ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 499
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жүгіру: аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, адымдап жүгіру, сапта бірбірден, шеңбер бойымен, «жыланша», шашырап жүгіру; түрлі тапсырмаларды орындай отырып: шапшаң және баяу қарқынмен, жетекшіні ауыстырып жүгіру, 1–1,5 минут ішінде баяу қарқынмен жүгіру, орташа жылдамдықпен жүруді кезектестіре отырып, 40–50 метрге жүгіру.
Еңбектеу, өрмелеу: 10 метрге дейінгі қашықтықта заттардың арасымен тура бағыт бойынша, көлбеу тақтай бойымен төрттағандап еңбектеу; етпетімен жатып, гимнастикалық скамейка бойымен қолдарымен тартылып, алға қарай еңбектеу; табан мен алақанға сүйеніп, төрт тағандап еңбектеу, 50 сантиметр биіктікте ілінген арқанның астынан еңбектеу; құрсаудан еңбектеп өту; гимнастикалық қабырғаға жоғары-төмен ауыспалы қадаммен өрмелеу, бөрене және гимнастикалық скамейкадан аттап өту.
Секіру: бір орында тұрып, қос аяқпен секіру, 2–3 метр қашықтыққа алға ұмтылып қос аяқпен секіру, бір орында тұрып, оңға, солға бұрылып секіру; аяқты бірге, алшақ қойып, бір аяқпен (оң және сол аяқты алмастыру) секіру, 4–5 сызықтан аттап (сызықтардың арақашықтығы 40–50 сантиметр) секіру, 20–25 сантиметр биіктіктен секіру, орнынан ұзындыққа (шамамен 70 сантиметр), қысқа секіргішпен секіру.
Лақтыру, домалату, қағып алу: заттардың арасымен доптарды, құрсауларды бір-біріне домалату; заттарды қашықтыққа лақтыру (3,5–6,5 метрден кем емес), оң және сол қолымен көлденең қойылған нысанаға (2–2,5 метр қашықтықтан), 1,5 метр қашықтықта тігінен қойылған (нысана ортасының биіктігі 1,5 метр) нысанаға лақтыру; допты бір-біріне төменнен және бастан асыра лақтыру (1,5 метр қашықтықта), қағып алу; допты кедергілер арқылы бастан асыра екі қолымен және бір қолымен лақтыру (2 метр қашықтықтан); допты жоғары лақтыру және екі қолымен қағып алу (қатарынан 3–4 рет).
Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру. Бір-бірден сапқа тұру, бір-бірінің жанына сапқа және шеңберге тұру. Екеуден, үшеуден бірінің артынан бірі қатарға тұру, бағыт бойынша түзелу; оңға, солға бұрылу, орнында айналу; араларын алшақ ұстау және жақын тұру.
Ырғақтық жаттығулар. Таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыкамен сүйемелдеу арқылы орындау.
172. Жалпы дамытушы жаттығулар.
Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар.
Қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру (бір уақытта, кезекпен), төмен түсіру, қолдарын арқасына апару: қолдарды төмен түсіру; белге қою, кеуде тұсына қою; қолдарын алға-артқа сермеу; қолды иыққа қойып, шынтақтарын бүгіп, қолдарын айналдыру. Қолды алға созып, саусақтарды жұму және ашу, қолдың білектерін айналдыру. Қолды кеуденің алдына қою, желкеге қою, иықтарды түзеп, екі жаққа бұрылу. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау.
Кеудеге арналған жаттығулар.
Екі қолды белге қойып, оңға-солға бұрылу (жылдам және бір қалыпты). Оңға, солға еңкею, шалқаю. Тұрған қалыпта екі аяқ бірге (алшақ), алға еңкейіп, қолдың саусақтарын аяқтың ұшына жеткізіп, заттарды қою және жоғары көтеру. Тізерлеп отырып, допты өзінен айналдыра домалату. Бір аяқты жоғары көтеріп, жоғары көтерілген аяқтың астынан затты бір қолдан екінші қолға беру. Отырған қалыпта екі аяқты жоғары көтеру, бүгу және жазу, төмен түсіру. Екі аяқты айқастырып, отыру және тұру. Тізерлеп тұрып, алға еңкею және артқа шалқаю, екі аяқты кезек бүгу және жазу, көтеру және түсіру. Қолына зат ұстап, шалқасынан жатып, қолды созу және осы қалыпта етпетінен бұрылып жату.
Етпетінен жатқан қалыпта иықтарын, басын, қолдарын алға созып көтеру.
Аяққа арналған жаттығулар.
Аяқтың ұшына көтерілу және тұру. Екі аяқты кезекпен алға қою, алдымен өкшені, содан кейін аяқтың ұшын қою, тарсылдату. Қатарынан 4-5 рет жартылай отыру. Екі қолды белге қойып, екі жаққа созып, отыру. Тізені бүгу, алға созу, қайтадан бүгу және түсіру. Аяқтың ұшын созу, өкшені айналдыру. Аяқтың бақайларымен жіпті жинау, құм салынған қапшықтарды өкшелермен қысып алып, бір орыннан екінші орынға қою. Өкшемен таяқтың, арқанның үстінен бір қырымен жүру. Түрегеліп тұрып, аяқтың бақайларымен орамалдарды, тағы басқа ұсақ заттарды іліп алып, басқа орынға ауыстыру. Тізені бүгіп, екі аяқты кезек көтеру.
