ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 318

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тыңдалым № 1Тоңған торғайМұқаш құстарды жақсы көреді. Аспанда ұзақ қалықтап қанатын қақпай демалатын қырандарға деген ықыласы өте ерекше. Барлық құстардан қорықпайтын қыранның батылдығын, батырлығын әңгіме ғып өзінің інісі Қожанға айтып отырады.Алматыны ақ қар басты. Қара қарға, суық торғайлардан басқа құстар жылы жаққа ұшып кеткелі де біраз болды. Кешке мектебінен қайтып келе жатқан Мұқаштың алдын бір суық торғай кескестей берді. Мұқаш ұмтылып ұстайын деп еді, әлгі торғай отырған жерінен қозғалмады. Мұқаш торғайды ұстаған бойы қойнына тықты. Әбден мұздаған болуы керек, Мұқаштың дүрсілдеп соққан жүрегін тыңдап отыра берді тоңған торғай.Мұқаш үйге қуанып кірді. «Ата, апа, мен торғай ұстап әкелдім» деп қойнындағы торғайын үйдегілерге көрсетіп шықты. Бүріскен торғай көзін ашты. Әбден әлі біткен болуы керек, қорқуды, қашуды ойына да алмады. Мұқаш нан қоқымдарын алдына қойып еді, шоқып жей бастады. Сөйтіп біздің үйді бір торғай қыстай мекендеді. Көктем шықты. Мұқаштың торғайы даланы аңсап терезеден сыртқа көбірек қарауды шығарды. Апасы Мұқашқа:

  • Торғайыңды қоя бер. Оның отаны анау кең дала, анау биік аспан. Өз Отанына қоя бер, - деді. Мұқаш біраз ойланды да торғайын қоя берді. Торғай алғаш терезе алдындағы жас талға қонды... Содан соң әрі қарай қанатын қағып ұшып кетті. «Торғайым, жолың болсын» - деді Мұқаш қуанып. Мүмкін екі-үш ай үйде бірге болған торғайын Мұқаш аяп тұрған да болар, кім білсін.

  • Торғайың қыста, мүмкін, қайтып келер, - деп жұбатты Мұқашты үлкен апасы. Мұқаш апасының сөзіне шынымен-ақ сенгісі келеді. Өйткені, ол торғайын өте жақсы көріп кетіп еді.
(232 cөз)І нұсқа Т№1Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төмендегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындаңыз.І. Тест сұрақтары

  1. Мұқаштың қандай құстарға деген ықыласы ерекше болды?
A) лашындарғаB) қырандарғаC) бүркіттергеD) көгершіндергеE) қарғаларға2. Мұқаш торғайды ұстаған бойы не істеді?A) қойнына тықтыB) алақанына салдыC) басына қойдыD) қалтасына салдыE) арқалады3. Мұқаш торғайды немен тамақтандырды?A) сүтпенB) суменC) нанменD) майменE) етпен4. Мұқаш торғайға кандай тілек айтты?A) Торғайым, ақ жолB) Торғайым, таудай болC) Торғайым, өркенің өссінD) Торғайым, жолың болсынE) Торғайым, биікте самғай бер5. Мұқаш кімнің сөзіне сенгісі келді?A) апасыныңB) атасының
C) әкесініңD) ағасыныңE) анасының ІІ. ТапсырмаларА) Мұқаш өзінің інісі Қожанға не туралы айтып отыратын?______________________________________________________________________________________________________________________________________________________В) Мұқаш мектептен келе жатқанда қандай оқиға болды?______________________________________________________________________________________________________________________________________________________D) Торайдың үйге кіргеннен кейінгі әрекеті?______________________________________________________________________________________________________________________________________________________Е) Апасы Мұқашқа не айтты? Мұқаштың торғайға деген тілегі туралы жазыңыз.____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________І нұсқа бойынша дұрыс жауаптар Т№11.Тест сұрақтарының жауаптары:№жауап1В2А3С4D5AІІ. Тапсырмалар бойынша жауаптар:А) Мұқаш өзінің інісі Қожанға не туралы айтып отыратын?