Файл: 1. Информатикадан сабатан тыс шараларды йымдастыру.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 132
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бағдарламалы оқытудың негізгі ерекшеліктері:
оқу материалы логикалы бөлшектерге бөлінеді;
әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест сұрақтарына жауап береді;
дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді;
жауап қате болса, осы бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді.
Оқытудың бұл түріне негіз болған оқу бағдарламасы оқу материалын, оны меңгеру барысындағы іс-әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен ретке келтіреді.
Бағдарламалап оқытудың 3 принципі бар: сызықты, тармақты және аралас. Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі. Тармақты бағдарламада әр оқушы мақсатқа өз жолымен келеді. Қате жауап берген кезде оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша түсініктеме алып, қатені жойып, негізгі сызыққа қайта оралады. Мықты оқушылар негізгі сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы нәтижеге жетеді. Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді, басқалары сызық бойынша орналасады.
Бағдарламалы оқыту машиналы және машинасыз болып екіге бөлінеді. Машинасыз бағдарлама оқыту үшін арнайы оқулықтар, перфокарталар пайдаланылады, негізгі деректер көзі қағаз болады. Оқу нәтижесі біраз уақыттан соң бағаланады. Соңғы кезде машиналы бағдарламалап оқыту үшін компьютер кең қолдануда. Тапсырмалар, мәтіндер, сұрақтар, жауаптар дисплей экранында жазылып, сол мезгілде бағаланып тұрады.
Бағдарламалап оқытудың артылықшылықтары:
оқу материалының бөлшектеленуі;
оқушының белсенді өзіндік жұмысы;
тұрақты тексеру;
оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы;
техникалық оқыту құралдарын пайдалану.
Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері:
бағдарлама жасауға көп уақытты, шыдамдылық пен еңбекті қажет етеді;
мектептегі компьютерлердің саны мен сапасы жеткіліксіз.
3) Проблемалық оқыту.
Проблемалық оқытудың мақсаты – мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту.
Заманауи білім берудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз – жаңаны (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл үрдіс. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдындағы проблемалық сұрақтарды қойып оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.
Мұғалім проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс жағдай жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезінде қолданылады. Сонымен, проблемалық оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.
Проблемалық оқытудың артықшылықтары:
оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады;
оқуға деген қызығушылығын арттырады;
оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
берік білімге оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
Проблемалық оқытудың кемшіліктері:
қушының танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.
Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрі бірге, қатар қолданылады.
-
Информатиканы өнімді оқыту әдістері.
Оқытудың сөздiк әдiсi. Классикaлық педагогика өз уақытында сөзбен бiлiм берудiң жеткiлiксiз екенін мойындаған болатын. Сондай-ақ, Я.Коменский информацияны кiтаптан, лекция даналудың жеткiлiксiз екенін, заттарды өз бетiмен танып, бақылау арқылы информация алудың маңызды екенін атап керсеткен.
Көрнекілік әдісi. Информатика курсындағы көрнекiлiк әдісі –оқушының жолдасының немесе мұғалiмнің жұмысын бақылау, одан кейiн компьютерлiк ортаның жұмысының өзгерiсiн бақылау. Енді олардың iшiндегi негізгілерін қарастырайық.
Иллюстрация. Информатика кypcындa информацияның таңбалық табиғатын толық бейнелеп көрсетуге мүмкiндiк бар. Бәрiнен бұрын көзге көрінбейтін нәрселердi бейнелегеннің пайдасы зор. Мысалы, тақтада сандық немесе текстік мәндермен жазылған төртбұрышыты көрсету (ЭЕМ-нiң барлық зердесінің үлгісін, зерденің ұяшықтарын көрсету). ЭЕМ-мен алғашқы танысу ретінде қағазға бейнеленген клавиатураны көрсету, ол өзі де көрініп тұр, бiрақ клавиштардың қызметі сөзбен түсіндіріледі. Бұл жерде иллюстрация сөзбен жалғастырылады.