-
Спорттық жаттығулар.
Шанамен сырғанау: төбешіктен сырғанау; бір-бірін сырғанату, шанамен төбешікке көтерілу, төбешіктен түскенде тежеу. Мұз жолмен өз бетінше сырғанау.
Шаңғымен жүру: шаңғымен бірінің артынан бірі жүру; ересектердің көмегімен шаңғыны киіп, шешу.
Велосипед тебу: екі немесе үш дөңгелекті велосипед тебу; оңға, солға бұрылу.
Жүзу: суға түсу, суда ойнау; суда отырып, аяқтарын жоғары және төмен көтеріп қимылдар орындау; иекке дейін суда отыру, судан шығу; бетін суға малу; еркін әдіспен жүзуге талпыну.
-
Қимылды ойындар.
Қимылды ойындарға қызығушылықты дамыту. Таныс ойындарды ұйымдастыруда бастамашылдық, дербестік танытуға баулу. Ойындарда физикалық қасиеттерді (жылдамдық, күш, шыдамдылық, икемділік, ептілік) дамыту. Қимылды ойындарда жетекші рөлді орындауға үйрету, ойын ережелерін саналы түрде сақтауға баулу. Доптармен, секіргіштермен, құрсаулармен ойындарда балалардың белсенділігін дамыту.
-
Дербес қимыл белсенділігі.
Балалардың доптармен, қозғалатын ойыншықтармен, құрсаулармен ойындарын қолдау, дене шынықтыру құралдарын, спорттық және қимылды ойындарға арналған атрибуттарды пайдалануға ынталандыру. Балаларды педагогпен бірге жаттығуларды орындауға, қимылды ойындарға қатысуға тарту. Балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, ағзаға түсетін салмақты реттеу. Ауа-райының жағдайларын ескеріп, таза ауада балалардың қимылдарды орындауы үшін жағдайлар жасау.
-
Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Балаларға адамның дене және сезім мүшелері, олардың ағзадағы рөлі және оларды қалай қорғауға, күтуге болатыны туралы түсінік беру.
Тамақтану тәртібін сақтаудың және көгөністер мен жемістердің, дәрумендердің адам ағзасына пайдасы туралы түсінік беру.
«Денсаулық - зор байлық» сөзінің мәнін түсіну, өзінің жасаған ісәрекетінің ағзаға әсерін, тістерді тазалаудың пайдасын, суық тимеудің алдыналуға болатынын түсіну. Салауатты өмір салты туралы ұғымдарды кеңейту.
Дене белсенділігі (таңертеңгі жаттығу, шынықтыру, спорттық және қимылды ойындар) мен ұйқының қанық болуының пайдасы туралы түсінікті кеңейту. Құлап қалған кезде өзіне қарапайым көмек көрсетуге, науқастанған кезде ересектерге жүгінуге баулу.
-
Мәдени-гигеналық дағдыларды жетілдіру.
Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, өзінің сыртқы келбетін қадағалауды әдетке айналдыруға баулу. Тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, ластанған кезде қолды өз бетінше сабынмен жууға, тісін тазалауға үйрету. Тарақты, қол орамалды пайдалана білуді бекіту.
Тамақтану әдебін сақтау. Тамақты асықпай шайнау, асхана құралдарын (қасық, шанышқы), майлықты дұрыс қолдану, тамақтанып болғаннан кейін ауызды шаю.
-
Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары.
Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын: өз бетінше киіну мен шешінуді, тісін тазалауды жетілдіру. Киімдерді жинау, ілу, ересектің көмегімен оларды тазалау, құрғату. Бейнелеу әрекетінен соң құтыларды, қылқаламдарды жуу, үстелді сүрту.
-
Сауықтыру-шынықтыру шаралары.
Шынықтырудың барлық түрлерін, жалпы және жергілікті су шараларын жүргізу: дымқыл шүберекпен сүртіну, аяқтарды, денені шаю, әрбір тамақтанғаннан кейін ауызды шаю. Жалпақ табандылықтың алдын-алу үшін түрлі жолдармен, жылы күндері шөптің, құмның үстімен жалаң аяқ жүру. Қимылдауға ыңғайлы, жеңіл киіммен желдетілген бөлмеде дене жаттығуларын орындау. Тыныс алу жолдарын шынықтыру.
2-параграф. Коммуникативтік дағдыларды дамыту
-
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. -
Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, әлеуметте ауызша қарым-қатынас жасау, диалог құру дағдыларын қалыптастыру болып табылады. 182. Міндеттері:
ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын
қалыптастыру;
Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы түрлі балалар әрекетінде балалардың ауызша сөйлеуін дамыту; балаларды өздігінен сипаттау және баяндау әңгімелерін құруға баулу; баланың айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар туралы ақпараттарды алуында оның қажеттіліктерін қанағаттандыру, оларды құрдастарымен талқылау; балаларға жастарына сәйкес тыңдауға, сахналауға, тәрбиелік мәні бар
әдеби шығармаларды ұсыну; балалар әдебиетіне, театр әлеміне қызығушылықты дамыту.
