Файл: Сабата олданылатын дістсілдермен психологиялы тренингтер жинаы Интерактивті дріс.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 870
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| Плюс | Минус | Қызықты |
| Сабақта барлығы ұнады: сабақ мазмұны, жұмыс түрлері | Ұнамады, түсініксіз болып қалды | Барлық деректер мен әдістер қызықты |
-
Түрлі тарауларды байланыстыра оқытыңыз; -
Оқу журналын пайдаланыңыз; -
Оқушылар оларға қол жеткізгендігін атап көрсете отырып, алдыңғы мақсаттарға сілтеме жасаңыз; -
Сізде оқушының прогресі нақты бейнеленген мақсаттар сызбасы болсын; -
Бағалау үдерісі мен оқушының өзіне мақсат белгілеу үдерісін байланыстырыңыз.
Сұрақтарға жауап беруші оқушылардың алмасып тұрғаны258. «Пікірлер базары»Оқушылардың әрбір шағын тобы плакатқа (флипчартқа) сабақтың өздері ең маңызды деп шешкен бір тұсын жазады. Плакаттар қабырғаға ілінеді. Әр плакаттың қасында сұрақтарға жауап беретін оқушы тұрады. Басқа топтар «Галереяны шарлау» тәсіліндегідей плакаттан плакатқа көшіп, оның төменгі жағына стикерлермен өздерінің комменттарийлерін, сұрақтарын, пікірлерін, қарсы дәлелдерін, қойған бағаларын жазады. дұрыс. Соңында топтар өз плакаттарына қайта оралып, барлық пікірлерімен танысады, оларды талқылайды, сұрақтарға жауап іздейді, нәтижелерін сыныпқа ауызша жариялайды. 259. «Радиоға қоңырау шалу»Талқылау тақырыбы радио жүргізушісімен таңдалады.Төрт қонақ рольдік карточка алып, сол карточкадағыдай рольдерін ойнауы тиіс. Құрдастар аудиториясы,сұрақтарымен «қайта-қайта қоңырау шалады», белгілер жасап және т.б. жазып отырады.260. «Рөлдік ойындар»Рөлдік ойындар әдісінің негізгі қатысушалардың басқа адам кейпіне (рөліне) еніп, соның ішінде әрекет етуінен тұрады.Рөлдік ойындар оқушылардың бір-біріне мейірбандықпен қарап, түсіну дағдысын дамытады.Басқа біреудің рөлін ойнағанда, оның көзқарасы, ойы мен сезімдерін түсіну жеңілге түседі.Сонымен қатар бұл әдіс сыни ойлауды күшейтіп, шешім қабылдауға және өз көзқарасыңды қорғауға мүмкіндік береді.261. «Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір»
| Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір | ||
| Қандай жаңа білім алдың? | Алған біліміңді қолдана аласың ба? | Саған қиындық тудырған түсініктер |
| | | |
Сұрақ: Сатушы қанша теңгеге ұтылды?Жауап: 25 000 теңге.Бұл есеп оқушылардың ойлау қызметін белсендендіріп, дәлелдеме келтіру дағдысын қалыптастырады.263. «Сəлемдеме жіберіңіз»Затты бірнеше қабат қағазға/газетке ораңыз. Оқушылар əуен ойнапжатқанда оралған затты сынып ішінде береді; музыка тоқтаған кезде,оқушы бір қабатын ашады. Əр қабатқа тақырыпқа қатысты бір сұрақнемесе затты анықтауға көмектесетін ишара қойыңыз, оқушылар онытауып, одан кейін оралған затты əрі қарай береді. Осылайша заттыңорамасы біткенше жалғасады.264. «Сәлеметсің бе!»Оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын тигізеді. Бас бармақтан бастайды:Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді);
-
Табыс (сұқ саусақ); -
Үлкен (ортаңғы); -
Барлығында (атаусыз); -
Барлық жерде (шынашақ); -
Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді).
