Файл: 1. Информатикадан сабатан тыс шараларды йымдастыру.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 133
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырып 3. Компьютерлік сауаттылық, білімділік және оқушылардың ақпараттық мәдениеті.
-
Компьютерлік сауаттылық ұғымы
«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін енгізу жаратылыстану пәндерін сапалы деңгейде оқып үйрену үшін алғышарттар туғызады. Сондықтан, оқушылардың сабақта ЭЕМ-ді қолдану мүмкіндігі оқудың көрнекілігін неғұрлым оңай меңгеруге әкеледі, оқушылардың танымдық мүмкіншіліктерін едәуір кеңейтеді, олардың өз бетімен оқу әрекеттерін елеулі белсенді түрге енгізеді.
Орта оқу орындарында информатиканы оқытудың нақты мақсатының негізгі сипаттамасы ретінде «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бірінші бағдарламасында оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы берілген. Компьютерлік сауаттылық ұғымы мектепке «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін енгізумен бірге қалыптасып, бірден мектеп дидактикасының жаңа ұғымдарының қатарына қосылды. Оқушылардың компьютерлік сауаттылық талаптарын қалыптастыру әрекеті бірінші бағдарламаның түсіндірме сөздігінде-ақ жасалынған [32], алайда жүйеленген мазмұндамаларда компьютерлік сауаттылықтың компоненттері мектепке «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін оқытудың алғашқы әдістемелік басшылығының мұғалімдерге арналған нұсқасында жазылған [11]. Онда оқушылардың компьютерлік сауаттылығының мазмұнын құрайтын компоненттер төмендегідей топтарға бөлінген [11]:
- ЭЕМ-ге арналған алгоритмдерді сипаттаудың түрі ретінде программа, алгоритм ұғымы, оның құрылымы, алгоритмді жазу әдістері мен тәсілдері, программалау тілдерінің бірінде программалау негіздері;
- ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасаудың практикалық дағдылары;
- ЭЕМ-нің құрылысы, оның негізгі элементтерінің жұмыс істеу принциптері;
- өндірісте және адамзат іс-әрекетінің басқа салаларындағы компьютердің рөлі және қолданылуы.
Айтылған компоненттерді талдау компьютерлік сауаттылық ұғымының пайда болуы, оқушылардың алгоритмдік мәдениеті ұғымына ЭЕМ-мен қарым-қатынас икемділігі, ЭЕМ-нің құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін білу, сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы ЭЕМ-нің ролі сияқты «машиналық» компоненттерді қосу арқылы кеңею нәтижесінде пайда болатындығын көрсетеді. Бұл компьютерлік сауаттылық ұғымының алгоритмдік мәдениет ұғымымен байланысы жаңа курстың бағдарламасына берілген түсініктемеде анық көрсетілді, ол курстың міндеттерінің бірі «сегізжылдық мектептің алгебра курсының алгоритмдік бағытын аяқтау және жүйелеу»
-
оқушылардың ақпараттық мәдениеті.
«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің алғашқы бағдарламасы жарияланғаннан бастап бір жыл өткен соң, мектепте информатиканы оқытудың мақсаты компьютерлік сауаттылықпен шектелмейтіндігіне көз жеткізілді. Белгілі «компьютерлік сауаттылық» түсінігімен қатар жаңа бағдарламада алғаш рет жаңа ұғым «оқушылардың ақпараттық мәдениеті» ұғымы пайда болды. Сайыстық бағдарламаларда жобаланған «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні оқушыларда:
- практикалық іс-әрекеттерде пайда болатын есептердің сауатты қойылуы, оларды ЭЕМ көмегімен шешу дағдыларын;
- қойылған есептердің формальды жазылу дағдылары, математикалық модельдеу әдістері туралы қарапайым білім және қойылған есептердің қарапайым математикалық модельдерін құру икемділігін;
- негізгі алгоритмдік құрылымдарды білуі және білімдерін есептердің математикалық модельдері бойынша оларды шешу алгоритмін құру үшін қолдану шеберлігін;
- ЭЕМ-нің құрылғылары мен жұмыс істеуі туралы түсінік және құрылған алгоритм бойынша жоғары деңгейдегі программалау тілдерінің бірінде ЭЕМ үшін программа құрудың қарапайым дағдыларын;
- практикалық есептерді ЭЕМ көмегімен шешу нәтижесін сауатты түсіндіріп беру және осы нәтижелерді практикада қолдану шеберлігін қалыптастыруы тиіс.
Бұл талаптардың төмен дәрежеде жүзеге асырылуы оқушылардың компьютерлік сауаттылығының бірінші деңгейіне жету міндетті, ал толық қамтылуы оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу болып табылады [36].
Келтірілген түсініктемелер, ақпараттық мәдениет ұғымы компьютерлік сауаттылықтың жаңа және алдыңғы ұғымдары біршама кеңейтілген компоненттерінен құрылғандығын білдіреді. Сондықтан, «ақпараттық мәдениет» ұғымына енетін барлық жаңа түсініктер ЭЕМ көмегімен есеп шығаруға арналған математикалық модельдеу әдістерін қолдану мәселелеріне ерекше қатысты болады. Практикалық есептерді шешудің барлық кезеңдерін қарастыру әрекеті мен математикалық модельдеу әдісі туралы алғашқы мәліметтерді мектептің білім беру мазмұнына енгізу көптен бері ғалымдар мен әдіскер-математиктердің басты мақсаты болып келеді. Оқушыларға оның мазмұнын пайдалы және көрнекі түрде ашуға мүмкіндік беретін, бірақ әдістемелік өңдеуге оңай берілмегенімен, жаратылыстану ғылымының бұл бөлімі өте қызығарлық білім мен дүние танымдық күшке ие. Міне, сондықтан математикалық модельдеу идеясын бейнелеуге тырысуды біз мектеп «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің алғашқы бағдарламасынан табамыз [32, 6-б.]. Практикалық есептерді шешудің барлық кезеңдерін көрнекі түрде жүзеге асыруға және біртіндеп қарастыруға мүмкіндік беретін информатиканың «машиналық» курсына осы материалды енгізу алғаш рет бұрынғы әдістемелік түпкі ойдың ойдағыдай шешілуіне арналған алғы шарттарды туғызды.
Жаңа бағдарламада тағы да бір мақсаттың кеңеюін көрсетейік: компьютерлік сауаттылық компоненті бұрынғы редакцияда ЭЕМ-мен «қарым-қатынас» дағдыларын дамыту болса, ал жаңа жүйеде «қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің негізгі түрлерін жетік пайдалану» және «осы жүйелердің қызметі негізіне жататын негізгі принциптерді түсіну» дағдыларымен сәйкес келеді.
Бұл кезеңде мектептің информатика курсының мазмұнды-әдістемелік саласы ретінде ақпараттық технологиялар бөлімін тұрақтандыру мақсатында жұмыс істейтініміз белгілі.
Информатика саласынан оқушыларға білім беру мақсатының даму эволюциясын схема түрінде былай белгілеуге болады:
Алгоритмдік мәдениет →Компьютерлік сауаттылық→Ақпараттық мәдениет→?
Тізбектің соңындағы сұрақ белгісінің сақталуы толық түсінікті. Оқушылардың ақпараттық мәдениетінің бағдарламаның «машиналық» нұсқасымен бірге енгізілген жаңа түсінік сол уақытта жарияланған компоненттердің қатарына тұйықтала алмады, бұл оқыту мақсатының дидактикалық сипаттамасына қарама қайшы келеді. Сонымен бірге, «ақпараттық мәдениет» термині мектепте білім берудің информатика саласындағы мақсатымен ұзақ теңестіруге керекті жеткілікті ойдағыдай тұжырымдау тапты. Айтылғандар оқушылардың ақпараттық мәдениеті уақытпен шектелмеген тұрақты даму барысында компоненттермен толықтырылып, ұдайы даму үстінде болатындығын және бұл өз кезегінде мектепте жалпы білім беру талаптарының қазіргі ғылым мен практиканың дамуына сәйкес келетіндігін көрсетеді. Мәселен, байланыс арналары мен компьютерлік коммуникацияның бір мезгілде дамуы «ақпараттық мәдениет» ұғымының мазмұнына коммуникациялық технология туралы түсінік енгізу, қазіргі ақпараттық қоғамдағы әрбір адамның жалпы мәдениетінің міндетті элементі болып табылады [35, 45, 47 және т.б.]. Информатиканы мектепте оқытудың мақсатына түзетулер енгізу келешекте қарастырылатын басқа да үдерістер мен жағдайларға өз ықпалын тигізеді.
-
Оқушылардың ақпараттық мәдениетi және медиасауаттылығы
Информатиканың орта мектептерге арналған оқу құралдарының [4], [6], [14], [21] бiрнеше нұсқаларына өткiзiлген байқаудан кейiн информатика саласынан оқушыларға бiлiм беру мазмұны, мақсаттары кейбiр бөлiмдерде әртүрлi баяндалғандығын байқадық. Мысалы, [21] оқу құралы авторларының бағдарламасына түсiндiрме хатта «жалпы бiлiм беретiн орта мектепте информатиканы оқытудың негiзгi мақсаты - оқушылардың алгоритмдiк ойлауын дамыту, және курстың орталық ұғымы - алгоритмдер, ал оқу iс-әрекеттiнiң негiзгi мазмұны алгоритмдердi құру және талдау» деп айтылған [38, 4-б.]. Сол кездерi басқа оқу құралдарының [6] авторлары өздерiнiң бағдарламаларында «өмірге қажеттi есептердi ЭЕМ көмегiмен шығаруды оқушыларға оқыту – курстың негiзгi мақсаты болып табылатындығын» баяндайды [38, 32-б.]. Сонымен информатиканы оқытудың [14] мақсаттарына әдеттегiден тыс түсiнiк берiледi – «ол ЭЕМ-де ақпаратпен жұмыс iстеу шеберлiгi: ақпаратты жазу, оқу, санау және сурет салу, iздеу, жинау және компьютерлiк программалармен жұмыс iстеу» [13]. Елімізде жарық көрінген бірқатар оқулықтарда информатиканы оқытудың мақсатын ақпараттық процестерді ұйымдастырудағы қол жеткізген деңгей мен ақпараттық қатынастағы адамдарды қанағаттандырылу дәрежесі, әлемнің тұтас бейнесін көруді қамтамасыз ететін, ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, пайдалану, құрудың деңгейі тұрғысынан қарастырған [50, 51, 52] .
Белгiлi авторлардың теріс көзқарас қалыптастыратын пiкiрлерi жергiлiктi орындардың практикалық әрекеттерiнде “анархияны” күшейттi, яғни мұғалiмдер құрастырған авторлық бағдарламалардың пайда болуына алып келдi. Бұл авторлық бағдарламаны құрастырған информатика пәнiнiң мұғалiмi болып қызмет атқаратын инженер мамандар едi. Бұлар өз кезегiнде - Бiлiм Министрлiгi ұсынған, ғылыми-педагогикалық ұжымдар өңдеген бағдарламалар бар бола тұрып одан бейхабар екендiгiн ескермеуге болмайтын. Мұның бәрi “Информатика және есептеуiш техника” пәнiнiң жалпы жағдайын үрейлi күйге алып келдi.
Бұл жағдай бiршама уақыт түсiнiксiз күйде қалды, курстың негiзгi ұғымдарының мақсаты, мiндеттерi, тiптi құрамы мен мазмұны жоғарғы деңгейде еркiн түсiндiрiле бастады. Оқу бағдарламалары әртүрлi бола бастады, көп жағдайда информатиканы ғылым ретiнде көрсете алмайтын бiржақты, тек қана ақпараттың алу, сақтау, өңдеу, беру, қолдану аспектiлерiн үйрететiн пәнге айналдыра бастады [2]. Көптеген жағдайларда оқытудың мазмұны қарапайым практикалық программалауға (Бейсик, Паскаль, Си және т.б.), шектен тыс информатиканың технологиялық аспектiлерiне қызығушылыққа бағытталды, ал бастапқы бағыты іргелі жалпы бiлiм беру негiзiнiң дамуы тежелу күйiне ендi.
Сонымен, мәселе жоғарыда айтылған қысқа уақыттың, ұйымдастырушылық шығындарымен түсiндiрiлген дағдарыс жағдайлар уақыт өте келе дұрыс жолға түсе бастады. Оқушыларға информатиканы оқытудың алғашқы мақсаттарының тұрақсыздық күйге ену негiзiне терең және қиын жойылатын қарама-қайшылық жатады.
Мектепке енгiзiлген «Информатика және есептеуiш техника негiздерi» курсын ең басында қабылданған шешiм бойынша мектептiң екi жоғарғы класында орналастыру мектептегi информатика тұжырымдамасы авторларының пiкiрiнде емес, практикалық жағдайларға байланысты жүзеге асырылды, себебi мектептiң базасының жоқтығы, мұғалiм мамандардың дайын болмауы мектептiң оқу жоспарына информатиканың тереңдеп енуiне керi әсер еттi. Дегенмен, 1990 жылдардың ортасына қарай-ақ «Информатика және есептеуiш техника негiздерi» пәнін мектептiң тек жоғарғы сыныптарында ғана оқытудың жеткiлiксiздiгi айқын белгiлi бола бастады, сондықтан бұл парадигма ресми стратегия ретiнде өзiн көрсете алмады.
Сонымен, орта мектепте информатикадан үздiксiз бiлiм беру мақсатында оны оқыту төменгi сатыларға түсiрiлдi. 11-жылдық мектепте информатиканы оқытудың жаңа мақсатын жүзеге асыру үш кезеңдi қамтыды (қамту ұсынылды):
-
Бiрiншi кезең (І-VI) – пропедевтикалық. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, ойын программаларын және қарапайым компьютерлiк жаттықтырушыларды математика, физикада және т.б. сабақтарында қолдануда ақпараттық мәдениеттiң алғашқы элементтерi қалыптасады. -
Екiншi кезең (VII-IX) - негізгі курс, информатикадан оқушылардың мiндеттi, жалпы бiлiм берудің міндетті дайындықтарын қамтамасыз етедi. Ол оқушылардың есептердi шешудегi ақпараттық технологияның әдiс- тәсілдерiн меңгеруге, кәсіптік, оқу әдiстерiне компьютердi тәртiптi және саналы қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
-
Үшiншi кезең (X-XI) – оқушыларды информатика саласында қызығушылығына байланысты және кәсiптiк дайындық бағыттары көлем бойынша кәсіптік сараланған оқыту ретiнде бiлiмнiң жалғасуы [29], 18-19 б.].
Оқушылардың информатиканы ертерек үйренуiне байланысты мектептегi барлық оқу пәндерiн оқып-үйренуде жаңа ақпараттық технологияның әдiстерi мен тәсiлдерiн жүйелi қолдану мүмкiндiгi жоғарылайды деген тұжырымға келді.
Мiне, бұл фактор информатика саласында оқушыларға бiлiм берудiң мақсатын қайта бөлу мәселесiн қамтамасыз етедi. Сондықтан кiшi сыныптардан бастап компьютердi барлық пәндердi оқытуға қолдану оқушылардың компьютерлiк сауаттылық икемдiлiктерi жалпы оқыту сипатына ие болады және ол тек информатика курсында ғана емес, барлық оқу пәндерiнде қалыптасады. Айтылғандардан шығатыны, информатика курсы төмендегенде компьютерлiк сауаттылықтың көптеген компоненттерi ерте, әрi басқа пәндер арқылы қалыптаса бастайды, сонда компьютерлiк сауаттылықтың өзi тек информатика курсымен байланысты “тұтас бөлiнбейтiн” мақсат ретiнде қарастырылмайды.
Жаңа тәсiл мектептегi информатика курсының меншiктi мақсатының маңыздылығы айқын көрiнетiн мiндеттердiң оның орнын өзiндiк мектеп пәндерi сияқты берiк және ұзақ мерзiмге созылған іргелі, жалпы бiлiм беру негiзiне сәйкес жаңа түрде қарастырды. Осыған байланысты мекеме шешiмi мектеп информатика курсының ары қарай дамуы бұл курстың жалпы бiлiм беру қызметiне зор назар аударудың айқын тенденцияларына, оқытудың жалпы мiндеттерiн шешуге арналған потенциалдық мүмкiндiктерiне байланысын белгiледi. Басқа сөзбен айтқанда қолданбалы есептерден бастап бағалы, жалпы бiлiм беру оқу пәнiне компьютерлiк сауаттылықты қалыптастыру. Мектепте оқытудан компьютерлiк сауаттылық пен ақпараттық мәлiметтi қалыптастыру- мақсатының бөлiнген сипаттамасы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жүйесiн құруға жаңа тәсiлдi қажет етедi. Бұл мекеменiң шешiмiмен қалыптасқан, сол уақытта жекеше мақұлданған оқу бағдарламалық кешендерi ұсынылды, олар: А.А.Кузнецовтың информатикадан базалық кешенi сол сияқты, орта мектепке арналған үздіксіз курстың А.Л.Семенов пен Н.Д.Угриновичтың , Е.Я.Коган мен Ю.А. Первиннің жасаған екі нұсқасы болды.