Файл: Тыдалым 1 Тоан торай.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 137

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бастыны еңкейтті,

Тізеліні бүктірді,

Бек ұлдары құл болды,

Пәк қыздары күң болды, – деген Күлтегін жырының үзіндісі «Алпамыс батыр» жырына өте ұқсайды. Жалпы сабақтастық пен бір халықтың шығармасы екендігі жырлардың өне бойы мен құрылымынан да байқалады.

Қорыта айтар болсақ, ежелгі дәуір әдебиетінсіз бүгінгі әдебиетті елестету мүмкін емес. Бұл дәуірде туған әдеби шығармалар сол уақыттағы халықтың өмірінен, тұрмыс-салтынан, тарихи оқиғаларынан көп мәлімет береді. Осыған сүйене отырып, бұл мұраларды әлемдік қазына деп атасақ да асылық емес.
(263 сөз)

І нұсқа Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төмендегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындаңыз.
1.Мәтінде есімі аталмаған тұлғаны табыңыз.

А) Сәйф Сараи

В) Құт әл-Құлыб

С) Ахмет Йүгінеки

D) Жүсіп Баласағұн

Е) Махмұт Қашқари

2. Мәтінге тән ақпаратты табыңыз.

А) Бекзаданың алтын тостағанында жазылған сөздер

В) Бекзаданың алтын қалқанында жазылған сөздер

С) Бекзаданың алтын қанжарында жазылған сөздер

D) Бекзаданың алтын қылышында жазылған сөздер

Е) Бекзаданың алтын киімінде жазылған сөздер

3. Мәтінде қай жырдан үзінді берілген?

А) «Алпамыс батыр»

В) «Кодекус куманикус»

С) «Күлтегін»

D) «Махаббатнама»

Е) «Домбауыл»

4. Сақ бекзадасы шамамен қашан өмір сүрген?

А) б.д.д IV-V ғ.

В) б.д.д IV-Vғ.

С) б.д.д IV-VI ғ.

D) б.д.д V-VII ғ.

Е) б.д.д VII-V ғ.

5. Қазақ халық болып қай кезде қалыптасты?

А) ХІІ-ХIV ғ.

В) XIV-XV ғ.

С) XV-XVII ғ.

D) XV-XVI ғ.

Е) XVI-XVII ғ.
II. Сұрақтарға жауап жазыңыз.


  1. "Кодекс куманикус", "Махаббатнама", "Жүсіп-Зылиха", "Гүлстан", "Домбауыл" жырлары қашан туды?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. «Бастыны еңкейтті,Тізеліні бүктірді» деген өлең жолынан не түсіндіңіз?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. Омонимдерге жай сөйлеммен мысал жазыңыз.


Жыр:

а.______________________________________________________________________________________________________________________________________________
ә.________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Сақ.

а.______________________________________________________________________________________________________________________________________________

ә.______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________
ІІІ. Сөздердің синонимдік қатарын жазыңыз.
құл
күң
дәуір
ежелгі

ІV. Мәтін мазмұнына қатысты екі мақал немесе қанатты сөз жазыңыз.

1._________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2._________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
V. Мәтінге сәйкес емес ақпаратты табыңыз.

1.

А) Қазақ әдебиетінің тарихы үш кезеңге бөліп қарастырылады.

В) Сонда осыған дейінгі әдебиет біздікі емес пе деген сұрақтар да туады.

С) Халқымыздың төл әдебиеті ежелгі дәуір әдебиетімен қорытындыланады.

D) Халқымыздың төл әдебиеті ежелгі дәуір әдебиетінен бастау алады.

Е) Өйткені, бұл туындылардың барлығы – түркі халықтарына ортақ мұра.


2.

А) Олар: ежелгі дәуір әдебиеті, орта ғасырлар әдебиеті және XIХ ғасырдан бергі әдебиет.

В) Тарихи деректерге сүйенсек, ХIV-ХVІ ғасырларда қазақтар халық болып қалыптасқан.

С) Осыған сүйене отырып, бұл мұраларды әлемдік қазына деп атасақ да асылық емес.

D) Cақ бекзадасының алтын киімі мен қабірі Есік қаласының маңынан табылғаны мәлім.

Е) Жалпы сабақтастық пен бір халықтың шығармасы екендігі жырлардың өне бойы мен құрылымынан да байқалады.
VI. Мәтінде айтылған мәліметтерді теріп жазыңыз.


  1. Төмендегі шығармалардан мәтінде айтылғандарын теріп жазыңыз.


«Кодекс куманикус», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Махаббатнама», «Күлтегін, «Жүсіп-Зылиха», «Ер Тарғын», «Гүлстан», «Домбауыл», «Арқалық батыр», «Алпамыс батыр».

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. Мәтінде айтылған жер-су аттарын теріп жазыңыз.


Сығанақ, Орхон, Онон, Енисей, Есік, Сайрам, Ақмешіт, Отырар, Шам, Бұхара, Самарқан.

