Файл: Кнделікесеп педагогикалы (здіксіз).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ атындағы

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
Жоғары мектебі: ІТ және жаратылыстану ғылымдары

Кафедра: Химия
Күнделік-есеп

педагогикалық (үздіксіз) іс-тәжірибе бойынша

(іс-тәжірибе түрі)
Күндізгі оқу түрі 3 курс білім алушысы

6В01504 - Химия БББ

Жұманова Әмина

(білім алушының Т.А.Ә. )

Іс-тәжірибеден өту орны:

«№15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

(Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы)
Іс-тәжірибе мерзімі:

2022 ж. «05» қыркүйектен бастап 2022 ж. «16» желтоқсанға дейін

Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) іс-тәжірибе жетекшісі:
Әсем Жоламанқызы _________________

(Т.А.Ә.., лауазымы) (Қолы)

Сарсен Аманжолов атындағы ШҚУ іс-тәжірибе жетекшісі:
Даутова З.С. п.ғ.к., химия кафедрасының

қауымд.профессоры

(Т.А.Ә., ғылыми дәрежесі, лауазымы, атағы) (Қолы)

Қорытынды баға: _____________
Өскемен, 2022 ж.

1 Жеке жоспар-кестесі


Жұмыстардың түрлері мен мазмұны

Өткізу мерзімі

Ұйымдастыру жұмыстары

1-апта

Оқу мекемесінің негізгі құжаттарымен, жұмыс бағыттарымен танысу.

Мектеп қызметін регламенттейтін құжаттарды, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды зерттеу.

Практика кезінде жеке жұмыс жоспарын жасау және оны бекіту.

2-апта

Есеп беру құжаттарын дайындау.

1-15 апта

Тәрбие жұмысы

1-апта

Сынып жетекшісінің құжаттарымен танысу (тәрбие жұмыстарының жоспары және есебі, жоспарлар мен есептердің басқа түрлері, тәрбиелік іс-шаралардың сценарийлері және т.б).

Сынып жетекшілердің, әлеуметтік педагогтар және басқа студент-практиканттардың тәрбиелік іс-шараларына, олардың талқылауларына қатысу.

1-15 апта

Өткізілетін тәрбиелік іс-шаралар үшін таратпа материалдарын, ойындар, түрлі атрибуттарды дайындау.

2-15 апта

Тәрбиелік іс-шараларды дайындауға қатысу.

2-15 апта

Тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және оларды өткізу.

2-15 апта

Оқушылармен жеке жұмыс жасау.

2-15 апта

Тексеру және оқушылардың күнделігін толтыру.

2-15 апта

Педагогтарды және балаларды зерттеудің диагностика, бақылау, келіссөз және басқа түрлері.

2-15 апта

Оқу орнының қоғамдық іс-шараларына қатысу: конкурстар, театрландырылған көрсетілімдер, концерттер, мерекелер т.б.

2-15 апта

Ата-аналар жиналысын дайындауда және өткізуге қатысу (сынып жетекшісінің рұқсатымен)

2-15 апта

Психолог-педагогтар консилиумының отырыстарына(мектеп әкімшілігінің рұқсатымен), мектептің әдістемелік кеңесінің (ұйымдардың),сынып жетекшілердің және басқа да мектептің әдістемелік жұмыс формаларына қатысу.

2-15 апта

Оқу-әдістемелік жұмыс

1-апта

Мұғалімдер тарапынан жасалынатын жоспарлар және нормативтік құжаттарды зерттеу (ҚР-ның орта білім жайлы Мемлекеттік стандарты, пән бойынша типтік бағдарлама, оқытудың жұмыс жоспары, оқыту бағдарламасы, пән мұғалімінің күнтізбелік, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлары.

Оқу кабинетінің материалдық жағдайымен (кестелер, схемалар, дидактическалық таратпа материалдар, электрондық тасымалдағыштардағы кітаптар, видеотек және т.б.)

1-2 апта

Оқу процесінің жағдайын оның әртүрлі формаларында зерттеу (сабақ, семинар, дөңгелек үстелдер, дебаттар және т.б.)

2-15 апта

Әртүрлі сабатан тыс танымдық әрекетерді жүзеге асыруға қатысу. (оқу пәні бойынша)

2-15 апта


2 Күнделік-есеп


Күні, айы

Әрбір күн үшін іс-тәжірибенің бағдарламасы мен жоспар-кестесіне сәйкес орындалған (зерделенген) жұмыстардың атауы

Жетекшінің белгісі

05.09.2022

Педагогикалық (үздіксіз) іс тәжірибе мақсаты мен міндеттеріне сай мектеп әкімшілігі мен химия пән мұғалімімен таныстым.




12.09.2022

Жетекшімен бірлесіп жеке іс-тәжірибе жоспарын жасау. Химия сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаумен таныстым




19.09.2022

Оқу деңгейін бағалау және тұлғаның ерекшеліктерін анықтау мақсатында химия сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың жұмыс материалдарымен танысу.




26.09.2022

14:05 те 7 «б» ; 14:50 де 7 «ә» ; 15:40 та 7 «а» сыныптарнының химия сабағына қатыстық.

Сабақтың тақырыбы:

«Қоспаларды бөлу әдістері.»

№2 зертханалық тәжірибе «Ластанған ас тұзын тазарту» БЖБ №1 жазылды




03.10.2022

14:05 те 7 «б» ; 14:50 де 7 «ә» ; 15:40 та 7 «а» сыныптарнының химия сабағына қатыстық.

Сабақтың тақырыбы:

«Физикалық және химиялық құбылыстар.»

№3 зертханалық тәжірибе «Химиялық реакциялардың белгілері» Сабақ біткенен кейін оқушылардың БЖБ жұмыстарын тексердім.




10.10.2022

14:05 те 7 «б» ; 14:50 де 7 «ә» ; 15:40 та 7 «а» сыныптарнының химия сабағына қатыстық.

Сабақтың тақырыбы:

«7.1В Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі»

Сабақ аяқталған соң мұғалімнің нұсқауымен «Kundelik.kz» ті толдырдым




17.10.2022

Мектептің желілік жұмысын, ақпараттық ресурстар мен платформаларды, электрондық журналдарды және Күнделік зерттеп, талдадым.

«Kundelik.kz» сайтымен жұмыс жасауды толық үйрендім.




24.10.2022

14:05 те 7 «б» ; 14:50 де 7 «ә» ; 15:40 та 7 «а» сыныптарнының химия сабағына қатыстық.

Сабақтың тақырыбы:

«Қыздыру үдерісі»

№5 зертханалық тәжірибе

«Судың қайнау үдерісін зерттеу»

Әсем Жоламанқызы 3 сыныптан БЖБ №2 жұмысын алды.




31.10-06.11.2022

Күзгі демалыс




07.11.2022

Бақылауға бекітілген сынып оқушыларының оқу үлгерімдерімен танытым. БЖБ тапсырмаларын талдап, барлық сыныптың БЖБ тапсырмаларын тексердім.




14.11.2022

Мектептің сыныптан тыс тәрбие жұмысы жүйесі бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен кәсіби әңгімелестім. Сыныптан тыс іс-шараларды бақылап, талдадым.

Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру мақсатында 7«ә» сыныбына «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында тәрбие сағатын өткіздім.




21.11.2022

Пәннің оқу бағдарламалары мен оқулықтар мазмұндарымен таныстым. Жетекшінің нұсқауымен пәннің күнтізбелік жоспарына сәйкес тақырыпта бекітілген химия пәні бойынша 7-сыныптың 3-ші тоқсанына ҚМЖ құрастырып, талдадым.




28.11.2022

14:05 те 7 «б» ; 14:50 де 7 «ә» ; 15:40 та 7 «а» сыныптарнының химия сабағына қатыстық.

Сабақ сергіту сәтімен басталды.

Сабақтың тақырыбы:

«Жану үдерісі»

№6 зертханалық тәжірибе «Балауыз шамның жануы»

Сабақ соңында әр оқушы не түйгендері жайлы бір сөйлемнен айтып шықты.




05.12.2022

Оқыту әдістерін және критериалды бағалау стратегиясын, оның ішінде қалыптастырушы бағалауды зерттедім. Қатысқан сабақтар аясында мұғаліммен әңгімелесіп және талдадым.




12.12.2022

Өткен педагогикалық (үздіксіз) тәжірибе бойынша қорытынды конференцияға есептік құжаттарды дайындадық, әдіскермен талдау және талқылау жасадық.





3 Қысқаша аналитикалық есеп

Іс-тәжірибе базасы туралы мәліметтер

Атауы: «№15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Оқыту тілі: Қазақ, орыс

Қызмет көрсету түрі: білім беру

Салынған және пайдалануға берілген жылы: 1987

Оқушылар саны: 554 (1-11 сынып)

Қызметкерлер саны: 188 қызметкер

С

оның ішінде педагогикалық қызметкерлер: 125 мұғалім
Пайдаланылған әдістер мен жұмыс технологиялары

Мен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, IT және жаратылыстану жоғары мектебі, Химия білім беру бағдарламасының 3- курс студенті Жұманова Әмина 2022 жылдың 5-қыркүйек – 15-желтоқсан аралығында ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен педагогикалық (үздіксіз) іс-тәжірибеден өттім.

