Файл: 1. Информатикадан сабатан тыс шараларды йымдастыру.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 131
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сыныптан тыс жұмыста жас ерекшелік пен жеке қабілеттерін ескеру принципі күш пен мүмкіндікті ескере отырып, әрбір оқушының әрі қарай дамуына ықпал етуі керек.
Бастауыш сыныптағы информатикадан сыныптан тыс жұмыстың мазмұны оқушылардың дүниетанымына сай болуы керек. Бұл жастағы оқушылар зейінінің тұрақсыздығы олармен жұмыстың жарқын, эмоционалдық түрлерін іздестіруді талап етеді. Ойын әрекеттері бар жұмыстар тиімді болып саналады. Төменгі сынып оқушыларының қызығушылықтары әлі қалыптаспаған, сондықтан олардың кейбірі ғана сыныптан тыс жұмысқа кіріктіріледі. Бұл оқушыларда әлі ұжымдық байланыс төмен, өз бетінше жұмыс істеуі, өз күшіне сенімділік те басым емес. Сондықтан барлық сыныптан тыс жұмыс кезеңі мұғалімнің бақылауында болады.
Орта жастағы оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс мектепте меңгерілген білімді есепке алуды талап етеді. Бұл жастағы оқушылар еңбекте өздерінің есейген іс әрекеттерін көрсете алады, қиын жағдайларда өз күштерін тексеріп көруге тырысады. Бұл топтағы оқушылар үйірмелерге қатысып, өздері таңдау жасай алатын кезге жетеді. Мұнда тәрбиешінің міндеті – қызығушылығын қанағаттандырып, мүмкіндігін ашатын сыныптан тыс жұмыстарға тарту.
Жоғарғы сынып оқушылары жоғары немесе орта кәсіптік оқу орындарының болашақ студенттері немесе өндірістің түрлі бағыты мен қызмет көрсету орталықтарының жұмысшылары. Тәрбие жұмысында оқушылардың жеке дара қабілеттерін темпераментін, мінезін, қабілетін, қызығушылығын, әдеті пен талғамын ескерген жөн.
Талапшылдық пен тұлғаны сыйлау бірлігінің принципі сыныптан тыс жұмыс үдерісінде мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынасын анықтайды.
Сыныптан тыс жұмыс үдерісінде қызығушылығы жағынан топтағанда, мұғалімнің ұстанымы басқаша: мұғалім тәжірибелі, білімді жолдас ретінде көрініп, оқушылардың ойымен және қызығушылықтарымен санасады.
Сыныптан тыс жұмыс оқу тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі, оқушыларда тұрақтылық, ерік және жігерді тәрбиелейді. Сыныптан тыс жұмыстар мұғалімге де көп пайда әкеледі. Сыныптан тыс жұмыс кезінде оқушы мен мұғалімнің байланысы маңызды, мұғалім өзіне қажетті сапаларды анықтайды.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру кезінде мұғалім тұрақты шығармашылық ізденісте болуы керек. Мұғалімнің шығармашылығы сыныптан тыс жұмыстың тиімділігін арттыруда қажетті шарт болып табылады.
-
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны адам өмірінің түрлі қырлары баланың жеке тәжирибесінде нақты орын алған бейімделген, әлеуметтік тәжірибені қамтиды. Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнын топтау төменгі факторлармен сипатталады:
- эмоционалдық аспектіні ақпараттық аспектімен басып озу: тиімді тәрбиелік әрекетке бала сезіміне, оның уайымына, яғни эмоция арқылы ақылына қарауды талап етеді;
- сыныптан тыс жұмыс мазмұнында анықтауыш мәндер білімнің тәжірибелік қырына ие, яғни, сыныптан тыс жұмыс мазмұны түрлі білік пен дағдыны бекітуге бағытталған. Сыныптан тыс жұмыс кезінде оқу біліктілігі қалыптасады, ақпараттарды іздеуде, түрлі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда, қарым-қатынасқа түсуде, серіктес бола білуде, этикалық нормаларды сақтау кезінде өз бетімен жұмыс істей алу қабілеті қалыптасады. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұнында теориялық аспектіні тәжірибелік аспекті басып озатын болғандықтан, мазмұнды әлеуметтік тәжірибені сол немесе басқа аумақтан меңгеретін оқушы әрекеті тұрғысынан қарастырған дұрыс.
Сыныптан тыс жұмыс кезіндегі танымдық іс-әрекет танымдық қызығушылықты, оқудың тиімді әсерін, оқу біліктіліктерін қалыптастыруға арналған. Танымдық іс-әрекет оқу әрекетін басқа формада қолдану арқылы жалғасады. Бұл «Қызығушылар турнирі», «Не? Қайда? Қашан?», КТК, есептеуіш орталығына саяхат және т.б. үйірмелер болуы мүмкін.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың бағдарлама бойынша білімін тереңдетуге, олардың логикалық ойлау қабілетін, зерттеушілік біліктіліктерін арттыруға, информатика тілін меңгеруге, информатика тарихы бойынша оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасына арналған.
