Файл: Білім беру йымыны атауы Сыырлау мектеп ббекжай кешені кммсі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
















Білім беру ұйымының атауы:

«Сыңғырлау мектеп – бөбекжай кешені» КММ-сі

Пәні:

Информатика

Бөлім:

5 бөлім. Практикалық жобалау.

Педагогтің аты-жөні:

Омарова Рабиға Қашқынбайқызы


Күні:




Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Алгоритмді құру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты

8.3.1.1 программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру

8.3.2.1 алгоритм трассировкасын жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты:

Кейбір оқушылар орындай алады:

Есептер шешу үшін тармақталған және циклдік алгоритмдерді қолдана алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің іс - әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Ұйымдастыру
1-5 минут


Сәлемдесу,оқушылар-ды түгендеу, оқулық, дәптерлерінің толық болуын тексеру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Жаңа тақырып зерттеу

Миға шабуыл:

Мақсаты: сабақтың тақырыбына көшу (мозговой штурм), колаборативті орта құру.

Оқушылар интерактивті тақтада көрсетілген суреттер арқылы сабақтың тақырыбын құрастырады.

Сыныпта талқылау жүреді.

Сұрақ: Адам өмірінде алгоритмнің рөлі қандай?


Оқушылар мұғаліммен амандасады.
Оқушылар өз ойларымен бөліседі.



Оқулық



Сабақтың_ортасы'>Сабақтың ортасы

5-15 минут минут


Алгоритм сөзі IX ғасырда өмір сүрген көрнекті математик Әл-Хорезмидің латын тілінде бұрмаланған аты. Ол бірінші рет арифметикалық амалдарды орындаудың ережелерін тұжырымдаған ғалым. Алгоритм дегеніміз - алға қойылған мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу үшін түсінікті де нақты ережелер бойынша орындаушыға жинақы түрде берілген реттелген нүсқаулар тізбегі.

Алгортим- берілген есептің шығару жолын

реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.

Алгоритм құруға мысалдар: Жолдан өту ,қалааралық

телефонмен байланысу, қазынаны іздеу, т. б. келтіруді

ұсынуға болады. Күн тәртібі, шай қайнату, үй тапсырмасын

орындау, компьютерде ойнау, футбол ойнау, шахмат ойнау,

т. б.

Алгоритмнің қасиеттері:

1. Айқын, дәл өрнектелуі.

2. Үзіктілігі.

3. Нәтижелілігі.

4. Жалпыламалығы.

5. Формалды орындалуы.


Оқушылар дәптерге тақырып жазады.

Сабақта жаңа материалдармен танысады.

Алгоритмге берілген мысалды түсінеді.




слайд

25-30 минут

Оқушылар wordwall платформасындағы сәйкестендіру тапсырмасын орындайды.





Стикерлер арқылы бағалау.

Дескриптор:

1.Білім алушылар wordwall платформа-сындағы

тапсырмалар-ды орындай алады.




Сабақтыбекіту

30-35 минут


«Ойлан тап!» әдісі арқылы сабақты бекітеді.


Тақтаға шрифт және абзац бөлімі деп жазылған екі парақ ілінеді.

Оқушылар мұғалім столының үстіндегі қағаз бөліктерін таңдап,

Тақтадағы тиісті параққа жабыстырады.

1. Мәтіннің қарпін ауыстыру үшін қай бөлімді таңдайсың?

2. Қаріптің өлшемін өзгерту жататын бөлім?

3. Терілген мәтінді сол жаққа, оң жаққа, ортаға реттейтін бөлім?

4. Жоларалық интервалды реттейтін бөлім?

5. Мәтіннің түсін өзгерту үшін қай бөлімді қолданасың?

6. Жартылай қалың жазу орналасқан бөлімді ата?

Стикерлер арқылы бағалау.
Дескриптор:

1.Microsoft Office Word программа -сында шрифт және абзац бөлімдеріне қатысты мәліметтерді анықтай алады.







Бағалау

Кері байланыс

35-40 минут






«Бас бармақ» тәсілі арқылы кері байланыс жасау.

слайд

Үйге тапсырма

Алгоритмді құру







Информатика

8 сынып