Файл: Лекция 1. Кіріспе. Мдениет ымы жне оны мні Мдениеттануды зерттеу обьектісі жне пні.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 307

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
(мифтік, діни, философиялық, ғылыми, өнер т.б.) сұрыпталған ақпараттарынан туындайтын ерекше жүйеленген білім. Ал, мәдениетті анықтау әрқашан да концептуалды, өйткені оның өзі нақты адам әлемінің бағытына меңзейді; оның ең маңызды өзегі болып адам, ізгілік, әсемдік, сенім, ақиқат сияқты ұғымдар саналады; ол, адамдардың әлеуметтік өміріне байланысты адамның мәнін, болмыс жүйесіндегі орнын ұғу сияқты бақилық сұрақтардың жорамалдарын ұстанады. Сол арқылы рухани мәдениеттің негiзгi мұраты болып адамның өзiн және қоғамды гуманизациялау саналады. Мәдениеттанудағы «Әлем» адам арқылы айқындаған болмыс ретiнде қарастырылады және дәл осындай ғана болмыс мәдениет деп аталынады.

Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан қазақтар ғасырлар бойында жазба әдебиеті болмаса да, өз тарихында дүниенің, болмыстың, өмірдің, адамның күй-жайын жете түсінген және өзіне тән рухани мұра жасай білген. Олардың алғашқы рухани мұралары халықтық болып келеді. Халық өз шығармаларында адамның көңіл-күйін, қуанышы мен ренішін, қайры-қасіретін, сүйініші мен күйінішін, достығы мен махаббатын, сенімі мен үмітін, мұраты мен мақсатын бейнеледі. Қазіргі тілмен айтқанда, осы тектес экзистенциалдық мәселелер халықтың дінін, әдет-ғұрпын, сана-сезімін айқындауда жалпы рухани мәдениеттің негізгі өзегі болды.

Қазақ халқының руханилығы аңыз әңгімелер, жыр дастандары, поэзиясы арқылы ауыз екі таралып күні бүгінгі жаңа заманға дейін жетті. Өзінің бастауын сонау б. з. дейінгі VII ғасырдан бастап б. з. ІІ ғасырына дейін өмір сүрген сақтар әулетінен бастау алғаны тарихта айқындалды. Оның негізін қалаған Алып Ер Тұнға (Афрасияб) болды. Олар Грек, Рим, Ахамендік Иран жазбаларында «скифтер» деген атпен белгілі болған. Сол кездері сақтардың өте жауынгер халық ретінде аты шықты.

Өз мәдениетін жасамаған халық жоқ. Сол сияқты көшпенділердің де өзіндік мәдениеті болған. Жазуы қазіргі ғылыми тілде айтылып жүрген рун жазуы немесе түркі жазуы деп есептеледі. Олардан бүгінгі күнге дейін жетіп жалпы адамзаттық мәдениеттің нұсқасы аталған «хайуанаттар стиліндегі» (скифский зверинный стиль) мұралар жеткілікті. Солардың бірі 1969-1970 жылдарда Алматы қаласына таяу жердегі Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» деген атпен белгілі болған 17-18 жастағы сақ жауынгерінің мәйіті. Мазмұны анықталып әзірге оқыла қоймаған. «Есік жазуы» деп аталып кеткен бұл жазулар Қазақстан тұрғындарының бұдан екі мың жеті жүз жылдар бұрын жазу таңбаларын жасап, оларды пайдалана білгенін айғақтайды.


Миф басқа да халықтардағыдай қазақ халқында да өте ерте заманымызда пайда болып рухани мәдениетіміздің бастауы болды. Мифтік аңыздар ежелгі жабайылық дәуірден бастап пайда болғандықтан, бұл дәуірді басынан өткермеген халық болған жоқ. Оларды кейбіреулер мифтік шығармашылық тұрғыда қараса, енді бірі ата бабаларынан қалған мұ-ра ретінде құрметтейді.

