Файл: Математика пнінен дарынды балаларды анытау жне олдау. Игисинова Жанна Серикбайызы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.11.2023

Просмотров: 60

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жеке ерекшеліктері анықтап болған соң оларды дамыту жұмыстары басталды. Яғни, баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу, ғылыми негіздеуге жоспар құралады.

Жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру: оқу бағдарламасын жасау, жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалану, психологиялық, педогогикалық, әлеуметтік бақылаулар жүргізудің арнайы әдістері болуы, сыныптан тыс шараларды өз дәрежесінде өткізу, өз бетімдік білім алуға жетелеу. Тапсырмалар бала жасына, деңгейіне сай болу керек. Артық талаптардан кері нәтиже шығуы мүмкін.

Ж. Караевтың «Деңгейлеп оқыту» әдісі бойынша 4-ші деңгей тапсырмаларын берген уақытта мұғалім бала ерекшелігіне сай құруға болады. Сол кезде шартты даралау қолданылады да, баланың бөліп алынғаны басқаларға елеусіз болып қалады. Мұғалім тапсырманы алған білімді жаңғыртатын эвристикалық ізденіс тәсілдерін қажет ететін, зерттеу элементтерін пайдаланатындай етіп құру керек. Тесттік формада тапсырмада беруде де зерттеленуші бойындағы қабілетті басты назарда ұстау қажет. Бұларды ақыл-ой гимнастикасы деп те атауға болады.

Дербестік дегеніміз – оқушының алдына нақты мақсат қойып, сол мақсатқа ту жолын өз бетінше таба білетін, шешімдерін, кез келген қиындықтарды жеңе отырып баратын жолы. Оқушы дарындылығы айқындаудың 6-шы баспалдағы бар.

Осындай қиындығы мол баспалдақтардан өту үшін, оқушыға біраз жылдар қажет болуымен қатар, олардың алдына үлкен міндет жіктеледі. Ал мұғалімге, ата-анаға сол дарындылық пен дербестікті баулитын жолды қалт жібермей тәрбие берген жөн.

Қорыта келген кезде, жалпы дарынды баланы анықтау және қолдау алдыңдағы оқушы мен психологтың шеберлігін қажет етеді. Бүгінгі таңдағы зерделі де зейінді дара тұлғаның бойындағы жеке қасиеттері дамыту үшін бағдарламалар мен әр түрлі іс-шаралар жетерлік. Дегенмен, бұған біз, ұстаздар қауымы, әлі де болса өз үлесімізді қосуымыз қажет деп санаймын.
Пайдалынған әдебиеттері:

  1. Одаренные дети.\ под ред. Г.В.Бурмеской, В.М.Слуцкого 1991г.

  2. Лейтес Н.С. Возрастная одаренность школьников: Учебное пособие для студентов высш. Пед. Учебн. Зав. М.: Изд. Центр «Академия»» 2001

  3. Одаренные дети. Методика психодиагностики личности в учебн.-восп. Процессе Шакурова..ИПК ПК, г. Павлодар.

  4. Тарасенко Е.М. Работа с одар. детьми \\\ Восп. Школьн.№3\2006