- Қыранның барлық құстардан қорықпайтын, батылдығын, батырлығын әнгіме ғып айтып отыратын.В) Мұқаш мектептен келе жатқанда қандай оқиға болды?- Мұқаштың алдынан бір суық торғай кескестей берді. Ол тоңған торғайды үйіне әкеледі.D) Торайдың үйге кіргеннен кейінгі әрекеті?- Бүріскен торғай үйге келгесін көзін ашып, әлі біткендіктен қорқуды, қашуды ойына алмай, Мұқаштын берген нанын шоқып жей бастады.Е) Апасы Мұқашқа не айтты? Мұқаштың торғайға деген тілегі туралы жазыңыз.- Апасы Мұқашқа: Торғайды қоя беруін, оның Отаны кең дала, биік тау екенін түсіндіріп айтты. Апасының ақылын тындап Мұқаш «Торғайым, жолың болсын» деп тілегін айтып ұшырып жіберді.ІІ нұсқаІ. Тест сұрақтарыМұқаштың інісі кім?A) ҚожанB) АсқарC) АзаматD) АлмасE) Үсе2. Қара қарға, суық торғайдан басқа құстар қайда кетті?A) алыс жаққаB) суық жаққаC) жоғары жаққаD) жақын жаққаE) жылы жаққа3. Не себепті торғай отырған жерінен қозғалмады?A) жылынғандықтанB) тонғандықтанC) терлегендіктенD) ұша алмағаннанE) шаршағандықтан4. Мұқаш торғайды кімдерге көрсетіп шықты?A) үйдегілергеВ) көршілергеC) достарынаD) туысқандарынаE) балаларға5. Торғай қайда қонды?A) тереккеB) бәйтереккеC) бұтаққаD) жас талғаE) қайыңғаІІ. ТапсырмаларА) Мұқаштың ұнататын қыранын сипаттаңыз.______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

В) Мұқаш неге қуанды?______________________________________________________________________________________________________________________________________________________С) Торғайдың Отаны қайда?__________________________________________________________________________________________________________________________________________________D) Мұқаштың мейрімділігі қай жерде байқалады?______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ІІ нұсқа бойынша дұрыс жауаптар Т№1І.Тест сұрақтарының жауаптары:№жауап1А2Е3В4А5DІІ. Тапсырмалар бойынша жауаптар:А) Мұқаштың ұнататын қыранын сипаттаңыз.- Қыран – барлық құстардан қорықпайды, батыл, батыр.В) Мұқаш неге қуанды?- «Ата, апа, мен торғай ұстап әкелдім» деп қойнындағы торғайын үйдегілердің бәріне көрсетіп шықты.С) Торғайдың Отаны қайда?- Кең дала, биік аспан.D) Мұқаштың мейрімділігі қай жерде байқалады?- Мектептен келе жатқандағы алдынан шыққан тонған тойрғайды көргенде.Тыңдалым № 2Алғашқы газеттерҚазақ тарихындағы ең алғашқы газет — «Түркiстан уәлаяты». Ол 1870-1882 жылдары Ташкент қаласында шыққан. Одан кейін «Дала уәлаяты», «Қазақ» газеттері шыққан. Қазақ тiлiндегi тұңғыш журнал «Айқап» 1911 — 1915 жылдары жарық көрген. 1913 жылы қазақ тілінде 11 газет шығып отырған. Газеттерде сол кездегі қазақтың зиялылары қызмет еткен. Саясат, дін, әдебиет пен мәдениет мәселелері осы газеттерде өз көрінісін тапқан. Кейде белгілі, кейде белгісіз себептермен газеттер жабылған. «Айқап» журналы «Ай, қап!» деген екі сөзден құралған, яғни, өкіну мағынасын береді. Уақыт өтіп, білім мен ғылымнан артта қалып «Ай, қап!» деп өкініп қалмайық деген мақсатты ұстанған журнал да осылай аталған. Ол кезде қалың бұқара жазу-сызуды білмегенмен, көкірек көзі ашық азаматтар ел қамын, ұлт болашағын ойлап, елді білімге шақырған. Бүгінгі таңдағы бұқаралық ақпарат құралдарының бастауы, алғашқы қадамдарын біз осы газет пен журналдардан көреміз.(Ғаламтор материалдарынан, 126 сөз)І нұсқа Т№2

  1. Ең бірінші қазақ газеті не деп аталған?
