ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 501
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
түрлі балалар әрекетінде балалардың көркем-шығармашылық
қабілеттерін, дербестігін, белсенділігін дамыту; өнер түрлері туралы ұғымдарды кеңейту, заттарды қарау және қолмен
ұстап зерттеуді дамыту; өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру; қоршаған ортадағы әсемдікті қабылдауға баулу, шығармашылық ойлау
мен қиялды дамыту; өзінің және басқа балалардың жұмыстарын бағалау арқылы көркем-
эстетикалық талғамды дамыту; қазақ халқының ұлттық бейнелеу өнеріне баулу арқылы патриотизмге
тәрбиелеу; балаларға тыңдауға, айтуға жастарына сәйкес, тәрбиелік мәні бар әндерді
ұсыну; балаларды қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
210. Күтілетін нәтижелер: сурет салу бойынша:
жеке заттарды және сюжеттік композицияларды салады;
қазақ халқының және басқа халықтардың өнер туындыларына
қызығушылық танытады; заттарды пішінін, түсін ескере отырып салады;
қазақ оюларының элементтерін салады, оларды қағаз бетінде дұрыс
орналастырады; қоңыр, қызғылт сары, ашық жасыл реңктерді таниды;
сурет салуда әртүрлі түстерді қолданады, көп түске назар аударады; суреттерді қылқаламмен, қаламмен бояу тәсілдерін біледі;
қылқаламды үстінен баса отырып, жуан сызықтарды ал қылқаламның
ұшымен жіңішке сызықтарды жүргізеді; бейнелейтін заттарды қарайды, қолмен ұстап зерттейді;
әрбір затқа тән ерекшеліктерді, олардың бір-біріне арақатынасын
жеткізеді; өзінің және басқа балалардың жұмыстарын бағалайды; мүсіндеу бойынша:
мүсіндеуді қызығушылықпен орындайды;
ермексаз, сазбалшық, пластикалық кесектерден әртүрлі тәсілдерді
қолданып, бейнелерді мүсіндейді; мүсінделген заттың, фигуралардың бетін тегістейді;
бірнеше бөліктен тұратын заттарды пішіндейді, олардың орналасуын
ескере отырып, пропорцияларды сақтай отырып, бөліктерді байланыстырады; мүсіндеуде қысу, тарту, басу тәсілдерін қолданады; мүсіндеуде кескішті қолданады;
ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына қарапайым композициялар
құрастырады; ұжымдық жұмысқа қатысады; қазақ халқының тұрмыстық заттарын мүсіндеуге қызығушылық танытады; мүсіндейтін затты қолына алып, зерттейді оның өзіне тән ерекшеліктерін
беруге тырысады; мүсіндеуде қауіпсіздік ережелерін сақтайды; жапсыру бойынша:
қайшыны дұрыс ұстайды және оны қолдана алады; қысқа және ұзын жолақтарды қияды;
текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы
сопақша пішіндерді қияды; жемістерді, көгөністерді, гүлдерді, оюларды түрлі тәсілдермен қияды; бірнеше бөліктерден тұратын заттарды орналастырады және желімдейді; қазақ оюларының бөліктерінен, өсімдік және геометриялық пішіндерден
өрнектер жасайды, оларды кезектестіріп ретімен желімдейді; ұлттық ою-өрнекті қолданып, тұрмыстық заттарды, ыдыстарды безендіреді; ұжымдық жұмыстарды орындауға қатысады;
заттарды дайын пішіндердің көмегімен және өз бетінше ойдан қиып
жапсырады; жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтайды, жұмысты ұқыптылықпен
орындайды; құрастыру бойынша:
құрылыс бөлшектерін ажыратады және атайды, оларды құрылымдық
қасиеттерін ескере отырып пайдаланады; заттарды өз бетінше сапасы, көлемі мен пішіні бойынша таңдайды; құрастырылған құрылыс бөлшектерінің кеңістікте орналасуын
