Файл: Математика пнінен дарынды балаларды анытау жне олдау. Игисинова Жанна Серикбайызы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 178
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Математика пәнінен дарынды балаларды анықтаужәне қолдау.Игисинова Жанна СерикбайқызыКөктал орта мектебінің жоғары санаттыматематика пәнінің мүғаліміПедагогикалық ізденіс пен әрекеттің бүгінгі қызметінің нәтижесі ертеңгі қоғам сұранысына сай,бәсекеге қабілетті жеке тұлға дайындап шығара аламыз ба? – деп өзіме-өзім сауал қоя отырып, осы сауалға жауап іздеуге тырыстым.Тақырыптың өзектілігі қазіргі кезде бала дарындылығын ашуға байланысты әдістемелер өте аз,педагогика және психология ғалымдарының бұл проблемамен айналысқандарына аз уақыт болды, сондықтан теориялық негіздері, ғылымда нақты орын алған жоқ, пікір-талас күйінде қалып отыр.Қазіргі мектепті жетілдіру бағыттарының бірі – дарынды балалармен жұмыс. Біздің мектебімізде де қазақ ұлтының болашағы, үміт артқан ертеңі болып өсіп келе жатқан жас жеткіншектер тәрбиеленіп білім алуда.Қай қоғамда болмасын ойлау қабілеті дамыған шығармашылықпен айналысатын талантты,дарынды жастар қажет, сондықтан мектептің міндеті осындай балаларды анықтап,қолдау көрсету. Бүгінде бұл– күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі.«Дарынды балалар» бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылының басында дарынды балалармен жұмыс жоспары жасалып, бала дарындылығын дамыту жүйесі толықтырады. Біздің мектепте оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту жүйесі 4 деңгейде іске асады.1деңгей – сабақ үстінде. Қазіргі таңда озық технологиялар оқушылар шығармашылығын, дарындылығын дамытудың тиімді құралдарының бірі болып отыр. 2 деңгейде – тереңдетіп оқытатын сыныптар, бағдарлы сынып, гуманитарлық, жаратылыстану бағытта арқылы дамыту. Бұл сыныптарда негізгі даму компоненті ретінде авторлық бағдарламалары арқылы жүргізілетін арнайы курстар болып отыр. 3 деңгей – сыныптан тыс жұмыстар, факультатив, үйірме, қосымша қызметтер арқылы дамыту.4 деңгей – оқушылардың ғылыми қ оғамы .Қоғамға олимпиадағы дайындық жұмыстары жүретін клубы, оқушыларды ғылыми – з ерттеу жұмыстарына қызығушылығын қалыптастыру мақсатында ғылыми жобалар клубы,шешендік өнерін қалыптасты рып, арттыратын дебат клубы және республикалық «Дарын» сырттай оқитын оқушылар кіреді. Математикадан үйірме жұмыстарында, факультативтік сабақтарда пәнге қызығушылық танытқан оқушыларға олимпиада, логикалық есептерді талдай отырып шығартамын. Бұл олардың ой-өрісін математикалық қабілетін дамытудағы тура жолдың бірі. Оқушылардың математикаға қабілеттілігі – ол бір құбылыс. Ол қабілеттіліктердің төмендегідей 3 компонентін бөліп алуға болады: алгоритмдік, геометриялық, логикалық. Сондықтан оқушыларға осы 3 компонентті де қамтитындай есептер беремін. Осындай есептерді біртіндеп шығару арқылы олардың матеметикалық есеп шығару мәдениеті қалыптасады. Сол себепті олимпиада есептерін таңдап алып шығарудың маңызы ерекше. Кейінгі кезде математикалық ойын түрде есептерді жиі кездестіруге болады. Мысалы, қорапта 300 сіріңке бар. Әр кезек сайын онда бір сіріңкенің жартысынан артпайтындай етіп қораптан сіріңке алуға болады. Кім кезегінде қораптан өзіңе тиісті сіріңкені ала алмаса, сол жеңіледі. Егер ойыншылар қорапта бір сіріңкені ойын ережесін бұзбай кезектесіп алса, қайсысы жеңіске жетеді, ойынды бастағаны ма әлде соңғысы ма? Жауабы: Кім ойынды бастаса сол қораптан 45 сіріңке алу керек. Сонда қарсыласына қораптан 255 сіріңке қалады. Қарсыласы қораптан өзіңе тиісті сіріңкені алған соң ол қораптағы сіріңке саны 127-ге түсіре алады. Келесі кезегінде ол қораптағы қалатын сіріңкенің санын 63-ке жеткізеді. Содан кейін 31, 15, 7, 3 ең соңында қорапта 1 сіріңке қалдырады. Демек кім ойынды бастаса 2ⁿ -1 айырмасын
