Файл: Бізде сіздей боланбызсізде біздей боларсыз атты студенттермен кездесу кеші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 78

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Бізде сіздей болғанбыз-сізде біздей боларсыз»атты студенттермен кездесу кеші.Мақсаты: Студент пен оқушы арасындағы байланысты нығайта отырып, сырласу, әр студенттердің қызықты да қиын күндерін тыңдай отырып, оқушыны шыдамдылыққа баулу, кәсіптік бағдар беру. Барысы:І. Кешті ашу.ІІ. Таныстыру.ІІІ. ОйынІҮ.Сыр — сұхбатҮ. ОйынҮІ. Тілектер шоғы.1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар және бүгінгі кеш қонақтары – студент жастар!2-жүргізуші: Студенттер – ақ арман арқалаған,Жеттіңдер ме ауылға сән қаладан.Түлеп ұшқан ұяңа қош келіпсіз,Ыстық мекен, құтты орын, ордаң аман!1-ж: Студенттер – көкке қанат сермегендер,Ауылға сағынысып келген еңдер.Студенттер – кешінде сырласайық,Болашақтың бастауы сендер еңдер!2-ж: Студенттер – өмірдің гүл күндері,Қуанышта аз емес бұл күндері.Қайғысы да бір басыңа жетіп жатыр,Ұйқысыз өткен кейде бір түндері.1-ж: Міне, осындай өмірді кешкен жандар,Ертеңгі елімізге атар таңдар.Бірі – дәрігер, бірі – ұстаз, бірі – әнші,Маман болып бір күні шығарсыңдар.2-ж: Студенттік өмір біздің де есімізде,Тым ерекше көрінер өмір көшімізде.Біз түлеткен аяулы студенттер,Қош келдіңіз, бүгінгі кешімізге.(қошемет)1-ж: Армысыздар, мектебіміздің түлектері,Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.Ән шашу, әсем әуен түрлі өнер,Бүгінгі күн сіздерге арналады.2-ж: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,Көңілді күндер тусын алдан әлі,Сіздер үшін осы кеш ашылады,Сіздер үшін әншілер ән салады.Би: 1-ж: Ұстаздардың ұлағатты сөзінен,Өмір бойы таусылмас нәр аламыз.Ұстаздардың мейірімді көзінен,Бізге деген жылылықты табамыз, — дей отырып, мектеп директоры Дусипова Миргүл апайға сөз кезегін береміз.1-ж: Балалық, шаттық өмір, думанды кеш,Түседі естеріңе қызықты кез.Сағыныш бойды билеп келгендерге,Мектептің есіктері ашық әр кез.2-ж: Сол бір кез сәті түскен бүгінгі күн,Қосыңыз әрқайсыңыз жақсы бір үн.Сырласып отырайық, ән салайық.Мауқымыз басылғанша осы бір күн. Келесі кезекті ойынға берейік.Ойын: «Әріптерден басталатын мамандық».Шарты: студенттерге әріптер беріледі. Сол әріптерден басталатын мамандықтардың атауларын барынша көбірек жазу керек.
1-ж: Ұрпағы  ұландары текті жердің,Қашанда болмысыңа сүйсінемін.Келешек ғалымдар да, даналар да,Шығады өздеріңнен деп білемін.2-ж: Бұл кездесу көкейлеріңе,Жыры мен сырын тұндырсын.Жаныңнан кетпей әсері ән,Жадыңда қалсын осы күн! – дей отырып, әнге кезек берейік.11 сынып оқушылары КВН1-ж: Біліммен көркейтіп елімізді,Танытып азаматтық тегіңізді.Қадірлі қонағымыз, мейманымыз,Тыңдалық сіздің де ыстық лебіңізді.«Сыр сұхбат» бөлімі.2-ж: Қабыл етіп қонақтардың тілегін,Тілегіңді тұмар етіп жүремін.Түлектерге ұлағатын қалдырар,Өздеріңдей болса деймін түлегім.1-ж: Көрермендер әзіл де бар бойында,Бір ғажайып қызық бізде ойын бар.Шақырамыз ортамызға келіңіз,Атсалысып бұған да ден қойыңыз.2-ж:Ойын: «Ең нағыз …» ойыны.Қазір сіздерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады,ал сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауларыңыз керек.Ең жасыл мамандық;Ең тәтті мамандық;Нағыз ақшалы мамандық;Ең күлкілі мамандық;Нағыз бала мамандығы;Нағыз адамдармен көп араласатын мамандық;Ең ауыр мамандық;Ең салмақты мамандық; 1-ж:Жастық осы гүлдей болып көрінген,Өлең жыр боп сірә кетпес көңілден.Естелік боп қалсын осы күнде бір,Студенттік қызығы мол өмірден«Тілектер шоғы».2-ж:Ұстаздар оқушыға басын иген,Кей кезде тіпті оған кішірейген.«Сыйға сый, сыраға -бал» деген сөздің,Болмас ережесін бұза білген.Өйткен, ұстаз – ана, ұстаз – дара –Мамандық ол ерекше, жеке – дара – деп, сөз кезегін ұстаздарға береміз.Қорытынды:1-ж:Артта қалды, әттең-ай, балалық шақтың белесі,Өздеріңмен биік қой елдің еңсесі.Сүріне көрмеңдер, тағдырдың сан қилы қатал сынынан,Күтіп тұр алда болашақ өмірдің сойқан күресі!2-ж:Балалықпен қоштасып, даналыққа беттедің,Арыңды сақта жасыңнан адалдық болсын серігің.Арманның шығып шыңына мақсатыңа құлаш ұр,Өздеріңе тапсырдық туған жердің ертеңін!2-ж: Осымен студенттермен кездесу кешін ақтаймыз. Келгендеріңізге көп-көп рахмет!