A) «Дала уәлаяты»B) «Қазақ»C) «Айқап»D) «Түркістан уәлаяты»E) «Қазақстан»2«Айқап» журналының атауы қандай мағына береді?A) ренішB) өкінуC) қуанышD) қайғыE) үрей3. Ең алғашқы газет қай қалада шыққан?A) ЖамбылB) ТашкентC) ОмбыD) ОрынборE) Қазан4. Мәтінде айтылмаған ақпаратты табыңыз.A) 1913 жылы қазақ тілінде неше газет шығып отырғаны туралы дерек бар.
B) Алғашқы қазақ газеттері туралы айтылған.C) Алғашқы басылымдарда көтерілген мәселелер айтылған.D) «Айқап» журналының атауы туралы айтылған.E) Газеттердің жабылып қалу себептері нақтылап көрсетілген.5. Мәтінге қай тақырып сай келеді?A) Бұқаралық ақпарат құралдарыB) «Айқап» журналыC) Алғашқы қазақ газеттеріD) ХХ ғасырдағы қазақ газеттеріE) Газеттер мен журналдарІІ. ТапсырмаларА) Ең бірінші қазақ газеті қай ғасырда шыққан?______________________________________________________________________________________________________________________________________________В) Алғашқы басылымдар қандай мәселелерді көтерген?______________________________________________________________________________________________________________________________________________D) Сөздердің синонимдерін табыңыз.Алғашқы _________________________________________________________________Болашақ _________________________________________________________________Е) Төмендегі тіркес мағыналарын таратып жазыңыз.Қазақ зиялылары ____________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________________________________________________Ғылымнан артта қалу ________________________________________________________________________________________________________________________________________І нұсқа бойынша дұрыс жауаптарІ. Тест сұрақтарының жауаптары :№жауап1D2B3B4E5CІІ. Тапсырмалар бойынша жауаптар:А) Ең бірінші қазақ газеті ХІХ ғасырда шыққан.В) Алғашқы басылымдар саясат, дін, әдебиет пен мәдениет мәселелерін көтерген.D) Сөздерің синонимдерін табыңыз.Алғашқы : тұңғыш, бірінші.Болашақ: келешек.Е) Төмендегі тіркес мағыналарын таратып жазыңыз.Қазақ зиялылары : Сол кездегі саясат пен әдебиеттен, мәдениеттен хабардар оқыған азаматтар.Ғылымнан артта қалу: Жалпы білім мен ғылымның жетістіктерін білмеу, ғылым жаңалықтарынан хабарсыз болу.ІІ нұсқа1.Ең бірінші қазақ журналы не деп аталған?A) «Қазақстан»B) «Дала уәлаяты»C) «Қазақ»D) «Айқап»E) «Түркістан уәлаяты»2. «Айқап» журналы қашан шықты?A) 1910-1913B) 1911-1914C) 1911-1915D) 1910-1915E) 1911-19163. Ең алғашқы қазақ газеті қай жылы шыққан?A) 1870B) 1871C) 1872D) 1873E) 18744. Мәтінде айтылмаған ақпаратты табыңыз.A) Қазақ зиялылары қызмет еткен.В) «Ай, қап» деп өкініп қалмайық.C) Қалың бұқара жазу-сызуды білмеген.D) Қалың бұқара жазу-сызуды жақсы білген.E) Білім мен ғылымнан артта қалып.
