Файл: Сабата олданылатын дістсілдермен психологиялы тренингтер жинаы Интерактивті дріс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 250

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


 Оқушылар стильдердің бірін талдау үшін топтасып жұмыс істейді, сосын

мәтіндердің бірі туралы өз пікірлерін мысал келтіре отырып, сыныптағы қалғаноқушыларға таныстырады.

 Оқушылар белгілі бір мәтінді дауыстап оқиды және сынып болып оның сарыныстильмен қалай байланысатынын, яғни тілдік қолданыс пен сөйлемдердіңқұрылымы арқылы эмоция қалай берілгенін талқылайды.

 Оқушылар әдетте қандай жанрларда образдардың қолданылатынын, ал

қайсыларында қолданылмайтынын және бұның себептерін талқылай алады.
233. «Он сұрақ»

«Он сұрақ» әдісі арқылы алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю:Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады. Қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не «ИӘ» не «ЖОҚ» деп беріледі. Оқушы сол арқылы бүгінгі сабаққа қатысты ұғымды табады.
234. «Ортақ әңгіме»

Мақсаты:Топ мүшелерінің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Бәрі шеңбер бойымен отырады. Біреуі қандай да бір тақырыпта әңгіме бастайды (мысалы, детектив), бірақ тек бірінші сөйлем ғана айтады. Жанында отырған қатысушы екінші сөйлемін, оның жанында отырған үшінші сөйлемін және т.с. шеңбер бойымен орындалады.

Талдау:Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық келтірді? Қандай әсер алдыңыздар?
235. «Ортақ портрет»

Оқушылар өз тобының ортақ портретін құрастырады. Бұл үшін олар топ құрамындағы оқушылардың арасында дене мүшелерін бөліп (мәселен, біреудің көздері мен қолдары, екіншісінің құлақтары мен иықтары, үшіншісінің шашы мен аузы, төртіншісінің мойыны мен мұрыны т.с.с), оларды біріктіріп, ауызша сипаттайды.

Әрине, әдеттегідей сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушылардың бірін-бірі мақтағаны дұрыс.

Топтар өз портреттерін сыныпқа оқып береді.
236. «Орынсыз жауаптар»

Оқушыларға кезекпен кез келген сұрақ қоюға рұқсат етіледі. Бірақ жауап беруші тікелей ол сұраққа жауап бермейді. Мысалы:

«Сағат неше болғанын айтып жібере аласыз ба?» - «Рақмет, мен түстеніп алғанмын»

«Марста тіршілік бар деп ойлайсың ба?» - «Маған ертегі оқығанды ұнатамын»

Сұрақтарды бүгінгі өтілген материалды еске түсіруге арнап құрастырғызуға да болады.

237. «Өзгертулерді тап!»

Оқушылар жұптарға бөлінгеннен кейін оларға мынандай тапсырмалар беріледі:

  • Жұбыңызға қарама-қарсы тұрып, бір-біріңізге 10-15 секундтай қарап алыңыздар.

  • Енді сырт айналып, бір-біріңізге арқа беріп тұрыңыздар. Сыртқы пішініңізге (киіміңізге, шашыңызға) қандай да болмасын 3 өзгерту (немесе 5-те болады) енгізіңіз.


Бұл жерде оқушылар шаштарының жатуын өзгертіп, сыртқы киімін, сағат,сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп, сыртқы пішіндерін өзгертулері керек.

  • Екі жақ та өзгертулерді аяқтағанда, бір-біріңізге қараңыздар да, сол өзгертулерді табыңыздар.

238. «Өзін-өзі бағалау»

Өзін-өзі талдау біздің қалай оқуға үйреніп жатқанымызды білдірсе, өзін-өзі бағалау дегеніміз - біз оқып жатқан нәрсе. Балаларды өзін-өзі талдауға үйрету үшін мынадай сұрақтарды қойыңыз:

  • Оқу үдерісінде не болып жатқаны туралы ойланыңыз

  • Атап айтқанда не сізді ойлануға мәжбүрлейді? Не нәрсе қиын болып көрінді?

  • Сізге қандай жағдайда көбірек көмек қажет?

  • Сіз не үшін разысыз?

  • Сіз Х туралы не білдіңіз?

  • Сіз оқып жатқан тапсырманы басқа сыныптың қажеттілігіне сәйкестендіру үшін қалай өзгертер едіңіз? Мұғалім оқушыларға өзі-өзіне қалай талдау жүргізу қажеттілігін көрсету үшін жауаптарды модельдейді.


239. «Өзін таныстыру»

Сабақ басында бір оқушы тақта алдына шығып, өзі туралы 1 минут әңгіме айтады: өз сөзінде ол өзі туралы қызықты деректер келтіруге тырысуы керек. Қалған оқушылар оның сөздерін жағымды тұрғыдан қабылдап, үнемі қол шапалақтап және қуаттап отыруы керек.

