Файл: аза тілі мен дебиеті пнінен (оыту аза тілінде емес) орытынды аттестаттау спецификациясы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 08.11.2023
Просмотров: 31
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен
(оқыту қазақ тілінде емес)
қорытынды аттестаттау спецификациясы
9-сынып
Құлпытас – бейітке қойылатын тас белгісі. Дүниежүзі халықтарында құлпытастың көптеген түрі кездеседі.
Ежелгі шумер, мысырлық, этрустар заманында құлпытастар адам мүсіні түрінде жасалды. Құлпытасқа адам бейнесі қашап салынды. Оны мәйітпен бірге қою дәстүрі ғұн заманы, Түркі қағандығы, қыпшақ, түркеш дәуірлерінде кең жайылды.
Құлпытастардың шығу тегі, рәміздік мән-мағынасы туралы ғылымда нақты тұжырым қалыптаспаған. Қалай болғанда да, қазіргі қазақ даласындағы құлпытастардың арғы тарихы сақтар мен ежелгі түркілердің тас мүсіндерімен, сондай-ақ көне түркі жазуы қашалған бітіктастармен байланысты екені анық.
Құлпытастарды әрлеу, нақыштау, бедерлеу ісі сол кезеңде өмір сүрген халықтың қолөнері мен мемориалдық үрдісі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен дүниетамынымының белгісі іспетті. Мысалы, түркі жерінде ислам дінінің таралуына байланысты бейнелі құлпытастардың орнына өрнекті көктастар қойылатын болды. Ислам дінінде қабір басына белгі қоюға рұқсат етілді. Бірақ аса үлкен құлпытас қойып, оған адамның, малдың немесе әлдебір заттың суретін бейнелеуге тыйым салынады. Сондықтан құлпытастарға арабша «Құран» сүрелері мен аяттар жазылды.
Түркістандағы Ясауиге қойылған құлпытаста, сонда жерленген қазақ халқының атақты хандары мен қайраткерлерінің басына қойылған құлпытастарда осы үрдіс сақталған.
Құлпытас – сөзінің астарында терең мән жатыр. Кілтін тап та, ашып керегіңді ал дегендей. Кілті – қарапайым ғана, араб әліпбиін білу. Қазір бұл әліпбиді білетіндер санаулы, құлып салынған тастарды кәдеге жаратуға әрекет баяу. Негізі кей облыстарда құлпытастарды мемлекет қорғауына алып, есебін жүргізіп, мүмкіндігінше тасқа жазылған жазбаны кириллицаға аударып та жатыр. Бірі тек мемлекеттің қорғауына алу үшін санын санамалап, нөмірлеп, тізбегін жасаса, енді бірі өзіне қажет тұлғаларға қойылған құлпытастарды іріктеп жинақтауда. Алдағы уақытта еліміздің аумағындағы барлық құлпытастың орналасу картасын тізіп, толық суретке түсіріп, араб әліпбиінен аударуға келетіндердің бәрін кириллицаға түсіруіміз қажет.
Құлпытас — қазақтың ұлттық рухы, тілі, тарихы, жазба мәдениеті мен сәулет өнерінің ескерткіші. Ол жердің иесінің кім екендігін дәлелдейтін құжат, сонымен қатар ерекше қолөнер туындысы әрі кешегі бабалардың айбыны мен айбарының айғағы.
Шынында да, әр құлпытас — біртұтас тарих. Сырын ішіне бүккен жұмбақ тас. Құпиясына үңіліп, сырын аша бiлсек, ел мен жердiң тасқа қашалып жазылған тарихы. Қабірде жатқан нақты адамның әкесінің аты, өз аты, ру-тайпасы, марқұмның кәсібі, ұстазының кім болғаны, қашан және неден марқұм болғаны, құлпытасты кім қойғаны, ру таңбасы, жоқтау өлеңі жазылған мазмұнды құлпытастар да болған.
1-тапсырма. Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
-
Кісі________________________________________________________[1] -
Салт_______________________________________________________[1] -
Мезгіл_____________________________________________________[1] -
Құпия _____________________________________________________[1] -
Ескі_______________________________________________________[1]
2-тапсырма. Перифраз. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.
-
Құлпытас – бейітке қойылатын тас белгісі.
Бейітке_________________________________________________________________________________________________________________________________________________[1]
-
Ежелгі заманда құлпытастар адам мүсіні түрінде жасалды
Құлпытаcтар_______________________________________________________________[1]
-
Құлпытастардың шығу тегі туралы ғылымда нақты тұжырым қалыптаспаған.
Ғылымда________________________________________________________________________________________________________________________________________________[1]
-
Ислам дінінің таралуына байланысты өрнекті көктастар қойылатын болды.
Өрнекті көктастар__________________________________________________________[1]
-
Түркістан қаласындағы Ясауиге қойылған құлпытаста осы үрдіс сақталған
Осы үрдіс_________________________________________________________________[1]
-
Құлпытас — қазақтың ұлттық рухы, тілі, тарихы, жазба мәдениеті мен сәулет өнерінің ескерткіші.
