ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 31
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
10.10.2022 ж. 14:05 те 7 «б» ; 14:50 де 7 «ә» ; 15:40 та 7 «а» сыныптарнының химия сабағына қатыстық.
Сабақтың тақырыбы:
«7.1В Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі»
Сабақ аяқталған соң мұғалімнің нұсқауымен «Kundelik.kz» ті толдырдым.
14.11.2022 ж. Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру мақсатында 7«ә» сыныбына «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында тәрбие сағатын өткіздім.
Сабақтың тақырыбы: Сен өз құқығыңды білесің бе?
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: пікір алмасу
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жағдаяттық сұрақтар,шешендік сайыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер
Қанатты сөздер:
«Тәртіпке бас иген құл болмайды» Б.Момышұлы
«Балам бол, басқа бол- бәріңе заң біреу»
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ.» Ж. Баласағұн.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, сынып ұжымын сабаққа бейімдеу.
Сайыс жоспары: оқушыларды топқа бөлу
І топ «Бейбітшілік»
ІІ топ «Заңгерлер»
ІІІ топ «Ақиқат»
-
Құрметті оқушылар ! Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында
«Қ.Р. - құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді енгізген.
Адамның шыр етіп жерге түскен сәтінен бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне, осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Бүгінде бұған 91 мемлекет кіреді.
Конвенция дегеніміз – арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы 8 тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды.
Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға боп қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білеміз, яғни сіздердің құқықтарыңыз жайлы әңгіме қозғайтын боламыз. Әрбір елдің басты құндылығы байлығы – адам . Бүгінгі пікір алмасу сабағымызда « Бейбітшілік », «Заңгерлер», «Ақиқат» топтары қатынасады.
Сабағымыздың өту барысымен таныстырып өтейін:
-
«Тақырыпты қорғау» кезеңі -
«Тікелей сұрақ» әр топқа 7 сұрақ -
«Ой елегіне өткіз»кезеңі -
Сергіту сәті -
«Жағдаяттық сұрақтар» кезеңі -
«Ойды аяқта» кезеңі (мақал-мәтелді аяқтау) -
«Құқық қорғаушы сойлейді»кезеңі
1-кезең . Тақырыпты қорғау. Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша постер қорғап шығады.
І топ «Бейбітшілік» Оқушы құқықтары
ІІ топ «Заңгерлер» Оқушы міндеттері
ІІІ топ «Ақиқат» Оқушы жауапкершілігі
2 - кезең. Сайысымыздың екінші бөлімі «Тікелей сұрақтар». Әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты 7 сұрақ қойылады.Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді.
І топ
-
Конституция сөзінің аудармасы қалай?(латынша, «құрылым» «өкілім») -
Қ.Р Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы? (халық) -
Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды?(1989 жылы 20- қарашада) -
ҚР азаматтары еңбек етуге мендеттіме? (міндетті емес) -
«Қасым ханның қасқа жолы» қанша бөлімнен тұрады? (5 бөлім) -
ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік) -
ҚР тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 ж 16 желтоқсан)
ІІ топ
-
Құқық дегеніміз не? (мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі) -
Қазақстандағы ең қымбат қазына (адам) -
ҚР-да билікті иемденіп кетуге кімнің құқығы бар? (ешкімнің) -
ҚР «Бала құқықтары туралы» заң қай жылы күшіне енді? (2002 ж 8 тамыз) -
ҚР валютасы қашан қолданысқа енді? (1993 жыл 15 қараша) -
Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады? (БҰҰ). -
Қазақстан Республикациясының азаматтары қандай білім алуға міндетті?(орта)
ІІІ топ
-
Демократия грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? (халық билігі) -
Адам құқығының жалпыға бірдей декларация қашан қабылданды? (1948 ж 10 желт) -
ҚР басқару құрылымы қандай? (президенттік республика) -
ҚР «Мемлекеттік нышандар туралы» заң қай жылы қабылданды? (1992 ж 4 маусым) -
ҚР «Баланың құқығы туралы » заң қанша баптан , қанша тараудан тұрады? (10 тарау 53 бап) -
«Жеті жарғы» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке жан) -
Балалар құқықтарының конвенциясы қашан қабылданды? (1998 жыл)
3- кезең. «Ой елегінен өткіз»кезеңі
Ойлан,артығы бар ма? Тапсаң,сызып таста. Берілген тапсырмадан артық сөз,ұғымдарды сызып,қателерді түзе.