183. Күтілетін нәтижелер:
сөйлеуді дамыту бойынша: дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтады; ақырын, жылдам сөйлейді;
сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс, анық айтады; естіген дыбыстарды дұрыс айтады; белгілі дыбысқа ауызша сөздерді табады;
сөйлегенде сөйлемдердің түрлерін (жай және күрделі), сын есімдерді,
етістіктерді, үстеулерді, қосымшаларды қолданады; өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстардың атауларын біледі; адамдардың мамандықтарын білдіретін зат есімдерді, еңбек әрекетін
білдіретін етістіктерді біледі; тұрмыстық заттар және қоршаған табиғат заттарының мәнін түсінеді; қазақтың ұлттық тұрмыстық заттарын таниды, атайды; қазақ халқының құндылықтарын құрметтейді; тұрмыстық электротехника заттарын таниды және атайды; зат есімдерді жекеше және көпше түрде айтады;
сан есімдерді ретімен атайды, оларды зат есімдермен септіктерде, жекеше
және көпше түрде байланыстырып айтады; зат есімдерді сын есімдермен байланыстырып айтады; өзі зерттеген заттарды, суреттерді сипаттайды; бейнелеген суреттері, бұйымдары бойынша әңгімелер құрастырады; шығармалардың, ертегілердің қызықты үзінділерін қайталап айтады;
бейтаныс заттар, құбылыстар, оқиғалар туралы ақпаратты
қызығушылықпен талқылайды; ұсынылған сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналайды; көркем әдебиет бойынша: көркем шығармаларды эмоционалды қабылдайды; таныс ертегілер мен әңгімелердің мазмұнын қайталап айтады; әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін бағалай алады;
шығарма мазмұнын қайталап айтуда сюжет желісінің реттілігін сақтайды; тақпақтарды, санамақтарды, өлеңдерді мәнерлеп, жатқа айтады; ересектермен бірге ертегі мен әңгіменің басын, соңын ойдан құрастырады; кітаптағы иллюстрацияларды өз бетінше қарап, ертегі, әңгіме
құрастырады; дауыс күшін өзгерте отырып, әртүрлі интонацияларды жаңғыртады; әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өз көзқарасын білдіреді; сахналық қойылымдарға қатысады;
образды бейнелеу үшін мәнерлілік құралдарын қолданады; еркін ойындарда таныс кейіпкерлердің образын өздігінен сомдайды; еркін ойындарда таныс кейіпкерлерді басқа қырынан көрсетуге тырысады; рөлді, сюжетті таңдауда бастамашылық пен дербестік танытады; қазақ тілі бойынша: айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар туралы біледі;
ұжымдық әңгімеге қатысады, әңгімелесушінің сөзін бөлмей, кезекпен
сөйлейді;
еркін ойындарда және сахналық қойылымдарда адамдар мен
жануарлардың эмоционалды көңіл-күйін жеткізеді; түрлі балалар әрекеттерінде өзінің және құрдастарының әрекетін
түсіндіреді және дәлелдейді; қазақ тіліне тән ө, қ, ү, ұ, і, ғ дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтады; туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздерді біледі;
өзінің отбасы, отбасылық мерекелер, отбасындағы қызықты оқиғалар,
салт-дәстүрлер туралы айтады; төрт түлікті бағатын адамдардың кәсіпшілік атауларын біледі; төрт түліктің төлдерін дауыстап шақыра алады;
өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтарды жатқа айтады; жұмбақтардың жауабын табады;
шешендік өнерге, айтыс өнеріне қызығушылық танытады; шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық танытады; кейіпкердің іс-әрекетіне өз ойын білдіреді;
шығарма кейіпкерлерінің бейнесін сахналық қойылымдарда жеткізеді; еркін ойындарда кейіпкерлердің бейнесін басқа қырынан көрсетуге
тырысады; сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолданады; өз ойын жай және жайылма сөйлемдермен жеткізеді;
қарым-қатынас барысында балаларды қойылған сұрақтардың сипатына
сәйкес хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлемдермен жауап береді; өзі мен құрдастарының жауабындағы қателіктерді және жауаптың
дұрыстығын ажырата алады; бір-бірімен еркін диалог құрады;
таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың
мазмұнын иллюстрациялар бойынша, өз бетінше ретімен қайталап айтады; өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастырады; ойыншықтар мен заттарды 4-5 сөйлеммен сипаттайды;
берілген сурет бойынша оған дейінгі және одан кейінгі оқиғаны ойлап
табады.
-
Сөйлеуді дамыту. -
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, ызың және үнді (р, л) дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты жетілдіру.
Сөйлеу қарқынын өзгертуді бекіту: ақырын, жылдам сөйлеуді меңгерту үшін тақпақтар мен жаңылтпаштар айтқызу. Дикция бойынша жұмысты жалғастыру: сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын жақсарту.