Синектиканың мақсаты: ой қозғаудағыдай жаңа идеяларды келтіріп, бірлесе талқылау барысында оларды проблема шешетіндей деңгейге жеткізу.269. «SMART (ақылды мақсат)»S -нақты, M-өлшемді, A-қолжетімді, R - шындыққа негізделген,T - уақытпен шектелген дегенді білдіреді. Әр сабақ осындай мақсатқа негізделіп жүргізілуі шарт.270. «SMS – хабарлама»Оқушыларға қағаздан жасалған қалта телефондарынан SMS хабарлама жазу тапсырылады. Хабарлама ұсынылған сөйлемдердің толықтырылған немесе аяқталған нұсқасы болуы қажет.«Бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ... білдім, ақиқатына жеттім»;
-
«Бүгінгі сабақта мені қуантқаны....»; -
«Мен өзімді....үшін мақтар едім»; -
«Маған ерекше ұнағаны....»; -
«Сабақтан соң мен... жасағым келді»; -
«Мен... туралы армандаймын»; -
«Бүгінгі сабақта мен....жасай алдым»; -
«Мен... орындадым»; -
«...қызықты болды»; -
«...қиын болды»; -
«...мен түсіндім»; -
«Енді мен ...»; -
«...сезіндім»; -
«Мен үйрендім»; -
«Мені... таңқалдырды» және т.б.
273. «Социометрия»Оқушыларды топқа бөлу үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік туғызады.274. «Сөзден – сөйлем, сөйлемнен - мәтін»Шашылған түрлі сөздердің ішінен бір-біріне мағыналық қабыспайтын 3 сөз суырылады. Мысалы, «өзен, қарындаш, аю» деген секілді. Осы үш сөзді кіріктіре отырып, сөйлемдер құрастыру керек. Кімнің сөйлемі қызықты әрі ерекше болатынына көңіл аудару. Былай құрастырылуы мүмкін: «Бала қолына қарындаш алып, өзенде шомылып жүрген аюдың суретін салды.» Немесе шығармашыл: «Қарындаштай ап-арық бала өзен жағасында тұрып, аюдай ақырып, өгіздей өкіріп жылады.» Бірнеше нұсқаның ішінен біреуін таңдап алып, тақтаға жазып қояды да, келесі 3 сөзді суырып, сөйлем құрайды. Одан да бір сөйлем жазып қояды. Соңында тақтада жазылған сөйлемдерді құрастырып, мәтін жазу керек. Мәтінді әрқайсысы өз дәптерлеріне жазуларына болады.275. «Сөздерден әңгіме құрастыру»Оқушылардың әрқайсысына қандай да болмасын бір-бір сөз ойлауды тапсырып, бірнеше секундтан кейін ол сөздерді (жалпы саны 15-20 сөздей) тақтаға жазып, оқушылардың шағын топтарына осы сөздерді қолданып, 2 минут ішінде оқушылар өмірін суреттейтін ауызша әңгіме құрастыруды ұсыну керек. Әңгімеде топ оқушыларының және мұғалімдердің есімдері міндетті түрде аталуы керек.276. «Сөздік қорды байытуға арналған әдіс-тәсілдер»1. Тірек сөздерді олардың қолданылу шамасына қарай тақтаға жазу2. Жұмыс парақшаларында, жазбаларда және мәтіндерде тірек сөздерді белгілеу3. Оқушылар сөздерді тыңдап, қайталауы үшін, сөздерді тізім бойынша оқу4. Бөлмеде тірек сөздерді/терминдерді жазып іліп қою5. Сөйлем құрастыру – оқушылар каточкадағы сөздердің мағынасын көрсететіндей етіппайдалана отырып, сөйлем құрайды6. «Сөзді тап» – оқушы бір сөзді алады, сосын сөздің өзін атамастан, ол туралы басқа сөздердіайтады. Топтағы қалған оқушылар неғұрлым жылдамырақ сол сөзді табулары тиіс7. Сөздерді іздеу – анықтамасымен бірге8. «Блокбастер» – телевизиялық ойынның нұсқасы, онда оқушылар немесе оқушыларданқұралған топтар анықтамасы берілген пәнге қатысты терминдердің бастапқы әріптердентұратын құрылым құрудан жарысады