5. Алғашқы қазақ басылымдарында кімдер қызмет еткен?A) бай балаларыB) сол кездегі әкімдерC) сол кездегі ақындарD) сол кездегі қазақ зиялыларыE) орыс тілін білгендерІІ. ТапсырмаларА) 1913 жылы қазақ тілінде неше газет шығып отырған?__________________________________________________________________________________________________________________________________________В) «Айқап» журналы қандай мақсатты ұстанған?__________________________________________________________________________________________________________________________________________С) Омоним сөздердің мағынасын тіркеспен көрсетіңіз:Бас:1. _____________________________________________________________________2. _____________________________________________________________________Ашық:1. _____________________________________________________________________2. _____________________________________________________________________D) Төмендегі тіркестердің мағынасын таратып жазыңыз.Жарық көрген __________________________________________________________________________________________________________________________________________Газеттерде көрініс тапқан _____________________________________________________ _____________ІІ нұсқа бойынша дұрыс жауаптарІ. Тест сұрақтарының жауаптары:№жауап1D2C3A4D5DІІ. Тапсырмалар бойынша жауаптар:А) 1913 жылы қазақ тілінде 11 газет шығып отырған.В) «Айқап» журналы ғылым мен білімнен артта қалып қоймау мақсатын ұстанған.С) Омоним сөздердің мағынасын тіркеспен көрсетіңіз:Бас:1. Адамның басы2. Таудың басы3. Көрмегендей бас салды.Ашық:1. Есік ашық еді.2. Ашық түсті көйлек.D) Төмендегі тіркестердің мағынасын таратып жазыңыз.Жарық көрген: БАҚ-та басылған мақала. Газет, журнал немесе кітаптың басылып шығуы.Газеттерде көрініс тапқан: Газеттерде көтерілген, басылғын мақалалар тақырыбы мен өзекті мәселелер.Тыңдалым №4Ежелгі дәуір әдебиетіҚазақ әдебиетінің тарихы үш кезеңге бөліп қарастырылады. Олар: ежелгі дәуір әдебиеті, орта ғасырлар әдебиеті және XIХ ғасырдан бергі әдебиет. Біз бүгін ежелгі дәуір әдебиеті туралы сөз қозғайтын боламыз. Біздің дәуірімізге дейінгі VІІ-V ғасырлардан бастап біздің заманымыздың ХІV ғасырын қоса 2000 жылдай уақытты қамтитын аралықта туған шығармалар осы ежелгі дәуір әдебиетіне жатады. Тарихи деректерге сүйенсек, ХV-ХVІ ғасырларда қазақтар халық болып қалыптасқан. Сонда осыған дейінгі әдебиет біздікі емес пе деген сұрақтар да туады. Халқымыздың төл әдебиеті ежелгі дәуір әдебиетінен бастау алады. Өйткені, бұл туындылардың барлығы – түркі халықтарына ортақ мұра. Атап айтсақ, Алып Ер Тоңа, Орхон-Енисей жазба ескерткіштері, Қорқыт ата кітабы, Әбу Насыр әл-Фараби, Ахмет Йасауи, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Рабғузи, Сәйф Сараи, Ахмет Йүгінеки т.б. Аты аталған шығармалар мен тұлғалар ежелгі дәуір әдебиетінің ең көрнектілері десек болады. Біздің заманымызға дейінгі VІІ-V ғасырларда өмір сүрген сақ бекзадасының алтын киімі мен қабірі Есік қаласының маңынан табылғаны мәлім. Бекзаданың алтын тостағанында жазылған сөздер мен Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі сөздер бірдей екендігі ғылымда дәлелденген. Қазақтың эпостық және лиро-эпостық жырларының да тамыры осы ежелгі дәуір әдебиетінде жатыр. Ежелгі дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінде дамыған кезеңінде туған "Кодекс куманикус", "Махаббатнама", "Жүсіп-Зылиха", "Гүлстан", "Домбауыл", т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді.