірибе кезінде жұмыс екі этаптан тұрады:
-
Экскурсия кезінде материалдар жинау, байқау, суретін салу, өзіндік тапсырмаларды орындау. -
Жиналған материалдары өңдеу, күнделік толтыру, морфологиялық сипаттау, әдебиеттермен жұмыс жасау.
Студенттерге өсімдіктердің тақырыптық коллекцияларын жинау бойынша өзіндік жұмыстарды орындау ұсынылады.
Тәжірибені өту жоспары
№ | Студенттің жұмысының көлемі мен түрі | Тәжірибе сағаттарын бөлу |
| Студенттерді тәжірибенің базасымен, бағдарламасымен, тәжірибе мақсатымен, міндеттерімен және өткізу кестесімен, күнделік толтыру тәртібімен, жинау, кептіру, гербарий дайындау ретімен, этикетка жазу ережелерімен таныстыру. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаумен таныстыру. | 6 сағат |
| Жабайы өсетін, сирек кездесетін, жойылу қаупіндегі дәрілік өсімдік түрлерімен танысу. Жергілікті аймақтардың өсімдіктерін сипаттау. Тіршілік түрін, қабаттылығын, тұқымдасын, вегетация фазасын көрсетіп флоралық тізімін жасау. Гербарий жинау, кептіру. Жиналған материалдарды өңдеу. Флоралық тізімді, латынша атауын нақтылау. Күнделік толтыру. | 6 сағат |
| Мәдени өсірілетін және интродуцирленген өсімдіктерді сипаттау. Тіршілік түрін, қабаттылығын, тұқымдасын, вегетация фазасын көрсетіп флоралық тізімін жасау. Гербарий жинау, кептіру. Жиналған материалдарды өңдеу. Флоралық тізімді, латынша атауын нақтылау. Күнделік толтыру | 6 сағат |
| Әртүрлі тұқымдастар өсімдіктерін морфологиялық сипаттау. Гүлдердің, гүл шоғырларының құрылысы, тозаңдануға бейімделігі. Гүлдер диаграммасын және формуласын жазу. Тұқымдастары бойынша дәрілік өсімдіктер тізімін жасау. Дәрілік өсімдіктер вегетативті мүшелерін морфологиялық сипаттау. Ертеректе жиналған гербарийлерді кептіру және жасау. Өсімдіктерді морфологиялық сипаттау бойынша жеке тапсырмаларды орындау. Жиналған материалдарды өңдеу. Гербариймен жұмыс. Этикетка жазу. Жиналған өсімдіктерді морфологиялық сипаттау және суретін салу, дәрілік өсімдікті анықтау. Күнделік толтыру. | 6 сағат |
| Тәжірибенің материалдарын өткізу: 20 гербарий, 10 өсімдіктің морфологиялық сипаттамасы берілген және барлық экскурсия жазбалары мен жеке тапсырмалар орындалған күнделік. Дәрілік өсімдіктер мен жергілікті флора өсімдіктері туралы білімді тексеру (100 өсімдіктен кем емес). | 6 сағат |
Тапсырманың мазмұны:
1 күн. Кіріспе. Тәжірибе тапсырмалары. Географиялық, топографиялық және экологиялық жағдайлардың жалпы сипаттамасы;
2 күн. саяхат;
3 күн. саяхат;
4 күн. саяхат;
5 күн. Жиналған материалдарды өңдеу. Диф. сынақ тапсыру.
2.8. Тәжірибе бойынша есепке дайындалу реті мен қорғау мерзімі
Дала тәжірибесі аяқталған соң студент жетекшіге жасаған жұмысы бойынша жиынтық есебімен күнделік тапсырады. Студент есебінде тәжірибе өту мерзімін, күнін, тәжірибе барысындағы жағдайлардың жалпы сипатын, тәжірибе өту тәртібін, бағдарламаның орындалуын, тәжірибе өту барысындағы теориялық және тәжірибе жүзіндегі аралық байланыстар мен қайшылықтарды олардың себептерін, мәнін, оларды ескерудегі студенттің жеке көзқарастарын көрсетеді. Тәжірибенің сапасын жақсарту жөнінде қорытындылар мен ұсыныстар.
Оқытушы - тәжірибе жетекшісі күнделікте студенттің жұмысы жөнінде қысқаша мінездеме береді. Мінездемеде студенттің теориялық дайындық деңгейі, тәжірибе дағдыларын игергені, тәртібі мен орындаушылық қабілеті көрсетіледі. Күнделік соңында сынаққа берілетін баға қойылады.
Қолдары: тәжірибе жетекшісі мен кафедра меңгерушісі.
Қойылған қолдар базаның мөрімен тәжірибе өту барысында сабақтан тыс мерзімде бекітіледі.
Тәжірибенің соңғы күні студенттер дифференциалды сынақ тапсырады.
Ұсынылатын әдебиет
Негізгі:
1. Б.Қ.Махатов, Ә.Қ.Патсаев, К.К.Орынбасарова, Ж.С.Тоқсанбаева, Ж.А.Қадишаева «Ботаника». – Шымкент. 2013. – 424 б.
2. Анцышкина А.М., Барабанов Е.И., Мостова Л.В. Ботаника: Руководство по учебной практике для студентов. – М.:ООО «Медицинское информационное агенство», 2006. – 104 с.
3. Учебно-полевая практика по ботанике: Учеб. пособие для биол. спец. вузов// М.М. Старостенкова, М.А. Гуленкова, Л.М. Шафранова, Н.И. Шорина. – М.: Высш. шк., 1990. – 191 с.: ил.
Қосымша:
1. Бавтуто Г.А., Ерей Л.М. Практикум по анатомии и морфологии растений // Минск: ООО «Новое знание», 2002. – 464 с.
2. Бавтуто Г.А., Еремин В.М., Жигар М.П. Атлас по анатомии растений // Минск: Ураджай, 2001. – 306 с.
3. Болотина А. Словарь лекарственных растений (латинский, английский, немецкий, русский) // М.: Руссо, 2004. – 384 с.
4. Рахимов К.Д. Русско-казахско-латинский словарь растений, используемых в медицине и биологии // Алматы, 2003. – 172 с.
Жұмыс бағдарламасын дайындағандар:
профессор м.а., фарм.ғ.к. Тоқсанбаева Ж.С.
аға оқытушы Серікбаева Т.С.