___________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Тыңдалым № 5
Атаның ақылы
Аппақ шыңды Алатаудың аясындағы Алматы қаласының Орталық саябағы маусым айы кезінде жайқалып тұр. Бой түзеген күміс қылқанды шыршалар, жасыл сырғалы ақбалтыр қайыңдар, жұпар иісі аңқыған аршалар гүлзарлы алаңдарды қоршап, қоңыр салқын самалмен тербеледі.

Бес жасар Бектай атасымен бірге бақ аралап, әткеншек тепті, серіппеде секіріп ойнады. «Поезға» мініп, «жол жүрді», «зымыранға» мініп, зымырады. Бір кезде тәмпіш мұрны тершіп, қарақаттай көзі күлімдеп, ол:

- Ата, шөлдедім, - деді. Атасы ақ күмістей сақалын тарамдап, күлімдеді де:

- Шөліңді қандыр, жарығым, -деп, оған салқындаған алма шырынын сатып әперді. Бекжан құтыдағы салқын, тәтті алма шырынын құшырлана жұтып алды да:

- Ата, балмұздақ жегім келеді, - деп, ентіге сөйледі. Ақжарқын атасы Бекжанға балмұздақ сатып әперді де:



- Ботам, балмұздақтан көп жеме, тамағың ауырып қалады, деп ескертті. Бектай атасы алып берген балмұздақтан біраз жалады да:

- Ата, шоколад жегім келеді, деп, күлімдеді.

- Жарығым, әр нәрсенің шамасы бар. Қанағат керек.

- Ата, қанағат деген не? – деп, Бекжан сұрақ қойды.

- Күнім-ау, «қанағат» деген – әр нәрсенің шама-шарқын біліп, соған риза болу, тамақ ішудің де шегін, ретін білу... Қанағат қылмай, не болса соны талғамай, іше берсең, ауырып қаласың – деп атасы ақыл айтты.

- Онда... Мақұл! – деп, Бекжан ойланып қалды.

Атасының ақылын түсініп, айтқанын істеген Бекжан бақта сергек сейілдеп, жақсы демалды.

(200 сөз)

Әдібай Табылды

І нұсқа

Нұсқаулық: Өзегеге кедергі келтірмеңіз!!! Жұмыс барысында «Академиялық адалдық» саясатын басшылыққа алыңыз.

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төмендегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындаңыз.

І. Тест сұрақтары
1. Оқиға қай кезде болды?

A) мамыр айында

B) шілде айында

C) маусым айында

D) тамыз айында

E) күзде

2. Баланың көзі қандай?

A) қоңыр

B) қарақаттай

C) көкшіл

D) қой көзді

E) бота көзді

3. Атасының мінезі қандай?

A) ақкөңіл

B) момын

C) қатал

D) ұлтжанды

E) ақжарқын

4. Мәтінде айтылмаған ақпаратты табыңыз.

A) Шөліңді қандыр, жарығым.

B) Ата, балмұздақ жегім келеді.

C) Атасы оған шие шырынын сатып әперді.

D) Жарығым, әр нәрсенің шамасы бар.

E) - Онда... Мақұл! – деп, Бекжан ойланып қалды.

5. Мәтінге қай тақырып сай келеді?

A) Көзіңді жас кезіңнен сақта

B) Ата мен бала достығы

C) Бақытты балалық шақ

D) Бала арманы

E) Қанағат – денсаулық кепілі.

ІІ. Тапсырмалар

А) Бала қандай ойындар ойнады?

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

В) Ата мен баланың өзара қарым-қатынасын өз сөзіңмен сипаттап жаз.

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

D) Сөздердің синонимдерін табыңыз.

Салқын _________________________________________________________________

Ата __________________________________________________________________

Ақыл __________________________________________________________________

Е) Төмендегі тіркес мағыналарын таратып жазыңыз.

«Бой түзеген шыршалар» ______________________________________________________ ____________

__________________________________________________________________

Шама-шарқын білу ___________________________________________________________ _______

__________________________________________________________________

Қанағат қылу _______________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________


І нұсқа бойынша дұрыс жауаптар

І. Тест сұрақтарының жауаптары:



жауап

1

С

2

В

3

Е

4

С

5

Е

ІІ. Тапсырмалар бойынша жауаптар:

А) Әткеншек тепті, серіппеде секіріп ойнады.

В) Оқушы жауабы

D) Салқын – суық.

Ата – қария, қарт.

Ақыл – сана, ес.

Е) Төмендегі тіркес мағыналарын таратып жазыңыз.

Шама-шарқын білу : мөлшерін білу, әлін білу.

Бой түзеген шынарлар: әдемі, түзу болып өскен шынарлар.

Қанағат қылу: әр нәрсенің шама-шарқын білу, соған риза болу.

ІІ нұсқа

Нұсқаулық: Өзегеге кедергі келтірмеңіз!!! Жұмыс барысында «Академиялық адалдық» саясатын басшылыққа алыңыз.

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төмендегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындаңыз.

І. Тест сұрақтары

1. Оқиға қай жерде болды?

A) Алматы қаласының Орталық саябағында

B) Алатаудың гүлзарлы алаңында

C) Астананың Ұлттық саябағында

D) Алматы қаласының зообағында

E) Алатау аясындағы ауылда

2. Жұпар иісі аңқыған _____________ (Нелер?) гүлзарлы алаңдарды қоршап,

қоңыр салқын самалмен тербеледі.

A) қарағайлар

B) аршалар

C) шыршалар

D) қайыңдар

E) жусандар

3. Баланың екінші сұраған тағамы не болды?

A) балмұздақ

B) сусын

C) шоколад

D) алма

E) шырын

4. Мәтінде айтылмаған ақпаратты табыңыз.

A) Ата, балмұздақ жегім келеді.

B) Жарығым, әр нәрсенің шамасы бар

C) Атасы оған алма шырынын сатып әперді.

D) - Онда... Мақұл! – деп, Бекжан ойланып қалды.

E) Атасы немересінің барлық тілегін де орындады.

5. Мәтін идеясына қандай мақал сай келеді?

A) «Ішің ауырса, аузыңды тый»

B) «Шынықсаң – шымыр боласың»

C) «Ауру – астан...»

D) «Қай жерің ауырса, жаның сол жеріңде»

E) «Емнің алды - еңбек».

ІІ. Тапсырмалар.

А) Оқиға өткен жерді өз сөзіңмен сипаттап жаз?

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

В) Атасы баласына неге «Ботам» деп тіл қатады?

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

D) Сөздердің антонимдерін табыңыз.

Шөлдеу _________________________________________________________________

Тәтті __________________________________________________________________

Қанағат __________________________________________________________________

Е) Төмендегі тіркес мағыналарын таратып жазыңыз.

Жасыл сырғалы ақбалтыр қайыңдар

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________


Құшырлана жұту

___________________________________________________________ _____

__________________________________________________________________

Шөлін қандыру _________________________________________________________________

__________________________________________________________________

ІІ нұсқа бойынша дұрыс жауаптар

І. Тест сұрақтарының жауаптары:



жауап

1

А

2

В

3

А

4

Е

5

С

ІІ. Тапсырмалар бойынша жауаптар:

А) Оқушы жауабы

В) Еркелету мағынасында қолданылатын қаратпа сөз.

С) Сөздердің антонимі:

  • Шөлдеу – қану

  • Тәтті – ащы

  • Қанағат - қомағайлылық

D) Төмендегі тіркестердің мағынасын таратып жазыңыз.

Жасыл сырғалы ақбалтыр қайыңдар – жасыл желекке малынып тұрған ақ қайыңдар

Құшырлана жұту – рахаттана ішу

Шөлін қандыру – сусынды ағзасының қалауынша ішу.

Тыңдалым № 6
Ғаламтор тарихы
Интернет сөзі ағылшынша «байланысқан желілер» деген екі сөздің туындысы. XX ғасырдың 50-жылдарының соңында АҚШ-тың әскери зерттеулер агенттігі соғыс болған жағдайда жылдам ақпарат алмасатын желінің қажет екендігін айтып, компьютерлер желісін құру жайлы ұсыныс жасайды. Мұндай желіні жасау 3 университет пен 1 зерттеу орталығына тапсырылады. Жобаны АҚШ қорғаныс министрлігі қаржыландырды. АҚШ-та жасалған желіARPANET деп аталды. ARPANET желісіндегі алғашқы сервер 1969 жылы 1-қыркүйекте Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. Ол оперативті жадысы 24 Кб болатын Honeywell DP-516 компьютері болатын. 1969 жылы желіні жасауға қатысқан төрт мекеменің арасында өзара байланыс орнатылды. Уақыт өткен сайын танымалдылығы артқан желіні басқа саладағы ғылыми қызметкерлер де пайдалана бастады. 1971 жылы алғаш рет желі арқылы электронды хабарлама жөнелту бағдарламасы жасалды. Бағдарлама бірден танымал болды. 1973 жылы желіге Атлант мұхиты арқылы өтетін телефон желісі қосылды. Телефон желісі арқылы Ұлыбританиямен және Норвегиямен байланыс орнатылды. Осылайша ғаламтор желісі халықаралық деңгейге жетті. 2008 жылғы статистика бойынша интернетті пайдаланатындар саны 1,5 млрд. адамды құрайды екен.

(Ғаламтор материалдарынан. 150 сөз)

І нұсқа
Нұсқаулық: Өзгеге кедергі келтірмеңіз!!! Жұмыс барысында «Академиялық адалдық» саясатын басшылыққа алыңыз.
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төмендегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындаңыз.
І. Тест сұрақтары.
1. Желіні жасау неше университетке тапсырылды?

A) 1

B) 2

C) 3

D) 4

E) 5

2. Алғашқы сервер қайда орнатылды?