Файл: 1. Информатикадан сабатан тыс шараларды йымдастыру.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 130
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. Информатикадан сабақтан тыс шараларды ұйымдастыру.
-
Сыныптан тыс жұмыстардың дидактикалық негіздері.
Информатииканы ізгілендіру – оқушыларға белсенді болуға, шығармашылық тұрғыдан еркін тұлға болуға, кез келген әлеуметтік шарттарға бейімдетіліп кетуге мүмкіндік беретін білім берудің жалпы мәдени компонентін дамытуға бағытталған шаралар кешені.
Информатиканың мектеп курсын ізгілендіру келесі бағыттар бойынша өтуі мүмкін:
-информатиканың гуманитарлық негіздерін енгізу (тарихи элементтерді қолдану – ойшылдармен танысу, информатиканың ғылым ретінде дамуы мен пайда болу тарихымен танысу; информатиканың философиялық және рухани бастамаларын ашу);
-информатиканы оқыту әдістемесіне гуманитарлық ғылымдарға тән әдістер, тәсілдер мен стильдер енгізу:
а) гуманитарық пәндерден мәлімдемелер қолдану (жаттаулар, интеллектуалды бес минуттар, музыкалық үзілістер, сурет өнімдерін көрсету, шет тіліндегі фразалар, сабаққа арналған эпиграфтар және т.б.);
ә) ертегі сабақтар мен пікірталас, талқылау сабақтарын енгізу;
-информатиканы адам мен қоғамдық тұрмысқа жақындату:
а) информатика әдістерінің қосымшалар облысын көрсету;
ә) күнділікті тәжірибеде информатикадан алған білімдерін қолдану;
б) информатиканы үйренудегі мағыналық тұлғасын көрсету;
в) информатика мен гуманитарлық ғылымдардың, информатика мен жаратылыстану ғылымдарының сабақтастығы, информатиканың ішкі сабақтастығы (кіріктірілген сабақтар, кіріктірілген курстар, объекті мен оның бейнесін толыққанды үйрену сабақтары).
-өзіндік шығармашылықты ынталандыру мен шығармашылықтың әр түрін қолдану арқылы жеке қабілеттерін дамыту мүмкіндіктерін ұсыну:
а) шығармашылық зерттеущілік жұмыстар жүйесіне кіріспе;
ә) тәжірибеге оқушының тұлғалық даму ерекшелігін ескеретін жеке тапсырмаларды енгізу;
б) сабақтан тыс жұмысты жүйелілігі мен әртүрлілігі.
Ізгілену мен ізгілендірудің келесі кезеңдерін атап көрсетуге болдады:
а) сабаққа тарихпен, әдебиетпен, музыкамен байланысты эмоционалдық кезеңдерді енгізу; кейбір тақырыптар бойынша сыныптың бәріне шығармашылық тапсырма беру; сыныпта сыныптан тыс жұмыстардың кейбір элементтерін пайдалану;
ә) жеке сабақтарды жасау – кіріктіріліген, дәстүрлі емес, практикалық бағытталған, объекті мен бейнені бүтіндей қабылдау; көптеген тақырыптар бойынша шығармашылық, практикалық жұмыстар жасау; сыныпта жеке сыныптан тыс мерекелер ұйымдастыру.
б) гуманитарлық негізде жеке курстар өткізу. Бағдарламаның тақырыптары бойынша оқушылардың жалпы көзқарасын дамытуға арналған шығармашылық сараланған тапсырмалар. Сынып төңірегінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мн жүйелеу.
в) білім беруге информатикадан эмоционалдық, жалпы мәдени сипаттағы жолдар енгізу. Информатиканың мектеп курсының тақырыптары бойынша шығармашылық сараланған тапсырмаларын жүйеге келтіру. Барлық оқу курсы бойынша сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен жүйеге келтіру.
г) информатика мен бағдарламалық материал бойынша қосымша білім беру мен дәстүрлі емес сабақтардан, сараланған шығармашылық, практикалық, зерттеушілік жұмыстардан алынған сабақтың бірегей кешені жайында мәлімет.