айқындайды; дайын құрылыспен түрлі ойындар ойнайды; өз бетінше ойдан құрастырады; қағаз парағын түрлендіреді; бөлшектерді өзара желімдеп, композиция құрастырады;
«оригами» үлгісі бойынша қарапайым пішіндер құрастырады; қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен,
тұрмыстық заттарын, олардың қандай материалдан жасалғанын біледі; табиғи және қалдық заттардан құрастырады;
заттарды өз бетінше таңдап, ойдан композиция құрастырады;
құрастыруда шығармашылық танытады; музыка бойынша: музыканы тыңдау мәдениетін сақтайды (музыкалық шығармаларды
алаңдамай соңына дейін тыңдайды); таныс шығармаларды таниды, олардың мазмұны туралы айтады; тыңдалған музыкадан алған әсерлерімен бөліседі;
қазақтың ұлттық аспабы домбыраны біледі, оның даусын таниды; әнді мәнерлеп, созып, қимылдармен үйлестіріп (ре-си бірінші октава
шегінде) айтады; қысқа музыкалық фразалар арасында тыныс алуды біледі;
әнді созып, сөздерін анық айтады, таныс әндерді сүйемелдеумен және
сүйемелдеусіз орындайды; әнді топпен бірге бастап, бірге аяқтайды;
марш сипатын ырғақты жүрумен береді, музыканың қимылдық сипатын
жеңіл, ырғақты жүгірумен береді; музыканың ырғағымен жүреді, қимылдарды музыкамен сәйкестендіреді,
музыканың екінші бөлігінде қимылдарды өзгертеді; музыканың ырғағын нақты береді, қос аяқпен еркін және жеңіл секіреді; музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындайды; қимылдарды орындауда шапшаңдық пен ептілік танытады; музыканың сипатына сәйкес қимылдарды орындайды;
ұлттық би өнеріне қызығушылық танытады, би қимылдарын орындайды; музыка жанрларын анықтайды;
ағаш қасықтар, сылдырмақтар, асатаяқ, сазсырнай, домбырада қарапайым
әуендерді ойнайды.
211. Сурет салу.
Жеке заттарды және бірдей заттарды қайталап салу және олардың қасына басқа заттарды бейнелеу арқылы сюжеттік композицияларды салу. Сюжетті композицияларды салу кезінде әрбір затқа тән ерекшеліктерді, олардың бірбіріне арақатынасын беру.
Қоршаған ортаның әсемдігіне, қазақ халқының және басқа халықтардың өнер туындыларына, киіз үйге, оның жабдықтарына, тұрмыстық заттарға, ойыншықтарға, сәндік-қолданбалы өнерге қызығушылықты дамыту.
Заттардың пішіні: дөңгелек, сопақ, шаршы, тікбұрыш, үшбұрыш, көлемі бөліктерінің орналасуы туралы түсініктерді бекіту. Заттардың көлемі бойынша арақатынасын беруге үйрету: ағаш биік, бұта ағаштан аласа, гүл бұтадан аласа.
Дөңгелек, сопақ, шаршы, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының элементтерін: «құс қанаты», «бүршік», «қызғалдақ», «қошқар мүйіз», «қой ізі», «құс тұмсық», «бота мойын», «ботакөз», «ирек», «су» суретін салу, элементтердің орналасу ретін, олардың арасындағы қашықтықты сақтау.
Балалардың гүлдер, қоршаған заттар мен табиғат объектілерінің түстері мен реңктері туралы ұғымдарын байыту. Қоңыр, қызғылт сары, ашық жасыл реңктермен таныстыру және ол түстерді өз бетінше жасауға ынталандыру (қажетті түсті шығару үшін бояуларды араластыру).
Сурет салуда әртүрлі түстерді қолдануға, көп түске назар аударуға деген ұмтылысты қолдау.
Пішінін ескере отырып, ою-өрнекті орналастыру, элементтер бірізділігін, олардың арасындағы арақашықтықтарды сақтау, 2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен кезектестіру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту.