Демонстрация. Мұғaлiм компьютердегi орьндалатын ic-әрекеттің үлгiciн үндемей-ақ демонстрациялауға болады. Кез келген компилятор кателердің орны мен мәнін демонстрациялай алады. Оқушылар өзiнiң жұмысының нәтижесiн мұғалiмге немесе жолдастарына демонстрацияланады бере алады. Алгоритмнiң атқарылу үрдісi атқарылуы кестесінің көмегімен демонстрацияланады. Практикум жүйесiн кестенің атқарылy мысалы ретінде түсінyгe болады. Сондай-ақ, атқарылуы мысалы ретінде ic-әрекет пpоцесiн демострациялауға дaмy мүмкiн болды.
Практикалық (ic-әрекеmmiк) әдicmep
. Қарастырылып отырған жағдайда практика оқушының ic-әрекстiне қатысты теориямен емес, сөзбен және бақылаумен салыстырылады. Информатика бiлімнің үш түрлі кезiн үйлесiмдi түрде бiрiктiредi: сөз-бақылау және ic-әрекет. Мысалы, нұсқауларды оқыту (сөз), мұғалiмнiң әрекеті мен ЭЕМ-нiң жұмысын бақылай отьrрып (заттың әдiс), оқушылаp компьютермен практикалық ic-әрекеттi орындай бастайды. Мұнда әдicтер, бiрiн бiрi толықтырады.
-
Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру.
Телекоммуникация, оқытудың аудиовизуальді және компьютерлік құралдары саласындағы ілгерілеу оқытудың тиімділігін арттыру үшін жаңа құралдарына жүгінуге мәжбүр етеді. Педагогикалық технология (грек тілінен аударғанда «технология» - өнер, шеберлік), оқушылардың өз бетінше дамуын, ұжымшылдығын, оқу-танымдық іс-әрекеттерін өзі-өзі басқаруды іске асыру біліктілігін қамтамасыз етуге қабілетті. «Педагогикалық технология, соның ішінде оқыту технологиясы – тәрбиелеу және оқытудың педагогикалық заңдылықтарына, мақсаттарына, мазмұнына, түрі мен әдістеріне сәйкес, оларды кейінгі жаңғырту мен таралымын көбейтуде неғұрлым жоғары тиімділік деңгейіне кепілдік беретін нақты технологияның жобалау мен практикалық қолдану жүйесі» .Жаңғырту, таралымын көбейту, оқыту үдерісін сапасының жоғары кепілдік беру қасиеттері педагогикалық технологияны оқыту әдістемесінен ажыратады.
Модульдік оқыту технологиясы 1960 жылдардың ортасында АҚШ пен Батыс Еуропаның оқу мекемелерінде шығып, кең көлемде әйгілі бола бастады және педагогика теориясы мен практикасында жинақталған барлық озық әдістерді сабақтастыра отырып, дәстүрлі оқыту баламасы ретінде пайда болды. Модульдік оқытудың негізіне «оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінде болжамдық, орындаушылық және бақылаушы бөліктерін ерекшелеп көрсетуге болады» деген тұжырымға сай, ойлау іс-әрекеттерін кезеңмен қалыптастыру теориясы (П.Я.Гальперин) жатады.
Модульдік оқыту оқу ақпаратын, оқыту мазмұнын және оқушылардың толық, логикалық аяқталған оқу блоктарымен (модульдермен) жұмысын ұйымдастыруды қатаң құрылымдауды ұсынады. «Модуль» сөзі (латынша modulus - өлшем) математика, информатика, техника салаларында әртүрлі мағынаға ие. Оқу модулі – «мақсаттан және оқу есебінен, іс-әрекеттер негізіне бағытталған әдістемелік нұсқаудан және оқу іс-әрекетін табысты орындауды бақылау (өзін-өзі бақылау) құралдарынан тұратын оқу ақпаратының дербес блогы» .Ол оқу пәнінің тақырыбымен сәйкес келеді, бірақ, модульде барлығы өлшенеді және барлығы бағаланады: тапсырма, сабақтағы жұмыс, сабаққа қатысу, оқушылардың бастапқы, аралық және қорытынды деңгейлері. Модуль курстың мазмұнын үш: толық (базалық), қысқартылған және тереңдетілген деңгейде беруі мүмкін.
Модуль мынадай құрауыштардан (блоктардан) тұрады :
-
нақты тұжырымдалған оқу мақсатынан (мақсаттық бағдарлама); -
ақпараттар қорынан – оқытушы программа, мәтін түріндегі оқу материалынан; -
материалды оқытудың әдістемелік нұқауынан (мақсатқа жету); -
қажетті біліктіліктерді қалыптастыру бойынша практикалық сабақтардан; -
құрылғылар, материалдар кешендерінен; -
модульдің мақсатына қатаң сәйкес келетін бақылау тапсырмаларынан.
Модульдік оқытуда оқушылар әрқашанда негізгі ұғымдардың тізімін, әрбір нақты модуль бойынша қалыптасатын дағды мен біліктілікті, оқу материалын меңгеру сапасын бағалаудың сандық өлшемін білулері керек. Осы тізімнің негізінде модуль бойынша барлық жұмыс түрлерін қамтитын сұрақтар мен оқу есептері құрылады және модульді оқып біткеннен кейін бақылауға шығарылады. Оқу модульдері мен тестер компьютерлік оқыту ортасына жеңіл көшіріледі. Әрбір модульдің мазмұнын оңай өзгертуге және толықтыруға болады; әртүрлі модульдердің элементтерін айқындай отырып, жаңа модульдер құруға болады; модуль оның элементтерін оңай ауыстыруға болатындай құрылуы керек [56].
Модульді жасауда әрбір модуль білімнің толық анықталған өзіндік мөлшерін беретіндей, қажетті біліктілікті қалыптастыратындай етіп жасау ескеріледі. Әр модульді оқып болғаннан кейін оқушылар алды да жұмыс жасаулары үшін мұғалімнен нұсқау алады.
Модульдік оқытуда көбінесе оқушылардың білімі мен біліктіліктерін рейтингтік бағалау қолданылады: әр тапсырма ұпаймен бағаланады, оның рейтингі мен орындау уақыты белгіленеді (тапсырманы өз уақытында орындау сәйкес балдар санымен бағаланады). Курс бойынша жалпы бағаны анықтау үшін мұғалім белгілеген сәйкесінше салмақтық коэффициентімен рейтинг нәтижесі де кіреді.
Модульдік оқытуда арнайы жасалған іс-әрекеттердің мақсаттық жоспарынан, ақпараттар қорынан және дидактикалық мақсаттарды іске асырудың әдістемелік нұсқауынан тұратын оқу бағдарламасы қолданылады.
Іс-әрекеттердің мақсаттық жоспары нәтижеге жетуді жоспарлауға мүмкіндік беретін, толық модульдік бағдарламаның ішінде жеке оқу элементтерін, модульдерді меңгеру кезегі деп түсініледі . Модульдегі әртүрлі тарату құралдарымен берілген ақпараттар жиынтығы ақпараттар қоры деп аталады. Модульдік оқытудағы әдістемелік нұсқауы оқытудың түрлерін, әдістері мен тәсілдерін қолдану нұсқауынан, сонымен қатар оның тиімділігін тексеру үшін тесттерден тұратын оқу материалдарының меңгеру жолдарының нұсқалары түсініледі.
Модульдік оқыту оқушыларға оқу бағдарламасымен өздігімен жұмыс істеуге, өзінің мұқтаждықтарына сәйкес оны толық немесе жеке элементтерін қолдануға мүмкіндік береді.