Осы әрекеттер арқылы сынып ішінде оқушылардың бір-біріне деген сенімді қатынасын орнату көзделеді.
240. «Өз таңбаңды (герб) жаса»

Оқушылар бір парақ қағазда фигураны сызып, оның ішіндегі бөліктерге өздері туралы келесідей деректерді жазады:

  • Өз есіміңізді жазыңыз.

  • Ұялы телефоныңыз бен электрондық поштаңызды жазыңыз.

  • Сүйікті пәніңізді жазыңыз.

  • Зерттеу тақырыбыңызды жазыңыз.

  • Өз қолыңызбен жақсы жасай білетін екі заттың суретін салыңыз (жиһаз,тағам түрі, тоқыма түрлері).

  • Өзіңізді жақсы сезінетін бір жердің суретін салыңыз (үй, бөлме, табиғат аясы).

  • Өміріңіздегі ең елеулі ықпал жасаған үш адамның суретін салыңыз.

  • Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді? Бір сөз жазыңыз.

  • Өзіңіз туралы естігіңіз келетін үш жағымды сөз жазыңыз.


Оқушылар өз таңбаларын жасап бітіргеннен кейін шағын топ ішінде суреттерін талқылап, сұхбаттасады.
241. «Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!»

Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады.Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек. Мұғалімнің да бұл іске қатысқаны дұрыс.Тілектерді бір-біріне топ ішінде де айтуға болады.




242. «Өзі туралы кластер»

Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таратылатын шеңберлерге өздерінің өмірде «ойнайтын» бес негізгі рөлін жазады. Мысалы, жанұяда: біреудің баласы, әкесі, бауыры, ағасы; оқуда: оқушы, шәкірт, курстас жолдас; сабақтан тыс уақытта: дос, жолдас.

Әр рөлден туындайтын шеңберлерге өзінің осы рөлдегі ахуалын сипаттайтын сын есімдерді жазады.

Жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылар өз жазғандарын жариялайды: топ ішінде талқылайды немесе қабырғаға іліп қояды, басқалардың сұрақтарына жауап береді.
243. «Өзін-өзі таныстыру»

Танысудың бұл тәсілін қолдану үшін бір қапшық (немесе пакет) керек және топтағы әрбір оқушы сыныптағы барлық адамдар санына сәйкес бір қағаз тілімін дайындау қажет: мәселен топта 20 оқушы орнынан тұрып, өзін елге қысқа түрде таныстырады, өзі туралы 15 секунд ішінде жағымды ақпарат келтіреді, өздерін мақтайды. Осы уақыт ішінде басқалар бір қағаз тіліміне сөйлеп тұрған оқушыға мадақ пен комплимент жазады. Сөйлеп болғаннан кейін оқушы қапшықты алып, сыныпты аралайды, басқалардан өздері туралы жазылған қағаз тілімдерін жинап алады.Қағаз қиындыларын әзірше оқуға болмайды.Осындай әрекетті барлық оқушылар қайталап шығады.

Өзін-өзі таныстыру аяқталғаннан кейін оқушылар өздері туралы қағаз тілімдеріне не жазылғандығын оқиды.
244. «Өкіл»

Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады. Бұл - зеріктіретін және қайталана беретін «өз тобына хабарлау» әдісінен аулақ болу үшін қолданылатын тиімді әдіс. Сондай-ақ, бұл өкіл тілін қолдануға және белсенді тыңдаушылар тобын құруға жағдай жасайды.
245. Өлең оқуға арналған тапсырмалар

 Өлеңнің атауына қарап оның не туралы екенін болжау

 Басқа атау ұсыну

 Өлеңнің «тарихын» 100 сөзбен әңгімелеп беру

 Өлеңнен ұнатқан жолыңызды «Маған қатты ұнататын өлең жолдары» дегенплакатқа жазу

 Қалдырылып кеткен сөздерді толықтыру

 Қалдырылған аралықтарды синонимдер тобынан алынған дұрыс сөзбен толтыру;

 Өлеңді қайтадан дұрыс ретіне қайтару

 Қалдырылып кеткен жолды табу


 Ұсынылған нұсқалардың ішінен қалдырылып кеткен дұрыс жолды таңдау

 Түсінікті/түсініксіз сөздерді бөліп көрсету және оларды серігіңізбен бірге нақтылау

 Әртүрлі лексикалық өрістерді бөліп көрсету, мысалы, оң/теріс

 Өлеңнен ұнатқан эпитеттерді таңдап, оларды қағазға түсіру

 Өлеңнің әлеуметтік, мәдени және тарихи мәнмәтіндерін зерттеу

 Ақынның өмірбаянын жазу

 Өлеңдерді топтарға сұрыптау/артығын анықтау

 Бүкіл сынып болып өлеңді оқып шығу – өлеңдерді хормен ұсыну үшін, сыныптағыәрбір оқушы өлеңнің бір жолынан жаттайды