(1≤n≥8) пайдаланып 8 рет қораптан сіріңке алып жеңіске жетеді.Дарынды балалармен жұмыс істеу барысында «Оқушының дарындылығын дамыту картасы» жасалынды.Дарындылықты дамыту картасының басты идеясы жеке тұлғаны дамыту механизмі болғандықтан, картамен жұмыс дарынды оқушының субъектілігінің қалыптасуына себебін тигізеді. «Дарындылықты дамытудың картасының » тәжіребиелік маңыздылығы жеке тұлғаның субъектілік негізінде дарынды оқушының шығармашылық даралығын дамыту, білім беру процесіндегі субъектілерді психолог, ата-ана, оқушы, және мұғалімнің өзара әрекетін ұйымдастыра отырып, олардың жұмысын тиімді етеді.«Дарындылықты дамыту картасы » 6 бөлімнен тұрады.1б. Бала туралы жалпы мәләмет.2б. Жеке тұлғаның дамуын және оқушы дарындылығын анықтау.3б. Психологиялық бақылаулар нәтижесі.4б. Оқу іс-әрекеті. Рейтинг жүйесі.5б. Психологиялық-педогогикалық нұсқаулар.6б. Шығармашылық жұмыстар мен жетістіктер.Дарындылықты дамыту картасымен жұмыс 4 кезеңді қамтиды.1 кезең. Мәліметтер жинау және қорытынды жасау. Осы кезеңде оқу процесінің барлық субъектілері қатыса отырып, тұлғаның әлді және әлсіз жақтарына толық сипаттама беріледі.2 кезең. Әрекет жоспары. Дарынды оқушыны дамыту және өзін-өзі дамытуда көмек және қолдау көрсететін субъектілердің іс-әрекетіне түзетулер енгізу. Бұл кезеңде аралық нәтижелер таңдалады.3кезең. Даму динамикасы, мұнда жеке тұлғаның даму нәтижесі және оқу іс-әрекеті қарастырылады.4 кезең. Бағдарлама субъектілерінің іс-әрекетінің тиімділігін бағалау.Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе «дарындылық белгілері» психологтер арасындағы пікірталастардың негізі болып келеді. Дарынды балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін қарастыра отырып олардың арасындағы жекелеген айырмашылықтарға көңіл аударуымыз кежет. Бұл айырмашылықтар балалардың қай бағытқа қызығатындығына, ақыл-ойының даму қарқынына, яғни дарындылық қасиеттерінің дамуына байланысты Мектеп табалдырығын аттаған 6-7 жасар баладан белгілі бір білім мен дағды ерекшеліктерін күтуге болады. Мысалы, әріптерді білуі, сөздерді буынға бөлуі және 20-ға дейін санай білу, жұмбақ пен ертегілерге деген қызығуы, т.б., яғни дарындылық белгісі әр жастағы бала ерекшелігіне сай түрлі сипатта болуы мүмкін. Мектептегі күрделі пәндердің бірі – математика. Психологиялық-педагогикалық зерттеу көрсеткендей 6-7 жастағы балалардың барлығы бірдей математика курсын мектеп бағдарламасына сай меңгеруге дайын емес. Осыған байланысты ата-аналар мен мұғалімдердің міндеттерінің ірі-баланың математикадан білім деңгейін анықтау және оқып-білуге үйрету. Мектеп жасына дейінгі балалар мынаны білуге тиісті:
Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.Өкінішке орай дарынды баланы анықтау, дамыту, оған қолдау, көрсету қазіргіуақытта білім жүйесіндегі қолға алынып жатқан өзекті мәселе екеніне қарамастан нліміздегі жоғары оқу орындары осындай категориялы оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдерді даярлау мәселелерін қарастырмаған . дарынды оқушыны анықтау, дамыту және оқытуға арналған ғылыми-әдістемелік оқулықтар тапшы. Сондықтан әрбір мұғалім өзінің жинақталған және семинарларда алған тәжіребиесі деңгейінде ғана оқушымен жұмыс жасайды. Ал бұл дарындылық мәселесін шешуге қиындықтар туғызады.Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімге қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптарды мынадай бөліктерге бөлуге болады.
Дарынды балалармен жұмыс істеуді төмендегідейкезеңдерге бөлуге болады.

-
Санау, сандық және реттік сандардыдұрыс пайдалану; -
10-ға дейінгі сандарды салыстыру, қайсысы көп, аз екенін ажырата білу, тең емес заттардың санын теңестіре білу; -
Заттардың пішінің ажырата білу; -
10 затқа дейін көлеміне қарай салыстыра және реттік өсуі, кемуіне қарай орналастыра білу керек.
-
Оқушылар таңдаған тақырыптарды тереңдете оқыту мүмкіндіктерінің болуы; -
Оқыту барысында өзіндік жауапкершілікті, яғни бала өзін-өзі басқара отырып өз бетімен оқуын қамтамасыз ету; -
Зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдерін дамыту; -
Абстрактілі-логикалық, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру; -
Жаңа ой таба білуге ынталандыру; -
Алуан түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы жаңа жұмыстар табуға ынталандыру; -
өзін-өзі танып білу, мүмкіндіктерін сезіну, өзге адамдардың жеке ерекшеліктерін түсіну қабілеттерінің дамуына әсер ету; -
әр түрлі критерийлермен жұмыс нәтижелерін, жұмысын бағалай білу.
Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.Өкінішке орай дарынды баланы анықтау, дамыту, оған қолдау, көрсету қазіргіуақытта білім жүйесіндегі қолға алынып жатқан өзекті мәселе екеніне қарамастан нліміздегі жоғары оқу орындары осындай категориялы оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдерді даярлау мәселелерін қарастырмаған . дарынды оқушыны анықтау, дамыту және оқытуға арналған ғылыми-әдістемелік оқулықтар тапшы. Сондықтан әрбір мұғалім өзінің жинақталған және семинарларда алған тәжіребиесі деңгейінде ғана оқушымен жұмыс жасайды. Ал бұл дарындылық мәселесін шешуге қиындықтар туғызады.Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімге қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптарды мынадай бөліктерге бөлуге болады.
-
мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:
-
дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезіну; -
қабілеті жоғары оқушымен жақсы қарым-қатынаста болу; -
дарынды оқушылармен жұмысқа нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі; -
дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы; -
дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұтылуы;
-
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
-
пінін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі; -
қызмет нысанын, яғни бірыңғай педогогикалық үрдісті білуі; -
оқушы дарындылығының моделін білуі; -
жеке түгел теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тісілін білуі; -
дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық тәсілін білуі; -
қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу; -
дарынды оқушылардың ерекшелігн ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі;
-
мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
-
дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы; -
дарынды оқушыларды оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі; -
оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеуді жүргізе алуы; -
дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі; -
оқытудың инновациялық технологияларын қолдануы; -
оқушылармен қарым-қатынасты орната білуі; -
дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі; -
дарынды оқушының ізденіс жұмыстармен айналысуына жетекшілік етуі; -
дарынды оқушыны олимпиада мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы; -
дарынды оқушының ата-анасына педогогикалық-психологиялық кеңестер беруі.
Дарынды балалармен жұмыс істеуді төмендегідейкезеңдерге бөлуге болады.
-
Бала бойындағы қабілеттіктерді бақылау. Жалпы,
-
Потенциалды мүмкіндіктерін анықтау. Ерекше бағыттағы мүмкіндігін анықтағанда тесттер қолданылады. Тестті топқа және жеке оқушыға жүргізуге болады.
-
Есте сақтауы.
-
Көзбен шолып анализ-синтез жасау.
-
ойлауы. -
6-дан кейін қайсан тұру керек? -
Ауызша айтылған сөздер ішінен ұзынын немесе қысқасын табу керек. Бірақ айтылатын сөздерде 2-3 әріпке айырмашылық болсын. -
Пікіріндегі ділдік, толықтық, жүйелік.
-
Дарындылықты дамыту шаралары.