Файл: Ебектен тапан баытын стазды алтын дігекке балар едім.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 11
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Еңбектен тапқан бақытын
«Ұстазды - алтын діңгекке балар едім»,- деп ұлы ағартушы
Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаздық – мамандық атаулының ең
ұлысы. Мұғалім жұмысы сыртай қарағанда қарапайым болып
көрінгенімен, ұлағатты ұстаз мәртебесі кез келгеннің
маңдайына бұйыра бермейтін бақ.Ұлағатты ұстаз жайындағы
мақалама арқау болып отырған кейіпкерім – әдіскер ұстаз,
Қызылорда қаласындағы №176 орта мектебінің ағылшын тілі
пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, 2001 жылдан бері мектеп
директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Қожбанова Айнагүл Боданқызы.
Қожбанова Айнагүл Боданқызы 1962 жылы 17 шілдеде Қызылорда қаласында қарапайым, көп балалы отбасында дүниеге келді. 1979 жылы орта мектепті жақсы бітіріп, арман қуған жас қыз сол жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының шет тілі факультетіне келіп түседі.Шет тілі мұғалімі мамандығын таңдауына шет тілінен сабақ берген Ержанова Марал апайының ықпалы болған екен. Сондай-ақ сынып жетекшісі Қонысбаева Рахима апайына ұқсағысы келген жас қыздың еліктеушілігі қоса бар. Өзінің жүрек қалауымен оқуға түскен алғыр да жан-жақты студент қыз институт қабырғасында ұйымдастырылған талай студенттік іс-шаралардың ұйымдастырушысы әрі қатысушысы бола жүріп, армандаған оқуын 1983 жылы ағылшын тілі пәні мұғалімі мамандығы бойынша жақсы бітіреді. Алғашқы еңбек жолын Тереңөзек ауданындағы Шіркейлі аулындағы орта мектепте шет тілі мүғалімі болып бастайды. Одан әрі облысымыздағы өзге де орта мектептерде мұғалімдік қызметін жауапкершілікпен атқарады.
Айнагүл Боданқызы 1990 жылдан бері Тасбөгет кентіндегі №176 орта мектебінде шет тілі пәні мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне 2001 жылы тағайындалып, лауазымы бойынша міндеттерін ұйымдастырушылық қабілеті мен мектеп ұжымының қолдауымен жоғары деңгейде атқарып келеді.
«Адамның мәңгі болмағы оның ары мен елі үшін еткен еңбегінде»,- деп шығыс ойшылы Ж.Баласағұн айтқандай, ұстаздықтың ұлы жолын таңдаған адамның бойында үздіксіз ізденіс пен тынымсыз еңбек ету қасиеттері қатар болуы керек.Сондай-ақ шәкірттеріне сүйіспеншілікпен қарай алмаған мұғалімнен жақсы мұғалім шықпасы да анық. Айнагүл Боданқызы болса, осынау ұстаздық 40 жылы мен лауазымдық 20 жылында көптеген шәкірттер мен жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, ұстаздық қызметтің сан қыры мен қазіргідей күнде дамып отырған алмағайып дүниеде жаңартылған білім бағдарламасы бойынша критериалды бағалаудың үйлестірушісі болып,оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері, критериалды бағалаудың түрлері т.б. жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мектептегі пәндік апталықтарда, түрлі тақырыптағы оқу-үйрету сабақтарында болсын жас мамандарға білгенін үйретуден еш жалықпаған, бақытын еңбектен тапқан ұлағатты ұстаз.
Ұлағатты ұстаздың білім саласын жандандыруға қосқан өлшеусіз еңбегі еленіп, А.Боданқызы 2018,2021 жылдары облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен», қалалық білім бөлімінің «Дипломымен», 2018 жылы облыс әкімінің «Алғыс хатымен», 2019,2020 жылдары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Алғыс хатымен»,2021 жылы Білім және ғылым министрінің «Алғысымен»,2022 жылы қала әкімі орынбасарының «Алғысымен» марапатталды. Алайда адамның адамшылығы марапат қағазымен ғана өлшенбек емес, адамға одан да биік айрықша көрік беріп тұратын оның адами қасиеттері мен игілікті істері болмақ. Жүзінен шуақ, сөзінен жылылық есіп тұратын Айнагүл Боданқызының мектеп ұжымы арасында алар орны биікте. Әсіресе, мектепке жаңадан жас маман болып келіп жатқан мұғалімдер өздеріне әдеміліктің символы, өз мамандығының шебері ретінде Айнагүл Боданқызын айрықша бағалап, апайларына қарап бой түзеп келе жатқаны өтірік емес.
Әйел адамның қызметтік мансабымен қоса отбасы, бала тәрбиесімен айналысу сияқты ата-аналық парызы да қоса жүретіні рас. Айнагүл Боданқызы осындай жауапкершілігі аса мол қызметімен қатар, отбасында ана болу, ұрпақ тәрбиелеумен бойындағы бар жүрек жылуын беріп келе жатқан аяулы ана. Апайдың Санжары ана үмітін ақтап, отбасынан алған тәрбиесі мен мектебінен алған білімін қатар ұштастырып, жақсы жігіт болып өсіп келеді. Санжар қаламыздағы №2 Абай атындағы дарынды балаларға арналған сыныптары бар мектептің 9-сынып оқушысы.
«Тауға жақындаған сайын,оның биіктігін түсінесің»,-деген даналық сөздер біздің Айнагүл Боданқызына арналып айтылғандай, апаймен жақын болған сайын оның кісілік келбетінің биіктігіне, парасатының тереңдігіне көз жеткізе түсесіз. Оны қызметтес болған сіз бен біз білеміз, құрмет тұтамыз әрі мақтан етеміз.
Доскеева Өміргүл Молдахметқызы
Қызылорда қаласы
№176 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі