Файл: Оуаарту министріні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 493

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


284. Жапсыру.

Қайшыны қолдануды бекіту: жолақтардан тікбұрышты пішіндер, шаршылардан үшбұрышты пішіндер, шаршы немесе тікбұрыштың бұрыштарын қию арқылы дөңгелек және сопақша пішіндерді қиып алу.

Қағаздан таныс немесе ойдан әртүрлі бейнелерді, қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қию.

Жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін) қолдану, түрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи материалдар) жапсыру.

Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен (кілем, алаша, сырмақ, ши, көрпе, жастық), киіз үйдің жабдықтарымен (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, басқұр) таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша қиып жапсыру, оларды ою-өрнектермен безендіру.

Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару.

Сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын беру, әлеуметтік оқиғаларды, балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеу, шаблондармен, трафареттермен, дайын үлгілермен жұмыс істеу, композиция ережелеріне, перспективаға сәйкес бейнелерді құрастыру.

Қайшы мен желімді дұрыс қолдану дағдыларын жетілдіру, еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақтау.

285. Құрастыру.

Құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен құрастыру: ауызша сипаттау бойынша ұсынылған тақырыпқа, өз бетінше ойдан құрастыруға, құрдастарымен бірлесіп, шығармашылықпен құрастыруға баулу. Құрастырылған құрылысы мен құрылыстың шынайы бейнесі арасында байланыс орнату.

Қағаздан құрастыру.

Қағаз цилиндрлерден қазақ халқының ұлттық бас киімдерін (тақия, сәукеле, кимешек) және ыдыстарын құрастыру, оларды жіппен, ою-өрнектермен безендіру. Пішіндердің түрлі қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға біріктіруді қалыптастыру. Өзінің құрастырған құрылысын талдау арқылы тиімді конструктивті шешімдерді табу, оларды құрастыруда қолдану. Дербестікті, шығармашылықты, бастаманы қолдау.

Ұжыммен сюжетті құрастыруға баулу.

Шығармашылық ойлауды және қиялды дамыту. Қағаздан құрастыру әдістерін қолданып, жазық материалды көлемді пішінге өзгерте білуді бекіту.

Дайын үлгілермен және қарапайым сызба бойынша жұмыс істеу, бейнені кескіні бойынша қию үшін қайшыны қолдану.


Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру.

Табиғи материалдарды дұрыс пайдалануға үйрету. Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс жасау кезінде өзінің әрекетін жоспарлау дағдыларын жетілдіру, дербестік пен шығармашылық танытып, мақсатты түрде жұмыс жасай білу. Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып, елестетуі, ойлауы бойынша қолдан бұйымдар жасай білу.

Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен, киіз үйдің жасауларымен, тұрмыстық заттарымен, ыдыстарымен таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу.

Табиғи (ағаш, мақта, жүн, жіп, асық, қағаз, тері, кенеп, мата, дәннің түрлері) және қалдық заттардан құрастыруға баулу.

Ойынға қажетті құрылысты бірлесіп ойдан құрастыруға, алдағы жұмысты бірге жоспарлауға, бір-бірімен келісіп орындауға, дайын құрылыспен ойнауға мүмкіндік беру.

286. Музыка.

Музыкаға қызығушылық пен сүйіспеншілікті қалыптастыру. Классикалық, халықтық және заманауи музыкамен таныстыру негізінде музыка мәдениетін қалыптастыру.

Музыка тыңдау.

Балаларды шығармалардың эмоционалды мазмұнын, олардың сипатын, көңіл-күйін, динамикалық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Музыкалық шығармаға көзқарасын білдіру, оның сипаты, мазмұны туралы айту.

Музыканың сипатын бейненің мазмұнымен, оның көңіл-күйімен байланыстыра білуді қалыптастыру.

Өмірдің кейбір құбылыстарын бейнелеу тәсілі ретінде әлемдік және қазақ музыка өнерінің шығармаларымен таныстыру.

Музыкалық шығармалардың жанрларын ажыратуға (ән, күй, марш, би) үйрету. Шығармалардың жеке фрагменттері бойынша (кіріспе, қорытынды, музыкалық фразалар) әуендерді тану арқылы музыканы есте сақтауды жетілдіру.

Қазақ халық аспаптары: домбыра мен қобыз үнінің тембрлік ерекшеліктерімен, «күй» жанрымен, күйші-композиторлар: Құрманғазының, Қорқыттың, Тәттімбеттің, Дина Нұрпейісованың, Дәулеткерей Шығайұлының, Ықылас Дүкенұлының шығармаларымен таныстыру.

