ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.11.2021
Просмотров: 54
Скачиваний: 1
Қазіргі Қазақстандағы тыйым салынған діни
экстремистік ұйымдар.
Мақсаты: Оқушыларға тыйым салынған экстремистік ұйымдардың көздеген
мақсаттарын ашып көрсету және соларға тыйым салынған заңдармен
таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың діни сауатын аша отырып, ізденуге дағдылау
және ораторлық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Жас ұрпақты имандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интерактивті кабинеттегі дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың типі: Топпен жұмыс.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі оқу әдісі, ой толғау, топтастыру стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Слайттар, брошюрлар, видео ролик.
Пәнаралық байланыс: Тарих, құқық.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру:
1.Оқушылармен амандасу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, сабаққа назарларын аудару.
3. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
А) Қайрат тобы
Б) Жігер тобы
В)Қайсар тобы
Г)Ынтымақ тобы
4. Мақсатымен таныстыру.
ІІІ.Жаңа сабақ жоспары:
а) Кіріспе
ә) Слайттарды демонстратциялау
б) Бейнефильм (ой толғау)
б) Қорытынды
а).Мұғалімнің кірспе сөзі; Еліміздегі діни ахуалдың күрделі сипат алып отырғаны соңғы уақыттағы зерттеулерден белгілі болып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары адамдардың ойы мен санасында әлеуметтік – экономикалық мәселелер бірінші орынға шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдегені байқалды. Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әр түрлі діни идеялар толтыруға тырысып бақты. Алыстай қоймаған өткенінде дінсіз мемлекет идеясын ұстанға елдің тығырықта тұрғанын ұтымды пайдаланға шетелдік миссионерлер өз тамырын жіберіп үлгірді. Бұл діни идеялардың ішінде Қазақстан халықтарының рухани сезімдерімен үйлесетіндері де, үйлеспейтіндері де бар. Әйтсе де, қазіргі таңда қазақ қоғамы діни ұйымдардың онды – солына баға беруге қабілетті болды. Бұл бағытта бірқатар маңызды шаралар жүргізілуде.
Қазіргі кездегі қауып – қатерлердің ең бастысы халықаралық лаңкестік пен діни экстремизм екені баршаға аян. Осыған байланысты соңғы жылдары елімізде «Экстремистік қызметке қарсы қимыл жасау туралы» заң қабылданып, Астана қаласыда өтке Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінде әлемдік қауымдастыққа діни экстремизмге қарсы күрес шараларын қабылдау жөнінде Үндеу де жолданды, Алматы қаласында 40 халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің лаңкестікке қарсы комитетінің көшпелі отырысы болып өтті. Осының барлығы Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында еліміздегі діни экстремизмге қарсы жүргізіліп жатқан көптеген іс – шаралардың бір бөлігі ғана екенін баса айта кеткен жөн.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мақсаты немесе іс – әрекеті Республиканың коституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік – топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай – ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынған. Осыған байланысты ұлттық қауіпсіздікті сақтау, сондай – ақ бірқатар халықаралық келісім шарттарды орындау мақсатында Қазақстан Республикасы, ҚР Жоғарғы Соты және Астана қаласының соты тарапынан терроризммен күрес үшін қол қойылған, ҚР Бас Прокурорыының мәлімдемесімен төмендегі халықаралық террористік ұйымдардың республика аумағында әрекет етуіне тыйым салынған. Олар:
Слайд №1
Баяндама: «Секта» ұғымы туралы»
Тоталитарлық секта – ең алдымен әлуметтік және
мәдени проблема, ал содан кейі ғана психиатриялық
және заңды.... Адамдар бұл туралы неғұрлым көп
білсе, соғұрлым алдануы қиын болады.
Роберт Джей Лифтон
Қазіргі кезде секта – бұл өзіңді қайшылықта ұстау деген сөз. Дәстүрлі діндер бойынша секта – адамның ақылын адамдық және сектанттық тұрғыда жаулап алу. Бүгінде секталар алдау – арбау жолымен өздеріне мақсат қойып алған – жұмыс жасауға деген құлшыныстан алдымен адамдардың жан – дүниесін, бірте – бірте барлық ұлтқа қожалық етуге ұмтылу. «Секта» сөзі латынның «sekta» сөзінен шыққан, алғашқыда ол екі мағынада қолданылды. а) бір заттың бөлігі б) сана образы, оқу. «Sekta» сөзінің шығуына байланысты латын тілінде «secare» - кесіп тастау (бүтіннің бөлігі) және «segui» - ізіне түсу (қандайда болсын оқудың артынан ілесу) деген ұғым бар. Зерттеу жұмыстарында және басылымдарда көбіне «тоталитарлық секта» деген ұғым қолданылады.