Қазақтың ұлттық рухы______________________________________________________[1]
-
Құлпытас – сөзінің астарында терең мән жатыр.
Терең____________________________________________________________________[1]
-
Кей облыстарда құлпытастарды мемлекет қорғауына алынған.
Құлпыстастар______________________________________________________________[1]
-
Еліміздің аумағындағы барлық құлпытастың орналасу картасын тізіп, толық суретке түсіру қажет.
Барлық құлпытастың _______________________________________________________[1]
-
Ерекше қолөнер туындысы әрі кешегі бабалардың айбыны мен айбарының айғағы - құлпытас.
Құлпытас__________ _______________________________________________________[1]
3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.
-
Құлпытас деген не?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[1]
-
Не себепті құлпытастарда арабша «Құран» сүрелері мен аяттар жазылған ?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]
-
Құлпытастардың сыры неде деп ойлайсың?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]
Нақты балл қою кестесі
Тапсыр ма | Сұрақ | Жауабы | Балл | Қосымша ақпарат |
1 | 1 | тұлға | 1 | Ұсынылған сөздерге балама сөздер дұрыс жауапқа қабылданбайды. Сөздерде жіберліген орфографиялық қателер үшін балл саны шегерілмейді |
2 | дәстүр | 1 | ||
3 | уақыт | 1 | ||
4 | сыр | 1 | ||
5 | ежелгі | 1 | ||
2 | 1 | Бейітке қойылатын тас белгі/ескерткіш – құлпытас. Бейітке қойылатын/орнатылатын тас белгі/ескерткіш – құлпытас. | 1 | Білім алушы сөздердің орнын ықтимал жауаптардан бөлек өзгерте алады, бастысы ой мен сөйлем құрылымы сақталуы қажет. Жауаптардың ұсынылған жауаптарға жуық болуын ескеру қажет. |
2 | Құлпытастар адам мүсіні түрінде ежелгі/көне заманда жасалды. Құлпытастар ежелгі/көне заманда адам мүсіні/бейнесі түрінде жасалды. Құлпытастар ежелгі/көне заманда адам мүсіні/бейнесі түрінде жасалды/құрылды. | 1 | ||
3 | Ғылымда құлпытастардың шығу тегі/шығу тарихы туралы нақты/дәл тұжырым/ұғым қалыптаспаған. | 1 | ||
4 | Өрнекті көктастар ислам дінінің таралуына/енуіне байланысты қойылатын/орнатылатын болды. | 1 | ||
5 | Осы үрдіс Түркістан қаласында/шаһарында Ясауиге қойылған/орнатылған құлпытаста сақталған. | 1 | ||
6 | Қазақтың/қазақ халқының ұлттық рухы, тілі, тарихы, жазба мәдениеті мен сәулет өнерінің ескерткіші/туындысы – Құлпытас. | 1 | ||
7 | Терең мән/мағына жатқан сөздерінің/ұғымдарының бірі - Құлпытас. | 1 | ||
8 | Құлпытастар кей/кейбір облыстарда мемлекет қорғауына/сақтауына алынған/қойылған. | 1 | ||
9 | Барлық құлпытастың еліміздің/мемлекетіміздің аумағындағы орналасу картасын/сызбасын тізіп, толық суретке түсіру қажет/керек. | 1 | ||
10 | Құлпытас – ерекше/айрықша қолөнер туындысы/үлгісі әрі кешегі/бұрынғы бабалардың/аталарымыздың айбыны мен айбарының айғағы. | 1 | ||
Тіл сапасы үшін қосымша бес балл беріледі. | 5 | | ||
| 1 | 1.Құлпытас – бейітке қойылатын тас белгісі. 2.Құлпытас — қазақтың ұлттық рухы, тілі, тарихы, жазба мәдениеті мен сәулет өнерінің ескерткіші. | 1 | Білім алушының мәтін ақпаратын қолданып өз сөзімен жазған жауаптары қабылданады. Бірақ жауаптар ұсынылған жауаптарға жуық болуын ескеру қажет. |
2 | 1.Ислам дінінде қабір басына белгі қоюға рұқсат етілмегендіктен, құлпытастарға арабша «Құран» сүрелері мен аяттары жазылды. 2.Аса үлкен құлпытас қойып, оған адамның, малдың немесе әлдебір заттың суретін бейнелеуге тыйым салынғандықтан, құлпытастарға арабша «Құран» сүрелері мен аяттары жазылды. | 1 1 | ||
3 | 1.Әр құлпытас — біртұтас тарих ретінде сыры көп жұмбақ тас. 2.Құлпытастың сыры ел мен жердiң тасқа қашалып жазылған тарихы, қабірде жатқан нақты адамның әкесінің аты, өз аты, ру-тайпасы, марқұмның кәсібі, ұстазының кім болғаны, қашан және неден марқұм болғаны, құлпытасты кім қойғаны, ру таңбасы, жоқтау өлеңі жазылғанында деп ойлаймын. | 1 1 | ||
Тіл сапасы үшін қосымша бес балл беріледі. | 5 | | ||
Барлығы | 30 | |