 Өлеңнің суретін салу – негізгі образдарын

 Өлеңді сүйемелдей алатын сурет табу

 Өлеңдегі көңіл-күйге немесе оның тақырыбына сәйкес келетін музыка таңдау

 Өлең туралы пікір жазу

 Кейбір негізгі сұрақтарды қоя отырып, ақынға хат жазу

 Поэманың оқиғасын әңгімелеушісі бар стоп-кадрлар түрінде ұсыну

 Өлең/ақын туралы мектеп журналына мақала жазу

 Оқушылар басқа оқушыға сұрақ қояды; сұрақтарға жауап береді, бұл ретте мәтінненәртүрлі реңктегі тиісті бөліктерінен дәлелдер пайдаланылатын болады

 Нақты әдістерді/тәсілдерді пайдалана отырып, өлең жазу

 Салыстыру кестелерін пайдалана отырып, кем дегенде екі өлеңді салыстыру

 Нақты әдістер мен тәсілдерді белгілеу үшін өлеңнен бөліп көрсету: салыстыру,кейіптеу, метафора, ұйқас, аллитерация, үндестік, қайталау, оң және теріс жауап;жекелеген салалар, лексика. Туындының мағынасына әсер ететін тиістіқұрылымына баса назар аударған жөн. Неліктен ол осы түрде бөлінген? Неліктен олпарақта осы түрде орналастырылған?

246. «Өмір ұраны»

Әр қатысушы өзінің өмірдегі ұранын қағазға жазып, қағаздар араластырылады. Содан соң біртіндеп оқылады. Басқалар оқылған ұранның кімнің өмірлік ұстанымы екенін табу керек.

Оқушылардың бір-бірін қаншалықты білетінін анықтау үшін, бірін-бірі жақынырақ тану үшін жүргізуге болады.

247. «Пазлдар»

Мақсаты: Командалар құру, топ ішінде рөлдерді бөлу дағдысына үйрету.

Ресурстар: Кішкентай «миқатырғыш пазлдар» (суретті открытканы бірнеше бөліктерге бөлуге де болады)

Ойын барысы: Әр топ «миқатырғыш пазлдар» алады. Мақсат – бөліктерді жылдам жинау.

Жаттығудың психологиялық мәні: Қатысушылар ойын түрінде командада тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді.

Талдау: Командада тапсырманы орындау қалай болды? Неліктен? Тапсырманы тиімді орындау үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
248. «Пальма, піл, қолтырауын»

Қатысушылар үш-үштен бөлініп тұрады. Модератор топтардың қайсысы нені бейнелейтінін көрсетеді. Мысалы, «пальма» десе, ортадағы ойыншы пальма ағашын бейнелейді, қалған екеуі пальмаға соғып тұрған желді бейнелеуі тиіс. «Піл» десе, ортадағы ойыншы пілдің тұмсығын қалған екеуі құлақтарын; «қолтырауын» десе, ортадағы ойыншы қолтырауын аузын, екеуі жотасын көрсетуі тиіс.

Мұнан басқа да тапсырмалар арқылы топтың алғырлығы мен қиялы тексеріледі.

249. «Парасатты диалог»

Оқушы мен мұғалім арасындағы диалог парасатты, рефлексивті, түсінушілік білдіру мен тексеруге бағытталған болып, барлық оқушылар өз ойлары мен пікірлерін білдіре алатындай болуы тиіс. Оқушылармен диалогтің сапасын талқылаңыздар және олардың мақсатын айтуды және оны қалайша жақсартуға болатынын (қажет болуына қарай) айтуды сұраңыз.
250. «Паровоз»

Сырттан сыныпқа немесе тақтадан партаға келіп отыру үшін 3 қатысушы бір сапқа орналасып алады. 1-тұрған оқушы, 2-тұрған кедергі, 3-мұғалім. Кедергі оқушының көзін байлап тұрады, паровоз болып дыбыстайды. Мұғалім сөзбен оқушының қалай жүруін бағыттап отырады. Оқушы есту арқылы қабылдаушы, орындаушы. Оның жұмысын қиындататын ортадағы кедергі. Міне, осы ойын арқылы оқудағы кедергілер тақырыбы басталады.

251. «Плюс, минус, қызықты»

Бұл рефлексияны ауызша да, жазбаша да орындауға болады. Жазбаша орындау үшін үш бағаннан тұратын кестені толтыру ұсынылады. «Плюс» бағанына сабақта ұнаған кезеңдердің барлығы жазылады. «Минус» -оқушының пікірінше, бұл ақпарат ол үшін керексіз, пайдасыз. «Қызықты» бағанына оқушылар қызығушылық тудырған деректер мен әдістерді, ол туралы басқа дерек көздерінен көбірек білгісі келгендіктері туралы жазады.