Педагогикалық (үздіксіз) іс тәжірибеден өту кезінде сабақтарда «Кластер», «Өрмекші», «Үштік», «Миға шабуыл», «Бес саусақ», «Қара жәшік» әдістері қолданылды.

Білім беру кезінде мынадай технологиялар түрлері үнемі қолданылды:

  • деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту технологиясы;

  • модулдік технология;

  • дамыта оқыту технологиясы;

  • ақыл-ой, іс-әрекеттердің кезең бойынша қалыптасу технологиясы;

  • танымдық іс-әрекеттерді жандандырудың тәсілдерін оқыту технологиясы;

  • ынтымақтастықта оқыту технологиясы.



\

Орындалған жұмыс туралы мәліметтер

05.09.2022 ж. тағайындалған жетекшім Әсем Жоламанқызымен бірге тәжірибе базасы мен мектептің ішкі тәртібімен, мектептің оқу-материалдық базасының сипаттамасымен, сынып мұғалімінің функционалдық міндеттері мен негізгі құжаттамасымен (жұмыс бағдарламасы, оқу-тақырыптық жоспар, сынып журналы, кабинет паспорты) таныстым. Мектеп бойынша экскурсия жасалды. Сыныппен таныстым. Сыныптың оқу пәндері бойынша оқу-тақырыптық жоспарлары мен оқу процесін талдау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірледім. Жалпы білім берудің негізгі оқу пәндерінің мазмұны. Практиканттарды сыныптар бойынша бөлу жұмыстары жүргізілді.

Ж
етекшіміз 7 «б» ; 7 «ә» ; 7 «а» сыныптары мен химия кабинетін таныстырып, сабақ кестесін берді.



26.09.2022 ж. 14:05 те 7 «б» ; 14:50 де 7 «ә» ; 15:40 та 7 «а» сыныптарнының химия сабағына қатыстық.

Сабақтың тақырыбы:

«Қоспаларды бөлу әдістері.»

№2 зертханалық тәжірибе «Ластанған ас тұзын тазарту» БЖБ №1 жазылды

Сабаққа қатысып қана қоймай БЖБ жұмыстарын тексеріп, 7-сыныптың III тоқсанына күнтізбелік жоспар бойынша ҚМЖ істедім.




Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар.


Бөлім:

7.3А Химиялық реакциялар

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.4.1 -«қышқылдық» және «сабындылық» қасиеттер кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екендігін білу

7.3.4.2 -химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін білу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екендігін және химиялық индикаторлардың ( метилоранж, лакмус, фенолфталеин) ертінділерде түстерінің өзгеруін біледі,түсінеді.           

Көпшілік оқушылар үшін:

Табиғи қышқылдар мен сілтілердіңқасиеттерін сипаттайды, мысал келтіреді.

Әртүрлі ортадағы индикаторлардың түстерінің өзгеруін ажыратады.

Кейбір оқушылар үшін:

Кейбір табиғи өнімдердің құрамында қышқылдар мен сілтілердің болатындығын біледі және қасиеттерін сипаттай  алады.

Әмбебап индикатор арқылы олардың  ортасын анықтай алады.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.

1 топ: Кітап

2 топ: Дәптер

3 топ: Қаламсап


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы
(Қазіргі жағдайда) ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Оқушылар бойынша №1 «Бейтараптану реакциясының жылу эффектісін анықтау практикалық жұмысқа дайындалады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

25мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді


Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.


Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Химиялық индикаторларды анықтайды.  



Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді


1-тапсырма

Көптеген органикалық заттарды күйдіретін заттар.................

Қышқыл және сілті ерітінділері әсерінен түсін өзгертетін

заттар...............

2-тапсырма

9-кесте де берілген.

кейбір қышқылдардың атаулары мен формулалары



Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Көп нүктені толтыру

2.Кестені талдайды.


ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Жеке жұмыс




Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді



3-тапсырма

Индикаторлардың көмегімен қышқыл мен сілтіні ажыратып, ортаның  

қышқылдылығын — pH

анықтап айырмашылығын табу




4-тапсырма

1. Қандай қышқылдарды білесің?

2. Индикатор деген не?

3. Қышқылдардың лакмус, метилоранж, фенолфталеин индикаторларына

әсері қандай?

4. Сілтілердің лакмус, метилоранж, фенолфталеин индикаторлары-на әсері қандай?


Дескриптор:

Жалпы - 3 балл
1.Айырмасын анықтайды.  
2. Сұрақтарға жауап береді.


ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.