Лирикалық, вальс ырғағындағы баяу әуендерді қабылдау, әннің (шығарманың) сипатына сәйкес би қимылдарын орындай білу, әннің қарқынының өзгеруін байқау, шығармаларды сипаттай білу.

Қазақ халқының әндері мен би әуендерінің үздік үлгілерін тыңдауға баулу.

Ән айту.

Ән айтуда дауыспен вокалдық-есту қабілетін үйлестіруді жетілдіру.

Ән айту дағдыларын қалыптастыру, бірінші октаваның «ре», екінші октаваның «до» диапазонда жеңіл дауыспен ән айту, ән айтар алдында, музыкалық фразалар арасында тыныс алу, әннің сөздерін анық айту, орташа, қатты және ақырын дауыспен ән айту. Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз жеке ән айту дағдыларын дамыту. Әртүрлі сипаттағы әндерді өз бетінше және шығармашылықпен орындауға баулу. Әнді музыкалық талғаммен орындауға жаттықтыру.



Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Музыканың және оның бөліктерінің сипатындағы өзгерістерге сәйкес қимылдарды өзгерте отырып, жаттығуларды орындауға үйрету: марш сипатын анық ырғақты жүрумен; музыканың қимыл сипатын жеңіл және ырғақпен жүгіру, жүрелеп отыру арқылы бере білу.

Би қимылдарын: қосалқы және ауыспалы қадам жасауды, әртүрлі бағытта жүгіруді және секіруді меңгеру.

Билер.

Музыкаға сәйкес орындалатын би қимылдарын білу; би қимылдарының элементтерін жеңіл, еркін орындау; қозғалыс бағытын музыкалық фразаларға сәйкес өзгерту.

Қазақ халқының би өнерімен таныстыру, қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқандығын, ол халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, әнкүйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы екенін, би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін құрайтынын түсіндіру, балаларға «Қаражорға» биін билету.

Би шығармашылығы.

Таныс би қимылдарын қолдана отырып, музыканың сипатына сәйкес ойдан би қимылдарын шығару, мәтінге сәйкес әнді сахналау; шығармашылық тапсырмаларды орындауға ынталандыру.

Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау.

Балалар музыкалық аспаптарында қарапайым, таныс әуендерді жеке және шағын топпен орындауға үйрету, балалар шығармашылығын дамыту, оларды белсенділікке, дербестікке баулу.

Музыкалық (дауылпаз, асатаяқ, сазсырнай, тұяқтас, қоңырау, сыбызғы, домбыра, металлофон, ксилофон, бубен, барабан, маракас, румба) және шулы аспаптарда ойнау тәсілдерімен таныстыру.

5-параграф. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

287.Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады.

  1. Мақсаты тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтік дағдыларын дамыту, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне тарту, рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу, қоршаған әлемнің заттары мен құбылыстары туралы ұғымдарын байыту болып табылады.

  2. Міндеттері:

әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру, қоғамның әлеуметтік және этикалық нормалары мен дәстүрлеріне, жалпы адами құндылықтарға баулу; дербестікке тәрбиелеу;

Отанның тарихы мен мәдениетін білу және оған құрметпен қарауды қалыптастыру, туған жер туралы түсініктерін кеңейту; еңбек түрлеріне және әртүрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды


қалыптастыру; табиғат әлеміне танымдық қызығушылықты, табиғаттың тірі объектілеріне жанашырлық сезімін дамыту, қоршаған ортаға қатысты кейбір әрекеттерінің қарапайым салдарын көре білу; экологиялық мәдениеттің негіздерін қалыптастыру және табиғатта өзін

қауіпсіз ұстау.

290. Күтілетін нәтижелер:

өзінің болашағына, табысты болу үшін білімнің қажеттігін түсінеді; еңбекқорлық пен жауапкершіліктің маңызын түсінеді; өз күші мен мүмкіндіктеріне сенеді; туыстық байланыстарды түсінеді, жеті атасын біледі; үлкендерді сыйлайды, кішіге қамқорлық танытады; қолынан келгенше көмектесуге тырысады;

отбасы мүшелерін жақсы көреді, оларға алғыс айтады, сыпайы сөйлейді; өз ойын түсінікті жеткізеді, өзінің пікірін айтады;

заттардың қандай материалдардан жасалғанын өз бетінше анықтайды және

олардың сапалары мен қасиеттерін сипаттайды; ұялы телефон, смартфон, компьютер, ғаламтор, теледидардың

қолданылуын біледі; айналадағы заттар, ойыншықтар адамның еңбегімен жасалғанын біледі

және оларға ұқыпты қарауға тырысады; еңбек ардагерлерін, қарттарды құрметтейді, үлкенді сыйлайды, олардың