Балаларды суреттерді қылқаламмен, қаламмен бояуға үйрету, заттарды бояуда сызбалар мен жақпаларды бір бағытта жоғарыдан төменге немесе солдан оңға пішіннің шеткі сызығынан шықпай ырғақты түрде бояу. Қылқаламды үстінен баса отырып, жуан сызықтарды ал қылқаламның ұшымен жіңішке сызықтарды жүргізу.
Сурет салуда еңкеймей, арқаны тік ұстап, дұрыс еркін отыруға, жұмыс орнын таза ұстауға, ұқыпты болуға, қауіпсіздікті сақтауға баулу.
212. Мүсіндеу.
Ермексаз, сазбалшық, пластикалық кесектерден әртүрлі тәсілдерді қолданып, бейнелерді мүсіндеу, әртүрлі пішіндегі таныс заттарды өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, заттардың толық пішіні пайда болғанға дейін немесе жайылған пішіннің жиектерін ию, жеке бөліктерді тұтас бөліктен созу, майда бөлшектерді қысу сияқты тәсілдермен мүсіндеу. Мүсінделген заттың, фигуралардың бетін тегістеуге үйрету.
Бірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеу, оларды орналастыру, пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру.
Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру.
Мүсіндеуде қысу, тарту, басу әдістерін қолдану. Кескішті қолдануды үйрету, оның көмегімен жасалған бұйымды безендіруге ынталандыру.
Ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына сюжеттік композициялар құру, ұжымдық жұмыстарды орындауда міндеттемелерді өзара бөлісу.
Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру, оларды мүсіндеуге баулу. Дайын мүсінді дөңгелек, сопақ, шаршы, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының элементтерімен безендіру.
Мүсіндеуде қауіпсіздік ережелерін сақтау.
213. Жапсыру.
Жапсыру мен шығармашылық әрекетке қызығушылықты, шығармашылық қабілетті, қиялды дамыту.
Қайшыны дұрыс ұстауды және пайдалана білуді қалыптастыру. Түзу сызық бойымен алдымен қысқа, кейін ұзын жолақтарды қиюды үйрету.
Текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақша пішіндерді қиып алуға, бұл тәсілді жемістерді, көгөністерді, гүлдерді, оюларды қиюда қолдану.
Тар жолақтарды көлденеңінен қиюды, шаршының бұрыштарын қиюды үйрету.
Дайын пішіндерден жануарлар, құстар, гүлдердің пішінін қию және ол заттарды қағаз бетіне орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын ескеру. Ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алдымен қағаз бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен, киіз үй оның жабдықтарымен, сандық, кебежемен, қоржынмен таныстыру.
Геометриялық пішіндерден, өсімдіктерден әзірленген ою-өрнектерді жолаққа бірізділігін ескере отырып, жапсыру дағдыларын қалыптастыру.
Элементтердің ретін, олардың арасындағы арақашықтықты сақтауды, пішінін ескере отырып, ұлттық ою-өрнекті қолданып, тұрмыстық заттарды, ыдыстарды безендіру дағдыларын дамыту.
Ұжымдық сюжетті композицияны құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыруда дайын пішіндердің көмегімен заттарды қиюға немесе өз бетінше ойдан қиып жапсыруға мүмкіндік беру. Шығармашылық қиялды дамыту.
Жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтау, жұмысты ұқыптылықпен орындау.
214. Құрастыру.
Құрылыс материалдарынан, «лего» конструкторлардан құрастыру
Орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру, құрастыруға қолданған құрылыс бөлшектерін ажырату (текше, пластина, кірпіш, блок) және атау, оларды сапасы, көлемі мен пішіні бойынша таңдау, өз бетінше ойдан құрастыруға мүмкіндік беру, құрастырылған құрылыс бөлшектерінің кеңістікте орналасуын айқындау. Дайын құрылыспен түрлі ойындар ойнауға ынталандыру. Құрылыс бөлшектеріне ұқыптылықпен қарау, ойнап болған соң оларды жинау және орнына қою, құрастыру барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.