Файл: Абай мен Дулатты рухани жаындыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 39

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Немересі:

  • Ата! Бізге шығарма жазуға қосымша ізденіс жұмыстары тапсырылып еді. Соған біраз қиналып отырмын. Қайтсем екен? Жарысқа қатысуым керек.

Атасы:

  • Дулат туралы көп дерек айтсам, тыңдар ма едің, балам?

Немересі:

  • Иә, сіз оны көрдіңіз бе? Ол туралы қайдан білесіз?

Атасы:

  • Жүр, балам. Мен сені бір жақсы кешке алып барайын. Дәл сол Дулат атаң туралы, жүре ғой (Ертіп алып, шығып кетеді)/Шымылдық жабылады/

Әдеби кеш басталады

Саламатсыздар ма құрметті ұстаздар,оқушылар!

Құрметті әдебиет сүйер қалың көпшілік! «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында биылғы жылы қазақтың біртуар ұлдарының бірі, елдік пен ерлікті жырлаған ойшыл, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғаларының бірі Дулат Бабатайұлының 220 жылдығына орай ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Азаттық жырының ақтаңгері» атты әдеби кешке қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Мына тұрған Дулаттың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Қайрат, елдік, ерлікті тең ұстаған,
Кім ұмытар Дулаттың келбетін де?
2-жүргізуші:
Дулат бейнесі бір қарағанда таныс тақырып , таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз-ау. Ұлылықтың тың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, Дулат әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!

БЕЙНЕБАЯН «Ұлы тұлға – Дулат Бабатайұлы»

1-жүргізуші:
1731 жылы Кіші жүз қазақтары, ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында Орта жүз қазақтары, ХІХ ғасырдың 60-жылдарында Ұлы жүз қазақтары орыс патшалығына бағына бастаған еді. Сол ғасырдағы қазақ қоғамын өз билігінен айырған Ресей патшалығының отарлаушыларына қарсы, қазақ даласындағы дербес хандық биліктің жойылуына қарсы алғаш реформа жасаушылардың бірі ақын Дулат Бабатайұлы. Ол толғауларында өз заманындағы орыс патшасының отарлау саясатынан зардап шеккен халқының қайғысын тереңнен сезініп, мұңын жырымен жазып, ел қамын ойлап кейінгі ұрпақты тәрбиелеуде маңызды өлеңдер жазды.

Д. Бабатайұлы «Асқар таудың сәні жоқ» өлеңі --------

2-жүргізуші:
Дулат ауыртпалығы зор, өзгерісі де мол ғасырмен құрдас болды. Қазақ қоғамын өз билігінен айырған Ресей патшалығының отарлаушыларына қарсы үн көтерген, патша билеушілерінің шылауындағы аға сұлтан, ұлықтарды оңдырмай сынаған ақын ретінде де тануымыз керек.


Д. Бабатайұлы «Аға сұлтан қазының» өлеңі –

Д. Бабатайұлы «Қаламы мата бозбенен» өлеңі –

2-жүргізуші:
Дулат қазақ халқының ұлы ақыны Абайға ұлағатты ұстаз болған. Оған ақындық өнер жолында тұңғыш бата берген Дулат Бабатайұлы. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Дулат қазақ халқының қамқоры, Абайды идея жағынан тәрбиелеуші» деп баға берген. Дулат бабамыз туралы білімімізді тереңдете түсу үшін көрініске назар аударыңыздар

1-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
2-жүргізуші:
Шонжарды шоқ тілімен тулататын,
Қарық қылып, көп елді шулататын.
Бүгінде мерейтойы өтіп отыр,
Ақиық арқадағы Дулат ақын.

1-жүргізуші:
Ал енді кейіпкері шығармамның,
Шығады көңілімнен сан арманның,
Ішінде серкесіндей көрінеді,
Он жеті ақын шыққан Сыбандардың.
2-жүргізуші:

Ешқашан айтар сөзін ірікпеген,
Тұнба боп, тұла бойда жүріпті өлең.
Дүркіреп дүйім ел-жұрт жатқанында,
Мен-дағы маңдай терім сылып көрем.
Қошемет қайда барсаң бөленгенің,
Басына тік көтерді көлемді елің.
Зергері асыл сөздің, орақ тілдің,
Жоғалмас қалды артыңда өлеңдерің.

«Батырлар ұраны» әні –

2-жүргізуші:
Кемеңгер Ұлы Мұхтар «Дулат – бар ақындық қуатын ел-жұртының санасын өлеңмен оятуға ат салысқан тарихи тұлға» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтушылықтан, ізденуден жалықпайық. Осымен біздің кешіміз аяқталуға тәмәм. Уақыт бөліп, кешімізге келгендеріңізге мың да бір алғыс!

«Бұл заманның жақсысы: бірін-бірі көре алмас, жұртына пайда бере алмас.»

«Ата-ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең»

Ш.Мұртазаның әңгімелері «Бір кем дүние»

Итаяқтың кесірі

Шiлденiң шықылдаған ыстығында күншығыстан қарасаң, күнбатыс жақта Келiншектау ағып жатқан асау алтын өзен сияқты.

Күннiң аптабы қайтып, кешкi салқын түсе Келiншектау анық көрiне бастайды.

Сонда Келiншектау туралы ерте-ерте ертедегi аңыз еске түседi.

Отыз күн ойын, қырық күн тойы болып, байдың қызы ұзатылады. Қырық түйеге артылған жасаудың бәрi алтын, күмiс, гауһардан екен дейдi.

Ұзыннан ұзақ созылған дәулетжар көштiң алдында келе жатқан қыз әкесi қызынан:

— Қалай қызым, жасауыңа көңiлiң тола ма? — деп сұрапты.



Сонда ұзатылып бара жатқан қыз:

— Ризамын, әке, тек итаяғым алтыннан болмады-ау, — дептi.

Мұндай тойымсыздыққа не айтарын бiлмеген әке байғұс қос қолын терiс қарата жайып жiберiп:

— О, қанағатсыз мұндар, қаратас болып қатып қал! – деп, қатты қарғапты. Қарғыс Құдайдың құлағына шалынып, бүкiл асыл көш лезде қаратас болып қатыпты да қалыпты.

Қанағатсыздыққа, тойымсыздыққа Құдайдың қаһары осылай тиiптi.

Қарап тұрсаң, мына қазiргi заманда да, сол бейшара қыздың абайсызда айтып қалған айып сөзiн кешпеген Жаратқан ие мына қазiргi заманда түйенi түгiмен, кеменi жүгiмен жұтып жатқандарды қалай көрмейдi — ғажап!

Бiрақ Құдай асықпайды: бұл дүние болмаса, о дүние бар; зауал әйтеуiр бiр соғар.

Бұл тек бiр кем дүние емес, екi дүниеде де кешiрiлмес мол кем дүние.

Бір тал шаш

Шіркін, қазақтың қара өлеңі! Неге бірақ «қара өлең»? «Қара» деген сөздің әртүрлі мағынасы бар. Мысалы, қара мал – ірі мал, Қаратау – ұлы тау, Қара хан — атақты хан, қара жер, т.б.

Қара өлең де сондай шығар. Ірі шығар.

Сонау соғыс жылдарында азынаған аштықта, күннің шуағы тым сирек кезде, қақаған қыста, анда-санда адамдар бір бас қосқанда, майданға ондап кеткен азаматтардан ілуде біреу жараланып қайтқанда жетім ауылда бір азғантай той-мереке болар еді.

Сол тойда екеу-екеу ән салып, сағынышты әуендер айтатын. Әсіресе есімде қалғаны, көкірегімде өшпестей жатталғаны, әрдайым қырау шалған жүрегімді жылытатыны екі-ақ ауыз мына шумақтар:

Ауылыңнан ары да өттім,

Бері де өттім-оу,

Үкіңді шекеңдегі бермей кеттің-оу.

Сол үкің, көп болғанда,

Жүз теңгелік-оу,

Қалдырдың көңілімді

Мың теңгелік ай...

Қара көз қарай берді дүркін-дүркін-ай,

Көзімді қарықтырды сенің көркің-ай.

Шашыңнан бір-бір талдап сүйер едім-ау,

Қайтейін, жетпейді ғой өмір шіркін-ай...

Қазір бір-бір талдап сүйетін шаш қайда? Ондай сүюдің қадірін білетін бас қайда?

Әттең, бір кем дүние!..

Тасбақаның көз жасы

Дүниеде бір армансыз, қамсыз, уайымсыз жан иесі бар болса, ол Тасбақа шығар деп ойлаушы едім. Мейір шөпті тауып алып, соны тістеп жатып, жүз жыл жасай беретін, Құдайдың сүйген бір мақұлығы сияқты көрінуші еді.

Сөйтсем, кинодан көрдім, Тасбақадан қасіретті жәндік жоқ екен. Теңіз тасбақасын айтамын.

Теңіз тасбақасы баласын жұмыртқадан шығарады. Бірақ жұмыртқаны суда туа алмайды. Теңізден шығып, жағалаудағы құмды қазып, жұмыртқаны туып, құмға көміп кетеді екен.

Кетерінде көз жасы көл болып, іштен шыққан тұқымды қия алмай, құрлықта ұзақ уақыт қала алмай, амалсыз теңізге оралады. Міне, сұмдық сол сәттен басталады. Тасбақа жұмыртқасына алдымен адамдар әуес, тіпті жерік десе де болады.


Адам сондай болғанда, басқа жыртқыштарға не жорық? Олар да жұмыртқа жегіш.

Ал енді жегіштерден аман қалған жұмыртқалар құмның қызуымен ай-күніне жетіп, балақай болып, жарық дүниеге шығады ғой. Әне, содар сойқан сонда басталады. Енді оларды аулауға аспандағы жыртқыш құстар да шүйлігеді.

Тумай жатып, жарық дүниеге келмей жатып, ажал аранына түсетінін Жаратқанның берген түйсігі арқылы сезетін балақайлар сол сезім жетектеп, дереу теңізге жетуге асығады.

Теңізге жеткені – жетті, жетпегені желкесі үзіліп, қорқаулардың құлқынына түседі.

Бұл да бір кем дүние, арпалыс әлемі.

Арша бесік

Ұлы Мұхтар Әуезов: «Бесігіңді түзе!» — деді.

Ел болу үшін, ұлт болу үшін, ұлы болу үшін ә дегенде бесігіңді түзе.

Әуелгі тәрбиенің анасы — бесік, әрі-беріден кейін, бесік ананың құрсағынан басталады. Америкалық атақты биші Айседора Дункан:

— Мен билеуді анамның құрсағында жатқанда үйрендім, – дейді екен.

Өйткені анасы шампан ішуге құмар екен. Шампанның уыты құрсақта жатқан сәбиге де әсер еткен ғой.

Мұхаң айтқан «бесігіңді түзе» деген сөзде терең мағына бар. Соның бірі – бесік ағашының таза, сапалы болуы. Ал сапалы бесік – арша ағашынан жасалған бесік.

Арша аса қасиетті ағаш. Қасиетті болатыны – оған анау -мынау ауру-сырқау жоламайды. Түрлі микробтарды, құбыжықтарды өлтіретін күші бар. Арша бесікке қызамық, қара шешек сияқты бәлелі аурулар дарымайды.

Мен туған 1932 жылы сәбилер қара шешектен қынадай қырылды. Бұған алдымен Сталин мен Голощекиннің қолдан жасаған геноциді, ашаршылығы, «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген сұрқия саясаты себеп болды.

Алланың құдіреті екен, жарық дүниеде тататын дәм-тұзым бар екен, сол қырғыннан мен аман қалыппын.

Кім біледі, мені ажалдан арашалап қалған арша бесік шығар.

Бірақ арша бесік жұрттың бәрінде болмаған да шығар.

Шамаң жетсе, арша бесік тап. Аршаны көп өсір. Тұқымын құрта берме. Арша бесікке құт құйылады.

Шіркін, сол арша бесікке бөленетін нәресте көп болса ғой.

Әй, бірақ аз ғой.

Бір кем дүние. Зор кем...