Халқымыздың ежелгі тәжірибелеріндегі жағдайлардың аңызға айналуына негізгі және алғашқы себеп болып жансыз заттарға жанды мақұлықтардың қасиеттерін таңу, бүкіл табиғатты жандандыру болып саналады. Көшпенділер үшін аспандағы жұлдыздар, күн, тау мен өзендер, өсімдіктер және т.б. - жанды, олар да адам не жануарлар сияқты өздеріне тән қызметін орындайды. Осылайша адамдар өзін қоршаған ортаны өзіне ыңғайластырып бейнелеу арқылы өзіне жаңа болмыс - мәденитті туындатады. Бұл олардың алғашқы табиғат философиясы, әрине дөрекі, шындыққа жанасымсыз бірақ шындап оймен толықтырылған және анық түсінуге болады.

2. Қазақ халқының рухани мәдениетінің қалыптасуына мифологиялық (аңыз) ертегілері; хайуанаттар (жан-жануарлар) жайындағы ертегілер; реалистік (тұрмыс-салт) ертегілерінің де әсері өте үлкен роль атқарды. Бұл ертегілер өте ерте замандарда, адамның табиғат сырын әлі толық түсініп болмаған кезінде туған. Ол дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау дәрежесі өте қарапайым болған. Күн, ай, от пен судың жойқын қүштерінің сырын түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сиынып, табынған: бірінен қорықса, бірін қастерлеген. Табиғат құбылыстарын адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар деп түсінген.

Қазақтың қайсыбір эпос жырларын алмаңыз, олардың өзіндік құндылықтары жоғары, мазмұнды, онда халықтың табиғи болмысы емен-жарқын ашылады, тұрмыстық, фольклор жанрларының, әсіресе, эпос жырларының бар мазмұны халықтың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты. Бұларды тек бұрынғы заманның мифі, аңыз-ертегісі деп қарамай, тым ерте заманнан халық санасында туған рухани қазына деп қарағанымыз жөн.

Әлем – адам үшін о бастан ыңғайлылығымен айқындалған. Ол қатынас табиғатпен байланыс жасау тәсілі ретінде адамға басымдылық көрсетпей, өзінің шексіздік түрі арқылы жайсыздық сезімін қозғамай, қайта тіршілік күштерін көбейтеді және оның көтеріңкі рухтану сезімдерін күшейтеді. Әлемнің шексіздігін, үйлесімділігі мен сұлулығын қабылдау ақын-жыраулардың шығармаларынан көруге болады. Қазтуған жыршы бейне бір табиғаттың осындай қасиеттерінің жаратылуын көріп тұрғандай жырлайды:



Жабағылы жас тайлақ

Жардай атан болған жер,

Жатып қалған бір тоқты,

Жайылып мың қой болған жер.

...Боз сазаны тоқтыдай,

Балығы тайдай шулаған,

Шырмауығы шөккен түйе таптырмас.

Балығы көлге жылқы жаптырмас.

Сонымен қорытындылай келе қазақ халқының рухани мәдениетінің қалыптасуы, сол ежелгі заманнан бергі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың рухани мәдениетінен туындайды деп тұжырымдауға болады. Бұл уақыттары қазақ халқының қалыптасуына байланысты қазақ халқының рухани мәдениетінің сипатты белгілері де орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұраларын жасаушылар да және оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырушы да халықтың өзі болды.

Әдебиеттер:

1. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. Оқулық. Қаржы-қаражат баспасы. Алматы-2002)

2. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану. Оқулық. Алматы. 2004.

4. Философиялық энциклопедия. Алматы. 2004.

Қосымша әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.А. На пороге XXI века. -Алматы, 1996.

2. Философия және мәдениеттану. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 1998.

3. А.И.Шендрик. Теория культуры. М., 2002.

4. Абай Құнанбаев. Сочинения.-Алматы, 1995.