-
Оқушы неге құқылы?
Білім алуға,емделуге,демалуға, ұрлық жасауға, қоршаған ортаны ластауға, өз сыныптастарына кедергі жасауға.
-
Оқушы неге міндетті?
Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға,оқулықтарын таза ұстауға, үй тұрғызуға.
4- кезең. Ойды аяқта кезеңі (мақал-мәтелді аяқтау, түсінік беру).
І топ
1. Ұрлық түбі - ... (қорлық)
2. Біреуге ор қазба - ...(өзің түсесің)
3.Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
ІІ топ
1. Өтіріктің құйрығы - ...(бір – ақ тұтам)
2.Тура биде ...(туыс жоқ)
3.Туғанды биде ...(иман жоқ)
4.Қонақ келсе – құт,
Қарақшы келсе - ...(жұт)
ІІІ топ
1.Қолыңмен істегеніңді - ...(мойныңмен көтер)
2. Еңбек түбі - ...(зейнет)
3.Ұры түн асқанша,
Бөрі қыр ....(қасқанша)
4.Арамдық қып ішкен ас,
Ішіңе барып болар ...(тас)
6-кезең. «Құқық қорғаушылар» сөйлейді. (Шешендік өнер).
Тақырыптары:
1. «Кім құқығын пайдаланса, ол ешкімнің құқығын бұзбайды».
2. «Құқық барда - Отан бар».
3. «Заңды білу-заман талабы».
4. «Мен-болашақ заңгермін».
5. «Ата заңды құрметтейік»
Қорытынды:Егер біз бәріміз заңды жақсы біліп, мүлтіксіз орындасақ- әділ де парасатты, бақытты өмір сүретін боламыз. Сіздер Ата Заңды құрметтеп, Отанға адал қызмет етер азамат болыңдар. Осымен «Сен өз құқығыңды білесің бе?» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңыз үшін рахмет. Қош сау болыңыздар.
Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы мәліметтер
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білім берудің негізгі бөлігі және маман даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып саналады.Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары студентте ғылыми-зерттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастырып, қазіргі заманғы маман дайындау талабына сай зерттеуші (ғалым), басқарушы (менеджер), практик деңгейінде шығармашылық бастамаларын дамытып, ғылыми-техникалық үдеріс жетістіктерін тәжірибеде қолдануға бағытталуы қажет.
ҒЗЖ-ға қатысу студентті кәсіби пәнді терең меңгеруге, олардың ғылыми, техникалық және әлеуметтік дүниетанымын кеңейтуге, жаңа идеяларды өз бетінше игеруге, ғылыми ақпараттар тасқынында жедел әрі тиімді бағыт ұстануға бейімдейді.
Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысының басты мақсаты:
- жоғары білімді мамандар даярлау сапасын нарықтық экономика талаптары сұранысына сәйкестендіре арттыру;
- таным мен зерттеудің ғылыми тәсілдерін қалыптасыра отырып, шығармашылық-кәсіби ойлау дағдысын қалыптастыру;
- бірыңғай білім (оқу және тәрбие), ғылым және тәжірибелік үдерістерді қамтамасыз ету;
- әр студентке шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға, ғылыми зерттеу және ғылыми шығармашылық бағыттағы конкурстарға әрқайсысына сұранысқа сай және мақсатты ұстанымдары мен мүмкіндіктеріне орай толыққанды қатысуды қалыптастыру, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық т.т. бағытта өсуіне жағдай жасау және оны дамыту.