еңбегін бағалайды; мемлекеттік рәміздерді біледі;

мемлекеттік мерекелердің маңыздылығын түсінеді, оларға белсенділікпен

қатысады;

Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлерін біледі, оларды құрметтейді;

Қазақстанның әсем табиғаты, көрнекі жерлері мен тарихи орындарының маңыздылығын түсінеді; қазақ халқының құндылықтарын құрметтейді; өз Отанын жақсы көреді, Қазақстан әскері туралы түсінігі бар; Кеңес Одағының батырларын біледі, оларды құрметтейді; өз іс-әрекеттері мен басқа адамдардың іс-әрекеттерін бағалай біледі; еңбек етуде, шығармашылық әрекеттерде жақсы нәтижеге жетуге ұмтылады; сеніп тапсырған тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға тырысады; айналасындағыларға әрқашан әділ болуға, оларға қолдау көрсетуге, көмек

беруге тырысады; балабақшаның үй-жайларында, жақын маңдағы шағын ауданда еркін

бағдарлайды; арнайы көлік құралдарының қолданылуы туралы біледі; өлі табиғат заттарын адамның қолымен жасалған заттардан ажыратады; тірі және өлі табиғат, табиғат құбылыстары арасындағы себеп-салдарлық

байланыстарды бақылайды және түсінеді; заттар мен құбылыстардың өзіне тән, сипаттамалық белгілерін бақылайды,

талдайды, салыстырады, ажыратады; туған өлкенің ағаштарын, бұталарын, гүлдерін, шөпті өсімдіктерін таниды

және ажыратады; өсімдіктерді бақылап, себеп-салдарлық байланыстарды ажыратады;


өсімдіктерге күтім жасау әдістерін біледі; жануарларды әртүрлі белгілері бойынша топтастырады; таныс материалдармен өз бетінше эксперимент жасай алады; нанға ұқыпты қарайды, адамдардың еңбегін құрметтейді;

Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар мен олардың төлдерін ажыратады және атайды; төрт түліктің пайдасын біледі, оларды күтіп-баптайды;

жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажыратады, құстардың пайдасын

біледі, оларға қамқорлық жасайды; адамның табиғаттың бір бөлігі екендігін біледі;

табиғатты қорғау, сақтау, күн мен ауаның адам, жануарлар мен өсімдіктер

өміріндегі маңызы туралы біледі; тірі объектілердің өсуі мен дамуы үшін су, жарық, ауа, қорек және

айналасындағылардың қамқорлығы қажет екенін түсінеді; қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат объектілеріне қамқорлық

танытады; ата-анасының, жақындарының мамандықтары туралы әңгімелейді,

ересектердің еңбегін құрметтейді және бағалайды; үй жұмыстарына көмектеседі;

кезекшінің міндеттерін, топта және балабақша ауласында шамасы келетін

тапсырмаларды өз бетінше орындайды; ересектердің еңбегін құрметтейді;

Қазақстан Республикасының Президентін біледі, оны мақтан тұтады; жол қозғалысының қарапайым ережелерін біледі; қоршаған ортада, табиғатта тәртіп ережелерін біледі; өз өмірінің қауіпсіздігін түсінеді және сақтайды; қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелерін сақтайды;

ненің «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» екенін түсінеді және ажыратады; үйдегі, балабақша тобындағы міндеттерді біледі;

ұялы телефон, смартфон, компьютер, ғаламтор, теледидардың қолданылуын біледі.

  1. Қоршаған ортамен таныстыру.

  2. Бала, оның отбасы, үйі.

Өзінің жасына сәйкес өмірінде болатын өзгерістерді, балабақшаға баруы, мектепке баруы, ересек азамат болып ержетуі мен еңбек етуі, болашақта табысты болуы үшін білімнің қажеттігін түсінуіне, болашақта мектепте оқуға ынтасын арттыру, жаңаны тануға, өз өміріне қажетті дағдыларды игеруге ықпал ету.

Өзінің болашағына, біліміне, денсаулығына, қызметіне, жетістіктеріне сенімді болуға, қоғамға пайдасын тигізуге баулу. Еңбекқорлық пен жауапкершіліктің маңызын түсіну, өзін-өзі құрметтеу, өз күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімділікті арттыру.

Туыстық байланыстарды түсіну (өз жұрты, атасы мен әжесі, жақын туыстары, нағашы жұрты), өзінің жеті атасын білу. Үйде отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау, үлкендерді сыйлау, кішіге ізет көрсету, үй шаруасына көмектесу, отбасы мүшелеріне жақсы көретінін білдіру, алғыс айту, сыпайы сөйлеу.