5. Алъ-Фараби. Философские трактаты. -Алматы, 1970.

6. Баласағұн Ж. Құтты білік, Алматы, 1986.

7. Хасенов Ә. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы. Алматы, 1988.

8. Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары. Алматы, 1991.

9. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпохи и цивилизации. -М., 1993.

10.. Гуревич В.В. Памятники средневековой культуры. М., 1982.

11. Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. - Алматы, 1994.


Лекция №11 XVIIIXX.ғ. басындағы қазақ мәдениеті.

  1. Ресей ойшылдарының демократтарының мәдениетке ықпалы.

2. XIX ғ. қазақ ағартушыларының көзқарастары.

  1. ХХ ғ басындағы қазақ мәдениеті.

Мақсаты: XVIII – XX.ғ. басындағы қазақ мәдениетімен таныстыру, оның негізгі мәнін мәнін ашу.

Міндеттері: Студенттерді қазақ ағартышулары мен ХХ ғ. басындағы қазақ ойшылардың көзқарастырының ерекшеліктерін анықтау.

Қазақ ойлауына тән қасиеттердің бірі - қарапайымдылық, қалың көпшілікке бағытталған ұғымдылъщ. Осы негізде оқу, өсу, жетілу, адам болу жайын терең түсінген ғұламаларымыздың бірі - Ыбырай Алтынсарин. Оқырманға белгілі «Сөз басы» деген өленінде ол айқын түрде оқу мен тоқудың, білу мен түсінудін айырмашылығын ашып береді. Оқығанды көңілге тоқу дегені білімді менгеру, іске асыру, білімге сүйеніп өмір сүру, әрекет жасау, дүниеге саналы көзбен карау болып табылады. Оқумен, түсінумен адам есті болады, өзін басқа дүниеден бөліп алып, «зінің дүниеге қатынасын бағдарлап біледі, оның алдынан «шамнан шырақ жағылады», ол бұрыс жол мен дұрыс жолды айыра алады.

Білмегенді білуге

Есті бала тырысқан

Есер бала ұрысқан. (Бес ғасыр жырлайды, т. I, Алматы. 1984, 243-2446.)

Есті бала білімге құштар болады; оның қашанда білмейтіні көп, өйткені ол нені біліп, нені білмейгінін біледі, білмегеніне арланады; білгенін Канағат қылмайды. Ол үшін білім - теңіз, оның түбі, шегі болмайды. Философтар білімді, танымды үрдіс тұрғысында қарайды. Ыбырайдың айтпағы да осы. Ал есер бала білмейтінін білмейді. Білмейтінін бетіне бассаң, жатып алып таласады. Оны-мұны білгеніне токмейілсіп, дандайсыйды. Есер балаға оқу - жалғасы жоқ үзікүздік нәрсе. «Оқубілім бар жұрттар» деген атақты Ыбырай білімнің күшін, жүзеге асуын, білімнен туатын әр алуан техника жаңалықтарын көрегендікпен болжап біледі, нанымды түрде шебер суреттейдіАбай - халық арасынан шыққан, халық қамын ойлаған, халқын дұрыс жолға бастамақ болған, өзі өмір сүрген заманын үйретпек болған ошпыл.

Менсінбеуші ем наданды.

Ақылсыз деп қор тұтып.

Түзетпек едім заманды,

Өзімді тым-ақ, зор тұтып.

Таппадым көмек өзіме,

Көп наданмен алысып.

Көнбеді ешкім сөзіме,

Әдетіне қарысып. (Абай. Адматы 1995ж. Шығ. жинағы. 1 том. 175-6.)

