Файл: 6 сынып. 1тосан. 1 Отан отбасынан басталады блімі бойынша жиынты баалау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 519

Скачиваний: 15

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




6 сынып. 4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУЫ
Оқушының аты – жөні______________________________________________________

Сыныбы_____________________________________________________________________
Тыңдалым

Зергерлік бұйымдар

Қазақтардың зергерлік бұйымдары — қазақтардың  ұлттық зергерлік бұйымдары, яғни асыл металдарды әшекейлеп өңдеп, көп жағдайда қымбат тастармен безендіріп алынатын бұйымдар.

Тұмарша - ырымдық зат. Оған кез-келген бұйым арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға салатын болған.

Жүзік сақина әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі – жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп, қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған.

Шолпы шаш теңге. Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағады. Шаш теңгелер мен шолпылар әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз теңгеден тұрады.

Шашбау  бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіледі. Орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен құралады

  Білезік сыңар қолға да, қос қолға да тағыла береді. Бірнеше бөлшектен құралған. Соған орай оларды сом білезік, жұмыр білезік, бес білезік деп атайды.

1. Мәтінде кездесетін сөздерді белгілеңіз.

А) Қазақ, ақыл, білім

В) Бұйымдар, жүзік, шашбау

С) Адамдар, білім, еңбек

Д) Зерттеу, адамдар, күш

1 балл

2. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.

А) Ұлттық өнер

В) қазақтың тарихы

С) отбасы

Д) білім

1 балл

3. Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.

Мәтіндегі ақпараттар

Шын

Жалған

А Адамдардың өмірін суреттейді







В Қыс мезгілін суреттейді







C Ұлттық бұйымдарды суреттейді







1 балл

4. Бос орынға қажетті сөзді қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

/саусақтарына, шаштарының, қолына /
Шашбауды  қыз-келіншектер ............. ұшына тағады. Жүзік сақина әйелдердің .................. тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі.



1 балл

5.Сұраққа толық жауап беріңіз.

Қазақтардың зергерлік бұйымдарын неден жасаған? __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________1 балл

Оқылым

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды. Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.

1. Берілген тұжырымдарданбір«жалған»ақпараттыанықтаңыз.

Тұжырым

Шын

Жалған

A


Адам терісінің ең өсімтал бөлігі- шаш.







B

Күніне адам басынан 100 тал шаш түсіп, қайта шықпайды.







C

Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі







1 балл
2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.

Жалған (антоним)-__________________________________________________________
1 балл Зор (синоним) -_________________________________________________________1 балл

4.Мәтіндегі ақпараттардың ретін көрсетіңіз.


Мәтіндегі ақпарат

Реті

Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.




Дені саудың – жаны сау




Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ.




1 балл

5.Сұраққа толықжауапберіңіз.

Деніңіз сау, ұзақ өмір сүргіңіз келсе не істер едіңіз?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________1 балл
Жазылым

Берілген тапсырмалардың біреуін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Орфографиялық нормаларға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.
1. Абайды оқы, таңырқа!

Сіздер сабақта Абай туралы ақпаратпен таныстыңыздар. Мұғалім Абайдың өмірбаянын жазуды тапсырды. Өмірбаян стилін сақтап жазыңыз.

2. Қазақ қолөнері. Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған. Қолөнер бұйымдарына не жатады? Қандай түрлерін білесін? Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне сай етіп эссе құраңыз.



__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


10 балл

Айтылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (6-8 сөйлем). Диалог құрауда тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз. Ұсынылатын тақырыптар

  1. Абай туралы не білесіздер? Айтып беріңіз.

  2. «Қолөнер» деген сзді қалай түсінесіңдер?

  3. Туған өлкеңнің табиғаты қандай?

  4. «Шымбұлақ» курорты туралы не білесің?

  5. Ш. Уәлихановтың саяхаттары туралы не білесіңдер?

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________10 балл


Балл қою кестесі

Тыңдалым

Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.

Сұрақ




Жауап


Балл


Жалпы балл

1

В

1



5

2

А

1

3

С Ұлттық бұйымдарды суреттейді

1

4

Шашбауды  қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағады.

Жүзік сақина әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі.

1

5

Қазақтардың зергерлік бұйымдары асыл металдарды әшекейлеп өңдеп, көп жағдайда қымбат тастармен безендіріп жасалған.

1

Оқылым

Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.

Сұрақ




Жауап


Балл


Жалпы балл

1

В Күніне адам басынан 100 тал шаш түсіп, қайта шықпайды.

1

5

2-3

Жалған – шын

Зор – мықты

1

1

4

1.Дені саудың – жаны сау

2.Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен

3.Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.

1

5

Денім сау, ұзақ өмір сүру үшін тазалықты, дұрыс тамақтануды, күн тәртібін сақтау керекпін.

1