Барлық кезеңде оқушының мақсатқа бағытталған іс-әрекеті мен олардың шығармашылығына шарттар құру ең маңызды әрекет екендігі басып көрсетілген.
Шығармашылық - ізгілену мен ізгілендірудің басты кілті, себебі оқушы ғана емес, мұғалімде шығармашылықты тудырады. Мұғалім уәде етілген нәтижеге қол жеткізуде белгілі бір ретпен қолданылатын педагогикалық әрекеттер мен құралдардың қайталанған инвариантты жүйесін, яғни иілгіш педагогикалық технологияны жасап шығарады. Оның ерекшеліктері:
- оқушының жеке қабілеттерін ескеру;
- оқу материалын меңгеру кезінде шамадан тыс және интеллектуалдық жүктеменің мүмкін еместігі;
- сыныптық ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық климатты қамтамасыз ету.
Мұғалімнің міндеті – оқушылардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне жауап беретін іс-әрекеттердің түрлерін келтіріп беру, оқушылардың өз бетінше іздену мен шығармашылықтарын қолдап отыру. Оқушы талдау құқығына, өзін-өзі бекітуге, өзінің жеке тұлғасын көрсетуге міндетті. Мұғалім оқушыға өзінің қызығушылықтарын тануға, қызықтыруға қолдауға міндетті.
Мектеп оқулықтары мен оқыту әдістемесіндегі информатика бағдарламасындағы талаптар «орташа» оқушыға есептелініп жасалынған. Бірақ оқушылардың қабілеттері әр түрлі: информатикадан берілген материалды жеңіл әрі қызығушылықпен меңгеретіндер; информатиканы үйрену нәтижесінде тек қана қанағаттанарлық нәтиже көрсететіндер; информатиканы үйрену үлкен еңбектің арқасында келетіндер.
Осының барлығы информатиканы жеке оқыту қажеттілігіне алып келеді, ол сабақтан тыс жұмыстар арқылы жүзеге асады.
-
Сыныптан тыс жұмыстың маңыздылығы
Сыныптан тыс жұмыс - мұғалім ұйымдастырған, оқушы тұлғасының әлеуметтенуіне қажетті шарттарды қамтамасыз ететін оқудан тыс уақыттағы оқушы іс-әрекеттерінің әртүрлілігі.
Сыныптан тыс жұмыс – мектептің оқудан тыс уақытында өткізілетін, міндетті оқу бағдарламаларының шекарасынан асып кететін түрлі тәрбиелік-білімдік іс шаралар.
Сыныптан тыс жұмыс түсінігі кең, әрі бірмәнді емес. Ол өзіне сабақтардың түрлі мазмұнын, берілуін, өткізу әдістемесін, түрі мен тәсілін кіріктірген. Мысалы, пәндік үйірме отырысы, сыныптан тыс оқу, мектеп мерекелері мен кештерін ұйымдастыру сыныптан тыс жұмысқа кіреді. Бірақ кейбір жағдайларда (үйірме, сыныптан тыс оқу) оны мұғалім басқарады, ал кейбірінде (мереке мен кештерді ұйымдастыру) өзін өзі басқару негізінде оқушылардың әрекетінен сипат алады.
Осыған байланысты «сыныптан тыс жұмыс» түсінігінің орнына кейбір педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибеде «оқудан тыс жұмыс», «сабақтан тыс жұмыс» терминдері қолданылуын түсіндіру қажеттілігі туындайды.
Сабақтан тыс жұмыс мақсаты, мазмұны, әдіс бойынша оқу үдерісіне қосылады.
Оның орнын анықтау жоспарлау мен ұйымдастыру кезінде мұғалімге жүктеледі. Мұның мысалы ретінде мұғалімдердің қабілетті оқушылардың бағдарлама материалын тереңдету мен кеңейту мақсатында және үлгермеушілердің білімдерін дұрыстау мақсатында пән мұғалімдері қолданатын жұмыстарды айтуға болады.