Қазақстан Республикасының дін туралы заңнамаларының шет елдерден айырмашылығы – Республикада діни ағымдар мен топтардың, олардың деструктивті бағыттағы қызметін көре тұра, «секта» ұғымының қандай да бір белгісіне анықтама бермеуінде. Дегенмен, азаматтарды өз қатарына күштеп тарту және алаяқтық жолмен физикалық және психологиялық қысым көрсететін діни ұйымдардан азаматтарды қорғау мақсатында 2006 – 2011 жылдардағы азаматтық қоғамның даму жөніндегі Концепцияда қолданылды.
БАҚ – да жарияланатын, әдебиеттерде, дін проблемасына арналған материалдарда «секта» ұғымының негативті мағынасы кеңінен қолданылады. Бірақ, БАҚ – да қолданылатын терминологияда бұлай деп тануға заңдық тұрғыда еш негіз жоқ. Сондықтан, аталмыш мақсаттағы діни ағымдарды деструктивті діни ағымдар деп атап, бұларды 1985 жылы өткен Америкалық отбасылық Қорының (American Family Foundation) және «Новые религиозные организации Росси деструктивного и оккультного характера» анықтамасының авторын анықтауға мүмкіндік берді.
Деструктивті діни ұйымдар (миссия, шіркеу, діни бірлестіктер, одан әрі - ДДҰ) – бұл сананы әртүрлі әдістер арқылы бақылай отырып, тұлғаның физикалық және психикалық жағдайының бұзылуына әкеп соғатын, сондай – ақ, отбасының, қоғам мен мемлекеттің жойылуына ықпал жасайтын тоталитарлық ұйым.
Деструктивті діни ұйымдар жеке тұлға деңгейіне де аса қауіпті, яғни секта тұлғаның психикасын іштен улап, өздеріне тәуелді етіп алады.
Деструктивті діни ұйымдар отбасына да қауіпті, осының салдарынан отбасылардың ойрандауы жиі кездесетін құбылыс.
Деструктивті діни ұйымдар мемлекеттік деңгейде де қауіпті, өйткені секта өзінен - өзі бір мемлекет ішінде тағы да өз заңымен өмір сүретін және өте әлсіз, бірақ, өмір сүріп тұрған жүйеге дұшпандық көзқарастағы мемлекетін құра алады. Сектаның деструктивті қызметі сондай – ақ қоғамға да ықпалы зор. Сіздің назар салуыңыз арқылы Қазақстан Республикасындағы дәстүрлі емес тоталитарлық діни ұйымдардың, сондай – ақ, дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалының артқаны жөнінде ақпарат тарата аламыз.
Бүгінгі Қазақстан аумағында мақсаты мен ұйымдастыру формасы нақты айқындалмаған жаңа діни қозғалыстардың көптеп пайда болуы мен қызмет етуі тән.
Дәстүрлі діндер – мемлекет және қоғам тарапынан ресми танылған, нақты қоғамда әлуметтік – мәдени үстемдікке ие, сондай – ақ тарихы және этномәдени негізі бар діндер.
Қазақстандағы дәстүрлі емес бұл діни ағымдар біздің мемлекетіміздің аумағында ұзаққа созылған тарихи дерегі жоқ және өзге дәстүрлі конфессиялардың белгілі күшіне ие діндерді айтамыз. Қазіргі Қазақстанда дәстүрлі емес діндер болып мыналар табылады: «Саетология» шіркеуі, Иегова куәгерлері, Бахаи, Кришна санасы қоғамы, Бірлестік шіркеуі, Соңғы Өсиет шіркеуі, Бахаи ілімі, «Ахмад жамағат», «Мармоны», «Сахаджа йога».
ә) Слайттарды демонстратиялау
Осы тақырыптар бойынша әрбір топ өздері дайындаған жұмыстарын слайт арқылы қорғайды.
Слайд №2
б) Бейнефильм (ой толғау)
Оқушыларға интерактивті тақта арқылы деструктивті діни ұйымдар туралы бейнефильм көрсетіледі. Соңынан әр оқушы өз ойын, пікірін ортаға салады.
б) Қорытынды
Жастарға арналған жадынама.
Слайд №3
№ |
Мұны білу өте маңызды! |
1 |
Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа! |
2 |
Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз. |
3 |
Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн. |
4 |
Егер сізге діни бағытағы парақтар, брашюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз. |
5 |
Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз. |
6 |
Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: мессионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау. |
7 |
Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз. |
8 |
Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба? |
9 |
Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн. |
10 |
Есіңде болсын! Есте сақта! Құдайға сену, яки сенбеу-өз қолыңда! Өзге діннің жетегінде кетем деп достарың мен жақындарыңнан айрылғың келмесе, Ойлан! |