Сыныптан тыс сабақтар оқушыларды оқытуда құрылымдық біліктілікке, модельдеу дағдысына, көрнекілік пен программалық құралдар дайындауға бағытталған тәжірибелік мазмұнда бола алады және болу керек.
Мектеп оқушыларын тәрбиелеу кезінде қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге үйретуге бағытталып ұйымдастырылған, бағытталған жұмыстардың рөлі зор. Бұл жұмыстың мақсаты оқушыларда білім қорын көруге, оқу мәдениетін меңгеруге арналған.
Жоғары сынып оқушыларының оқу шеңбері көркем әдебиет, ғылыми-атақты әдебиеттер, ақпараттық әдебиеттер, сонымен қатар кәсіптік бағыттағы олардың қызығушылығымен байланысты әдебиеттер болуы керек. Мұндай кезде конференциялар, пікірталастар, кітапхана ісі жайындағы тапсырмалар тиімді. Бұл әрекет баяндама, реферат жазу кезінде көрініс береді.
Қызықтырушы әрекет оқушылардың толыққанды демалысын ұйымдастыру кезінде қажет, ол жағымды эмоцияларды, ұжымдағы достық атмосфераны, жүйке қысымын алуға көмектеседі. Бұл кезде КТК, «Компьютерлік әзіл» тағы басқа сыныптан тыс жұмыс формаларын қолданған тиімді. Сыныптан тыс жұмыс кезінде екі – танымдық және қызықтырушы аспектілер бірігеді. Мысалы, «Ғажайыптар алаңы», «Маңызды информатика», қиялшылдар конкурсы, викториналар және т.б. Қай аспектінің басым екендігін анықтау үшін мұғалімнің нақты формадағы сыныптан тыс жұмыстың мақсатын, міндетін, қызметін талдау жасау керек.
Сыныптан тыс жұмыс кезіндегі еңбектік іс-әрекет еңбектің әр түрінің мазмұнын береді. Мұғалімге сыныптан тыс жұмыстың еңбек әрекетін ұйымдастыру кезінде кейбір қиыншылықтар туындайды, бірақ оқушылардың түрлі жүйелік еңбек әрекеті беретін тәрбиелік нәтижесі мұғалімнің еңбегін ақтайды.
Берілген нәтиже еңбекке қажеттілік кезінде, өзін еңбекпен қамту кезінде көрініс береді. Сыныптан тыс жұмыс кезінде көрнекіліктер, кабинетті өңдеу жұмыстарын, педагогикалық программалық құралдарды жасауға болады.
Шығармашылық іс-әрекет оқушылардың қызығушылығын, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған. Шығармашылық іс-әрекеттер программалаушылар конкурсы, компьютерлік графика көрмесі, шығармашылық жобалар сеияқты сыныптан тыс жұмыс формаларында көрінеді.
Жоғарыдағы аталған әрекеттердің ең басты міндеті оқушы бойында дүниетанудың құлықтық, эмоционалдық, еріктік компоненттерін қалыптастыру болып табылады.
Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыста құлықтық тәрбиенің орны бөлек, ең маңызды міндеттің бірі оқушы бойында қоғамдық міндетке танымды қарым-қатынас білдіру, сөз бен істің бірлігін күнделікті өмірдің қалыпты ісі екендігін қалыптастыру. Информатикадан сыныптан тыс жұмыс та оқушыларды ақпарат пен программалық құралдарды қолданудың құқықтық нормаларымен таныстыру керек.
Эстетикалық тәрбие бойынша сыныптан тыс жұмыстар тұлғаның жан-жақты дамуы міндеттерін шешуде маңызды рөл атқарады. Егер мектептің оқу жоспарында эстетикалық циклдағы пәндердің аз ғана орын алатынын ескеретін болсақ, бұл әрекеттік маңыздылығы ашық көрінеді.
Мектеп эстетикалық тәрбиенің жалпы міндеттерін шешеді: эститикалық сезімдерін қалыптастыру, әдімілікті қабылдай білу, қоршаған ортаға әдімілікті көрсету; сұлулық пен табиғат, қоғам, адамның іс-әрекеті, шығармашылық қабілеттері, біліктілік пен дағдылары жайлы дұрыс көзқарастарын дамыту; көркемдік көзқарастарын кеңейту; оқушыларды өнердің түрлі саласымен таныстыру. Бұл міндеттерді көркемдік шығармашылықта тәрбиелеу мен оқушыларды көркемдік іс-әрекеттердің барлық түріне баулу қажеттілігімен шешуге болады.