Надандық Абайдың ойынша, алға басар адамның, қоғамның басты кеселі.Абай адамға негізінде екі түрлі баға береді: надан адам - оны хайуанға қосуға болады, және есті адам - оның колы ашық, түсінігі терең. Надан жақсы менен жаманды, пайдалы менен залалды айыра алмайды. Надандық - даналықтан күр алақан қалу, істін жайын, сөздің мәнін түсінбеу. Абай Сократты даналыктын қайнар көзі деп аса қадірледі, ұстаз үшін өзінің 27-сөзін тұтас Сокрагқа арнады. Ақынның Сократпен жалғасып, сабақтасып жатқан ойлары көп. Абайдың:


«Базарға қарап тұрсам әркім барар,

Іздегені не болса, сол табылар» - деп басталатын өлені Сократтың затқа, дүниеге, мүлікке көзқарасын есімізге салады. (Сонда, 1 том. 68-6.) Абай да Сократ сияқты, адам заттың құлы болмауы керек дейді. Зат керек, затсыз адам өмір сүре алмайды. Бірақ адам зат үшін өмір сүрмейді «дүниеқоңыздык» адамға жат нәрсе деп, Абай адамның адамшылығын оның байлығымен, атақ-абыройымен емес, ақылымен, түсінігімен, ар-ұятымен, ниетімен өлшемек болады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында ұлттық өнердің түрлері, әсіресе бейнелеу өнері мен театр жетіле, күрделене түсті. Әрине қазақ жерінде айдауда болған Украинаның жан жақты дарынды ақыны, суретшісі Т.Шевченконың: «Келі түйген қазақ әйелдері», «Қос аралдағы қазақ қыстағы», «От басында», «Қазақ жігітінің әні», «Маңғыстау бағы» немесе В.В.Верещагиннің Түркістанда болған кезде салған «Шу бойындағы қазақ киіз үйлері» сияқты суреттердің ұлтты өнерге тигізген ықпалын айтпай кетуге болмайды. Бірақ, солардың арасында Шоқан Уәлиханов салған суреттердің орны бөлек. Оның «Сырымбет», «Сартайдың портреті» және т.б. суреттері болашақ қазақ суретшілері үшін үлкен бағыт-бағдар болды.

Театр өнерінің Қазақстанда дамуына советтік дәуірде еліміздің басқа елдермен экономикалық мәдени байланысына өз әсерін тигізді. Өнершілер мен өнерпаз топтардың советтік республикаларды аралауы олардың адамдарын өз өнерлерімен таныстыруы өнердің өрісін кеңейтті. Орынборда, Қызылордада, Оралда, Петропавлда, Семейде, Павлодарда т.б. қалаларда клубтардың салынуы, театр труппаларының құрылуы, олардың саханаға «Кінәсіз кінәлілер», «Асауға тұсау», «Найзағай» сияқты қойылымдарды шығаруы жұртшылық есінен кетпес оқиға болды. Сөйтіп ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанның тек қалаларында емес, сонымен қатар ауыл - селоларда театр өнері ту тігіп, жұртшылықтың мәдени игілігіне айнала бастады.
Лекция 12. Ұлттық мәдениет: өркендеу және даму мәселелері

  1. Қазақстан мәдениетінің өтпелі дәуірі мен бүгіні.

  2. Қазақстан мәдениетінің өркендеуі және даму мәселелері.

Мақсаты: Қазақстан мәдениетінің өтпелі дәуірі мен бүгінімен таныстыру, оның негізгі мәнін мәнін ашу.

Міндеттері: Студенттерді ұлттық мәдениет: өркендеу және даму мәселелерін, ерекшеліктерін анықтау.

1.Қазақстан мәдениетінің өтпелі дәуірі мен бүгіні. Қоғамдық өзгерістер тұсында кез келген халық өзінің мәдениеті мен өркениеті өркендеу барысында, рухани мәдениетінің даму үрдісіне баса көңіл аударады. Өйткені өркениеттің дамуы және олардың өзара бәсекелесуі қоғамның, мемлекеттің, жеке адамның өмірі мен тұрмысына жаңалықтың жаңа лебін әкеліп, жаңаша әлеуметтік ахуал қалыптаса бастайды.