СҒЖЗ-ның негізгі міндеттері:
- өз саласы бойынша пікірлер мен ой-пайым (1-ші мамандыққа сәйкес) қалыптастыру, дағдылар мен тәсілдерге баулу, (бірыңғай білім және ғылыми үдерістер аясында) ойлау жүйесін меңгерту;
- студенттерге ғылыми таным жүйесін меңгерту;
- студенттерді ғылыми зерттеу тәсілдерімен, тәжірибе жүргізу және шешім қабылдау теориясы методикасымен таныстыру;
- ғылыми және тәжірибелік тапсырмалар бойынша өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру;
- отандық және шетелдік әдебиеттермен ұдайы жұмыс істеу қазжеттілігі мен дағдысын, патенттік қорлармен жұмыс істеу білуді қалыптастыру;
- қазіргі заманғы ақпараттық технология мен ақпараттық қарым-қатынас (Internet, электронды пошта, т.т) тәсілдерін меңгерту;
- студенттің қызығушылығын кафедраның білім-ғылым бағытымен тығыз қарым-қатынасқа бейімдеу, оқытудың бинарлық үдерісінде оқытушы мен оның студенттің шығармашылық байланысын шыңдау.
Жұмыс туралы қорытындылар, ұсыныстар
Қазіргі жағдайдағы педагогикалық іс-тәжірибенің басты мақсаты-өзінің өмірлік мүдделері үшін де, қоғамдық, мемлекеттік мүдделер үшін де әлеуметтік-экономикалық жағдайларда шығармашылық әлеуетті іске асыруға қабілетті жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Педагогикалық (үздіксіз) іс тәжірибе өту барысында мен өзімнің әдістемелік қиындықтарымды анықтап, сынып ұжымымен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесі мен дағдыларын игердім. Жетекшім маған материалды сауатты беру
, оқушылармен байланыс табу бойынша тәжірибелерін қуана жеткізді. Мен ұжымды ұйымдастыру тәсілдері, сыныптың назарын аудару тәсілдері, оқытылатын материалға деген қызығушылықты қалыптастыру, сондай-ақ оң оқу мотивациясын қалыптастыру туралы түсініктерімді кеңейттім.
Мен педагогикалық (үздіксіз) іс тәжірибе жоспарын сәтті орындадым деп санаймын, өйткені іс тәжірибенің басында алдыма қойылған мақсаттар мен міндеттерді сәтті жүзеге асырдым.
Ұсыныстар:
-
Балардың назарын толығымен аудару үшін, сабақтың кіріспесін қызықты көрсете алу керек.
-
Сабақты шапшаң бастау керек. Сабақ барысында барлық балалар бос отырмауы керек, жұмыспен шұғылданып отыруы керек.
-
Естеріңізде болсын: үзіліс, баяулылық, бос отыру – дисциплинаны, яғни тәртіпті бұзады.
-
Балаларға өз қажеттілігін сезінуге мүмкіндік беру керек.
-
Оқушылардың мектеп формасын дұрыстау қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Химия. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық / М.Қ. Оспанова, Т.Г. Белоусова, Қ.С. Аухадиева. — Алматы: Мектеп, 2017. — 136 б., сур.
-
Химия. Энциклопедия /Қазақ тіліне аударған А. Шарипова. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2012 –160 б. – «Балалар энциклопедиясы» сериясы. -
Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016
-
Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016 - 54 б.
-
Педагогиканы оқыту әдістемесі. Ә. Мұханбетжанова Оқулық. – Алматы: ЖШС РПИК «Дәуір», 2011ж.– 368 бет.
Білім алушының қолы _____________________
2022 ж. «____»____________
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан
мемлекеттік университетінің
IT және жаратылыстану ғылымдары
жоғары мектебі
«6В01504-Химия» мамандығының
күндізгі оқу бөлімінің 3 курс студенті
Жұманова Әминаға
МІНЕЗДЕМЕ
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ІТ және жаратылыстану ғылымдарының жоғары мектебінің 6В01504-«Химия» мамандығының іштей оқу түрінде оқитын 3 курс студенті Өскемен қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ –нен педагогикалық іс-тәжірибеден өтті.
Педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында студент педагогикалық қызметке жауапкершілікпен қарауды, орындаушылықты, тәртіпті, дербестікті, пән бойынша жақсы білім деңгейін және әдістемелік даярлықтың жоғары деңгейін көрсетті.