Оқудан тыс жұмыстар мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің бағытымен өзін-өзі басқару, белсендіру, әрекеттендіру негізінде оқушы ұжымында жүргізілетін жұмыстарды айтамыз.
Сыныптан тыс жұмыс оқушыларға жағымды әсер беретін кең мүмкіндіктерден, әрекеттердің әртүрлі жиынынан тұрады және сабақ кезінде жұмыстың байланыстылығынан тұратын мұғалімнің өзіндік оқу-тәрбие жұмысы болып табылады.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технология ұсынатын мүмкіндіктер мен құралдардың әртүрлілігіне байланысты пәнаралық сипат алуы мүмкін. Компьютерлік әдістер информатикадан, физикадан, шет тілінен, көркем өнер және география және тағы басқа пәндерден сыныптан тыс жұмыс кезінде сәтті қолданылады. Мұндай сыныптан тыс жұмыс түрлерінің арналары оқушыларды түрлі қызығушылықтарды біріктіріп, басқа пән мұғалімдерінің ақпараттық технологияны толық деңгейінде қолданыла алмауына байланысты сыныптан тыс жұмысты информатика пән мұғалімдері жүргізеді.
-
Сыныптан тыс жұмыстардың маңыздылығы мен міндеттері
Сыныптан тыс жұмыс мектептегі тәрбиелік жұмыстың құрамдас бөлігі болғандықтан, оқушыға қоғамдағы өмірге қажетті әлеуметтік тәжірибе меңгеруге, яғни оқу мен тәрбиенің жалпы мақсатына жетуге бағытталады.
Сыныптан тыс жұмыс келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
1.Оқушыда жағымды МЕН-тұжырымының қалыптасуы, ол келесідей сипатталады: а) оған басқа адамдардың жақсылық тілейтіндігіне сенімділігі; ә) түрлі әрекеттерді сәтті меңгергеніне сенімділігі; б) өзіндік мағынасына сезіммен қарауы. Жағымды МЕН-тұжырымдамасы оқушының жеке тұлғасының әрі қарай дамуының негізі болып табылатын оқушының өз өзіне жақсы қарауымен, өзін-өзі бағалауымен сипатталады. Түрлі сыныптан тыс әрекеттер сабақта көріне бермейтін оқушының жеке мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс әрекеттердің әртүрлілігі баланың өзіндік құрылуына, өзін-өзі бағалауға, өзі-өзі сенуіне, яғни өзін-өзі жақсы қабылдауына әсер етеді. Оқушыларды түрлі сыныптан тыс жұмыстарға қатыстыру олардың өзіндік тәжірибесін арттырады, адам әрекеттерінің әртүрлігі жайында білім береді, қажетті біліктілік пен дағдыны қалыптастырады.
2.Қарым-қатынас дағдысы мен ұжымдық өмір тәжірибесінің жинақталуына жағымды шарттар құру. Мұнда оқушылар көпқырлы өзара қатынасқа түседі. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлі формасында өздерінің жеке қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, ұжымда өмір сүруге үйренеді. Осыған байланысты сыныптан тыс әрекеттер оқушыларға оқу тәрбиелік әсер береді.
3.Әрекеттердің әр түрімен танысып, сәйкес жеке қызығушылық пен қажетті біліктілік пен дағдыны меңгеруге бағытталған өнімді, әлеуметтік қызмет қажеттіліктерін құру. Сыныптан тыс жұмыстарда біліктілікті қалыптастыру үшін өнімді, әлеуметтік қызмет қажеттіліктерін құру шарттары қалыптасады. Бұл кезең қоғамға қарсы өмір салтын (қылмыс, нашақорлық, ішімдік және т.б.) ұстанатын жеткіншектер санының өсуі кезінде өте маңызды.
4.Дүниетанудың құлықтық, эмоционалдық, еріктік компоненттерінің құрылуы. Сыныптан тыс жұмыс кезінде құлықты түсініктерді меңгеру арқылы моральдік нормалар қалыптасады. Эмоционалдық орта шығармашылық әрекетті эстетикалық ұсыну арқылы құрылады.
5.Танымдық қызығушылықтың дамуы. Сыныптан тыс жұмыстың бұл міндеті оқу және оқудан тыс әрекеттерді біріктіреді, себебі сыныптан тыс жұмыс сабақтың оқу тәрбиелік жұмысымен байланысты, сонымен қатар, оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сыныптан тыс жұмыс үдерісінде оқушылардың қызығушылығын тәрбиелеу маңызды міндет – оқушылардың мамандық таңдауы мен еңбекке дайындығын шешумен байланысты. Сыныптан тыс жұмыстардың әр түрі оқушылардың кәсіби қызығушылығының тууына алып келеді, оларға арнайы білім, біліктілік пен дағдыны меңгеруіне көмектеседі.
6.Оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастыру. Қазіргі кезде оқушылар бос уақытын қалай өткізетіндігі жөнінде байланыс орнатылған. Кейбір балалар мектеп не сынып өмірімен, қоғамдық талаптармен санаспайды, ешқандай үйірмелерге қатыспайды. Бос уақыттың көп болуы және оны қолдану мәдениетінің мәселесі қоғамда үлкен мәнге ие. Үлгермейтін балаларды оқу сабақтарынан алаңдатпау керек деген пікір бар. Бұл дұрыс емес, себебі дәл сондай балаларға бос уақытты қалай қолдану керектігіне көмектесу керек. Информатикадан оқу үлгерімдері төмен оқушыларға үлкен мүкіндіктер ұсынады.
Тізбектелген міндеттер сыныптан тыс жұмыстың негізгі мүмкіндіктері мен бағыттарын анықтайды. Нақты тәрбие жұмысында сыныптың ерекшелігімен, мұғаліммен, жалпы мектептік жұмыстар және т.б. нақтыланады.
-
Сыныптан тыс жұмыстардың прициптері
Сыныптан тыс жұмыс оның бағытын, мазмұнын, формасы мен әдістерін анықтау жалпы принциптер негізінде құрылады.
Мақсатты баптау принципі оқу тәрбие міндеттерін нақты жоспарлауды талап етеді.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу кезінде мақсаттың болмауы мұғалім мен оқушы арасындағы қатынасты бұзады, нәтижесінде сыныптан тыс жұмыс тиімділігі нөлге теңелуі немесе кері нәтиже беруі мүмкін.
Алдымен күтілетін нәтижені анықтап алу керек. Бұл міндеттерді құндылықтар жүйесінің позитивті құрылуы мен әлеуметтік тәжірибені меңгеру арқылы шешуге көмектеседі.
Сыныптан тыс жұмыстардың өмірмен, еңбекпен, тәжірибемен байланыстылық принципінің маңыздылығы қоғамдық өмірге белсенді қатысуымен ерекшеленеді. Сондықтан сыныптан тыс жұмыс қоғамдық пайдалы бағыт алуы тиіс.
Оқу тәрбие принципінің бірлік пен бүтіндік принципі ең алдымен оқу мен сыныптан тыс жұмыстың барлық ұйымдастырушылық байланысын білдіреді. Оқушылардың жеке дара қабілеттерін есепке алғанда педагогикалық үдерістің бұл қырларының үзідіксіздігі оның тиімділігін арттырудағы маңызды шарт болып табылады.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі білім беру мен тәрбиелеу мақсатынан шығып отыр, себебі ұжымда ғана тұлға жан жақты қалыптаса алады. Сыныптан тыс жұмыс түрлі ұжымдық әрекеттерге тұрақты қатысуға кең мүмкіндіктер ашады.
Сыныптан тыс жұмыс табиғаты бойынша оқушылардың белсенділігін талап етіп, өз әрекеттерінің ашық көрінуіне ықпал жасайды. Олар мұнда өздерінің қалауы бойынша тапсырмалрды таңдап ала алады, оны жоспарлау кезінде қатынаса алады, міндетті шешу жолдары мен құралдарын анықтай алады. Сондықтан бұл әрекет белсенділікті дамыту мен тәрбиелеу үдерісіндегі өзіндік қызмет қағидасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.