-
Информатикадан оқушылардың білімін бақылау және бағалау әдістері
Оқыту үдерісінің мiндеттi компоненттерiнiң бiрi оқыту нәтижелерiн тексеру немесе бақылау болып табылады. Оқыту нәтижесiн тексерудiң мәнi оқу пәнi бойынша бiлiм беру стандартына сәйкес оқушылардың бiлiмiн меңгеру деңгейiн анықтау болып табылады. Информатика пәнi бойынша бiлiм беру стандартын енгiзуде оқыту сапасын көтеруге бағытталған оқушылардың бiлiмiн, бiлiктiлiгiн бағалау және тексеру әдiстемесiне бiрқатар өзгерiстер енгiзiлгенін айта кету керек. Осыларды ескере келе, бiлiм беру стандартына сәйкес “бiлiмдiлiктiң қажеттi ең аз деңгейiн мөлшерлеу, атап айтқанда, онсыз тұлғаның дамуы, бiлiм алуды жалғастырудың мүмкiн еместiгi”, мұнда оқушылар бiлуi тиiс оқытудың нәтижесiне бiртiндеп жақындайтын төрт деңгей iске асырылады [10]:
- бiлiм беру аумағы немесе оқу пәнiнiң жалпы сипаттамасы;
- оқушыға оқу материалын ұсыну деңгейiнде курстың мазмұнын сипаттау;
- оқушылардың оқу даярлығына қажеттi ең төменгi деңгейiне қойылатын талаптарын сипаттау;
- оқушылардың мiндеттi дайындықтары “өлшеуiш” деңгейiн, яғни олардың орындаған тексеру жұмыстары және жекеше тапсырмалар арқылы қажеттi талаптар деңгейiнiң жетiстiктерiн байқап көру.
Информатикадан қарастырылған стандарт жобасының принциптi жаңалығы оқушылардың мiндеттi дайындықтарының деңгейiн бағалау болып табылса, онда дихотомиялық шкалаға негiзделген («сыналды» – «сыналмады») баға процедурасының негiзiнде критериалдық-бағытталған жүйе қаланады. Осы мезетте стандарттың ең төменгi талаптарынан асып кететiн оқушылардың жетiстiктерiн бағалау, дәстүрлi жүйе аналогын орынды қолдану керек. Осыған сәйкес оқушылардың бiлiмiн, бiлiктiлiгiн тексеру мен бағалау дайындықтың екi: мiндеттi және жоғарғы сатысында жүргiзiлуi тиiс. Ол үшiн бақылаудың: күнделiктi тексеруде тапсырмалардың екi деңгейiн қамту, оқыту үдерісінде және емтиханда бақылаудың осындай түрiн бөлiп алу сияқты әр түрлi технологиялары болуы мүмкiн.
Информатика курсы бойынша бақылаудың дәстүрлі ауызша, жазбаша, программалық және тесттік бақылау түрлері қолданылатыны белгілі.
Ауызша бақылау түрі әрбір сабақта оқушының сабақ тақырыбын қалай меңгергендігін қысқаша бақылау ретінде өткізіледі. Бақылаудың жазбаша түріне бақылау жұмыстары, диктанттар, рефераттар, карточкалар, тәжірибе жұмыстары, сынақ, емтихан жатады. Педагогикалық ғылымда бақылаудың программалық түрі негізгі орын алады. Информатика курсында программалық бақылауға есептер шығару, бақылау және зертханалық жұмыстар, әр түрлі жоба сызбалар жатады. Программалық бақылау мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін құрал болып табылады. Әрбір оқушы бір тақырыпты меңгергеннен кейін басқаларды күтпей, келесі тақырыпты оқи береді, яғни оқыту саралап оқыту сипатына ие болады. Оқушы дұрыс жауап бермеген жағдайда пәннің меңгерілмеген тақырыптарын қайта оқуға мүмкіндік алады. Бірақ көптеген мектептерде материалдық-техникалық базаның жоқтығына байланысты программалық бақылау көп таратылмаған. Сонымен қатар, бүгінгі күнде оқушылардың білімін бақылауда кеңінен қолданылып жүрген әдістердің бірі – тестік бақылау болып табылады. Тестік бақылау – оқушының жетістіктерін неғұрлым әділ бағалауға мүмкіндік беретін, арнайы жасалған ғылыми-ұтымды процедура болып табылады.