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны барлық мектепте бірдей емес. Оған келесі факторлар әсер етеді:
- мектептің өзіндік дәстүрлері мен ерекшеліктері. Мысалы, мектеп сыныптан тыс жұмыс кезінде танымдық аспектілер қалыптастыратын пәндік кәсіпке ие. Көркемдік, экономикалық, физика-математикалық және т.б. мектептегі және сыныптағы тәрбие кәсіпке сай;
- жас ерекшеліктері, сыныптың, оқушылардың жеке дара ерекшеліктері;
- компьютерлік техниканың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, информатика кабинетінің жабдықталуы және т.б.;
- мұғалімнің өзіндің ерекшеліктері, қызығушылықтары, баптаулары. Егер мұғалім оқушыларды оқытуда жоғары нәтижеге қол жеткізгісі келсе, онда ол сыныптан тыс жұмыс мазмұнын сол мақсатқа жетуге бағыттап жасайды. Басқа мұғалімге оқу үдерісі кезінде оқушы тұлғасын қалыптастыру маңызды, сондықтан сыныптан тыс жұмыс кезінде ол дамытушылық, шығармашылық іс-әрекетке бағытталған приоритеттер береді.
Информатика мен компьютерлік техниканың жылдам дамуына информатикадан сыныптан тыс жұмыс мазмұны әсер етеді. Сонымен қатар сыныптан тыс әрекеттің көлемі, оның қиындық деңгейлері, оқушылардың даму деңгейлері маңызды болып табылады.
-
Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау
Сыныптан тыс жұмысты мектепте барлық педагогикалық ұжым жүргізеді: директор, оның орынбасарлары, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, тіпті ата-аналар комитеті. Оқушылар сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушы және оған қатысушы ретінде қатыстырылады.
Сынып жетекшісі сыныптан тыс жұмысты өз сыныбында жоспарлап, бағыттайды. Сыныптың сыныптан тыс жұмысы мектептің жалпы оқу тәрбие әрекетіне байланысты болады. Әрбір мұғалім жоспар құрып, мектеп әкімшілігі бекітеді.
Жоспар былтырғы тәрбие жұмысының талдау нәтижесіне байланысты құрылады.
Сыныптан тыс жұмыстың жоспарын құру үдерісі оқушыларды тәрбиелеуде пайдалы біліктілік пен дағдыны қалыптастыруда үлкен мүмкіндіктерге ие. Сондықтан да оқушылардың талаптары мен тілектерін есепке алып, олармен жоспарды талқылау қажет, уақыт аралығы мен орындаушыларды бірігіп анықтауға болады. Ол үшін оқушылармен әңгімелер ұйымдастырып, сауалнама жүргізуге, жазбаша жұмыс материалдарын пайдалануға болады. Бұл жұмысқа оқушылардың ата-аналарын да тарту қажет.
Жоспардың орындалуын директор мен оның орынбасарлары қадағалап отырады. Олар сыныптан тыс жұмыстарға қатысып, мұғалімдермен отырып, оларды талдайды, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстың сапасы жағынан сұрақтармен алмасып, педагогикалық кеңестері айтылады.
Тақырып 2. Информатиканы оқытудың түрлері мен формалары. Информатика сабағындағы оқушылардың білімдерін бақылау формалары.
-
Информатиканы оқытудың түрлері мен әдістері.
Оқыту түрі – бұл оқыту және оқып үйрену қызметтерінің ерекшелігіне орайластырылған жалпылама сипаттағы білім игеру жүйесі, яғни оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, қолданысдағы оқу құрал жабдықтары, әдістері және формаларының атқаратын міндеттері.
Түсіндірме көрнекілігі: (дәстүрлі, ақпарат жеткізу) оқу түрі. Мұндай оқуда мұғалім ауызекі сөзбен көрнекі құралдарды қолдана отырып, оқушыларға дайын материалды ұсынып, шәкірттер ақпаратты сол күйінде қабылдайды, қайталап айтып береді.
Дидактика тарихында оқытудың 3 түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-иллюстрациялы (дәстүрлі), бағдарламалы (компьютерлік) және проблемалық.
-
Түсіндірмелі – иллюстрациялы оқыту.Түсіндірмелі – иллюстрациялы оқыту дәстүрлі оқыту деп аталатыны тарихта ұзақ уақыт бойы өміршең болғанына байланысты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне сіңіріп отырады.
Бұл жүйедегі оқыту әдіс – тәсілдеріне көрнекіліктерді пайдалана отырып түсіндіру жатады. Оқушылардың негізгі іс-әрекеті: берілген білімнің мазмұнын тыңдау, қабылдау, естеріне сақтау. Мұндай оқытудың талабы: оқушылар есте сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесіз қайталап айтып беруі.
Түсіндірмелі – иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы нығайтылған пайдалы жақтары:
уақытты үнемдейді;
мұғалім мен оқушылардың күш-қайратын жетілдіреді;
күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;
оқу үрдісін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.
Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың кемшіліктері:
оқушылардың дайын білімді жаттап алуы;
шәкірттердің өз бетінше ойлауына қажетті көңіл бөлінбеуі;
дара және бөліп оқыту мүмкіндіктірінің жетімсіздігі.
2) Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту.
Бағдарламалы (компьютерлік) оқытудың негізгі мақсаты – оқушының танымдық қабілетін дамытудың, оқу үрдісін үйлесімді басқарудың негізгі құралдарының бірі, оқыту үрдісін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудың өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа мазмұнды оқулықтар, оқу құжаттары, үйрету (оқыту) құралдар қолданылады. Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады.